Кәсіпорынның айналым капиталының мәні, құрамы, құрылымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Января 2012 в 14:41, реферат

Краткое описание

Айналым капиталы кәсіпорынның өндірістік процесіне тікелей қатысып, өндірілген өнімнің өзіндік құнын анықтайтын маңызды элемент болып табылады. Қаржы менеджерлері үшін айналым капиталының құрамы мен құрылымы, олардың көлемі, активтерді қолданудың тиімділігі негізгі талдау және жоспарлау объектісі болып табылады. Айналым капиталын тиісінше қажетті қаржы көздерімен қамтамасыз ете білу де маңызды болып табылады, түптеп келгенде айналым капиталын қаржыландыруды ұйымдастыру деңгейі олардың тиімді қолданылуының маңызды факторы болып табылады.

Оглавление

КІРІСПЕ......................................................................................................................4
КӘСІПОРЫННЫҢ АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІ

Кәсіпорынның айналым капиталының мәні, құрамы, құрылымы.......................................................................................6

Кәсіпорынның айналым капиталын және қорларын пайдалану мөлшері және тиімділігінің көрсеткіштері.....................................10

Кәсіпорынның айналым капиталын пайдалану тиімділігін жетілдіру жолдары........................................................................17

ААҚ «ТҰК КАЗХРОМ» ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ

ААҚ «ТҰК Казхром» құрылуы және органдары, қызметі, мақсаты, мүлігі және капиталы......................................................19

Кәсіпорынның капиталын және мүлкін пайдалану тиімділігі, техникалық-экономикалық көрсеткіштерін талдау.........................22

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................28

Файлы: 1 файл

Айналым қорлары.doc

— 249.50 Кб (Скачать)

Қорытынды 

      Қорытындылай келсек, айналым капиталы – бұл кәсіпорынның өндірістік циклының әрбір кезеңіндегі ағымды операцияларына салынған қаражаттарының жиынтығы. Олар өздерінің жоғары өтімділіктерімен сипатталады. Айналым капиталының өтімділік деңгейі олардың өндірістік айналым барысында ақша қаражаттарына айналу қабілетімен анықталады.

    • Өндірістік немесе басқа коммерциялық қызметті жүзеге асырушы кәсіпорын нақты қаражаттармен, өндірістік негізгі және айналым капиталдарымен қамтамасыз етілуі тиіс.
    • Айналым капиталы кәсіпорынның қызмет етуіне қажетті мүліктің негізгі құрамдас бөлігі болып саналады:
  • Айналым капиталы тек өзінің өтімділігімен сипатталып қоймай, құрамы мен құрылымы тұрғысынан да сипатталады. Бұл көрсеткіштер кәсіпорынның  айналым капиталын басқарумен тығыз байланысты болып келеді. Әр түрлі шаруашылықта айналым капиталының құрамы мен құрылымы  алуан түрлі. Ол кәсіпорынның меншіктік, өндірістік, сатушылар мен сатып алушылардың өзара қатынасы ерекшеліктеріне, өндірістік шығындар құрылымына, қаржылық жағдайына байланысты.
  • Айналым капиталдары меншікті, қарыз және қосымша тартылған қаражаттар арқылы қалыптасады. Активтердің қалыптасуы туралы мәліметті меншікті капитал немесе міндеттемелер бөлігінен көруге болады.
  • Қарыз қаражаттар негізінен алғанда банктік қысқа мерзімді несиелермен өрнектеледі. Банктердің қысқа мерзімді несиелері арқылы кәсіпорынның уақытша ағымды активтерге мұқтаждығы жабылады. Айналым капиталын қалыптастыру үшін несиелер тартудың негізгі бағыттары:
    • шикізат, материалдарды және өндірістік кезеңдік процесімен байланысты шығындарды несиелеу;
    • меншікті ағымды қаражаттардың уақытша жетіспеушілігін толықтыру;
    • есеп айырысу және төлем айналымын ұйымдастыру.
  • Айналым капиталының тиімділігін анықтайтын бірнеше көрсеткіштерді ескерген артық болмайды:
    • айналым капиталының айналымдылық коэффициенті; өндірістік материалдар айналымдылығы;
    • дебиторлық қарыз айналымдылығы;
    • ақша қаражаттары айналымдылығы;
    • айналым капиталын жүктеу коэффициенті;
    • айналым капиталының айналыс ұзақтығы.  
  • Айналым капиталының айналым ұзақтығы сыртқы және ішкі факторларға байланысты болады.
  • Сыртқы факторларға: кәсіпорынның салалық ерекшеліктері, қызметінің ерекшелігі, өндірістік қабілеті, шаруашылық ету шарттары.
  • Ал ішкі факторларына: шығындарды басқару жүйесі, кәсіпорынның баға саясаты, тауарлық-материалдық құндылықтарды бағалаудың тиімді әдістерін қолдануды қажет ететін есеп саясаты.

      ААҚ «Казхром» экономикалық тиімділігін  айналым капиталын және баланстық міндеттемелерін жоғары деңгейде пайдалана отырып арттыруға болады. Және әр бір серіктес кәсіпорын қажетті деңгнейде бас «ана» компанияның жағдайын жақсарту, жаңарту үшін  үлесін қосқаны жөн.

      Кәсіпорынның  серіктестерінің басты міндеттері - нақты қаржыландыру көздерімен қамтамасыз етілмеген ағымды қаржылық мұқтаждықты қысқарту үшін айналым капиталының айналым жылдамдығын қолайлы деңгейде ұстап отыру болып табылады.айналым капиталын қаржыландырудың жоғарыда айтылған әдістерін қолдану ААҚ «Казхромның» қызмет ерекшелігіне, оның мамандарының біліктілігіне, жабдықтаушылар мен тұтынушылармен қарым- қатынасына және басқа да факторларға байланысты болады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Сергеев. Экономика педпиятия.:Учеб – М, 2003 ж.;
  2. Кәсіпорын экономикасы. Под. ред.  В.М. Семенова, - М., 1998 ж.;
  3. Құрылыс экономикасы. Под. ред. И.С. Степанова, - М., 1998 ж.;
  4. Экономика предприятия. В.Я.Горфинкеля, В.А.Швандара. Москва, 2000 ж.;
  5. Экономика учебная. А.П.Казанов. Москва 1999 г.;
  6. Экономика предприятия С.Т. Купешова;
  7. Ашимбаев Т. Қазақстанның нарық жолындағы экономикасы, Қазақстан, 1994 ж.;
  8. Шмолен Г. Кәсіпорын экономикасының негіздері және проблемалары – М., 1996 ж.;
  9. Окаев О., Дюкова Е.М. Нарық жағдайындағы өнеркәсіптік кәсіпорын экономикасы. Алматы, 1994 ж.;
  10. Экономика предприятия В.Я.Хрипач, Г.З.Сума. Экономпресс 1999 г.;
  11. Экономика предприятия. Н.В.Минеева.;
  12. Нарықтық экономика негіздері. Б.Жүнісов, У.Байжомартов, Ү.Мамбетов, А-ты 1999 ж.;
  13. www.temakosan.net Қазақстандық рефераттар порталы
  14. Жалпы экономикалық теория. Ө.Қ.Шеденов, Б.А.Жүнісов.
  15. Булатова А.С., Экономика.- Экономист, 2004 ж.;
  16. Бергольц С.Б. Экономический анализ хозяйственной деятельности на современном этапе развития. - М.: Финансы и статистика, 1999 ж.;
  17. Горфинкель В.Я., Купряков Е.М. Экономика предприятия: Учебное для вузов.-М: ЮНИТИ, 1999 ж.;
  18. Гиляровский Экономический анализ: Учебник -  М: Проспект,2004 г.;
  19. Горфинкель В.Я., Экономика фирмы- М: ЮНИТИ, 2004 г.;
  20. Пельиха А.С. Экономика предприятия и отрасли промышленности, - М.:Феникс, 2003 г.;
  21. Прыкина Л.Н. Экономический анализ педприятия: Учебник – М.: ЮНИТИ, 2001 г.;
  22. Р.Қ.Ниязбекова, Б.А.Рахметов, П.Т.Байнеева Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы, Алматы: Экономика, 2008 ж.
 
 
 
 
 
 
 
 

    

Информация о работе Кәсіпорынның айналым капиталының мәні, құрамы, құрылымы