Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 15:53, научная работа
Биыл Ресей императоры II Александр Түркстан генерал-губернаторлығын (Түркстан өлкесі) құру туралы Ерекше Комитетінің жобасын бекіту туралы Жарлық бергеніне 145 жыл толды (Жарлыққа 1867 ж. 23 тамызда қол қойылды).
Сонымен қатар, халқымызды орасан қырғынға ұшыратқан 1932-33 жылдардағы ашаршылықтың басталғанына 80 жыл толып отыр.
Осы екі оқиғаның арасында қандай байланыс бар?!
Осылайша қолда бар жұмыс күшін бөліп алған отбасы астық себуге кіріседі, сосын үй салады. Қазыналық көмектің бір бөлегі азық-түлікке жұмсалса, қалғаны ат пен өгіз сатып алу үшін жұмсалады...
... Егорьевскіде
бірнеше бірнеше мордвалық
..Село Алатау
тауына жақын орналасқандықтан,
шөбі өте шүйгінді, Егорьевск
сиырларының сүтінен
... Егорьевскіден төтелеп барсаң 15 шақырымдай жерде Дорофеевка (Бірінші мамыр) селосы орналасқан. Бұл екі село бір мезгілде пайда болды. Қазіргі кезде (1893 жылдың мамыр айы) Дорофеевкада 168 өгіз, 66 сиыр, 53 ұсақ мал, 41 ат, 70 қой бар. Мұнда өгіздердің көп болуы селолықтардың басым бөлігін малоросстар (украиндар) құрауымен түсіндіріледі... Тау шатқалдарында жабайы шошқа мен жайра көп. Сондықтан дорофеевтіктердің қазыналық винтовкалары қыс бойы «демалыс» көрмейді....
(Гейер И.И. По русским селениям Сыр-Дарьинской области (Письма с дороги).Чимкентский уезд
Ташкент: Тип-литография бр.Каменских1893).
1891 ж. 25 наурызда Ресей патшасы «Далалық ереже» деген заңды бекітті. 1893 ж. күшіне енген бұл ереженің 119-бабында «өлкедегі барлық жерлер мен орман-сулар мемлекет меншігі» деп жарияланды. Міне, осы ереже бойынша қазақ жерлері ғасырымыздың басынан бастап бірінші дүниежүзілік соғыс басталғанға дейін отарлық талан-тараждың тағы бір жаңа сатысына ілікті.
Енді, Сырдария, Арыс, Ақсу сияқты ірі өзендерді былай қойып, шағын ғана Сайрамсу, Балдыбірек, Доңызтау өзендерінің жоғары ағысындағы тау бөктерлеріндегі тоқымдай-тоқымдай суармалы жерлердің өзі назардан тыс қалмады. 1899 ж. украиндік келімсектер Петропавловск (қазіргі Тасарық-Ө.Ш) селосының алғашқы қазығын қақты. Одан соң, біртіндеп, тауға қарай өрлеп Романово, Сахаровка, Руниевский, Покровка, Данило -Покровка, Суплатово, Гавриловка, Колосовка селоларын құрды. Осылайша, ғасыр соңына қарай Шымкент уезіндегі суармалы жерлердің 19,8 %-ы келімсектердің қолына өтіп үлгерді.
Отаршылар Түркстан өлкесіндегі ең ірі екі этнос - қазақ пен сарттың1(өзбектермен шатастырмаңыз) арасына от жағып отыруды да ұмытпады. Жергілікті үкіметтің үнсіз қолдауымен «жау жағадан алғанда, бөрі етектен тартады» дегендей, дала қазағының орыс қаруының күшімен жуасығанын пайдаланып, «жұмыртқадан жүн қырқатын» сарттар үлкен жолдардың бойындағы бұлақтардың басынан керуен бекеттерін тұрғыза бастады. «Алғашында, даланың еркін ұлы қырғыз (қазақ-Ө.Ш. ) бұдан қауіптене қоймады. Қайта жауын-шашында пана болып, қыстың боранды күндерінде түйесі мен аттарына жем алып тұруға жақсы болды деп қуанысты» -деп жазады 1891- 93 жылдары Ташкент пен Верный қалаларының арасынан бірнеше рет жүріп өткен орыс шенеунігі және зерттеушісі И.И.Гейер. ...«Келер көктемде, әлгі сарт керуен сарайдың айналасына тал-терек отырғызып, жоңышқа мен бау-бақша егіп, жазға салым сарайдың айналасын балшық дуалмен қоршайды. Ал, қазақтың ойында әлі дәнеме жоқ, жаңа пайда болған тату көршісімен бұлақ суын бірге пайдалана береді. Тағы біраз жыл өтеді, баяғы жалғыз керуен сарайдың айналасында басқа да керуен сарайлар салынып, баяғы шағын бұлақ басында қышлақ пайда болады. Күндердің күнінде, қазақтар өз арығынан бір тамшы да су таппай қалады. Ештеңеге түсінбеген қырғыз, салып ұрып сарт қыстағына барса,- бәрі заңды. Бұлақ та, одан шығатын су да сарттікі- қолында жергілікті орыс өкіметі берген құжаты бар. Бұдан кейін қырғызға амал жоқ, басқа қоныс іздеуге тура келеді» (И.И.Гейер. «По русским селениям Сырдаринской области», (Письма с дороги) «Туркестанские ведомости» басылымы, Ташкент,1893 ж.).
Сарт пен қазақтың өзара алакөз болуы патша үкіметі үшін өте тиімді екені айтпаса да түсінікті.
( 1Сарт — XV-XX-ғасырдың алғашқы ширегінде Орта Азияны мекендеген халықтың атауы. Сарттардың бет-әлпеті тәжіктерге өте ұқсас,бірақ «сарт тілі» аталатын түркі тілінің ерекше диалектісінде сөйлейді» (Ф. А. Брокгауз бен И. А. Ефронның энциклопедиялық сөздігі). П. И. Лерхтың пікірінше «сарт тілі» шағатай тіліне өте ұқсас.
Орыс шенеунігі, әрі зерттеушісі Л.И.Пашино «Түркстан өлкесі -1866 ж. Жолжазбалар» атты еңбегінде «Әрбір қырғыз өз руын біледі, ал сарттар өздерін тұратын жеріне қарай Шымкенттік, Ташкенттік, Сайрамдық т.с.с. деп атайды» деп хабарлайды.
М.Тынышбаев: «Өзбектер қышлақтарда тұрса, сарттар қалаларда өмір сүреді. Өзбектен «руың не?» деп сұрасаң; «Кеңегес, Қыпшақ, Қатаған, Барын» деп жауап береді. Ал, сарттан ру сұрасаң; тек «қалалықпын» деп жауап қатады» (М.Тынышпаев. История Казахского народа. 178 б. Алматы,1993).
Ф. А. Брокгауз бен И. А. Ефрон аздап қателессе керек. Біздіңше, сарттар IV—VIII ғасырларда Ұлы Жібек жолының Орта Азиядағы тармақтарының бойында сауда бекеттерін тұрғызып, керуен сарайлар ұстаған иран тектес халық - соғдылардың ұрпақтары.. Сол сауда бекеттері мен керуен сарайлардың айналасында Мерв, Бұхара, Самарқан, Үргеніш, Отырар, Сауран, Испиджаб, Баласағұн, Тараз, Талғар және т.б. кенттер пайда болған. Ол кенттер кедейленген немесе басқа себептермен отырықшыға айналған түркілермен толығып отырды.Уақыт өте, түркі тілін алған сарттар саяси билікке көп ұмтыла қоймаған. Өз мүдделерінен шығып жатса, кез-келген билікпен келісімге тез келетін, сырттай қарағанда бейбіт халық. Негізгі кәсіптері сауда, егіншілік және қолөнер болған.
Сарттар бүкіл Орта Азияның
солтүстігі Түркстан мен Созақ,
1897 ж. халық санағында, олардың саны 968 655 жан деп көрсетілген. КСРО-да 1924 жүргізілген халық санағында сарт халқы тегіс «өзбек» деп жазылып, «сарт» сөзі этноним ретінде қолданыстан шығып қалды. Осы жерде айта кеткен ләзім, тұрмыс-салт жағынан өзбектен көрі қазақ халқына жақындау - 1920 ж. халық санағында саны 40 000 -деп көрсетілген ферғана қыпшақтары да 1924 ж. санақта «өзбек» халқының құрамына «сіңіп» кетті. Жалпы бұл тақырып әлі терең зерттеуді қажет етеді – Ө.Ш..
1896 ж. 2-желтоқсанда Ішкі істер министрлігінің құрамында "Қоныстандыру басқармасы" құрылды. Басқарманың қызметі - қазақ жерін зерттеп, оның көлемі мен ауданын, тұрғылықты халқының орналасу тәртібі мен құрамын, құнарлығы мен шұрайлылығын, егіншілік пен мал шаруашылығының қайсысына қолайлы, қысқасы, осы сауалдарға жан-жақты жауап алатындай егжей-тегжейін түгел қарастырды. Ал, Әндіжан көтерілісінен (1898 ж.) кейін патша үкіметі «орыс адамының қаны» төгілген жер мемлекетке сұраусыз алынады деп жариялады.
Капиталистік қатынастардың дамуы XIX-ғ. соңында дүниежүзілік нарықта мақта талшығына деген сұранысты арттырды. Осыған байланысты патша шенеунігі А.В.Кривошейн: «Ресейде мақта өсетін жер өте аз...ал мақтаның құны өте жоғары. Сондықтан Түркстанда астық өсіру экономикалық тұрғыда үлкен қателік болар еді. Бұл өлке қымбат та болса ішкі Ресейде өндірілген астықты тұтынып, барлық егістік жерге мақта егілуі тиіс» дейді. Бірақ, қанша қажырлы болса да келімсектер, машақаты көп мақта өсіруден бас тартты. Мақта өндірушілерге арналған несиелерді өкімет, амалсыз сарттар мен тәжіктерге бере бастады. Ол уақытта қазақтың мақта екпейтіні айтпаса да түсінікті.
Ресейде 1900ж. орын алған экономикалық дағдарыс, Корей түбегіндегі Порт-Артурда (28.01.1904 ж.) құйтақандай аралдарды мекендейтін жапондардан «оңбай таяқ жеген» Ресей халқының өз билеушілеріне деген «қара қазандай өкпесі», 1905—1906 жылдардағы аштық Ресей үкіметінің басшысы П.А. Столыпинді аграрлық реформа аясында, «жаңа игерілген жерлерге» орыс-украин шаруаларын қоныстандыру бағытында көптеген шараларды жеделдете іске асыруға итермеледі.
П.А. Столыпиннің айтуы бойынша Ресей өкіметі «бейшаралар мен маскүнемдікке салынғандарға емес, әлділерге арқа сүйеуі қажет» болды. «Мықты жеке меншік иесін» жасау бағыты негізінен деревня орташаларының қатарын көбейтіп, ұсақ жеке меншік иелерін жермен қамтамасыз ету саясаты арқылы іске асырылды.
Ал, шаруаларға бөліп бере қоятындай ішкі Ресейде бос жер жоқ. Патша өкіметі Ресейдің отар аймақтарында келімсектер үшін «бұратаналардың» қауымдық жерлерін ашық тартып ала бастады. Келімсектерге үй салу мен шаруашылық құралдарын алу үшін көрсетілетін қаржылай көмек көлемін ұлғайтты. Ал, кедергі келтіруге әрекет жасаған «бұратаналардың» құны сұраусыз, яғни, кез-келген келімсек оларды атып тастай салуға құқылы болды.
Осылайша, 1906 ж. 9 қарашадағы
патша жарлығы бойынша жүргізіл
Сырдария қоныс аудару ауданы Басқармасына «Ұзын» (Қазіргі ОҚО, Төлеби ауд., «Ұзынарық ауылы-Ө.Ш.) арығының бойындағы 1000 десятинаға жуық суармалы жерінің мемлекет қорына заңсыз алынғаны туралы Шымкент уезі Сайрамсу болыстығының шаңырақ иесі (түпнұсқада –юртовладелец) Жәнібек Жаназаровтың 6 шаңырақ атынан жазған шағымына басқарма меңгерушісі Сахаров дегеннің 1912 ж. 16 ақпанда қайтарған жауабы төмендегідей болған: «Шағым иесінің шағымдануына еш негіз жоқ. Уақытша Комиссияның 1911 ж. 27 қарашасындағы шешімімен Қаратас болыстығының №61 қауымы мен Сайрамсу болыстығының №63 қауымы VI-ауылының жерлері есебінен құрылған «Успеновское» (қазіргі Төлеби ауданы Қоғалы ауылы-Ө.Ш.) участогіне берілген жер - біріншіден, 1000 десятина емес, бар болғаны - 617,04 десятина, екіншіден, Жаназаровқа «Мыңбайыр» жотасының оңтүстік қия-беткейіндегі (түпнұсқада – склон) белгіленген нормадан әлдеқайда артық ― суарылмаса да шөбі қалың шығатын құнарлы - 4996,98 десятина жері қалдырылды . Оның үстіне, шағым иесіне өзге 6 шаңырақ иелерінің берген сенім қағазы да жоқ».
1906 ж. өлкенің байлығын Ресейге тасу үшін екі бағыттан бастап, құрылысы жоғары қарқынмен жүргізілген Орынбор-Ташкент темір жолының пайдалануға берілуі келімсектердің санын арттыра түсті.
Халықтан алынатын
алым-салық мөлшері де тым
XIX-ғ. соңы мен XX ғ.
басында Түркстан өлкесінде
Түркістан генерал-губернаторы қызметінде 1-ақ жыл істеп қызметімен қош айтысқан П.И.Мищенконың орнына келген А.В.Самсоновтың (1909-1913 ж.ж,) тапсырмасымен қоныстандыру жұмыстарының барысын тексеру үшін өлкені аралап шыққан генерал-лейтенант Романовскийдің есебі.
Түркістан генерал-губернаторына
1909 ж. 3 шілде
Үстіміздегі жылдың маусым айының 21 мен 28 жұлдыздары арасында ескі почта жолы арқылы Ташкенттен Шымкентке, сосын Александров жотасының етегіне жаңадан орналасып жатқан поселкелерді аралап шығып, көргендерім:
Шымкент қаласында:
а) Почта-телеграф кеңсесі.
б) Қазынашылықтағы (казначейство) қаражат сомасы тексерілді. Дабылдатқыш пен күзет қанағаттанарлық, терезелердегі тор - темірден. Дабыл қаққанымызда, басқалары тапсырмада болғандықтан, айдауыл топтың (конвойная команда) төменгі шендегі 2-ақ сарбазы келді.
Бұрын атқыштар ротасына сарбаздар шақырылатын, бірақ әскери басшылықтың пәрменімен, ол тоқтатылған. Жаз айларында айдауыл топ ылғи тапсырмада болатындықтан, атқыштар ротасына сарбаз шақыруды жаңғырту керек деп есептеймін.
в) Қалалық емхана – 5 орынға лайықталған (1 сырқат жатыр), күндіз 12 адам ем қабылдай алады. Емхана қараусыз, жөнделуі өте нашар, әсіресе фельдшердің бөлмесі қатты тозған, аула қоқысқа толы, ешкім жинамайтыны көрініп тұр. Жөндеу жұмыстарын жүргізіп, тазалық сақтауға бұйрық бердім.
д) Әйелдер училищесі. Тазалық пен тәртіп өте жақсы. Ташкентте өтетін ауыл шаруашылығы көрмесі үшін оқушы қыздардың қолынан шыққан қолөнер жұмыстары өте жоғары деңгейде жасалған.
е) Шіркеу саябағы мен питомник өте ауқымды және аса зор қамқорлықпен күтіледі.
ж) Шикі кірпіштен соғылған уездік басқарманың ғимаратының күтімі жаман емес. Іс жүргізу мен қаржы кітаптары тексерілді. Орындалуы кешіктіріледі, қажетті белгілер түсірілмеген.
Жекелеген үстелдер бойынша
1).Хатшының үстелі (Шнейдерман). Қырғыз капиталынан 1892 ж. алынған 7908 сом әлі күнге қайтарылмаған. Себебін анықтау тапсырылды.
2). Пәрмен
беру үстелі. (Хат жүргізуші Горбатов)
Төтенше съезд туралы
Шымкентте тазалық өте жақсы сақталады, барлық жер суарылады, көшелер «Люкс» шамшырағымен жарықтандырылған. Базарда тәртіп бар (пәлен жыл бойы қаламызда тәртіп пен тазалық орната алмай жүрген қалалық әкімшілік, патша шенеуніктерінің тәжірибесін үйренсе болар екен.Ө.Ш.). Әсіресе, уездік басқарма мен Николаев көшесі аралығындағы шағын үстелдер мен орындықтар орнатылған гүлзар көңілге ұнамды әсер қалдырады. Бұл жер Шымкент жұртшылығының кешке қарай жиналатын сүйікті орынына айналған.
Ойылған, әрі шаңдақты ескі Шымкент жолының бойымен Жетісу мен Әулиеата уездерінен шыққан обоздар (арба керуендері) тоқтаусыз жүріп жатыр. Жол-жөнекей келесі поселкелер тексерілді.
Ташкент уезді бойынша:
а) Черняево (орыстар) 65 шаңырақ (қазіргі «Жібек жолы» ауылы-Ө.Ш.). Өте бақуат тұрады. Мектеп пен ғибадат үйі бір қоғамдық ғимаратта орналасқан. Шаруалар ескі почта стансасын ғибадат үйі үшін беруді сұранды.
Шығындар кітабы ойдағыдай
б) Константиновское (немістер) 24 шаңырақ (қазіргі Дербісек). Өте бақуат тұрады. Мектеп үйінің жағдайы өте жоғары. Ғибадат үйі де сондай. Іс жүргізу мен қаржы кітаптары өте жақсы жүргізілген.
в) Ақжар (немістер) 100 шаңырақ.
Жер өңдеу министрлігінен
г) Жері (джери?) (молокандар) (Жери –қазіргі Қазығұрт ауылы болуы мүмкін, молокандар –христиан-протестанттық діни ағым өкілдері- Ө.Ш.) 80 шаңырақ. Енді ғана орналасып жатыр, бірақ шаруалары мығым. Келес өзенінен өз қаржыларына 6 шақырым арық тартуға рұқсат сұрады. Мәселе жазбаша өтініш берілгеннен кейін қаралатын болады.
Информация о работе Ресей империясының Оңтүстік Қазақстанды отарлауы немесе қазақ қалай өзгерді