Ресей империясының Оңтүстік Қазақстанды отарлауы немесе қазақ қалай өзгерді

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 15:53, научная работа

Краткое описание

Биыл Ресей императоры II Александр Түркстан генерал-губернаторлығын (Түркстан өлкесі) құру туралы Ерекше Комитетінің жобасын бекіту туралы Жарлық бергеніне 145 жыл толды (Жарлыққа 1867 ж. 23 тамызда қол қойылды).
Сонымен қатар, халқымызды орасан қырғынға ұшыратқан 1932-33 жылдардағы ашаршылықтың басталғанына 80 жыл толып отыр.
Осы екі оқиғаның арасында қандай байланыс бар?!

Файлы: 1 файл

Ресей империясының Әдебиетсіз .doc

— 916.50 Кб (Скачать)

Ал, Н. А. Северцов: «Тамбовтықтың (Тамбов - келімсектің туған жері-Ө.Ш.) бойында тың жерді жыртып, біраз жыл пайдаланған соң, оны тастай салып, басқа жерді жыртатын солтүстік америкалық скваттер (Солт.Америкаға қоныс аударып, бос жерлерді басып алған еуропалықтар) сияқты жыртқыштық көзқарас басым... Ал, біз надан санайтын қырғыздар табиғат сыйын үнемді пайдаланады, тоқымдай жерден мол өнім алуға тырысады, өздерінің жайылымдарын күтіп ұстап, тиімді пайдаланады, дала мен тау бөктерлеріне ағаш отырғызады. Арыс, Шыршық өзендері бойындағы тоғайлар мен Тянь-Шань тауларының ормандарын көзінің қарашығындай сақтауға тырысады. Біз келгенге дейін Орал тауының оңтүстігі мен шығысындағы дала ормандары мен  Наурызым, Аманқарағай және т.б. қарағай ормандарын сақтап келген....Сонда, қалайша орыс мұжығынан ғана емес, шетінен өнертапқыш - механик саналатын солтүстік америкалық скваттерден де, әлі күнге жерағашпен жер жыртып жүрген қырғыз егіншісі өркениеттілеу?»- деп таң қалады Н. А. Северцов.

«1890 жылдың соңында Қарамұрт болысында Ақсу өзенінен тартылған үлкен арықтың құрылысы аяқталды» деп хабарлайды А.Дингельштедт.

Ал, Шымкент уезді бастығының жоғары басшылыққа тапсырған рапортынан 3500 сом қаражат жұмсап, Ақсу өзенінің жоғарғы ағысынан тартылған арықты қаздырған Қоқан билігі тұсында датқа болған, Қарамұрт болыстығының 1887-89 жылдардағы болысы Қасымбек Қожабеков екенін білеміз. Ояз бастығы  арықтың суымен қосымша 1500 десятинадан астам  жерді суландыруға болатынын қуана хабарлайды. Шынында да, ол арықтың қызығын XX-ғ. басында келімсектер орнатқан Самсоновка, Подгорное селоларының тұрғындары көрді.

Жалпы, Шымкент уезінде XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында 130  бас арық немесе канал және  255 жанама арықтар болған. (Түлкібас, Төлеби аудандарындағы тау бөктерлерінде сол арықтардың іздері мен сілемдері әлі күнге сайрап жатыр).

Қазақ халқының діліндегі өзгерістер.

     «Сынықтан басқаның бәрі жұғады» дейді дана халқымыз.  Қазақ халқы да келімсектердің маскүнемдік, парақорлық, жағымпаздық т.с.с. жағымсыз әдет-ғұрыптарын бойларына сіңіре бастады. Алғаш елді аралауға шыққан отаршыл өкіметтің шенеуніктеріне «қонақжайлылық»  танытамыз деп арақпен бай-бағландар ауызданса, бірте-бірте қарапайым қазақ та базаршылап кентке түсе қалса, баяғыдай бозаны місе тұтпай, «ащысудан» ауыз тимей қайтпайтын болды. Бірте-бірте атамыздың асындай болып кетті.

     «1868-70 жылдардағы болыс-старшын сайлауларында ел алдында өз ақыл-парасатымен, шешендігімен бедел жинаған адамдар жеңіске жетті» дейді ресейлік тарихшы Г. А. Арандаренко. «Бірақ, қағілез көшпенділер орыс өркениетімен ілесе келген орыс етігін кию, шарап ішу және құмар ойнауды   ғана емес, «шар тастау» арқылы дауыс беру барысындағы сайлау қулықтарын да  тез үйреніп алды» дейді автор. 1890 жылдары болыстық орын үшін берілетін пара мөлшері 9000 сомға жетті. Салыстыру үшін айта кетейік:1892 ж. Түркстан өлкесінде 1 пұт еттің бағасы- орта есеппен 1,7- 2 сомды құрады. Ал, Түркстан өлкесін тексеру үшін  Ресей Сенаты құрған комиссияны басқарған сенатор граф Паленнің есебі негізінде жасалған Әскери Министрліктің 1906 ж. «Түркстан өлкесінің мемлекеттік және қоғамдық-экономикалық мұқтаждықтары туралы жазбаларында» көшпенділер арасындағы болыс, старшын, би сайлаулары туралы былай дейді: «...сайлаушыларды сатып алу мен үгіт-насихат жұмыстарына 40-50 мың сомға жететін орасан көп ақша жұмсалатын болды. ...Сайлаушыларды сатып алу жүйесі кең етек алды», «Билікке осындай жолмен келген лауазымды қызметкер ең алдымен өз шығынын қайтаруға тырысатыны –табиғи жағдай, сондықтан лауазым иесі тегін саусағын қимылдатпайды, ал сыйақы үшін барлығын шешеді»...

     «Болды  да партия, ел іші бүлінді...»,  «Қалың елім - қазағым...» ―деп Ұлы Абайдың күңіренетіні осы кез. Қазақтың жаңа атқамінерлері параға жұмсалған шығынның барлығын қара халықтың мойынына салды. Елде арты адам өлімімен аталатын «барымта, барымтаға қарымта» дегендей ұрлық-қарлық, оның арты бірінің үстінен бірі оязға шағымданып, екі жақты жем болу көбейді.

  Бұрын жанындағы ақын-жырау, сал-серілерімен мақтанатын қазақтың бай-бағландары, енді баукеспе ұрыларымен бәсекелесетін жағдайға жетті. Қазақтың сонғы ханы Кенесарының ержүрек ұлы, бүкіл қайратты ғұырын Ресейлік отаршылармен күреске бағыштаған Садық сұлтан өмірінің соңғы кезеңін Қарабұлақтың маңындағы «Ханқорған» деген жерде өткізгені белгілі. Осы Садықтың  3 жылқысын Машат болысының бұрынғы болысы мен старшыны ұры жұмсап, алдырып сотты болады. Істі Шымкент уездік соты 1894 ж. 18 наурызында қарайды. Болыс пен старшынның аш емес екені түсінікті болса керек?! Ең сорақысы, қазақтың би-болыстарына «жандаралдың» (генерал-губернатор) қолынан медаль алу дүниедегі ең үлкен мәртебелі іске айналды. (Өкінішке орай, аталарының отаршылардың   қанға малынған қолынан алған «салпыншақтарын» мақтан ететін ағайындар әлі күнге арамызда баршылық).

 

Сөз соңы.

 Табиғатта кез келген күш, қарсы күш тудыратыны әмседен аян.

Тарихи қажеттілікке байланысты қазақ халқы да  өз арасынан Абай рухынан нәр алып елді, жерді, ұлттық бет-бейнені сақтап қалуға ұмтылған жарық жұлдыздар шоғырын шығарды. А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Шоқай, Т.Рысқұловтар бастаған топтардың ұстанған жолдары әрқилы болса да, көздегендері қазақ мүддесі еді. Ол мүдде Ресей мүддесімен мүлде үйлеспейтін. Ал, Ресей өз мүддесін көздеді.

   Ал, 1896-1914 жж. Дала мен Түркстан өлкесіне орналасқан келімсектердің саны -1 462 149 болды.

     Бірінші дүние жүзілік соғыстың басталуымен қазақ даласына ішкі Ресейден келімсектердің жаңа легі ағыла бастады. Соғысқа өзінің Еуропадағы басты бәсекелестері  Германия, Австро-Венгрия және Түркиядан «түк тартып, олжа аламын» деп кірген Ресей «тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп, құлақтан айырылыптының» кебін киді. 1916 жылдың жазынан бастап, елдің екі майданда ― Еуропада және Қазақстан мен Орта Азиядағы көтерілісшілермен соғыс жүргізуі  ішкі Ресейде революциялық ахуал қалыптастырды.

  1916 ж. 1 қаңтарында Сырдария  облысының аумағында ғана 190 келімсектер қыстағы болды.

 Қырғыз тарихшысы  Б.Исакеев «1916 ж. Түркстан өлкесінде  941 орыс қыстағы болды.  Өлкедегі  жергілікті халықтың (қазақ, өзбек,  қырғыз, түрікмен және т.б.) үлес  салмағы 94 %, келімсектер 6 % құрады. Осы 6 % келімсектер суармалы, шұрайлы жерлердің  57,6 %-на ие болды» деп жазады

Бүкіл қазақ даласы мен  Орта Азияны қамтыған 1916 ж. ұлт-азаттық көтеріліс  Ресей отаршыларының бұл өлкеде ешқашан «тыныш» өмір сүре алмайтынына көздерін түпкілікті жеткізді.

    Сондықтан да, 1917 ж. ақпанда тақтан құлаған патшаның орнына билікке келген Уақытша үкіметтен қазан айында билікті тартып алған Кеңес өкіметі бұл халықты  бағындыру емес, жоюдың жоспарын жасай бастады.

... Халқымыздың мыңдаған жылдарға созылған негізгі өмір салты―көшпелілік, жаңа заман талаптарына жауап бере алмай, өз дамуының ―ең соңғы құлдырап, жойылу кезеңіне таяп келді...

Қазақ халқын бұрынғыдан да ауыр, жаңа «сынақтар» күтіп тұрды.

Ол енді басқа әңгіменің  арқауы!

                                                                                                     Өмір ШЫНЫБЕКҰЛЫ-тарихшы Шымкент қ.

Пайдаланылған әдебиет.

  1. «Статистические сведения Сырдаринской области».Состав туземного народонаселения по племенам.  По сведениям 1870 года.
  2. «Статистический Ежегодник России» Издание МВД России -1913 г..Санкт Петербург 1914.
  3. Н.И.Гродеков  «Киргизы и каракиргизы Сыр – Дарьинской области. Том первый. Юридический быть, Ташкент Типо-литография С.И.Лехтина -1889.
  4. Н. А. Северцов. «Путешествия по Туркестанскому краю и исследование горной страны Тянь–Шаня, совершенные по поручению Императорского Русского географического общества доктором зоологии, членом Императорского Русского географического и других ученых обществ Н. Северцовым». — СПб., 1873.
  5. Между туземцами степного уезда / Досуги в Туркестане. СПб.,1889).
  6. «Обзор Сырдаринской области за 1892 г.». Приложение к  всеподданнейшему отчету военного губернатора.Ташкент. Типо-литография С.И. Петухова – 1894 г..
  7. А.Исмаилов «Страницы истории Южного Казахстана» (1864-1917 гг.) Алматы-2003 г.).
  8. «Киргизское восстание 1916 г.». Киргизиздат,1932 г.
  9. Гейер И.И. По русским селениям Сыр-Дарьинской области (Письма с дороги).Чимкентский уезд
  10. Ташкент: Тип-литография бр.Каменских1893.
  11. Журнал Совета Туркестанского генерал-губернатора № 1 за 13.1.1911, ЦГА Узбекистана, ф. 717, оп. 1, д. 48, л. 86.
  12. «Қазақ ұлт-азаттық қозғалысы» атты кітапта (4-кітап.).
  13. ОҚО облыстық  мұрағаты материалдары.
  14. Өзбекстан Мем.Мұрағаты материалдары.

Информация о работе Ресей империясының Оңтүстік Қазақстанды отарлауы немесе қазақ қалай өзгерді