Қазақстан Республикасының экономикасына тікелей шетелдік инвестицияларды тартудың қазіргі жағдайы

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Сентября 2011 в 11:25, реферат

Краткое описание

Қазіргі таңда Қазақстан әлемдік шаруашылықтың толық қанды мүшесі болып табылады. Республикамыздың экономикасының дамуы экономикалық ортада инвестициялық бағытты құруды талап етті. Инвестицияның құйылуы өндірістің масштабының кеңеюіне және сонымен қатар экономиканың әлеуметтік экономикалық дамуының сапалы, жаңа деңгейге шығуын қамтамасыз етеді.

Файлы: 1 файл

Республикасының экономикасына тікелей шетелдік инвестицияларды тартудың қазіргі жағдайы.doc

— 46.50 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасының  экономикасына тікелей  шетелдік инвестицияларды  тартудың қазіргі  жағдайы 

   Қазіргі таңда Қазақстан әлемдік шаруашылықтың  толық қанды мүшесі болып табылады. Республикамыздың экономикасының дамуы  экономикалық ортада инвестициялық  бағытты құруды талап етті. Инвестицияның құйылуы өндірістің масштабының кеңеюіне және сонымен қатар экономиканың әлеуметтік экономикалық дамуының сапалы, жаңа деңгейге шығуын қамтамасыз етеді. Экономикадағы жаңалықтар мен өсулер инвестицияның көлемімен, құрылымымен және олардың жүзеге асырылу сапалары мен қарқынымен анықталынады. Сонымен қатар, инвестициялық жинақтаулар мен олардың материалдық ресурстарынсыз инвестицияда ешқандай оң нәтижелер болмайды.

   Инвестициясыз ішкі және сыртқы рыноктардағы тауар  өндірушілердің бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз ету, қазіргі кездегі капитал жұмсалымдарының болулары мүмкін емес. Рыноктік инфрақұрылымдардың және әлемдік тауар өндірушілердің құрылымдық және сапалық өзгертулерінің процесстері инвестициялаудың есебімен және жолымен жүзеге асырылады. Инвестициялау экономикалық өсуді, аймақтың әлеуметтік жағдайын, халықтың жұмыспен қамтылуын және сонымен қатар елдің экономикасының дамуын анықтайды.

   Қазақстан Республикасының экономикасының дамуы  отандық және шет елдік инвестициялаудың тартылуымен тығыз байланысты болып келеді. Шетел инвестициялары  Қазақстан Республикасының территориясындағы кәсіпкерлік қызметтің объектісіне шетел инвесторына тиісті азаматтық құқықтардың, соның ішінде ақша, бағалы қағаздар, интеллектуалды қызметті және тағы басқа мүліктерді, сонымен қатар қызмет пен ақпарат нәтижелеріндегі ақшалай бағасына ие мүліктік құқықтар түрінде шетел капиталын салу болып табылады.

   Инвестицияларды әр түрлі қаржы құралдарын шығара отырып тарту бүгінгі күні кең  көлемде қолға алынады. Оған елдегі қолайлы инвестициялық климат өз әсерін тигізуде. Қай елде болмасын инвестицияның келуі инвестициялық климат дәрежесіне және оны анықтайтын факторларға тікелей байланысты. Инвестициялық климатты анықтау шетел инвесторларын тарту мен пайдалану саясатының негізгі міндеті болып табылады. Себебі, біріншіден, инвестициялық климат шетел инвесторларына әсер ететін факторларды анықтауға, екіншіден мемлекеттегі жағдайды тереңірек бағалауға, үшіншіден шетел субъектілерінің мінез-құлықтарын анықтауға мүмкіндік береді.

Инвестициялық климат мемлекетте, аймақта және қалада инвестицияның қызмет жағын анықтайтын заңдық, нормативтік, ұйымдастырушылық, экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени және тағы басқалары бір-бірімен  байланысты факторлардың әсерінен қалыптасады. Яғни, инвестициялық климатты бірнеше көрсеткіштер (факторлар) арқылы бағалауға болады. Оларға: экономикалық реформаның жағдайы; банк жүйесінің тұрақтылығы; саяси реформаның тұрақтылығы; табиғи және еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі; инвестициялық қызметтің құқықтық реттелу дәрежесі және халықаралық стандартқа сай жасалған заңдылықтар мен нормативтік актілердің болуы; инфляция қарқыны; сыртқы экономикалық байланыстар дәрежесі; білікті жұмыс күшінің болуы;

   мемлекеттік нарық потенцалының сипаты (ЖІӨ, халық саны); нарық инфрақұрылымының және валюта нарығының дамуы және тағы басқалар жатады.[2]

   Шетел инвесторлары инвестициялық климаттың  бұл көрсеткіштерін бағалап мемлекеттегі инвестициялық климатты жағымды  немесе жағымсыз екендігін анықтайды. Егер инвестициялық климат жағымды болса, онда инвесторлар инвестиция туралы шешім қабылдайды.

   Қазақстан ұзақ мерзімге бағытталған “Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясына” сәйкес өзінің динамикалық дамуын жалғастыруда, сонымен қатар біздің алдымызда – Қазақстанды әлемнің бәсеке қабілетті елу елінің қатарына енгізуіміз қажет деген стратегиялық мәселеміз тұр.

   Қазақстан еліміздің экономикасына шетел  инвесторларын тарту саласы бойынша  көптеген нәтижелерге жетті. Қазақстанның экономикасына тартылған тікелей шетелдік инвесторлардың жалпы түсімінің өсулері 60-65 пайыз көлемін құрайды. Егер 2006 жылы Қазақстандағы тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы түсімдері 10,6 млрд. долларды құраса (2005 жылмен салыстырғанда 60 пайызға өскенін көрсетеді), ал 2007 жылы Қазақстандағы тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы түсімдері 17,5 млрд. долларды құрады (2006 жылмен салыстырғанда 65 пайызға өскенін көрсетеді).

   2008 жылдың бірінші кварталында тікелей  шетелдік инвестициялардың жалпы  түсімдері 3,3 млрд. долларды, ал екінші кварталында 3,972 млрд. долларды құрады. Яғни, мұндай жағдайда әлемдік қаржы нарығындағы болып жатқан жағдайларға қарамастан тікелей шетелдік инвестициялардың түсімдерінің тұрақтылығын көруге болады. Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялар Нидерландия, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Италия, Швейцария, Рессей елдерінен белсенді түрде құйылуда.

   Қазақстан экономикасының саясатының алғашқы  даму кезеңдерінде тікелей шетелдік инвестицияларды тарту мұнай  өнеркәсібіне және оның инфрақұрылымына  ірі жобаларды жасауға негізделінді. Жоғарыдағы көрсетілген тікелей шетелді инвестициялардың жалпы түсімдеріннің негізін мұнай газ саласы құрады. 2008 жылдың бірінші кварталында жалпы инвестициялық түсімдердің көлемінің 68 пайызы мұнай жобаларына бағытталынды. Мұнайдың бағасы тұрақтандырылған және оларды төмендетуді тоқтатқан жағдайда мұнай саласы бойынша тікелей шетелдік инвестициялардың көлемі бұрынғыдай белсенді рөл атқарады. Жалпы елімізде тікелей инвестициялар негізінен мұнай өндіру және өңдеу өндірісіне, түсті және қара металлургия кәсіпорындарына, газ өнеркәсібіне және байланыстарға құюлуда. Инвестицияның көлемі бойынша ірі инвесторлардың бірі АҚШ елі болып келді. Соңғы кездері Қытай мен Рессей елдеріде біздің елімізге өз инвестицияларын салуда. Бірақ, соған қарамастан қазіргі кезде мұнай-газ саласына инвестицияларды тартуда қиыншылықтар туындауда деп айтуға болады.

   Сонымен қатар, Қазақстанда экспорттік бағытталған  экономиканы жәнеде бәсекеқабілетті, жоғары технологияны дамыту үшін жағдайлар  жасау мақсаттарында жұмыстар жүргізілуде. Бұл алдыға қойылған мақсаттарға жету шетелдік және отандық инвесторлардың көмегімен жүзеге асырылады. Шетелдік және отандық инвесторлардың қызметтері Қазақстанда «Инвесторлар туралы» заңымен реттелінеді. Бұл заңмен шетелдік   және отандық инвесторларға құқықтық режимі бірдей және заң бойынша біртұтас талаптар қойылады.

   Шетел фирмаларының тікелей инвестициялары тек ішкі капитал салымдарының қосымша көзі ретінде ғана емес, сонымен қатар жаңа жетілдірілген технологияларға, сыртқы нарықтағы өткізу жүйесіне, қаржыландырудың жаңа көздеріне қол жеткізу тәсілі ретінде қарастырылуы мүмкін. Шетел инвесторлары жаңа өндірістерді тез құруға көмектесуі мүмкін. Инвестициялар нәтижесінде мемлекеттік табыстардың артуы мемлекеттің жалпы экономикалық-әлеуметтік өсуіне, тұрғындардың өмір сапасының артуына, жұмыспен қамтамасыз ету мүмкіндіктерін құруға жағдай туғызады.

   Шетел инвесторларының пікірі бойынша, Қазақстан инвестициялық салымдар жасау үшін тартымды нарық болып табылады. Біздің еліміз пайдалы қазбалар, ауыл-шаруашылығы жерлерінің қорларына және квалификациясы жоғары жұмыс күшіне бай, сондай-ақ үлкен өндірістік потенциалға ие, бірақ оларды тиімді қолдану үшін инвестициялық салымдар жасалуы қажет.

   Тікелей шетелдік инвестицияларды елімізге тарту бір жағынан еліміздің  өндірістік тиімділігін арттыруға  және жұмыс орындарын құруға қажет. Екінші жағынан, Қазақстандық рыноктің тікелей шетелдік инвестицияға өтуі отандық өндірушілердің жұмыстарына кері әсерін тигізеді деген қауіп тудырады.

   Шетелдік  инвестицияларды тарту жаңа технологияларды  ендіруге, сонымен қатар менеджмент пен маркетингтің қазіргі кездегі  әдістерін ендіруге, инвестициялық  салаға жаңа жұмыс орындарын құруға, жергілікті мамандарды үздіксіз оқытуға жәнеде рынок жағдайына байланысты олардың біліктіліктерін көтеруге алып келеді. Нәтижесінде, алынған техникалар мен технологиялар отандық тауар өндірушілердің өндірісін қолдауға және ынталандыруға алып келеді. Сондықтанда, Қазақстан экономикасына шетелдік инвестицияларды тарту стратегиялық және тактикалық мәселелерді шешугі бағытталған объективтік қажет процесс болып табылады. [4]

   Биылдан бастап еліміз үш жылдық бюджет жоспарымен жұмыс істейді. Мұның бір артықшылығы – үш жылдық кезеңге арналған экономиканы және әлеуметтік саланы дамытудың басым бағыттарын заңнамалық айқындау жергілікті кәсіпкерлер мен шетелдік инвесторларға өздерінің бизнестерін барынша ауқымды жоспарлауға мүмкіндік береді. Ең бастысы, “Қазақстан–2030” стратегиялық бағдарламасының жүзеге асуын ұзақ мерзімді бюджеттік жоспарлау сүрлеуден адастырмайды.

   Сонымен қатар, мемлекет басшысы әлемдік  дағдарыстан Қазақстан экономикасын сауықтыру үшін қазіргі таңда  атқарылатын жұмыстарды саралай келіп, бес бағытты нақтылап берді. Оның біріншісі – банк секторын тұрақтадыру, екіншісі – құрылыс саласын және үлескерлер мәселесін шешу, үшіншіден – дағдарыс жағдайында шағын және орта бизнестің зардап шекпеу керектігін, төртінші – ауыл-шаруашылығы ойдағыдай дамыту, бесінші – индустриялық-инновациялық бағдарламаларды дамыту. [9]

   Қазақстан Республикасында ағымдағы жылы көптеп күткен жұмыстар қолға алына бастады. Мысалыға айта кететін болсақ, Мойнақ су электр стансасы құрылысының бірінші  кезеңі аяқталса, Қазақ-Қытай магистральды газ құбыры, Батыс-Еуропа - Батыс Қытай транзисттік автокөлік жолдарын жөндеу, Қорғаныс–Жетіген темір жолын салу жобаларын   орындайтын құрылыс мекемелері анықталып, нақты жұмыстың алғашқы қадамына негіз қаланып, инвестиция тарту арқылы жүргізілмекші.

   Сонымен қатар, Қытайдағы “Датанг” корпорациясы мен Талдықорғандағы “ТТ –  ГРУПП” ЖШС өзара келісімге келіп, бірлескен кәсіпорын құру арқылы Көксу өзенінен екі бірдей су электр стансасын салуды қолға алмақшы. Өңірде қолға алынатын басқа да жобалар толыққанды жүзеге асса, тұтынушыны қуат көзімен қамтамасыз етумен қатар оны сатып пайда табуға да мүмкіндік бар. [8]

   Соңғы жылдары жаһандану үрдісінің  символына айналған БЭФ-ке Елбасы алғаш  рет 1992 жылы қатысқан болатын. Содан  бергі өткен жылдар ішінде дүние жүзілік озық ой мен тың тәжірибелер тұғырына айналған Давос форуымына Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сегізінші рет қатысып отыр. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Давос форумындағы екінші күнін өз салалары бойынша дүние жүзінде бірінші орын алатын әлемнің ең ірі 30 компаниясының жетекшілерімен арнайы кездесулер өткізуден бастады. Бұл компаниялар мұнай, мұнай-химия, энергетика, металлургия және өнімді қайта өңдеу салалары бойынша мол тәжірибе жинақтап, әлем экономикасында өзіндік қолтаңбаларын қалдырған. Президентіміздің әлемдік форумда осы компания жетекшілерімен арнайы жеке кездесу өткізудегі мақсаты, бүгінгі дағдарыс кезіндегі күрделі уақытта Қазақстанға келетін инвестиция тасқынын төмендетпеу және дағдарыстан кейінгі кезеңде қуатты инвестиция арқылы ел экономикасының дамуына тың серпін беру болып табылады. Сонымен қатар, бұл кездесуде инвестициялық қор жетекшілері, Майкл Портер сияқты әлемдік дәрежедегі экономистер, Дж.Сорос секілді дүние жүзіне әйгілі қаржыгерлер қатысты.

   Елбасы  кездесуде сөйлеген сөзінде дүние  жүзінің ірі іскер топтарының өкілдеріне Қазақстанда жан-жақты  таныстырды. Қаржы дағдарысына қарамастан елімізде іске асырылып жатқан үлкен  индустриялдық-инновациялық жобалар  туралы айтты. Әлемдік қаржы дағдарысының қиындықтарына қарамастан біз жұмыс істеп жатырмыз және экономиканың әртүрлі салаларына инвестиция тартуға мүдделіміз, деп атап көрсете келіп, Президент шетел инвесторларын қызықтыратын ауыл-шаруашылығы, қайта өңдеу өндірісі, минералды шикізаттарды қайта өңдеу, мұнай-химия және мұнай-газ өндірісінің машиналарын жасау салаларына инвестиция салуға шақырды. [10]

 Әдебиеттер 

   1. «Инвестициялар туралы» Қазақстан  Республикасының Заңы. 2003ж.

   2. Алжанова Н.Ш. «Инвестициялық  жоба» / Қазақ Университеті. А. 2006ж.

   3. О.Фаминских «Сила притяжения»  // Капитал. Инвестиция. Технология. №20 (75) 2008 г.

   4. А.С.Жарқынбаева «Привлечение иностранных  инвестиций в экономику Казахстана: современное состояние и перспективы» // ҚазЭУ Хабаршысы №4. 2005 г.

   5. Т.Батизева «Горнарудный сектор соседних стран начинает конкурировать с Казахстан в привлечении иностранных инвестиций» // Капитал. Инвестиция. Технология. №15-16 2008 г.

   6. А.Мусин «Влияние корпоративного  управления на улучшение инвестиционного  климата в Казахстане» // РЦБК  №3 (155) 2007г.

   7. Д.Т. Бохаев «Инвестициялық жобалардың  тиімділігін бағалау әдістері»  // Экoномика негіздері. А. 2006 г.

   8. Күмісжан Байжан “Кәсіпкерліктің  кемелдену кезеңі” // Егемен Қазақстан  16.01.2009 ж.

   9. Жылқыбай Жағыпарұлы “Мақсат  – сын сәттен қысылмай шығу” // Егемен Қазақстан 16.01.2009 ж.

   10. Жылқыбай Жағыпарұлы “Альпі бигінен  көрінген ел мүддесі” // Егемен  Қазақстан 31.01.2009 ж. 

Информация о работе Қазақстан Республикасының экономикасына тікелей шетелдік инвестицияларды тартудың қазіргі жағдайы