Ресей империясының Оңтүстік Қазақстанды отарлауы немесе қазақ қалай өзгерді

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 15:53, научная работа

Краткое описание

Биыл Ресей императоры II Александр Түркстан генерал-губернаторлығын (Түркстан өлкесі) құру туралы Ерекше Комитетінің жобасын бекіту туралы Жарлық бергеніне 145 жыл толды (Жарлыққа 1867 ж. 23 тамызда қол қойылды).
Сонымен қатар, халқымызды орасан қырғынға ұшыратқан 1932-33 жылдардағы ашаршылықтың басталғанына 80 жыл толып отыр.
Осы екі оқиғаның арасында қандай байланыс бар?!

Файлы: 1 файл

Ресей империясының Әдебиетсіз .doc

— 916.50 Кб (Скачать)

  Шымкент уезді бойынша:

  д) Фогелево (орыстар)(қазіргі Рабат  ауылы- Ө.Ш.)) 14 шаңырақ. Жерлері өте көп, шаңырақ басына үй іргелік телімі 33/4 десятинадан болса, 380 десятина суармалы жер мен 150 десятина жайылым жері бар. Бақуат тұрады, оның үстіне өтіп жатқан обоздардан пайда табады.

  Шымкенттен жаңа орналасып жатқан  орыс поселкелеріне бет алдым  және жол бойындағы ескі поселкелерді  де көре кеттім. Жол қанағаттанарлық  деуге болады дегенмен, тауда жаңбыр жауғанда өзендерден өту қиындық тудырады.

  а) Добра-Шалды (Даңғыра шалған  – Төлеби ауданы Қаратөбе және  Төңкеріс ауылдарының маңында сондай елді мекен болған- Ө.Ш.) (орыстар) 11 шаңырақ. Әзірше тек үйлерін ғана тұрғызған, өте кедей тұрады.

  б) Майбұлақ (орыстар) 68 шаңырақ. Тау  жағалай 4 шақырымға жуық жіңішкелей  созылып жатыр. Енді орналасып  жатыр, арасында темір шатырлы  үйлер де кездеседі.

  в) Петропавловское (қазіргі Тасарық  ауылы- Ө.Ш.)), (орыстар) 48 шаңырақ сарттардан жалға алынған жерлерде тұрады. Бақуат. Ғибадат үйі үлкен және жақсы жабдықталған. Темір шатырлы, тастан қаланған тамаша Министрлік мектебі бар.

  г) Суплатово (қазіргі Қасқасу  ауылы- Ө.Ш.)) орыстар 53 шаңырақ, тау баурайында орналасқан, өз күштерімен ғибадат үйін салып жатыр, әрі оны мектеп орнына пайдаланбақ. Қазына есебінен мектеп салып беруді өтінді. Әзірше, тек тұрғын үйлер ғана салынған.

  д) Қарымбай 7 шаңырақ. Тұрғындар  өте кедей тұрады, үйлерін әзер  салып бітірген. Жерлері өте аз  болғандықтан жер телімін кесіп  беруді сұрайды.

  е) Дорофеевка («Бірінші мамыр»  ауылы- Ө.Ш.)153 шаңырақ орыстар. Өте бай, ескі село. Темір шатырлы үйлер өте көп. Діни әндер орындайтын әншілері бар шіркеуі― жақсы жабдықталған. Қол еңбегін қоса үйрететін министрлік мектебі ғимаратында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қоғамдық базар жылына 200 сомға жалға берілген.

 ж) Лятерь (Ленгір болуы мүмкін-Ө.Ш.) 23 шаңырақ. Өте жарлы тұрады. Көктемде арық ақсақалы су бермегендіктен, астықтың өнімі төмен болғанын айтып шағымданды. Тексеру жүргізіп, қорытындысын баяндау туралы уезд бастығына ескертілді.

  з) Тоғыс 21 шаңырақ (орыстар). Әзірше, тек тұрғын үйлерін тұрғызған.  Егістікті суару үшін суды  қайдан тартуға болатынын сұрады, егер жұмыс бастала қалса өздері  қазатынын айтты. Уезд бастығына  арық ақсақалын жіберіп, қорытындысын баяндау туралы бұйрық берілді.

  Жолай үлкен сарт қыстағы Сайрамды (бұрынғы қала) көре кеттім. Қалашықта  тәртіп байқалады, базары тап-таза. Болыстық басқармасы 2-қабатты шағын  ғимаратта орналасқан, мұнда да  тазалық пен тәртіп ізі көрініп тұр. Мамандар жетіспеуінен болса керек, поселкелерге жер бөлінгеніне 3 жыл өтсе де, шаруалар әлі толық жайласып бітпеген, көші-қон басқармасы жер межелеуді де әлі аяқтамаған. Көші-қон басқармасы мамандарының салғырттығынан кей жерлерде шекара бірнеше рет өзгертілген (мысалы Айбұлақ). Осының салдарынан қырғыздармен арада жиі жанжал туып отырады. Бұл жерлердегі орыс шаруаларының кедей тұру себептері: Көші-қон басқармасынан уәде етілген жәрдемақыны ала алмайды, себебі әлі бір жерге бекітілмеген, ал жерге бекіту көші-қон басқармасының тікелей міндеті. Осындай себептерден, Қазыналық Палата «салық бірлігі» ретінде оларға салық сала алмайды, бұл өз кезегінде мемлекет қазынасын шығынға батыруда.

  Егер жерге орналастыру міндеті  көші-қон басқармасынан (жер өлшеушілермен қоса) уездік басқармаға берілсе, жағдайды 1 айдың ішінде түзеуге болады.

  Өз басым, көші-қон басқармасының  меңгерушісін таба алмағандықтан,  одан ешқандай анықтама ала  алмадым.

  Жоғарыда айтылған бұратана және  орыс болыстықтарынан басқа, келесі  болыстықтар: Ақсу, Қарамұрт, Георгиев, Бадам болыстықтары тексерілді.

  Генерал-лейтенант Романовский. (Ықшамдап аударған –Ө.Ш.).

1908 ж. Түркстанда Жалпыимпериялық  әкімшілік жүйесін енгізу мәселесі  қойылды. Телеграфпен жарақталған полиция басқармалары қалаларда ғана емес, тіпті ірі зауыт- фабрикаларда да құрыла бастады. Осымен бір мезгілде империялық құқықтың қолданылу аясы кеңіп, өңірлік заңнама қалыптаса бастады.Генерал-губернатордың құзіретін біртіндеп азаматтық басқаруға беру қарастырылды.

1911 ж. өлкені басқару ісін реформалауға кіріскен отаршылар «Адай көтерілісі» (1870 ж.), Ташкент уезді (1872 ж. Қарасу өзені), Әндіжан, Марғұлан уездері (1885 ж.) диқандарының  бас көтерулері,   Ташкент бұқарасының «тырысқақ көтерілісі» (1892 ж.), Қоқан, Наманган уездері (1893 ж.) мен  Әндіжандағы «ғазауат» (1898 ж.) соғыстары мен көтерілістердің тәжірибесін терең зерттеп, өлкені Әскери Министрліктін құзырынан шығару әлі ертерек деп шешілді. Осы тұста айта кеткен ләзім: жоғарыдағы қозғалыстар мен көтерілістерді айтпағанда, 1887-1899 жылдар аралығында Түркстан өлкесінде жергілікті орыс әкімшілігіне қарсы бағытталған 38 ашық қарсылық орын алған. Онан өзге тек, 1887-1898 жылдар аралығында ғана патша шенеуніктері мен келімсектерге қарсы 668 қарақшылық шабуыл жасалған. Орыс отаршылдары мен жергілікті әкімшілікке қарсы қозғалыстар Шымкент уезiнде де көптеп орын алған. Мысалы,  Түркстан маңында 1903 ж. шаруалар мен жергілікті әкімшілік арасындағы жанжалдың  арты қантөгіске жеткен. «1906 ж. наурыз айында Бадам болыстығының №2 ауылында  орыс келімсектерінің Сайрамсу бойындағы суармалы жерлерді алуына қарсы Қоқай би Көкиев пен Досалы би Досмұратов  бастаған толқу болып өтті. Болысты аттан аударып тастап, №3 ауылдың құрметті азаматын соққыға жықты».

Арыс болыстығында 1907 ж. Мамыр бастаған , Машат болыстығында  Қалыбек бастаған көтерілістер, Бадам, Арыс, Созақ болыстықтарында 1906 ж. болған қозғалыстар болып өткен.

Түркстан өлкесін басқару  ісін реформалау мәселесіне  1913 ж. қайта  оралған Министрлер Кеңесі Түркстан өлкесін басқару құрылымын өзгертудің негізгі ұстанымдарын дайындап, оны II Николай патша мақұлдағанмен, Мемлекеттік Дума тарапынан кедергіге ұшырап, жоба тағы аяқсыз қалды. Бірінші дүниежүзілік  соғыс басталған соң (1914 ж.) ол мәселеге оралуға империяның мұршасы болмады.

Отаршылардың рухани бейнесі.

     Толассыз келіп жатқан қоныс аударушылардың бет-бейнесі Пушкиннің Абай тәржімалаған кейіпкерлерінен мүлдем алыс еді. Бұлар негізінен өз туған жеріндегі ауыр тұрмыс тауқыметінен қатты жүнжіген, ішкілікке салынған, кей жағдайда тіпті азғындаған жандар болатын.

 ...1890 жылдары Егорьевка ( Көксәйек) селосындағы шіркеудің құрылысы аяқталып, енді тек ауыр шойын қоңырауды орнату жұмысы ғана қалады. Бірақ, көтеру үшін байланған арқан қайта – қайта үзіліп, қоңырау құлай береді. Бірнеше күн еңбегі еш болған село тұрғындары бастары қатып, дал болады..

  Шіркеу священнигі жұмысты тоқтатып, бірнеше күн жәрдем сұрап, өз  құдайына құлшылық етеді. Құдайы «сыбырлады» ма, әлде басқа жағдай ма?! ...Бір күні әулие әкей құлшылығын доғарып, селодағы жұмысқа жарамды ер-азамат атаулыны жинап, «Өз келінімен төсектес болғандар арамыздан шығып кетпесе, тап қазір осы отырған жерімізде бәріміз құдайдың кәріне ұшырап, қырыламыз» дейді. Аздаған ауыр үнсіздіктен кейін, поп әлгі сөзін қаттырақ дауыспен қайталайды. Сол кезде, топтан бастары салбырап, арасында жасамысы бар, қарты бар бірнеше кісі бөлініп шығады. Ал, аталған күнәдан ада селолықтар көтерген қоңырау еш қиындықсыз өз орнын табады.

  Арқан неліктен үзілді? Азғындардың  кейінгі тағдыры қалай болғаны  да бізге беймәлім. Бір анығы,  поп оларға Құнанбайдың Қодарға  жасаған «тасборанын» (М.Әуезов) жаудырмаған! Бірақ, осы оқиғадан кейін келімсектер арасында кеңінен тараған, әлгі азғындық әдет саябырсыпты-мыс дейді жергілікті көнекөз қариялар. Шамасы, ақылды поп, қазақ халқының өздерін шеттерінен «бекзат» санайтын ұлттардың өздеріне үлгі тұтуға тұрарлық әдет-ғұрпы, салт-дәстүрімен танысып, қорытынды шығарса керек...

 Қарапайым келімсектердің сықпыты осы болса, Түркстан өлкесіне жіберілген  патша үкіметінің барлық деңгейдегі шенеуніктерінің надандығы, өркөкіректігі, озбырлығы мен шенқұмарлығы туралы орыстын атақты жазушысы  М.Е.Салтыков - Щедрин өзінің «Ташкенттік мырзалар» атты атышулы памфлетінде керемет суреттеп берді.

XIX-ғасырдың соңғы ширегінде Түркстан өлкесінде болған американдық саяхатшы Скайлер: «Орыс әкімшілігін өздері жаулап алған халықтардың тұрмысы мен мәдениеті мүлдем қызықтырмайды. Мен жергілікті халықтың тілін білетін, бай мәдениетімен таныс бірде бір орыс шенеунігін немесе офицерін кездестірмедім. Олар өздерінің артықшылығын тек күшпен дәлелдеп, өздерін тек «жаулап алушы» ретінде ұстайды»-деп жазады.

Түркстан генерал-губернаторы  Кеңесінің  1911 ж. 3 ақпанда өткен  отырысында генерал-губернатор Иван Васильевич Самсонов : «...Орыс қоныс аударушылары өз жағдайларына қанағаттанбағандықтан, ішімдікке  әуес. Олар өздерінің осы кемшіліктерімен ішкіліктен қалжыраған орыстарды жек көретін еңбекқор халық мекендеген өлкенің толыққанды қожайыны бола алмайды»-деді.

 «...Уездің орыс тұрғындары жыртқыштық өмір кешуге дағдыланған ішкі Ресейден қоныс аударған тобырдан тұрады. Соғысқа дейін ішкіліктен бас алмады, қырғыздарға өшпенділікпен қарап, алдап-арбады, еңбектерін қанады. Жергілікті халыққа мәдениеттің орнына өз бойларындағы ең жағымсыз қасиеттерді таратты...». (Әулиеата уезінде орын алған бейбастақтықтарға байланысты инженер М.Тынышбаевтың мәлімдемесіне Әулиеата уезінің бастығы полковник Кастальскийдің 1916 ж. 10 қарашада берген түсінігінен. ОҚО облыстық мұрағаты.).

Отаршылардың  миссионерлік әрекеті.

  1871 ж.  Верный қаласында бүкіл Түркстан өлкесі үшін православия дінінің епархиясы ашылды.

Жалпы, православия діні күштеп немесе ақшаға қызықтырып дінге  тартуды құптамайды. Бірақ, Түркстан епархиясы мемлекет  бөлген  қаражатпен миссионерлік әрекетпен айналысқаны белгілі.

1881 ж. 19 маусымда Түркстан епархиясының басшысы Александр Түркстан генерал-губернаторы 

Г. А. Колпаковскийге монастырь  ұйымдастыру  туралы хат жолдайды. «...Монастырь ― тек өзге діндегілерді православия дініне тартып қана қоймай, сонымен қатар бұратаналар арасында  орыс мәдениетін насихаттайтын орталық болар еді. Монастырьдің ашылуының діни маңызы ғана емес, мемлекеттік маңызы үлкен» деп аяқтайды ол өз  хатын.

Осыған байланысты Түркстан епархиясын  ХХ-ғасырдың басында  басқарған епископ Димитрий (Абашидзе) статистикалық зерттеулер жүргізген. Жарты ғасырға (1867-1917 ж.ж.)  жуық уақыт ішінде бар болғаны 8 қарақырғыз, 2 түркімен, 3 өзбек (түпнұсқада сарт деп көрсетілген), 1 тәжік христиан дінін қабылдаған. Есесіне, осы уақыт ішінде 9 келімсек  мұсылман дініне өтіп кеткен.

Миссионерлердің ісі  Жетісуда өнімді болды.  Лепсі-Сарқанд маңын мекендейтін қалмақ арасынан 139 адамды христиан дініне кіргізгені үшін Василий Покровский деген поп императордан «3 дәрежелі Қасиетті Анна» орденін алған.

«Бұратаналардың» ішіндегі дініне ең берігі  қазақтар болып шықты. Қазақтарды қалайда дінге тарту мақсатында, 1910 ж. Қазан қаласында араб әрпімен қазақ тілінде  Библия шығарылды. Бірақ бұл да көмектесе қоймады. Жергілікті халық арасында христиан дінін уағыздауға әрекет жасағаны үшін Шымкент маңындағы Вревск қыстағының  попы  И.И.Лавринецті қазақтар Библиясын тартып алып, өзін ұрып өлтіреді.

Қазақ арасына христиан дінін тарату қиын екенін түсінген патша өкіметі басқа әрекеттер  жасай бастайды. Қазақ даласына Ресейдің арнайы мектебінен өткен татар молдалары  көптеп жіберіле бастайды. Олар әскери міндеткерлік пен салықтан босатылады.

1900 жылы «Аравияда  індет шықты» деген сылтаумен  Мекеге қажылыққа баруға тиым  салды.

Осы арада, XIX-ғ. соңында-ақ, қазақ арасына христиан діні мен дәстүрін  ғана емес, бүгінгі күні қоғамның «бас ауруларының» біріне айналған қыз балалар

 мен әйелдердің  бетін бүркеп, ерлерден оқшаулау  сияқты араб дәстүрін тарату  әрекеттері де  орын алғанына  тоқтала кеткен ләзім. Н.И.Гродеков «Ташкент маңындағы Жаңабазарда бұрынғы болыс, молда Мұса мен қырғыз Жұматай өз үйлерінде «әйелдерді оқшаулау» (затворничество женщин)  ғұрпын енгізуге тырысты. Бірақ, «әйелдерді бүркеу ата-бабамыздың салтында жоқ» деп қырғыздар олардың үстіне басып кіре берді. Молда Мұса қызының ұзату тойында да «сарттар өлең айтпайды» деп ән салуға кедергі жасауға әрекет жасады, бірақ қырғыздар оған көнбеді» деп жазады.

Қазақ әйелдері. (Кауфман жинағынан 1871-72 ж.ж.).

Орыс зерттеушілері мен шенеуніктерінің қазақ халқы туралы пікірлері.

Жалпы, Түркстан өлкесін  зерттеген орыс зерттеушілерінің XIX-ғасырдың соңғы ширегіне дейін жазылған еңбектерін зерделесек, қазақ халқы туралы  оң пікір басым. Мысалы, 1858 ж. Сырдария бойында Қоқан әскерлерінің қолына түсіп, Жаңақорған мен Түркстан бекіністерінде 1 ай тұтқында болған орыс ғалымы Н.А. Северцов «қоқандық қырғыздардың өзге қоқандықтармен салыстырғанда адамгершілік деңгейі әлдеқайда жоғары»  екенін атап көрсеткен («Месяц плена у коканцев» Русское слово. № 11,1859 г.).

Түркстан өлкесінің  қазақ, қырғыз, түркімен секілді  көшпелі  халықтарының қоғамдық құрылымы туралы «Әскери-статистикалық жинақта» (1868 ж. жарық көрген) түркімендердің қоғамдық қатынастарын сипаттай келіп, былай дейді: «...Қоғамдық қатынастарда қарақырғыздар (түрікмендерден)  бірнеше саты жоғары тұр, олардың солтүстік көршілері қазақтар – одан да жоғары тұр» («...На несколько высокой ступени общественного развития стояли дикокаменные киргизы, а еще выше – их северныя соседя, киргизы...»).

«Түркстан өлкесі» атты энциклопедиялық басылымда В. И. Масальский «қырғыздар (қазақтар – Ө.Ш.) ақыл-ойы  жақсы дамыған, өте қабілетті, оқу-үйрену оларға қиындық тудырмайды...Қырғыздар көпшіл, көңілді, тапқыр, айлакерлік мен қулықтан да кенде емес, бірақ салыстырмалы түрде адал. Қырғыздардың тағы бір ерекше қасиеті поэзияға деген махаббаты, шешендігі мен ойының айқындығы» деп көрсетеді. Таяқтың екі ұшы болатыны секілді, үйренуге қабілеттіліктің де келеңсіз жағы болатыны айтпаса да түсінікті.

 XIX ғасыр мен XX-ғасырдың басында Шымкент шаһарында болған  болған саяхатшылар: «Жыл сайын наурыз айының 1 мен 15-і аралығында  Қошқар ата өзенінің бойында, қазақтың киіз үйлері тігіліп, қой түлігінің киесі – Қошқар ата әулиеге  бағышталған  «Қошқар ата сейілі» атты ұлттық мейрам тойланады. Оған қазақтармен қоса өзбектер де белсене қатысады» деп хабарлайды.

Информация о работе Ресей империясының Оңтүстік Қазақстанды отарлауы немесе қазақ қалай өзгерді