Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 17:57, курсовая работа
Компьтерлік желі дегеніміз – ақпараттық, есептеу, оқу жұмысы тағы басқа мәселелерді бірге шешу үшін бірнеше электрондық машиналарының (ЭЕМ) бірігуі.
Кіріспе
8
Негізгі бөлім
10
1. Компьютерлік желілер
10
1.1. Желілердің түрлері
14
1.2. Жергілікті желілер
15
1.3. Ауқымды желілер
22
1.4. Қайда хабарласу керек
23
1.5. Жергілікті және ауқымды желілердің кірігуі
24
2. Желіге қосылған компьютерлермен байланыс жасау
мүмкіндіктері
24
2.1 Мicrosoft Exchange программасы көмегімен
электрондық почтамен жұмыс істеу
24
2.2. Хабарлама жөнелту
25
2.3. Хабарламаларды бумаларға топтауды ұйымдастыру
28
3.WINDOWS 98 операциялық жүйесінің желілік қоршаудағы мүмкіндіктері
29
3.1. Желілік қоршаудың компоненттері.
31
3.2 Желіге қосылу мүмкіндіктері
32
3.3 Компьютерлік желіге қосылған ресурстарды анықтау
33
3.4 Ресурстарды ортақ пайдалану жағдайын жасау
36
3.5 Ортақ пайдаланатын файлдар мен принтерлер мен жұмыс істеуді басқару
38
3.6 .Ресурстар деңгейінде берілген рұқсатты басқару
39
3.7. Бумаға рұқсат құқығын анықтау
41
3.8 .Пайдаланушы адамдар деңгейіндегі рұқсатты басқару
43
3.9 .Пайдаланушылардың рұқсат құқығын анықтау
45
3.10 Тұтас дискіні ортақ пайдалану
46
3.11 .Бумаларды ортақ пайдалану
46
Өзіндік жұмыс
47
Практикалық бөлім
50
Әдістемелік бөлім
61
Қорытынды.
76
Әдебиеттер
77
Дәрежелері бірдей түйінді желілерде басқару үшін жеке компьютер белгіленбейді, мұнда әрбір жұмыс станциялары басқалары үшін сервердің қызметін атқара береді. Мысалы, бір компьютерге принтер, басқасына компакт-дискіге арналған дискжетек қосылуы мүмкін. Егер мүндай желі Windows 98 операциялық жүйесінде жұмыс жасаса және перийфериялық жасақ ортақ ресурс ретінде анықталса, онда желідегі әрбір пайдаланушы адам осы ресурстардың барлығын пайдалана алады. Бірақ егер принтер қосылған компьютер іске қосылмай тұрса, желі арқылы баспаға шығара аламыз. Бірдей дәрежелі түйінді желіні құру өте жеңіл және байланысқан компьютерлер мәселелерін тиімді шешеді.
Желінің бұл түрінің де өзіндік қасиеттері бар және бір-бірімен байланысты қолдануға болады.
Windows 98 құрамында жергілікті (локальный) және кең ауқымды (глобальный) желімен жұмыс жасау мүмкіндігін беретін компоненттер бар.
3.1. Windows операциялық жүйесінің желілік компоненттері
Windows 98 операциялық жүйесінің желілік жұмыстары мынандай компоненттерден тұрады:
болса, онда Client For Microsoft Nerworks (MSN) орнату керек. Егер желіде Novell NetWare сервері болса, Clientfor NetWare Networks программасын қолдану қажет. Ал Windows тобындағы жұмыстар қолданылатын болса және Novell сервері қосылса онда программалық жабдықтың екеуінде орнату керек.
Желіге қосу
кезінде компьютер жөнінде
Басқа адамдар сіздің компьютерге қосылған ресурсты пайдалана алу үшін, рұқсат беру құқығын (право доступа) орнату керек. Мысалы, өз компьютеріңіздегі кейбір бумаларды желідегі барлық компьютерде пайдалана алатындай, ал кейбір өзіңіз ғана аша алатындай етіп жасауға болады. Ақпаратты барлық адамдар көретіндей, тек өзіңіз ғана өзгерте алатындай ету мүмкіндігі бар. Бұл параметрлерді де Желі (Сеть) астарлы бетінде тағайындай аламыз.
3.2 Желіге қосылу мүмкіндіктері (Вход в сеть)
Жұмыс станциясындағы басқа компьютерлерден айыру үшін, желіде жұмыс істейтін әрбір компьютердің атауы болу қажет. Компьютердің атауы 15 символдан тұруы мүмкін және арасында бос орын болмауы керек.
Топтың атын оған қосылған компьютерлерге байланысатырып беруге болады. Жұмыс тобы (Рабочая группа) өрісінде бұрын берілген атты немесе жаңа ат енгізуге болады.
Желідегі өз компьютеріңіздің атауын көру үшін:
Әдетте желімен жұмыс жасау үшін, пароль және регистрация нөмірі қолданылады. Жүйеге кіру тәсілі Желі (Сеть) сұқбат терезесінде анықталады.
Конфигурация астарлы бетіне көшіп, «Желіде жұмыс істеу тәсілдері» (Способ входа сеть) тізімінде тышқанды шерту керек. Желімен жұмыс жасау тәсілінің тізімі ашылады:
Microsoft желілерінде арналған клиент (Клиент для сетей Microsoft). Бұл параметрді тағайындау арқылы, бірдей дәрежелі түйінді Windows желісіне қосыла аламыз.
NetWare желілеріне арналған клиент (Клиент для сетей NetWare). Бұл параметр Novell желісіне қосылу үшін қолданылады.
Әдеттегідей Windows- қосылу (Обычный вход в Windows). Осы параметр таңдалған кезде, желіге қосылу әрекеті орындалмаса, қате жөнінде ешқандай хабарлама шықпайды.
3.3 Компьютерлік желіге қосылған ресурстарды анықтау
(Просмотр ресурсов в компьютерной сети)
1. Желілік қоршау (Сетевое окружение) шарт белгісінде тышқанды екі рет шертіңіз. Осы мезетте желіге қосылған компьютерлер мен серверлер шарт белгісі көрініп тұратын. Желілік қоршау терезесі ашылады (4-сурет).
2. Тұтас желі (Вся сеть) шарт белгісінде тышқанды екі рет шертіңіз. Егер сіздің компьютер желіге қосылмаған болса, онда қате жөнінде хабарлама шығады.
1-сурет. Желілік сұқбат терезесінің Конфигурация астарлы беті.
5. Оқығыңыз келетін буманың шарт белгісінде тышқанды екі рет шертіңіз. Келесі ашылған терезеде буманың мазмұны көрінеді.
6. Осы әрекеттерді қайталай отырып, желіге қосулы тұрған әрбір компьютердегі ақпараттарды оқи аламыз. Ашылған терезедегі құжаттың немесе буманың шарт белгісін өзіңіздің жұмыс үстеліне тышқанды ұстаулы күйінде жылжытып көріңіз. Осы кезде бұл ақпарат таңдап алынған компьютерден сіздің компьютеріңізге көшіріледі. Егер бұл ресурспен жұмыс жасауға рұқсат жоқ болса, экранға ол жөнінде хабарлама шығады.
7.Барлық ашулы тұрған терезелерді жабыңыз.
2-сурет. Желілік сұқбат терезесінің Компьютер астарлы беті.
3-сурет. Жұмыс үстеліндегі Желілік қоршау шарт белгісі.
Желідегі компьютерге сақталған ақпараттармен жұмыс істеу үшін, сол компьютердің шарт белгісінде тышқанды екі рет шерту қажет. Осыдан кейін. Менің компьютерім (Мой компьютер) немесе Сілтеуіш (Проводник) терезесінде сол компьютердегі дискілердің тізімі шығады, қажетіне қарай кез келген ақпаратты компьютеріңізге көшіруге немесе оқуға болады.
4-сурет. Желілік қоршау сұқбат терезесі.
3.4 Ресурстарды ортақ пайдалану жағдайын жасау
(Предоставление в совместное использование ресурсов)
Бірдей дәрежелі Windows 98 желісіне қосылған компьютерлерде дискілдерді, жеке бумаларды (каталогтарды), принтерлерді ортақ пайдалану жағдайын жасауға болады. Сіздің компьютердегі қатты дискімен немесе лазерлі принтермен басқа компьютерде отырып жұмыс жасауға мүмкіндік алу үшін:
а) Орнатылған компонентердің тізімінде Microsoft желісіндегі файлдар және принтерлермен жұмыс істеу қызметі (Служба доступа к файлам и принтерам сетей Microsoft) қатары жоқ болса, Қосу (Добавить) батырмасына тышқанды шертіңіз. Қызмет (Служба) қатарына тышқанды екі рет шертіңізде, Microsoft желісіндегі файлдар және принтермен жұмыс істеу қызметі (Служба доступа к файлам и принтерам сетей Microsoft) қатарын белгілеп, Ок батырмасын шертіңіз. Компьютер өзі сұраған кезде, инсталляциялық дискетті немесе Windows 98 компакт дискісін салыңыз да ОК батырмасын шертіңіз.
ә) Ия (Да) батырмасында тышқанды шертіңіз. Сіз желідегі конфигурацияны өзгертіңіз, жаңа конфигурациямен жұмыс жасау үшін компьютерлерді өшіріп, қайтадан іске қосу қажет.
б) Басқару тақталары (Панель управление) терезесінде Желі (Сеть) шарт белгісінде тышқанды екі рет шертіңіз.
в) Ашылған терезеде Файлдар және принтерлермен жұмыс істеу мүмкіндігі (Доступ к файлам и принтерам) батырмасында тышқанды шертіңіз. Файлдар және принтерлермен жұмыс істеу мүмкіндігін ұйымдастыру (Организация доступа к файлам и принтерам) сұқбат терезесі пайда болады 5-сурет).
Егер сіздің компьютердегі файлдармен желіге қосылған басқа компьютерлерде отырған адам жұмыс жасай алатындай жағдай жасағыңыз келсе, «Бұл компьютердегі файлдарды ортақ жасауға болады» (Файл этого компьютера можно сделать общими) қатарындағы қанат белгісін көрсетіп қойыңыз. Ал принтерді ортақ пайдалану үшін, «Бұл компьютерге қосылған принтерді ортақ жасауға болады» (Принтеры этого компьютера можно сделать общими) қанат белгісін көрсетіңіз.
5-сурет. Файлдар мен принтерлерді ортақ пайдалану мүмкіндігін ұйымдастыру терезесі
3.5 . Ортақ пайдаланатын файлдар мен принтерлермен жұмыс істеуді басқару (Управление доступом к совместно используемым файлам и принтерам)
Сіздің компьютердегі файлдар және принтер мен басқа компьютерлерде жұмыс істеу рұқсат берілгеннен кейін, оның қандай балатынын анықтау керек. Яғни, осы рұқсатты басқарудың екі түрлі мүмкіндігі бар.
Бірінші тәсіл – ресурстар деңгейінде (на уровне ресурсов), парольді білетін барлық адамдарға жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда бумалар және файлдар оқуға рұқсат ете отырып, оны өзгерту үшін, пароль сұрайтындай параметр тағайындауға болады.
Екінші тәсіл – рұқсатты пайдаланушы адамдар деңгейінде басқару (управление доступом на уровне пользователей). Бірдей деңгейлі түйінді желіде бұл тәсілді қолдана аламыз. Сервер белгіленген желілерде ғана қолданылады. Бұл кезде сіздің компьютеріңіздегі ортақ ресурстарға рұқсат етілген компьютерлер анықталады да, оларға әртүрлі рұқсат ету құқықтары беріледі. Анықталған ресурспен жұмыс жасауға мүмкіндік берілетін топтың немесе жеке компьютерлер тізімі алдын-ала анықталып бекітіледі және оның серверді техникалық жағынан қамтамасыз етуге міндетті желі админстраторы ғана өзгерте алады.
3.6 .Ресурстар деңгейінде берілген рұқсатты басқару
(Управление доступом на уровне ресурсов)
Ресурстар деңгейінде берілетін рұқсаттың үш деңгейі бар: тек оқуға берілетін рұқсат (доступ только для чтения), толық рұқсат (полной доступ), рұқсатқа тыйым салу (запрещение доступа). Тек оқуға берілетін рұқсат, сіздің компьютердегі файлдар сәйкес пароль арқылы оқуға мүмкіндік береді. Мұндай рұқсатты тағайындау үшін:
Информация о работе Ақпараттық желілерді оқу үрдесіне пайдалану