Монопсония, олигополия

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2013 в 08:10, автореферат

Краткое описание

Монополистік бәсекенің түрі:
Олигополия - дегеніміз өндіріс концентрациясы жоғары нарықтық құрылым моделі.
Олигополия (гр. олігос – аздаған және полео – сатамын‚ сауда жасаймын) рынокта аздаған ірі компаниялар мен бірқатар шағын фирмалар әрекет ететін жағдай. Олардың әрқайсысының өнімі ұқсас үрдісте болады‚ сондықтан жеке жеткізушілер сатып алушыны тарту үшін өнімге айрықша сипат беруге күш салады. Мұның өзі саралау деп аталады. Мұндай рынокқа басқа фирмалардың (компаниялардың) кіруі әдетте қиын болады‚ ал бағаны бақылау олардың бір-біріне тәуелділігі себепті шектелген‚ онда бағадан тыс күшті бәсеке әрекет етеді. Олигополия рыноктың қайсыбір тұрақтылығын туғызады. Жеткізуші бағаны төмендетпейді‚ өйткені оның бәсекелестері дереу бағаны түсіреді. Бұдан сатып алушы ұтады. Бағаны көтерудің де мәні жоқ – рыноктан айырылып қалуы мүмкін