Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 15:53, научная работа
Биыл Ресей императоры II Александр Түркстан генерал-губернаторлығын (Түркстан өлкесі) құру туралы Ерекше Комитетінің жобасын бекіту туралы Жарлық бергеніне 145 жыл толды (Жарлыққа 1867 ж. 23 тамызда қол қойылды).
Сонымен қатар, халқымызды орасан қырғынға ұшыратқан 1932-33 жылдардағы ашаршылықтың басталғанына 80 жыл толып отыр.
Осы екі оқиғаның арасында қандай байланыс бар?!
Өлкедегі қазақ болыстықтары туралы.
Уездер болыстықтардан, олар өз кезегінде ауылдардан құралды. «1867 жылғы заңға сәйкес, қырғыздардың рулық құрылысын ыдырату мақсатында ірі руларды бір басшының қол астына берудің қауіптілігі ескеріліп, көшпелі тұрғындарды болыстықтар мен ауылдарға бөлу қарастырылды» -деп жазады Н.И.Гродеков.
1868 ж. Сырдария облысы
әскери губернаторының
Комиссия төрағасы - титулярлық кеңесші Е. Савенков, мүшелері - ротмистр Адеркас, сотник Герасимов, капитан Терейковский, аудармашысы прапорщик Сырттанов болды.
Бірнеше ай ішінде комиссия ауылдарды аралап шығып, тексеру қорытындысын басшыларға тапсырады.Тіпті, Шымкент уезін мекендейтін ең үлкен 2 тайпаға қисынын келтіріп ―бірін асыра мақтап, екіншісін «басын жерге жеткізе тұқыртып» дегендей, «этнографиялық» сипаттама беріп, екі тайпаның арасына «шоқ» тастауды да ұмытпайды.
Жергілікті (қазақ) халық өкілдері мемлекеттік - әкімшілік басқарудың ең төменгі сатысына ғана жіберілді. Болыстықтарға ру аты берілгенмен, болыстықтар шаңырақ санына қарай жасақталды. Ал, рудағы шаңырақ саны мен болыстықтағы шаңырақ саны сай келуі мүмкін емес еді. Яғни, бір рудың өз болыстығына «сыймай» қалған белгілі бір бөлігі мәжбүрлі түрде өзге рудан жасақталған болыстықтың құрамына кіргізілді. Бұл өз кезегінде болыстықтағы негізгі рудың аз атаға, көші-қон немесе суармалы жерлерді бөлу барысында және т.б. жағдайларда әлімжеттік жасауына кеңінен жол ашты.
Болыс басқарушысы әрбір 50 шаңырақтан 1 өкіл қатысатын болыстық съезде 25 жасқа толған, сотталмаған, халық алдында беделі бар азаматтар арасынан 3 жыл мерзімге сайланды.
Болыс басқарушысының міндетіне:
Сондай-ақ, болыс басқарушысына өкімет орындарының талабын орындамау, төбелес, т.б. заң бұзушылықтар үшін 3 күн мерзімге қамауға алу немесе 3 сомға дейін айыппұл салу құқығы берілді. Билер сотына жауапкерлер мен куәгерлердің қатысуын қамтамасыз ету де болыс басқарушысының міндетіне кірді.
Болыс басқарушысына (әсіресе, алым-салық жинау) берілген осындай салыстырмалы түрдегі үлкен құқықтар болыс сайлауын бәсекелес топтар арасындағы, заңды түрдегі үгіт-насихат жұмыстарымен бірге, сайлаушылар дауысын сатып алу немесе қоқанлоққы жасау, бопсалау, уезд бастығына пара беру секілді толып жатқан заңсыз әдіс-тәсілдер кеңінен қолданылатын жан аяспас күреске айналдырды.
Ал, сайлау тағдырын сайлауға міндетті түрде қатысатын уезд бастығының пікірі шешті. Әдетте, пара, сый-сияпат алған уезд бастығының үміткерлердің бірімен ымы-жымы бір болды.
Болыстық съезд әрбір 10 шаңырақтан 1 өкіл қатысатын ауылдық жиналыста 3 жыл мерзімге сайланды.
Болыстықтағы әрбір ауыл нөмірленді. Ауыл жиналысы ауыл старшинасы мен биін сайлап, жайылымдарды бөлді, жер дауларын шешті, ауыл шаңырақтары арасында алым-салықтарды бөлді және жиналмаған алымдар туралы шешімдер шығарды.
Ауыл старшинасының міндеті:
Болыс басқарушысына өкімет кесімді жылдық жалақы төледі. Ауыл старшыны үшін әрбір шаңырақтан жылына 1 сом 15 тиын алынды. Ал би шешкен дауына қарай дау иелерінен алымдар алып отырды.
Ендігі жерде, өз әділдігімен, көрегендігімен, шешендігімен және тағы басқа асыл қасиеттерімен халық арасынан өсіп шығатын билер әлдекімдердің ойлап шығарған «шар тастап сайлау» арқылы сайланатын болды.
Осылайша, мыңдаған жылдар бойы қазақ халқының әлеуметтік, экономикалық және саяси өмірін реттеп келген билер институтына күйрете соққы берілді.
Сонымен, болыстықтардағы әкімшілік және полицейлік функциялары – болыс басшысына (болысқа), сот билігі - билер кеңесіне, ал шаруашылық мәселелерді шешу (сайлау, көші-қон, жайылым, шабындық жерлерге қатысты) – халық өкілдеріне (әр 50 шаңырақтан-1 өкіл) жүктелген.
Болыс басқармаларының бастықтарына төмендегідей жылдық жалақы белгіленген: Мысалы, мемлекет 1868 ж. ауылдар мен шаңырақ санына қарай, Арыс болысына -500 сом, Шөл болысына-800 сом, ал қалғандарына 1000 сомнан жалақы белгіледі.
Мемлекет алғаш ұйымдастырылған 9 болыстықты (Боралдай , Қазығұрт, Тартоғай, Қарамұрт, Майлыкент, Қарабұлақ, Шөл, Арыс, Сарыкөл, Тартоғай) ұстап тұруға 18832 сом қаражат бөлді. Көп ұзамай-ақ бұл ақша артығымен қайтарылған, 9 болыстағы 9330 шаңырақтан жиналған «шаңырақ» салығы – 32555 сомды құраған.
Жоғарыда көрсетілген «Ежегодник» атты басылымда жарияланған «Сырдария облысының статистикалық мәліметтері» бойынша, Шымкент уезінің көшпелі тұрғындарынан құралған болыстықтар мен шаңырақтар саны:
Шымкент уезінің көшпелі тұрғындары | |||||||||||
Р/с. |
Болыстықтар |
Шаңырақ саны |
Р/с. |
Болыстықтар |
Шаңырақ саны | ||||||
Сіргелі |
1271 |
13. |
Бишпак1 |
1128 | |||||||
Тілік |
1353 |
14. |
Боралдай |
1946 | |||||||
Қоңыр-Маңғытай |
1225 |
15. |
Қазығұрт |
2071 | |||||||
Тама |
851 |
16. |
Тартоғай |
2035 | |||||||
Алтыата |
939 |
17. |
Қарамұрт |
1624 | |||||||
Жаңа Иқан? |
1097 |
18. |
Майлыкент |
1450 | |||||||
Қаңлы-Сапар |
1067 |
19. |
Қарабұлақ |
2455 | |||||||
Жаманбай |
1929 |
20. |
Шөл |
1501 | |||||||
Сары |
826 |
21. |
Арыс |
992 | |||||||
Маңғытай-Саңғыл |
900 |
22. |
Сарыкөл |
2291 | |||||||
Күнгей Сіргелі |
1026 |
Барлығы |
17493 | ||||||||
Бестамғалы |
1424 |
||||||||||
Барлығы |
13908 |
||||||||||
Бишпак1-түсінуге мүмкін болмады-Ө.Ш. | |||||||||||
Шымкент уезінің болыстықтары (1883-85 жж.). | |||||||||||
Р/с. |
Болыстықтар |
Болыс |
Р/с. |
Болыстықтар |
Болыс | ||||||
1 |
Ақтас |
Нұрман Қабылов |
11 |
Қазығұрт |
Момынбеков Қасымбек | ||||||
2 |
Ақмола |
Есалиев Досыбай |
12 |
Күнгей Сіргелі |
Сасықбаев Дәулетбек | ||||||
3 |
Арыс |
Жүсіпов Бердалы |
13 |
Майлыкент |
Жұмабаев Тайтелі | ||||||
4 |
Ақсу |
Қонысов Мұсабек |
14 |
Сарыкөл |
Сапақов Иманберді | ||||||
5 |
Байырқұм |
Жарасов Жантілеу |
15 |
Сіргелі |
Қыстаубаев Қалбыр | ||||||
6 |
Боралдай |
Бекбауов Әдіш |
16 |
Тілік |
Шоқаев Төрегелді | ||||||
7 |
Бестамғалы |
Жұмабаев Көлбай |
17 |
Шаян |
Сегізбаев Текей | ||||||
8 |
Жаныс |
Еркебаев Естемес |
18 |
Шілік |
Жұманов Шәріп | ||||||
9 |
Қарабұлақ |
Батырбеков Иса |
19 |
Шөл |
Төребеков Шырын | ||||||
10 |
Қарамұрт |
Қожабеков Қасымбек |
Шымкент уезіндегі болыстықтар (1896-1898 жылдар).
1.Сырдария болыстығы. 2.Байырқұм. 3.Сарықұм. 4.Бөржар. 5.Ақтас. 6. Қазығұрт. 7.Бадам. 8. Қарамұрт. 9. Машат. 10.Майлыкент. 11.Қошқарата. 12. Боралдай. 13. Арыс. 14.Бөген. 15. Шаян. 16.Сарыкөл. 17.Жылыбұлақ. 18.Арыстанды. 19. Ақмола. 20. Ноғай-күре. 21.Ақтөбе. 22.Хантағы. 23.Қаратау. 24. Шу.
Өлкеге орыс-украин шаруаларының қоныстана бастауы туралы.
1870 ж. бастап, қоныс
аударушылар үшін «Жер қорын»
ұйымдастырып, әр облысқа бір-бірден
әскери топограф штаты
1874-1882 жылдарда облыста 6 шаруалар селосы құрылды. Ол келімсектерге 1867 жылғы «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы уақытша ереже» мен 1868 жылғы «Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы» ереже бойынша 30 десятинадан жер беріліп, 15 жылға алым-салықтардан, әскери міндеткерліктен босатылды.
1891-92 жылдары ішкі
Ресейде орын алған қатты
Сырдария облысындағы келімсектер қыстақтары (1894 ж.)
Р/с |
Қыстақ атауы |
Пайда болған жылы |
Шаңырақ саны |
Жан саны |
Р/с |
Қыстақ атауы |
Пайда болған жылы |
Шаңырақ саны |
Жан саны |
Ташкент уезі |
Шымкент уезі | ||||||||
1. |
Никольское |
1881 |
286 |
1117 |
1. |
Антоновка |
1887 |
26 |
143 |
2. |
Шыназ |
1884 |
25 |
120 |
2. |
Корниловка |
1887 |
25 |
150 |
3. |
Троицкое |
1886 |
124 |
516 |
3. |
Высокое |
1888 |
144 |
761 |
4. |
Черняевка |
1891 |
54 |
169 |
4. |
Белые воды |
1889 |
102 |
472 |
5. |
Кауфман |
1892 |
90 |
347 |
5. |
Черная речка |
1891 |
48 |
270 |
6. |
Самара |
1892 |
58 |
227 |
6. |
Красноводское |
1891 |
34 |
141 |
7. |
Богородица |
1892 |
11 |
41 |
7. |
Егорьевское |
1891 |
101 |
563 |
8. |
Константиновка |
1892 |
78 |
393 |
8. |
Дорофеевка |
1891 |
104 |
521 |
9. |
Успенское |
1892 |
7 |
38 |
9. |
Тамерлановка |
1891 |
74 |
374 |
Барлығы |
733 |
2968 |
10. |
Ванновское |
1891 |
104 |
513 | ||
11. |
Каменная балка |
1892 |
26 |
157 | |||||
12. |
Обручево |
1892 |
48 |
244 | |||||
13. |
Чубаровка |
1892 |
25 |
147 | |||||
14. |
Мамаевка |
1891 |
66 |
284 | |||||
15. |
Вревское |
1892 |
31 |
146 | |||||
16. |
Ермолово |
1894 |
27 |
110 | |||||
Барлығы |
985 |
4996 | |||||||
1Сонымен қатар, Әулиеата уезінде барлық тұрғындар саны -6379 адамды құрайтын 17 орыс қыстағы мен меннониттік дін өкілдерінің 5 қауымдық қыстағы пайда болды-Ө.Ш.. |
Сол кездегі келімсектердің өмірі мен тұрмысынан хабардар ету үшін орыс зерттеушісі И.Гейердің кітабынан үзінді бере кетсек артық болмас...
IX - хат.
...Егорьевск
селосы 100 үйден тұрады. Село құрылған
кезде шаруалар бүкіл село
үшін қазынадан 2432 сом көмек
алды. Тап осы жерде жиналған
статистикалық мәліметтер
Село құрылғаннан кейінгі бір
жылдың ішінде 93 үйдің құрылысы
толық аяқталған. Әрқайсысының
құны ең төменгі шекпен
Шымкент уезінің бағалар анықтамалығын жетекшілікке алып, жануарлардың құнын есептейік:
Аттардың құны = 69X35=1725 р.
-- өгіздер = 102X20=2040 --
-- сиырлар = 60X15= 900 --
-- түйелер = 6X40= 240 --
-- жас мүйізді ірі қара = 61X 5= 305 –
Бұған үйлердің жалпы құнын (4650 с.) қоссақ, 9860 сом шығады. Енді осыдан қазынадан көмек ретінде алынған соманы алып тастасақ 7428 сом қалады. Бұд селолықтардың бір жыл ішінде тапқан таза пайдасы.
Егорьевск селосы шаруаларының осындай өнімді еңбегі, оған қалайша қол жеткізгендігі туралы арнйы талдау жасауға тұрады. Сонымен, шаруалар бұл табысқа қалай қол жеткізді?
Ең алдымен, көп балалы шаруа отбасындағы еңбек бөлінісіне назар аударуымыз керек.
Игеретін жер теліміне қол жеткізген шаруа, алдымен астық себу, екіншіден – үй құрылысын жүргізу, үшіншіден мал сатып алуға қаржы табу үшін өзіндегі жұмыс күшін есеппен бөледі.
Алғашқы кездегі шағын жер теліміне астық себуге отбасындағы жұмыс күші жеткілікті. Лайдан кірпіш құю, басқа да құрылыс материалдары мен үй ішіне қажетті заттар сатып алу қосымша жұмыс күші мен қаржы талап етеді. Одан өзге, келесі жылғы астыққа дейін отбасының ішіп-жеміне керекті қаражат пен жұмыс істейтіндердің азық-түлігіне бір меңгеруші қажет.
Осының бәрін есептей келе, отағасы қолда бар барлық қорды бөледі. Ең қиыны - қаражат табу. Сондықтан отбасының үйде ең пайдасы аз мүшелерінің біразы, әдетте жасөспірім ұлдар мен қыздар қалаға жіберіледі.
Олар үшін қала тұрғындары арасында бала күтушілікке әрдайым сұраныс бар. Олардан кейін қалаға, егер отбасында отағасыдан басқа да үйленген азаматтар болса―солар аттанады. Жұмыс күші ретінде, ересек азаматтарға да қалада сұраныс бар. Ал, үйде отағасы өзінің әйелі және келіндерімен қалады. Келіндердің еңбегін сатудан пайда аз және ыңғайсыз. Оның үстіне емізулі баласы бар жұмыскерлерге жұмыс табу қиын, ал үйде оларға әрқашан жұмыс табылады. Сондықтан, әйелі үйдегі шаруашылықты басқарса, отағасы келіндерімен астық себеді, үй салады. Арықпен су келіп жатыр, сондықтан әйелдер үшін лайдан кірпіш құю аса қиындық тудырмайды. Маусымдық жұмыстар арасында отағасы қол қусырып, қарап отырмайды. Кіре тартумен айналысады. Өз арбасымен Әулиеатадан Ташкент, Шымкент қалаларына астық тасып, өз пайдасына қалғанын үйіне алып қайтады немесе Шымкент уездіндегі жол бойларымен тартылып жатқан телеграф үшін Сайрамнан бағандар тасиды.
Информация о работе Ресей империясының Оңтүстік Қазақстанды отарлауы немесе қазақ қалай өзгерді