Кәсіпорынның айналым капиталының мәні, құрамы, құрылымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Января 2012 в 14:41, реферат

Краткое описание

Айналым капиталы кәсіпорынның өндірістік процесіне тікелей қатысып, өндірілген өнімнің өзіндік құнын анықтайтын маңызды элемент болып табылады. Қаржы менеджерлері үшін айналым капиталының құрамы мен құрылымы, олардың көлемі, активтерді қолданудың тиімділігі негізгі талдау және жоспарлау объектісі болып табылады. Айналым капиталын тиісінше қажетті қаржы көздерімен қамтамасыз ете білу де маңызды болып табылады, түптеп келгенде айналым капиталын қаржыландыруды ұйымдастыру деңгейі олардың тиімді қолданылуының маңызды факторы болып табылады.

Оглавление

КІРІСПЕ......................................................................................................................4
КӘСІПОРЫННЫҢ АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІ

Кәсіпорынның айналым капиталының мәні, құрамы, құрылымы.......................................................................................6

Кәсіпорынның айналым капиталын және қорларын пайдалану мөлшері және тиімділігінің көрсеткіштері.....................................10

Кәсіпорынның айналым капиталын пайдалану тиімділігін жетілдіру жолдары........................................................................17

ААҚ «ТҰК КАЗХРОМ» ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ

ААҚ «ТҰК Казхром» құрылуы және органдары, қызметі, мақсаты, мүлігі және капиталы......................................................19

Кәсіпорынның капиталын және мүлкін пайдалану тиімділігі, техникалық-экономикалық көрсеткіштерін талдау.........................22

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................28

Файлы: 1 файл

Айналым қорлары.doc

— 249.50 Кб (Скачать)

     Жыл сайын кәсіпорындардың және бірлестіктердің қаржы жоспарында меншікті айналым капиталының нормативінің өсімі,ең алдымен, жеке ресурстар (пайда және т.б.) есебінен құралады.

     Меншікті айналым капиталының өсімін қаржыландырудың негізгі көзі кәсіпорынның пайдасы болып табылады. Сонымен қатар, меншікті айналым капиталының өсімін қаржыландыруға меншікке теңестірілген тұрақты пассив деп аталатын өзге де көздерді пайлалану қажет болып табылады. Өкінішке орай, қазір БЕС-ке сәйкес тұрақты пассивтер меншікті айналым капиталына жатпайды. Өмірде бұл қаржыландыру көзін кәсіпкерлер үнемі пайдаланып отырады. Бұл, әсіресе, қаржы ресурстары жаппай тапшы болған өтпелі кезеңде кеңінен қолданыс тауып отыр.

     Тұрақты пассив деп кәсіпорын айналыста үнемі пайдалатын,бірақ оның меншігіне жатпайтын пассивтерді атайды. Олар келесілерден тұрады:

    а)жұмыскерлер мен қызметкерлер  еңбекақысына берілетін ең аз  мөлшердегі көлемі есебінен;

    ә)әлеуметтік сақтандыру мен салық  төлемдерінен;

    б)келешекте болатын төлемақылар  резервінен;

    в)ағымдағы сыйақы тағайындауға  арналған материалдық ынталандырудың тұрақты айнымалы қор қалдығынан, сондай-ақ әлеуметтік-мәдени іс-шаралар мен тұрғын үй құрылысына арналған қорлардан;

    г)жабдықтаушыларға құжаттары ресімделмеген  тауарлар бойынша берешектен;

    ғ)заңнаға сәйкес сатып алатын  тауары үшін ең аз мөлшердегі алдын ала төленген қаржы көлемінен.

     Тұрақты пассивтерді меншікті айналым капиталына теңестіру қажет, себебі олар үнемі кәсіпорын иелігінде болады және шаруашылық айналыста пайдаланылады.Олардың үлес салмағы, әсіресе еңбекақы өнімнің өзіндік құнының едәуір бөлігін құрайтын өнеркәсіп салаларында, сондай-ақ өнімнің жартылай дайындығы бойынша төлем жүргізетін салаларда жоғары болып келеді. 

1.2. Кәсіпорынның  айналым капиталын және қорларын  пайдалану   мөлшері және тиімділігінің  көрсеткіштері 

     Кәсіпорынның айналым капиталы құрылымын білу өте маңызды, өйткені ол белгілі бір мөлшерде, сол уақыттағы немесе басқа уақыттағы кәсіпорын жұмысының қаржылық жағдайын көрсетеді. Мысалы, дебиторлық қарыздың шектен тыс өсуі, қоймадағы дайын өнімнің, аяқталмаған өндірістің өсуі кәсіпорынның қаржылық жағдайының төмендеуін көрсетеді. Дебиторлық қарыз айналымнан құралдарды алып, оны өз айналымында қарыз дебиторлар қолданады. Аяқталмаған өндіріс көлемінің, қоймадағы дайын өнім көлемінің ұлғаюы айналымнан құралдардың алынғанын, сату көлемінің төмендегенін көрсетеді.

      Кәсіпорынның  айналым капиалының құрылымы әр түрлі  себептерге байланысты үнемі өзгеріп  отырады. 

      Кесте-2. Кен өндіру өнекәсібінің  айналым капиталының құрылымы 

Айналым капиталының элементтері Олардың үлестері,%
1

2 

3 

4

5

6

7

Өндірістік  запастар

Аяқталмаған өндіріс және өзіндік өндірістегі  жартылайфабрикаттар

Болашақ кезеңдер шығындары.

Айналым қорлары (п.1+п.2+п.3).

Қоймадағы дайын өнімдер.

Жөнелтілген, бірақ ақысы төленбеген тауарлар.

Есептеулердегі  ақша құралдары.

Банк  мекемелеріндегі шот есептеріндегі  және кассалардағы ақша қорлары.

Айналыс қорлары (п.4+п.5+п.6+п.7).

Айналым капиталы

57

17 

8

82

5

7

4 

2

18

100

 

    Әр  түрлі саладағы кәсіпорындардың  айналым капиталы құрылымы манадай жәйттерді бірдей қажет етпейді:

    • Кәсіпорын спецификасы. Өндірістік циклы ұзақ кәсіпорындарда аяқталмаған өндірістің көлемі айтарлықтай жоғары болуы мүмкін; тау-кен өнеркәсібінде болашақ кезең шығындары. Өндіріс процесі тез кәсіпорындардың қоймадаңы тауарлар запасының үлес салмағы жоғары болады;
    • Дайын өнім сапасы. Егер кәсіпорын сұранысқа ие болмайтын, сапасы төмен өнім өндірсе, онда бір мезетте қоймадағы тауар запасы көлемі ұлғаяды;
    • Мамандану деңгейі;
    • Ғылыми-техникалық прогрессті жеделдету. Бұл фактор айналым құралдарының құрылымына барлық элементтері бойынша әсер етеді. Егер, кәсіпорынға отынды аз жұмсайтын қондырғы қондырса, қалдықсыз жұмыс жасайтын болса, онда айналым құралдары құрылымында өндірістік запастар көлемі күрт азаяды;

     Айналым капиталы құрылымына басқада факторлар әсер етеді. Бірақ факторлар ұзақ уақытты және қысқа уақытты болатындығын білген маржан.

     Айналым қорларының құрамы мен құрылымын 4 белгісі  бойынша анықтайды:

    1. Айналым сферасы;
    2. Элементтері;
    3. Норма ауытқуы;
    4. Қаржыландыру көздері;

    Айналым сферасына байланысты айналым қорлары өндірістік айналым қорлары (өндіріс сферасы), айналыс қорлары (айналыс сферасы) болып бөлінеді. Айналым қорлары айналыс сферасында да, өндірістік сферасында да бір мезгілде, айналымның үш стадиясынан өте, қызмет етеді: жабдықтау, өндіру, өткізу.

      Кәсіпорын жұмысында айналым капиталы үш сатыдан  өтеді:

    1. Ақша сатысы. Мұнда ақша өндірістік запастарға айналады. Яғни, кәсіпорын өз ақшасына шикізат немесе материалдар сатып алады. Жабдықтаушылардың счеттарын төлейді және жабады.
    2. Өндірістік сатысы. Өндірістік запастар бірінші аяқталмаған өндіріске айналады, одан кейін дайын өнімге айналады.
    3. Тауарлық сатысы. Дайын өнім сатылады, нәтижесінде айналым қорлары өндіріс саласынан айналыс аясына, қайтадан ақшалай нысанына келеді. Бұл қаржылар жаңадан еңбек құралдарын алуға жұмсалып, жаңа ауыспалы айналымға шығады.

        Айналым қорларының бір айалымын  мынадан көруге болады:

                                        А-ӨЗ...Ө...ДӨ-А*                               (1) 

      Ақша  құралдарына (А) кәсіпорын өнім өндіру үшін қажетті еңбек құралдарын сатып алады, олар өндірістік запастарға айналады (ӨЗ), содан кейін өндірістік (Ө) процесс басталады, осының нәтижесінде дайын өнім пайда болады (ДӨ), ол өткізіледі де, кәсіпорынға қайтадан ақша қаражаты (А*) келіп түседі. Осылай айналым құралдары бір айналым жасайды және бәрі қайталанып отырады.

     Айналым қорларының әр бөлігі әр түрлі мағынаға ие және өндірістік шаруашылық қызметінде әр түрлі қолданысқа ие, сондықтан  олар мынадай элементтерге сыныпталады:  

    1. Өндірістік запастар (шикізат, негізгі материалдар, сатып алынған жартылайфабрикаттар, қосымша материалдар, отын, тара, запасты бөлшектер, арзан және тез тозатын құралдар).
    2. Аяқталмаған өндіріс және жеке өндіріс жартылайфабрикаттары.
    3. Болашақ кезеңдер шығындары.

    Айналым қорлары (п.1+п.2+п.3).

    1. Қоймадағы дайын өнімдер.
    2. Жөнелтілген, бірақ ақысы төленбеген тауарлар.
    3. Есептеулердегі ақша құралдары.
    4. Банк мекемелеріндегі шот есептеріндегі және кассалардағы ақша қорлары.

    Айналыс қорлары (п.4+п.5+п.6+п.7).

      Айналым капиталы (п.1+п.2+п.3+ п.4+п.5+п.6+п.7).

     Аяқталмаған өндірістің құны оны өндіруге кететін  шикізаттың (негізгі және қосымша  материалдардың, отын, энергия, су) құнына, амортизация, жұмысшыларға бқлінген еңбекақы суммасына байланысты анықтайды.

     Өнеркәсіп өндірісте сатып алынған жартылайфабрикаттармен қоса өзіндік өндірістегі жартылайфабрикаттарды да қолданады, олар табиғатына қарай аяқталмаған өнімге жақын келеді.

     Кәсіпорынның  айналым капиталының негізгі  бөлігін - тауарлы-материалды қор құрайды:

    1. шикізат;
    2. материалдар;
    3. аяқталмаған өндіріс;
    4. дайын өнім;
    5. тауарлар.

    Тауарлы-материалды қор кәсіпорынның активтерінің негізгі  бөлігі болып саналады. Өйткені олар сатудан түскен ақшаның негізгі  көзі болып саналады. Оларды бағалау  және есептеу кәсіпорынның қаржы-шаруашылық нәтижесіне үлкен әсерін тигізеді. Тауарлы- материалды қорды басқару үшін оларды бағалау жұмысы жүргізіледі. Ал бағалау үшін 4 үдіс пайдаланылады:

    1. Тауарлы-материалды қорды өткізудің таза құны бойынша бағалау. Осы әдіс тауарлы-материалды қордың өзіндік құны жоғалған кезде қолданыылады. Себептері:

    1. Тауарлы-материалды қор берілгендері жоғалған кезде;
    2. Олар ескірген кезде;
    3. Тауарлы-материалды қордың бағасы төмендеген кезде.

    Бұл әдіс өте аз айдаланылады.

Т.м.қ. өткізу таза құны=болжамды шамамен

                            құрылған сатубағасы;

    2. Орташа өлшемді құнды есептеу әдісі бойынша: тауарлы-материалды құн нақты мерзімде түскен заттардың орташа құнын есептеу бойынша анықталады.

    3. ФиФО әдісі. Бірінші сатып алынған  бағалары өткізілген тауарлардың  өзіндік құнына пайда. Басқаша  айтқанда бірінші сатып алынатын  бағалары бойынша анықталады.

    4. ЛиФО әдісі. Соңғы сатып алынған  тауарлар бағалары өткізілген  өзіндік құнында пайдаланылады.   

     Норма ауытқуына байланысты айналым құралдары мөлшерленген айналым капиталы (тауарлы-материалды құндылықтар запасындағы) және мөлшерленбеген айналым капиталы (дебиторлық қарыздар, есептеулердегі құралдар, банк мекемелеріндегі шот есептеріндегі және кассалардағы ақша қорлары) болып бөлінеді.

     Жоғары  тиімділік пен ритмділік көбіне айналым құралдарының (аналым құралдары, айналыс құралдары) оптимальді көлеміне байланысты болады. Сондықтан айналым капиталын мөлшерлеу процесі үлкен маңызға ие.

     Айналым капиталының мөлшері, әрқашан кәсіпорынның жұмысына қажетті, олардың минимальді есепті сомасын құрайды. Шикі заттың фактілі запастары, ақша қаражаттары және т.б. мөлшерден жоғары немесе төмен немесе оған сәйкес болуы - бұл ағымдағы қаржылық қызметтің ең өзгергіш көрсеткіштерінің бірі болып табылады.

     Айналым капиталының мөлшерінің толмауы  өндірістің қысқаруына, өндірістік программанның  және өнімді өткізудің орындалмауына әкеп соқтырады.

     Мөлшерден көп запастар айналымнан ақша қаражаттарын бөледі, материалды-техникалық жабдықтардың жетіспеушілігін көрсетеді, Өнімді өткізу мен өндіріс процесінің ритмсіздігін көрсетеді. Бұл ресурстарды тиімсіз немесе жеткіліксіз пайдалануға әкеледі.  

     Қаржыландыру  көздеріне байланысты айналым капиталы жеке және заемды айналым капиталы болып бөлінеді.

     Кәсіпорын айналымында жеке және заемды айналым  капиталының болуы ұйымның өндірістік процесінің ерекшелігі ретінде қарастыруға болады. Әрқашанда өндіріс қажеттіліктерін қаржыландырудың минимальді сомасы жеке айналым қорларымен қамтамасыз етіледі. Кәсіпорынның ішкі және сырқы факторладың әсерінен болатын қажеттіліктер кредиттермен жабылады.

     Айналым капиталын тиімді пайдалану көпшілігінде олардың қажеттілігін дұрыс анықтау болып табылады. Себебі, өндірістің осы көлемінде жоспарланған пайданы ең төменгі мөлшердегі шығынмен табуға үлкен ықпалын тигізеді. Айналым капиталының төмендетілген мөлшері кәсіпорынның тұрақсыз қаржы жағдайына, өндіріс процесінің іркілісіне әкеп соқтырады. Осының салдарынан өндірістің көлемі мен пайдасы төмендейді. Осы кезекте айналым қаражаттарының көтеріңкі мөлшері кәсіпорынның өндірісті ұлғайту үшін күрделі қаржы шығынын жұмсау мүмкіндігі төмендейді. Кәсіпорында айналым қаражатының қажеттілігін анықтау кәсіпорынның өндіріс жоспары және өндіріс шығынның сметасымен үйлестіру қажет.   

Информация о работе Кәсіпорынның айналым капиталының мәні, құрамы, құрылымы