Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 17:57, курсовая работа
Компьтерлік желі дегеніміз – ақпараттық, есептеу, оқу жұмысы тағы басқа мәселелерді бірге шешу үшін бірнеше электрондық машиналарының (ЭЕМ) бірігуі.
Кіріспе
8
Негізгі бөлім
10
1. Компьютерлік желілер
10
1.1. Желілердің түрлері
14
1.2. Жергілікті желілер
15
1.3. Ауқымды желілер
22
1.4. Қайда хабарласу керек
23
1.5. Жергілікті және ауқымды желілердің кірігуі
24
2. Желіге қосылған компьютерлермен байланыс жасау
мүмкіндіктері
24
2.1 Мicrosoft Exchange программасы көмегімен
электрондық почтамен жұмыс істеу
24
2.2. Хабарлама жөнелту
25
2.3. Хабарламаларды бумаларға топтауды ұйымдастыру
28
3.WINDOWS 98 операциялық жүйесінің желілік қоршаудағы мүмкіндіктері
29
3.1. Желілік қоршаудың компоненттері.
31
3.2 Желіге қосылу мүмкіндіктері
32
3.3 Компьютерлік желіге қосылған ресурстарды анықтау
33
3.4 Ресурстарды ортақ пайдалану жағдайын жасау
36
3.5 Ортақ пайдаланатын файлдар мен принтерлер мен жұмыс істеуді басқару
38
3.6 .Ресурстар деңгейінде берілген рұқсатты басқару
39
3.7. Бумаға рұқсат құқығын анықтау
41
3.8 .Пайдаланушы адамдар деңгейіндегі рұқсатты басқару
43
3.9 .Пайдаланушылардың рұқсат құқығын анықтау
45
3.10 Тұтас дискіні ортақ пайдалану
46
3.11 .Бумаларды ортақ пайдалану
46
Өзіндік жұмыс
47
Практикалық бөлім
50
Әдістемелік бөлім
61
Қорытынды.
76
Әдебиеттер
77
1.3. Ауқымды желілер
Егер басқа мекемеден мәліметтер алу (беру) жұмыстары жиі кездесетін болса, онда модем сатып алып, компьютерлердің ауқымды желілерінің біріне қосылу амалын қарастырған жөн.
Сонымен, компьютерді ауқымды желімен байланыстыру үшін модем сатып алып, оны кез келген бір телефонға жалғау жеткілікті, бірақ оны қалай пайдаланамыз?
6-сурет. Жалпы желі топологиясы.
Дүние жүзінде көптеген ауқымды компьютерлік желілер бар, бірақ олардың арасында ең белгілі болып Internet, Sprint, Fidonet есептеледі. Бұлардың кейбірі тек өз елдері маңында жұмыс істесе, кейбірлері бүкіл дүние жүзін қамтиды. Бірақ барлық желілер бір-бірімен байланысқан, сол себепті, мысалы, Glasnet желісіндегі біреудің адресін білсеңіз, оған басқа желіден де хабар бере аласыз.
Ауқымды желі топологиясын қарайтын болсақ, ол күрделі граф тәрізді деуге болады, ал оның түйіндерінде компьютерлер орналасқан. Жалпы желі құрамында почта сервері ретінде арнайы пайдаланылатын компьютерлер болуы тиіс. Мұндай компьютерлер бірден бірнеше телефон каналдарымен қосылған, сондықтан олардың құрамында да бірнеше модем болады.
Әрбір адам да өз компьютерін жалпы желіге модем арқылы жалғайды.
1.4. Қайда хабарласу керек
Ауқымды желіге қосылу үшін алдымен қажеттісін таңдап алып, сол желіге байланыстыруды жүргізетін фирмаға телефонмен хабарласу керек. Желіні таңдау тәсілі әртүрлі жолдармен жүргізіледі.
Ауқымды желілер ақылы және тегін пайдаланылатын тораптарға бөлінеді.
Ақылы желі почтаны жылдам жеткізіп, жоғары деңгейде қызмет көрсетеді. Ал тегін желі, әрине, шектеулі мүмкіндіктерімен жұмыс жасайды. Біз осы екеуінен өзімізге керектісін таңдап алуға тиіспіз. Бірақ ақылы желілер құны онша жоғары болмайды.
Ақы төлей алмайтын жағдайда Fidonet тегін желісіне қосылған жөн. Ол үшін модем арқылы кез келген хабарландыру шығатын электрондық тақтаға (BBS) телефон соғып, сол жүйенің операторымен хабарласу керек. Желіге қосылу ережелері де ВВS электрондық тақтасында мәтіндік файл түрінде жазылып тұрады. Жүйе операторы сізді Fidonet ауқымды желісіндегі өз түйініне қосады немесе басқа бір түйінді ұсынуы мүмкін.
Көптеген компьютер мен программалық жабдықтар сататын фирмалардың жарнамалары жиі шығып тұрады. Солардың жарнамаларынан хабарландыру шығаратын электрондық тақта телефонын тауып алып, модем арқылы хабарласу керек.
1.5. Жергілікті
және ауқымды желілердің кірігу
Жергілікті желі мен ауқымды желілерді кіріктіретін программалық жабдықтары бар. Мұндай жергілікті желінің бір компьютері телефон бағдарлауыш (бірнеше модемі бар) арқылы ауқымды желіге қосылады. Осындай желінің кез келген компьютері телефон бағдарлауыштарында орнатылған модем арқылы бөлек телефонға жалғаудың да қажет емес екені осыдан көрініп тұр.
2. Желіге қосылған
компьютерлермен байланыс
Windows 95/98 операциялық жүйесі электрондық почта арқылы басқа компьютерлермен байланыс жасау мүмкіндігін береді. Хабарламалар жазуға, оларды бумаларға сақтауға және Internet желісі арқылы жөнелтуге, сондай-ақ басқа электрондық почта программалары арқылы хабарлама қабылдауға, жөнелтуге болады.
2.1 Мicrosoft Exchange программасы көмегімен электрондық почтамен жұмыс істеу
Электрондық хабарламалар құру және жөнелту
Мicrosoft Exchange көмегімен хабарламалар жөнелту үшін, компьютер модем немесе телефон арнасы арқылы электрондық почта қызметімен байланыстырылған болу керек. Электрондық хабарламаны құра отырып, Мicrosoft Exchange арқылы оны жөнелту тәсілін таңдау қажет. Егер компьютер жергілікті желіге қосылған болса, онда Мicrosoft Mail Office Vision немесе CC.Mail программалық жасақтарының бірін қолдануға болады.
Электрондық хабарлама жазып, оны жөнелту үшін, жіберетін адамның электрондық адресін білу қажет. Оны адрестік кітаптан тексеруге немесе табуға болады. Адресті дұрыс жазғаннан кейін ғана Мicrosoft Exchange көмегімен электрондық қызметпен байланысып, хабарламаны жөнелтуге болады.
Электрондық хабрлама құру
Электрондық почта арқылы өз адресіңізге хабарлама құру және жөнелту үшін:
Жұмыс үстеліндегі Құрамындағылар (Входящие) белгішесіне тышқанды екі рет шертіңіз. Мicrosoft Exchange программасы іске қосылып экранда Құрамындағылар терезесі ашылады
2.2 Хабарлама жөнелту
Мicrosoft Exchange көмегімен құрылған хабарламаны Internet желісі немесе басқа кез келген электрондық қызмет арқылы жөнелтуге болады. Бұл жаттығуда хабарламаны Мicrosoft Mail қызметі арқылы жөнелтесіз.
Адрестік кітаппен жұмыс істеу
Мicrosoft Exchange програмасы электрондық почтаны тұтынушылардың адрестері мен аттарын сақтау мүмкіндігін береді. Адрестік кітапта (Адресная книга) электрондық хабарлама жіберетін адрестер тізімі тұрады. Бір хабарламаны бірнеше адреске жөнелту үшін, адрестік кітаптан олардың адрестерін ерекшелеу жеткілікті.
Егер компьютер корпоративті немесе жергілікті желімен байланыстырылса, бірнеше адрестік кітаппен қатынас жасауға болады. Әдетте жергілікті есептеуіш желіде оны қолданатын барлық тұтынушылардың адрестері жазылған жүйелік администратор құрылған ортақ адрестік кітап болады. Ортақ адрес кітабында жаңа адрес қосу, өшіру әрекеттерін тек желі администраторы кітабыңызды (личная адресная книга) құра аласыз, бұл кітапқа өзіңізге қажетті жаңа адресті қосу немесе өшіру, ортақ адрес кітабынан көшіру әрекетін орындай аласыз.
Адрестік кітаптың көмегімен адресті тексеру
Қабылдап алушының атын тексеру үшін:
Хабарлама қабылдау
Егер компьютер жергілікті желіге қосылған болса, Мicrosoft Exchange программасы келіп түскен жаңа хабарламаны үнемі тексеріп отырады. Үнсіз келісім бойынша тексеру әрбір он минут сайын жүргізіледі, бұл уақыт аралығында қалауымызша өзгертуге болады. Жаңа хабарлама келуін өз бітімінше де (вручную) тексере аламыз. Тек электрондық почта қызметі мен жұмыс істеу кезінде жұмыс осылай атқарылады.
Жаңа хабарламалардың келіп түсуін тексеру
Сервис –Почтаны жеткізу (Сервис–Доставить почту) командасын орындаңызда, ашылған менюден Мicrosoft Mail командасын таңдаңыз. Осы команда орындалған соң, Мicrosoft Exchange клиенті келіп түскен хабарлама бар жоғын тексереді де, бар болса оны сол компьютерге көшіреді.
Электрондық хабарламаларды оқу
Жаңа хабарламалар Мicrosoft Exchange программасынын компоненті болып саналады Жеке бумалар (Личные папки) бумасына орналасады. Хабарламаны оқу үшін оны ашу керек. Бірнеше хабарламаны Түр (Вид) менюінің Алдындағылар (Предыдущие) және Келесілер (Следуюшие) командаларының немесе саймандар тақтасындағы дәл осылай аталатын батырмалар көмегімен оқуға болады. Мicrosoft Exchange программасы іске қосылған мезетте автоматты түрде Құрамындағылар (Входяшие) бумасы ашылады.
Хабарламаны оқу және баспаға шығару
2.3 Хабарламаларды бумаларға топтауды ұйымдастыру
Хабарламалар көп келіп түскен кезде, олардың әрқайсысының мазмұнын есте сақтау қиындайды. Сондықтан келешекте қажет болатын хабарламаларды тақырыптарына немесе ортақ параметрлеріне қарап топтап қойған ыңғайлы.
Хабарламаларды реттеудің ең оңай жолы – оларды бумаларға топтап жазу.
Өшірілмейтін хабарламаларды арнайы бір бумаға жазып отырған тиімді. Оқылмаған хабарламалар (непрочитанные сообшения) жазылған буманың аты жартылай қарайтылған қаріппен (жирным шрифтом) ерекшеленіп тұрады.
Жаңа бумалар құру үшін:
Хабарламаны өшіру
Өшірілген хабарламалар Өшірілгендер (Удаленные) бумасында орналасады. Осы Өшірілгендер бумасын тазартпайынша өзгертілген хабарламалар сақталып тұрады. Бұл бумада орналасқан хабарламалар қайтадан қалпына келтіруге де болады. Ал бұл бумадан өшірілген хабарламаларды қайтадан қалпына келтіре алмаймыз.
Мicrosoft Exchange программасының параметрлерін программадан шығу кезінде Өшірілгендер бумасы автоматты түрде тазартатындай етіп тағайындау мүмкіндігі бар. Ол үшін:
3. WINDOWS 98 операциялық жүйесінің желілік қоршаудағы мүмкіндіктері
Мәліметтерді өңдеуге арналған ірі жоғары тиімді жүйелерді құру есептеу техникалық құрылғыларды біріктіруге байланысты, жеке мекемелерге және оның қарамағындағы бөлімдерге қызмет ететін әртүрлі байланыс құрылғылардың көмегімен бір есептеу жүйесіне біріктірілген бірнеше компьютерлермен жұмысты қамтамасыз етеді.
Желі (Сеть) дегеніміз ресурстарды (дисклер, файлдар, принтерлер, коммуникациялық жабдықтар) ортақ пайдалану мүмкіндігін беретін, жеке компьютерлерді біріктіру. Желі жұмыс жасауы үшін бір-бірімен сымдар арқылы байланысқан жұмыс станциялары (жеке компьютермен желілік тақша) және желілік программалық жасақ болуы қажет. Желі көмегімен оған қосылған кез келген компьютер ақпараттарды көруге болады.
Желінің екі түрі бар: клиент-сервер және бір-рангілі желілер, яғни дәрежелері бірдей (равноправные). Желіде дәрежелері бірдей түйінді (per-to-per) барлық жұмыс станциялары желілік ресурстарды бірдей қолдана алады, оларда ақпараттарда және ресурстарда бөлуді бақылап отыратын ортақ сервер компьютер жоқ.
Сервер-ортақ пайдалануға арналған барлық ресурстар қосылған компьютер. Ортақ ресурсты пайдалану үшін, сервер іске қосулы және ортақ пайдаланылатын ақпарат ашық болу қажет. Серверге принтерлер, модем, ортақ қолданбалы программалар (мысалы, электрондық почта), факстар және т.б. қосылады. Желіде атқарылатын жұмыстың көп бөлігін сервер атқарады.
Клиент-сервер желі бар ресурстарды максималды қолдану мүмкіндігін береді. Әдетте сервер басқа компьютерлерге қарағанда жылдам жұмыс істеумен және жадының өлшемі көп болуымен, қатты дискідегі орынның көптігімен ерекшеленеді. Мұндай желідегі барлық ресурстар – жинақтаушылар (накопители), принтерлер, модемдер, CD-ROM дискі жетегі серверге қосылады. Ресурстармен жұмыс жасау үшін алдымен сервермен байланысу қажет.
Информация о работе Ақпараттық желілерді оқу үрдесіне пайдалану