Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 19:26, курсовая работа
Өндірісті басқарудың ғылыми негіздерін қалыптастыру өткен ғасырдың он жылдығында басталды. Бұл процесс тез арада жан-жақты сипат ала тұрса да, оның ойдағыдай өркендеу ортасы өнеркәсіптік өндіріс болды. Ғылым мен техниканың дамуы өндірісті шоғырландыруға, ал соңғысы өз кезегінде жаратылыс – техникалық білімнің барлық саласында қарқынды іздестіру жұмыстарына ықпал етті.ХІХ ғасырдың аяғындағы ғылым, осының алдындағы дәуірде жинақталған орасан зор нақты материалдарды теориялық тұрғыда жинақтап, әзірлеуге арналды.
Мемлекеттік баскару саласындағы кезекті идеолог және қайта құрушы Әбілхайыр хан (1693—1748) болды. Ол жеке хандық құрып, Казакстанның далалық аудандарының ауқымды территориясында кырық жыл бойы мемлекеттік билікті ұстап тұрды. Алайда, Әбілхайыр хандығы орталыктанған мемлекет болған жоқ, ол бірнеше этнотерриториялық және этносаяси топтарға, ұлыстараға бөлінді.
XVIП ғасырдын ортасында
экономикалық саясат пен
ғасырда Қазакстанның көрнекті мемлекет қайраткерлерінің арасында ғалым-ағартушы Ш. Уәлиханов (1835—1865) маңызды орын алды. Ол орыс ағартушылары мен революцияшыл- демократтарының алдыңғы қатарлы идеяларын қабылдады. Сонымен бірге патшанын отаршылдық саясатын айыптап, олардың қоғамдық-мәдени артта қалуын орыс мәдениетінен сусындау жолында жеңу үшін күресті, қазақтардың отырықшылық пен егін шаруашылығына көшуін насихаттады. Ш. Уәлиханов ағарту ісі мен жеке реформалардың ролін асыра бағалай отырып, басқару облысындағы үкімет шаралары көшпенді ауылдар өмірінің қайта құрылуына ықпал етуі мүмкін деп жорамалдады. Ш. Уәлихановтың мемлекетті басқару жөнінде ұсынған демократиялық идеяларын казақтың басқа ағартушы-демократтары Ы. Алтынсарин (1841—1889) мен А. Құнанбаев (1845—1904) әрі қарай дамытты.
ғасыр мемлекеттік басқару саласындағы қазақ зиялылары өкілдерінін шоғырымен ерекшеленеді. Олар: Ә .Жангелдин, Ә. Бөкейханов, М. Тынышпаев, М. Шоқаев, Л. Мирзоян, О. Исаев, Ұ. Қулымбетов, С. Меңдешев, Н. Нурмақов, Т. Рысқұлов, Ғ.
Тоқжанов, О. Жандосов, Т. Жүргенов, С. Сейфуллин, Б. Майлин, I. Жансүгіров және т.б. Торғай облысында — Ђ. Бөкейханов, Жетісуда — М. Тынышпаев, Түркістанда — М. Шоқаев казақ халқының өкілдері уақытша үкіметтің комиссарлары болып тағайындалды. Бірақ олар отарлаушы басқару жүйесінің шенеуніктері болып табылғандықтан жергілікті қазақ тұрғындарының мәселелерін толық шеше алмады.
Қазіргі заманғы менеджменттің қалыптасу тарихы мен дамуын XX ғасырдың 50-ші жылдарынан бастап қарауға болады. Алғашқы қазақ инженер-менеджері, өндірісті ұйымдастырушысы Қ. И. Сәтпаев (1889—1964) болды. Ол бірінші болып кеншілердің ећбек өнімділігі мен адамдардың еңбекке деген мотивация мәселелерін, жұмысшылардың, кәсіподактардың кәсіпорындармен және Балқаш пен Жезқазғанның тау-кен байыту комбинаттарындағы еңбек процестерімен байланысты сұрақтарын шешті. Оның басқару стиліне тән ең маңызды ерекшелік, ол зерттелінетін нақтылы материалдарды терең ғылыми жүйелеу мен жалпылау болатын. Бұл жерде нағыз білгірдін әдеттен тыс баскару ойы көрінеді.
Қазақстан экономикасын мемлекеттік басқарудың дамуына көрнекті ғалым, қоғамдық және мемлекеттік қайраткер Д. А. Қонаев (1912—1993) ерен үлесін қосты. Ол қырық жылдан астам уакыт бойы республиканы басқарды, оның ішінде ширек ғасырдан астам елдің бірінші басшысы болды. Д. А. Қонаев Қазақстан экономикасын басқарған кезеңде республика бұрынғы КСРО - ның ірі ағро-өнеркәсіптік аймақтарының біріне айналды. Мњнда елдегі түсті металлургияның негізгі базасы орналасты, ауқымды жылу-энергетикалық кешен әрекет етті, мұнай өндірудің үлкен потенциалы болды.
XX ғасырдың 90-шы жылдары Қазақстан экономикасындағы басқару ситуациясы айтарлықтай озгерді. Нарықтық жүйе басқарудың әкімшілік-бұйрықтық әдістерін ауыстырды. Осының нәтижесінде кәсіпорындар шаруашылқ дербестік пен сыртқы нарыққа шығу перспективасын алды. Қазақстанда мемлекеттік кадр саясатын жетілдіру курсы қолға алынды. Ел Президенті Н. Ђ. Назарбаевтың 2004 жылы 19 наурызда Қазақстан халқына Жолдауында былайша айтылған: «Мемлекет жаңа жұмыс орындарын ашады, адамның өз қабілет мүмкіндіктерін көрсетуге жағдай жасайды. халықтың табысының өсуіне камкорлық көрсетеді».
Казакстанның Бүкілдүниежүзілік Сауда Ұйымына ену қарсаңында біз баскару шешімдері салаларындағы да ғаламшарлық бәсеке алдында тұрмыз. Президент мемлекеттік қызметкерлерге мына принциптерді басшылыққа алу кажет деп есептейді:
а) халық берген биліктің қызығына түспей, оған иелік ете білу керек:
ә) озін үшін пайданы коздемей, өзін қызмет ететін қоғамның игілігі туралы ойлау кажет;
б) «мемлекеттік кызметкер қалай тұрып жатырсын?» деген сұрактан қорықпай омір сүруі керек;
в) адамдардың сенімін жоғалтпайтындай етіп басқару керек.
г) лауазымға істі кәсіби
түрде жүргізе алатындарды
Казакстанда менеджмент пәні бойынша алғашкы қазақша оқулық професеор К. Ғ. Ахметовтың «Менеджмент негіздері» (1993 ж.) кітабы болып есептелінеді. Біздін пікірімізше, ол қазақстандық менеджмент мектебінін негізін калаушылардың бірі болып табылады. Біздің отандастарымыздың арасынан «Менеджмент негіздері» (1994ж.). «Қазақстан экономикасын басқару негіздері» 2001ж. Жұмыстарының авторы К. Б. Бердалиевті де атауға болады. Осы енбектерінде ол қазақстандық кәсіпорындарды басқару ерекшеліктерін мазмұндады.
Казакстанда кадр менеджментінің
мәселелерін алғаш рет
Осылайша қазақстандық менеджменттің
теориялық сонымен қатар
2.2 АҚШ-тағы менеджмент ерекшеліктері
Өндіріс пен капиталдың шоғырлануының
күшеюі, монополистік топтар арасындағы
бәсеке күресінің күрт шиеленісуі,
ғылыми- техникалық прогрестің жоғары
қарқыны басқаруды жетілдіру
жұмысында ұйымдық
Сол себепті АҚШ-та өндірістік
қызметтің ұйымдық нышандарын мемлекеттік-монополистік
капитализмнің жаңа жағдайына бейімдеу,
өндірісті одан әрі қарқынды өркендету
және неғұрлым көп пайда табу үшін
ұйымдық ірі резервтерді
Орталықтан басшылық етуден
гөрі, пайда табатын орталықтардың,
бөлімдер мен кәсіпорындардың правасы
мен жауапкершілігін ұлғайту
—АҚШ-тағы шаруашылық өмірде елеулі құбылыс
болды. Осының нәтижесінде компанияларда
жаңа бөлімшелер құрылды, бөлімше топтарының
қызметін үйлестіретін арнайы жоғарғы
басқарма енгізілді, штабтық органдар
корпорацияның жоғарғы
Дракер «федералдық принцип» деген ұғымды енгізді, мұндай орталықтандыру өнеркәсіптегі ірі ұйымды жөнге салудың жаңа принципі болып саналады, ірі орталық та, ұйымның бір бөлігі де «жоғары басшының қызметін орындай алады».
Дракердің ойынша «федералдық принципті» бірте-бірте колдану мынаған негізделген: жоғарғы басшы кәсіпорынның ең басты мақсатын айқындайды, адам ресурстарын ұйымдастырады, болашак өкімдерді тандайды, даярлайды және сынайды, қызмет тиімділігін өлшеудің эталондарын белгілейді. Екінші жағынан әрбір бөлімшенің белгілі бір автономиясы болады. оның меңгерушісі автономдық істің басшысы, ол өндіріс пен техникалык прогресске, өткізу мен сатып алуға, есеп беру мен қызметкерлерге жауапты. Ол өзінің бөлімшесін біртұтас жүйе ретінде қарастырады.
Друкердің пікірінше, ұйымдастырудың федералдық принципі: 1) жоғарғы басшының өзінің тікелей қызметімен шұғылдануына мүмкіндік береді; 2) жергілікті жердегі «жоғарғы басшының кызметін және онын проблемаларын» түсінуге, әрі соның нәтижесінде жоғарғы басшының шешімдерін «жергілікті деңгейде» ойдағыдай орындауға ыкпал етеді; 3) еңбек өнімділігін әділ бағалауға колайлы жағдай жасайды; 4) сабақтас пробдемаларды шешіп, «кен профильді» басшыларды құруға және оларға жоғарғы басшыдағы проблемалар мен қызметтер туралы толық түсінік беруге жәрдемдеседі.
Компанияның табыстылығын арттырудың жаңа жолдарын қарастыруда ғылыми зерттеулер мен ізденістерді тиімді етуге ерекше көңіл бөлінеді. Жаңа нәтижелердің енгізілуіне байланысты іскер компанияның бәсекелесу қабілеттілігін де , олардың «өміршендігін» және «болашақтағы беймәлімді» игеруін де байланыстырады.
Америкадағы университеттер мен ғылыми орталықтарда кибернетикалық сессиялар деп аталатынды көп айтады. Бұл — ғылыми салада идеяны тез тарату және жинаудың жаңа тәсілі. Жұртқа мәлім анкеттік зерттеулерге, сұрау салуға, эксперттердің кездесулеріне т. б. қарағанда бұл едәуір тиімді тәсіл ретінде жарияланды.
Бұл тәсілдің авторларының (Д. Холл және Р, Диксон), сондай- ақ оны қолданушылардың түсіндіруінше мұның мәнісі мынада:
кез келген ғылыми проблемалар бойынша, оны жан-жақты талкылайтын мамандардың бірнеше тобы құрылады;
әрбір топ үшін бұрын сұрақтар белгіленіп, сол бойынша пікір алысып, жана ндеядар айқындалады;
жол көрсеткіші жасалып, онда әрбір маманның әр түрлі топқа қатысу тәртібі көрсетіледі;
жазбаны жүргізетін, әрі әрбір топтағы жаңадан қатысушыларға, олар келгенге дейін не айтылғаны туралы түсінік беретін арнайы адам бөлінеді. Жыл көрсеткішінің көмегімен сессияға катысушылардың әр кайсысы барлык топқа жұмыс істейді, сонымен коса, құрамында мамандары бар топ құрамы бірнеше рет
Соңғы жылдары басқарудың бағдарламалық-мақсаттық құрылымына ауысуы кең етек алды. Мұндайда компанияларда, ғылыми орталықтарда әр түрлі қызмет түрлерін үйлестіріп, біріктіреді де оларды белгілі бір максатка бағындырады. Осындай жолмен американдық мамандар баскарудың «тікелей» және «көлбеу» байланыстарын, орталықтандыру мен орталықтан тыс жүргізуді тиімді үлестіру проблемасын шешуге тырысты.
Өнімнің жаңа түрлеріне жаңалық енгізу тобы жобалық негізде жоспарланып, жүзеге асырылады. Топтың жоба жөніндегі жауапкершілігі, онын коммерциялық жүзеге асушылығы аныкталғанша, рынокта сынактан өткенге дейін сақталады. Бұл кезенде жоба жұмыс істеп тұрған іскер топтарға беріледі де, онда ол жұмыс істеп тұрған бөлімшенің бір бөлігіне айналады немесе жана
Дэвид Мерсер «Корпорация әлеміндегі басқару» кітабында фирмадағы басқару жүйесін «үйымдасқан анархиянын жоғарғы формасы» деп атады. Алайда, ол іскерлік өмірдегі өктемдік, тікелей қатаң стиль күн өткен сайын демократиялык үйлестіруші, көлбеу басшылықпен алмасатындығын атап көрсетеді. Мұнда, атап айтқанда, басшылар мен оларға бағыныштылардың арасында шынайы сенімге негізделген принциптер тұжырымдалған, мұның өзі бүкіл Америкадағы іскер топтарға тән қасиет. Соның бастылары мынадай:
Әрбір адам құрметтеуге лайық.
Әрбір сатып алушы ең тәуір қызмет етуді талап етуге хақысы бар: кез келген талап 24 сағаттың ішінде, ал техникалық қызмет көрсету сұранымы — бір сағаттың ішінде қанағаттандырылады.
Кез келген міндет ең тәуір жолмен шешілуі тиіс.
Компания қызметкерлеріне орындай алатын билік пен жауапкершілікті жүктеуі тиіс.
Стратегиялық жоспарды оперативтік
жоспармен байланыстырғанда, оның нақты
орындалатындығына барлығының көзі
жетуі тиіс. Мұндайда тіпті ерекше
қолайсыз жағдайдын өзінде орындауға
болатын жоспардың қосымша
Қызметкерлердің сатып алушылармен мәжіліс өткізуі, сатып алушылардың жағдайы талқылануы және мынадай сұрақгарға жауап беруі тиіс: біз сатып алушылармен қалай жұмыс істейміз? Біз кандай мақсатқа жету үшін оларға көмектесуіміз қажет? Бәсеке деңгейі қандай? Сатып алушылар қандай бұйымдарды қажет етеді? Олардың сапа мен бағаға қоятын талабы қанағаттандырыла ма?
Фирмаға жұмысқа қабылданғанда ақтық шешімді төменгі буындағы басшыларға қалдыру.
Компанияның маңызды буыны — оларды сауда қызметкерлері, бұлар жаңа келгендерді үйрету тиіс.
Стажерлердің міндетін бірлесіп
шешу ынтымақтасу тәжірибесін