Ресей империясының Оңтүстік Қазақстанды отарлауы немесе қазақ қалай өзгерді

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 15:53, научная работа

Краткое описание

Биыл Ресей императоры II Александр Түркстан генерал-губернаторлығын (Түркстан өлкесі) құру туралы Ерекше Комитетінің жобасын бекіту туралы Жарлық бергеніне 145 жыл толды (Жарлыққа 1867 ж. 23 тамызда қол қойылды).
Сонымен қатар, халқымызды орасан қырғынға ұшыратқан 1932-33 жылдардағы ашаршылықтың басталғанына 80 жыл толып отыр.
Осы екі оқиғаның арасында қандай байланыс бар?!

Файлы: 1 файл

Ресей империясының Әдебиетсіз .doc

— 916.50 Кб (Скачать)

Төмендегі мақаланың  ықшамдалған нұсқасы «Қазығұрт.kz» (№8 желтоқсан―2012) журналында жарық көрді.

Ресей империясының Оңтүстік Қазақстанды отарлауы немесе қазақ қалай өзгерді.

Биыл Ресей императоры II  Александр Түркстан генерал-губернаторлығын (Түркстан өлкесі) құру туралы Ерекше Комитетінің жобасын бекіту туралы Жарлық бергеніне 145 жыл толды (Жарлыққа 1867 ж. 23 тамызда қол қойылды).     

Сонымен қатар, халқымызды орасан қырғынға ұшыратқан 1932-33 жылдардағы ашаршылықтың басталғанына 80 жыл толып отыр.

Осы екі оқиғаның арасында қандай байланыс бар?!

Украина билігі өздеріндегі аштықты «халықты (украин халқын) қыруға бағытталған қолдан жасалған нәубет» (геноцид) деп саяси баға берді. Ал, біз өкінішке орай, осы ұлы нәубетті әлі толық зерделей алмай отырмыз.

Бұл қолдан жасалған нәубет пе, әлде бар болғаны соңы адам қырғынына әкеліп соққан табиғат апаты ма?

Неліктен, осы қырғында қазақ көп қырылды?

Отандық тарихшылар, саясаткерлер, саясаттанушылар және басқа да ғалымдардың арасындағы осы төңіректегі талас әлі басылар емес.

Біреулері бар  мәселе мемлекет басқаруды дұрыс  ұйымдастыра алмаған жалаңаяқ большевиктер мен жергілікті «шолақ белсенділерде» деп есептесе, екіншілері тек Сталинмен  Голощекинді айыптайды.  Ал, кейбір «әсіреұлтшыл» зерттеушілер бар кінәні орыс халқына аударғысы келеді.

Осы орайда,  кезінде Англияның премьер-министрі болған У.Черчилльдің «Англияның мәңгілік досы да жоқ, мәңгілік дұшпаны да жоқ. Англияның мәңгілік мүддесі бар!» деген керемет сөзі еске түседі. «Өзіңе өзің бекем бол, көршіңді ұры тұтпа!» деп атам қазақ та бекер айтпаған.

Әлемнің қай түкпірінде болмасын, Ресей империясы орыс халқының мүддесін барлығынан жоғары қоюға тиіс орыс халқының ұлттық мемлекеті!

1867 ж.  жарлық та,  ең алдымен орыс халқының ұлттық мүддесі тұрғысынан жасалды! Ал, Кеңес Одағы Ресей империясының заңды жалғасы – мұрагері!

Өз кезегінде Қазақстан  тарихы да  қазақ халқының мемлекетқұраушы  этнос екені ескеріле отырып, қазақ  халқының мүддесі тұрғысында зерттелуі-зерделенуі қажет!

Ол үшін тек  мұрағаттық құжаттар мен «атамыз айтқан әңгіме» жеткіліксіз. Қазақ жерін зерттеген немесе қазақ жері арқылы өткен батыс және орыс саяхатшыларының еңбектері назардан тыс қалмауы керек.1867-1917 жж. аралығында Дала өлкесі мен Түркстанда шығарылған мерзімдік баспасөз құралдары мен Ресей Статистикалық комитетінің журналдарында өте құнды деректер бар.Сонымен қатар,қазақ халқымен бір геосаяси кеңістікте жатқан қырғыз,өзбек, тәжік, түрікмен, әзірбайжан, иран және т.б. зерттеушілерінің бұрынғы-соңғы еңбектерін егжей-тегжейлі зерделесек қана шынайы қазақ тарихын жасай аламыз! Ол үшін ең алдымен аталған еңбектердің барлығын қазақ тіліне аудару керек! (Әсіресе, орыс зерттеушілерінің жазбаларында тек зерттеу жұмыстары ғана емес олардың туған халқына деген орасан зор махаббаты бейнеленген.).

   Кез келген құбылыс немесе оқиғаның алғы шарттарын ашпай, себебін табу мүмкін еместігі ежелден әмбеге аян.

 Алдымен, кезінде  садақ-найза асынып, жаһанды тітіренткен―көшпенділер дәуренінің өтіп, XIX-ғасырда әлем тізгіні «отқаруға» сүйенген еуропалықтардың қолына толық көшкенін атап өткен абзал.

 Еуропаның саңлақ  елдері өз «олжаларын» әлемдік мұхит жағалаулары мен алыстағы жаңа құрылықтардан іздесе, Петербург шәрін тұрғызып Ресей үшін Еуропаға терезе «ойып» берген I Петр патша «алыстан арбалауға» өз елінің әзірге  қауқарсыздығын  терең түсініп «Қазақ ордасы Азияға барар кілт пен қақпа» деп оңтүстікке назар салды...

 «Жұт жеті ағайынды»  дейміз бе, әлде «құланның қасынуына  мергеннің басуы»,... сол I Петрдің замандастары, үш кемеңгер –Төле, Қазыбек, Әйтекенің арқасында бүкіл қазақ жұртын біріктіре білген әз Тәуке өмірден өткен соң (шамамен 1718 ж.), қазақ жерінде «бас басына би болған өңшей қиқым»(Абай) дегендей «бөліп ал да, билей берге» көшкен «хандар» көбейді. Тәукеден соң көп ұзамай Әйтеке би бақилық (шамамен 1722 ж.) болды. «Аңырақайдағы» ( шамамен 1729-30 ж.) айтулы жеңістен кейін үлкен тақтан дәмелі болып, үміті ақталмаған Әбілқайыр «Ортақ өгізден оңаша бұзау артық» деген ұстанымға көшті. Сол Әбілқайырыңыз Әйтекеден кейін Кіші жүздің «тізгін ұстар» бас

биі атанған Ақсуат бидің халық алдында үлкен беделге ие болуына үлгертпей, «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламадан» (1723-27 ж.ж.) әлі оңала қоймаған қазақтың үштен бірін 1731 ж. Ресейге қосып тынды.

  Осылайша Ресей империясының 1731 ж. басталып, 134 жылға созылған қазақ жерін әскери күшпен отарлауы 1865 ж. шілдеде Ташкентті алуымен аяқталды («жабайылар» I Петр патшаның «өсиетін» орындауға осыншама жыл «кедергі» болды).

   Айта кету керек, сол кезеңде Орталық Азияда «азуын айға білеп» тұрған  «қоқаңдаған» Қоқан мен әміршілері сарай толы кәнизәктарын місе тұтпай, қастарына «патша бала» («бәтшақар») ұстап―азғындап, қор-қорға «кәйіп» болған Бұхар, Хиуа хандықтарын Ресей айналасы 7-8 жылда «қалпақпен ұрып» алды. (Тура осы кезеңде, Ресей билеушілері «асау, жабайы қырғызға» (қазақ халқына) «үкім» шығарды).

  Енді, 100 жылдан аса уақытқа созылып, қазақты икемге көнгенін шоқындырып ― орыстандыруға, көнбегенін қырғынға ұшыратып, ұлт ретінде жер бетінен жоюға бағытталған отарлаудың жаңа кезеңі ― келімсектердің қазақ жеріне «ұлы көші» басталды.

     Ресей патшасының 1861 ж. 19 ақпандағы "Басыбайлылықты (крепостнойлықты) жою туралы" заңы (уставы) орыс отаршылдығына жаңа бір «леп» әкелді. Кенеттен келген бостандықтан «бастары айналған» шаруалар... екі күн тойлады, үш күн тойлады,...сосын «қарны аша бастады». Кешегі қожайын быламық болса да - ас, шоқпыт болса да - киім беруші еді. Енді, оның бәрін «бостандық» алмастырды. Бүкіл ішкі Ресейді ұрлық-қарлық, тонау, жол торыған қарақшылық жайлады. Өңдейтін жері, «қой» дейтін қожайыны жоқ шаруалар (шын мәнінде кешегі құлдар) «қарақшылар» тобын құрып, үлкен жолдардан өткен керуендер мен жолаушыларға қауіп төндіріп, ел тонайтын қауіпті күшке айналды. Бір деревнядан екінші деревняға бару мұң боп қалды. Жоғалтар ештеңесі жоқ жанкештілер, тіпті өкімет әскерімен қарулы қақтығысқа түсуден де тайынған жоқ.

 Өз ағартушы-демократтары  мен адамзаттың озық ойлы өкілдерінің  қысымына шыдамай, басыбайлы шаруаларға еркіндік беріп «сау басына сақина тілеп алған» Ресейдің халықаралық жағдайы да мәз емес еді.

 Түстік-батыста Қара  теңізді қайтарып алудан үміт  үзбей, жанталасқан түріктер отыр, Қап тауының теріскейін мекен  еткен, ержүрек Шәмілдің «ғазауатынан»  рухтанған халықтардың да оңай  беріле салатын ыңғайы білінбейді. Пәленбай ғасырға созылған «оқшаулану» саясатынан жеріп, қиыр шығыста жапондар оянып келеді. «Апиын соғыстарынан» ес жия бастаған Қытай Шығыс Түркістанға ентелеп, қаптаған шеріктеріне «қапқа салып, қатын таратып» (Қ.Жұмәділов), Ресейдің Тибетке шығар жолына жатып алды. Гиндукуш пен Гераттағы пуштундар бүгін-ертең талқандалса, ағылшындар да Памирден бері асатыны әмбеге аян болып тұр. Империяның Үндістанға беттеген жолын он жылдан аса уақытқа бөгеп, ағылшындарды неғұрлым түстіктен «қарсы алуға» мұрша бермеген Абылайдың көкжал немересі Кенесары қаза тапқанмен, оның «жабайылары» да әлі толық талқандалып біткен жоқ.

 Қайтпек керек? 

 Ақ патшаның көп  уәзірінің бірі жол тауып кетті.  Сауатсыз, қаранғы орыс пен украин  шаруаларына Сібір мен қырғыз (қазақ ) жерінің «көктемде арбаның  дертесін жерге шаншысаң, күзде жеміс беретін» ғаламат құнарлылығы, ең бастысы, ол жерлердін иесіз, бос жатқандығы (жергілікті халықтар адам орнына саналған жоқ) насихаттала бастады. Сол жаққа қоныс аударуға ниет еткендерге мемлекет тарапынан қаржылай және басқа да көмектер көрсетілетіні баса айтылды.

 “Басы артық” шаруаларды  Сібір, Қазақстан мен Орта Азияға  қоныстандыру екі мәселені шешті.  Бірінші, ішкі Ресейдегі тәртіп  пен тыныштық біршама қалпына  келсе, екінші жағынан Ресей  мен Украинада «Жойылсын патша!»(  «Долой царя!») деп, аттандап жүрген аш-жалаңаштар, жаңа жерлерге қоныстанған соң «А, құдайым, патшаны сақтай көр!» («Боже царя -храни!») деп, патша өкіметінің бұратана халықтар арасындағы тірегіне айналды. Яғни, осыған дейін қазақ даласындағы «полицейлік-жандармдық» міндетті тек орыс-казак әскерлері атқарып келсе, енді оған орыс-украин шаруалары қосылды.

Осы тұста айта кеткен абзал, орыс билеуші топтары арасында Түркстанды отарлау туралы біржақты көзқарас болмаған. Мысалы, Түркстан өлкесінің генерал-губернаторы К. фон Кауфман (14.07.1867—04.05.1882 ж.ж.) өлкені географиялық, этнографиялық т.б.тұрғыда толық зерттеп алмай орыс шаруаларын Түркстан өлкесіне жаппай қоныстандырып, жергілікті халықтың пайдалануындағы игерілген суармалы, шұрайлы жерлерді тартып алудың асығыстық боларын дәлелдеуге тырысты. Ол тек ішкі Ресейден қоныс аударған келімсектерді далалық аймақтардағы бос жерлерге қоныстандыруды  ұсынған. (Кауфман Орта Азия халықтарының ішінен орыстануға ең бейімі қырғыз (қазақ) халқы деген пікірмен, өлкеде ашылатын орыс-түзем мектептеріне ең алдымен қырғыз (қазақ) балаларын тартуға күш салды. Кауфманның пәрменімен Ташкентте1879 ж. ашылған мұғалімдер семинариясына да, орыс балаларымен қатар жергілікті халықтардың арасынан тек қырғыз (қазақ) балалары қабылданған. 1883 ж. қырғыз (қазақ) тілінің мұғалімі Я.Лютш орыс транскрипциясына негізделген қырғыз тілінің хрестоматиясын жасаған. Аталған семинариядағы қырғыз тілі пәні осы хрестоматиямен оқытылған).

Ал, Сырдария облысының әскери губернаторы генерал Гродеков (02.06.1883—12.06.1892 ж.ж.): «Түркстандағы әрбір орыс поселкесі орыс әскерінің бір батальонына тең болар еді» дегенді жиі қайталаған. (Кейінірек, 1888 ж. Гродеков келімсектерді қаруландыруға қаржы бөлу  туралы Түркстан өлкесінің генерал-губернаторы Н.О. Розенбахқа (01.02.1884—28.10.1889 ж.) өтініш жасаған. Оның мақсатын өлкенің келесі генерал-губернаторы барон А.Б. Вревский (28.10.1889—17.03.1898 ж.) 1892 ж. іске асырып, орыс поселкелерінің тұрғындарына қару – жарақ бөліне бастады.  Мысалы, 1898 ж. Жетісуда 3000 мың винтовка таратылды. Оның ішінде 1000 винтовка орыс  казактарына тисе, 2000 винтовкаға мұжықтар ие болды).

    Ш.Уәлиханов  қазақ халқының өмірі мен материалдық  жағдайын жақсартуға мұрындық  болатын реформалар жасау керек  деп есептеді. Ол қазақ жерін  басқару туралы ережелер  жобасын  ғасырлар бойы қалыптасқан жергілікті басқару жүйесін негізге ала отырып жасауды  ұсынды. Ол өзінің «Сот реформалары туралы» еңбегіңде қазақ халқы үшін ең маңыздысы әлеуметтік-экономикалық жаңғыртулар деп көрсетті.

   Ал, патша шенеунігі Н.А.Маев Сырдария бойында солдат поселкелерін ұйымдастыруды ұсынды. Ол «Түркстан өлкесінде өкіметке қарсы әрекеттер бастала қалса, бұл поселкелердің пайдасы өте зор болар еді» деп көрсетті.

1865 ж. Ресей үкіметі  «Қазақ даласын басқару туралы  Ережелердің» жобасын дайындау үшін «Дала комиссиясы» аталған комиссия құрды. Оның құрамына Ішкі Істер Министрлігінің, Әскери Министрліктің және жергілікті генерал-губернаторлықтардың өкілдері кірді.

Ресей өкіметі 1855 ж. бастап Жетісуға орыс казактарын қоныстандыра бастады.

1865 жылдың ақпанында  Жаңа-Қоқан линиясы таратылып,  орнына Орынбор генерал-губернаторлығының Түркістан облысы құрылды. 1867 жылғы сәуірде Түркістан облысы жеке бөлініп шығып, әкімшілік жағынан аймақ үшке - орталық, оң және сол қанатқа бөлініп басқарылды. Алғашында өлкенің орталығы ретінде Әулиеата қаласы қарастырылған. Бірақ, Шығыс Түркстандағы ұйғырлар мен дүнгендердің Қытай өкіметіне қарсы басталған дүрбелеңі, орталық ретінде Қытай шекарасынан қашықтау Ташкентті таңдауға мәжбүрледі.

1867 ж. құрылған Әскери Министр Д.А.Милютин басшылық еткен қазақ жері мен Түркстанды әкімшілік басқару реформаларының жобасын жасау бойынша комиссия бұл кезде марқұм болып кеткен Шоқанның пікірін еске де алмады. Нәтижесінде, 1867 ж. 11 тамызда «Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлықтарының Далалық облыстарын басқарудың уақытша Ережелері»  деген құжат өмірге келді. Дала комиссиясы жаңа болыстықтар мен ауылдардың әкімшілік жобасын дайындай отырып, дәстүрлі басқару институттарының саяси қаупін бір сәтке де естен шығармады. Орыс зерттеушісі А.К.Гейнс «Үкімет күштеріне қарсы тұрмас үшін, ең алдымен қырғыз халқының сайланбалы билігін біртіндеп жою, қырғыз халқын өз билеушілері мен рулық құрылысқа негізделген өмір салтынан ажырату қажет» -деп жазды.

1867-1868 ж.ж. реформалардың (Уақытша Ережелердің) ең негізгі мақсаты – қазақ жерін Ресейдің өзге де аймақтарымен ара-жігін білдірмей қосып жіберу үшін Ресейге бағынышты басқа ұлыстармен бір басқару жүйесіне біріктіріп, жергілікті атқамінерлердің ықпалын барынша әлсірету, оларды биліктен аластау, рулық құрылысты  біртіндеп жойып, орыстандырып, шоқындыру болды.

1868 жылдың 11 маусымында  Түркістан облысы Сырдария, Жетісу  облыстарынан құралған Түркістан  генерал-губернаторлығына бірігіп,  орталығы Ташкент қаласы деп белгіленді. Түркістан Сырдария облысының бір қаласына айналып, Түркістан облысы «әкімшілік аймақ» ретінде күшін жойды.

 Сырдария облысы  Құрама, Ходжент, Шымкент, Әулие-Ата,  Перовск, Қазалы, Жызақ уездерінен құралды.

Түркстан өлкесінің  ұлттық құрамы (1868ж)

Қала, уезд

Отырықшы  халықтар

Көшпелілер

Сарт

Тәжік

Өзбек

Құрама

Еврей

Ауған

Үндіс

Қытай

Татар

Қырғыз

Қара

қырғыз

Өзбек2

Барлығы

Ташкент қ.

71848

213

25

93

3

610

261

76053

Қазалы

61790

61790

Перовск

100090

100090

Шымкент

23510

152695

176205

Әулиеата

1810

73175

28850

   

Құрама

24685

8330

2040

57855

130

20

102625

195685

Ходжент

46200

21095

4280

5815

77390

Жызақ1

33600

11200

44800

Барлығы

158453

54530

23135

57855

343

25

93

3

630

506116

28850

5815

835848

11872 жылы Жызақ уезі таратылып, орнына Түркістан қаласы орталығы болып бекітілген осы аттас уезд құрылды.

2Қызылқұм, Қарақұм және Жиделі-Байсын өңірлерінде мал шаруашылығымен айналысатын – көшпелілік өмір салтынан әлі ажырай қоймаған өзбектер болған-Ө.Ш..

Информация о работе Ресей империясының Оңтүстік Қазақстанды отарлауы немесе қазақ қалай өзгерді