Орыс мәдениеті дамуының жағдайлары мен ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 14:15, реферат

Краткое описание

XVIII ғ орыс мәдениеті ежелгі орыс және орта ғасыр мәдениетінен принцип жағынан ерекше салалық жаңа белгілерге ие болды. Ол, әрине, дамудың оның алдындағы кезеңдерінің табыстарына, тәжірибесіне, дәстүрлеріне сүйенеді, оиларды ілгері дамытып, байытады. Бірақ оның сипатын, бағытын, формаларын және даму дәрежесін бұл дәстүрлер емес, XVIII ғ. екінші жартысында қалыптаса бастаған жағдайлар мен ерекшеліктер анықтайды.

Файлы: 1 файл

XVIII ғ. орыс мәдениеті.docx

— 69.16 Кб (Скачать)

      М.Ф.Казаковтың  тағдыры  неғұрлым бақытты болды. Ол Баженовпен бірге Ухтомскийден оқып және ұзақ уақыт Баженовтың көмекшісі болып істеді. М.Ф.Казаков (1738 – 1813ж) Москвада көптеген қоғамдық уйлер мен помещик уйлерін салды, олардың ішінде күні бүгінде астананың көшелерін сәүлелендіретін: Кремльдегі сенат уйі(қазір СССР Үкімет уйі), Москва университеті, князь Долгоруков – Крымскийдің уйі(қазіргі улкейтіліп тұрғызылған, тамаша колонналық залы сақталып қалған Одақ уйі), князь Голициннің уйі(қазір I қалалық аурухана), Петрдің сарайы(қазір Н.Е.Жуковский атындағы академия) т.б.

     Петербург   архитектурасында классицизм И.Е.Старов (Таврия сарайы, Александр – Невский лаврының соборы), Н.А.Львов (Петропавл қамалының қақпасы, Державин үйі) творчествосында бейнеленді. Петербургтің өзінде де, оның төңірегінде де бірқатар тамаша ғимараттарды Ресейде бүкіл өмір бойы дерлік жұмыс істеген шетел архитекторлары салды: Д.Кваренеги (Ғылым академиясы,Ассигнация банкі, Смольный институты, қалалық аурухана, Царское селодағы Александр сарайы т.б.), Ч.Камерон (Камеронов галереясы, Царское селодағы (қазіргі Пушкин қаласы) Екатерина сарайының интерьері, Павел сарайы).

     Классицизм  архитектурасы усадьбалардың түріне  орасан зор ықпал жасады. Олардың  ішіне шіркеу, мавзолей, беседка,  қақпа жасауға Баженовов,Казаков,  Старов, Львов және басқа көрнекті  архитекторлар қатысты. Бірақ  олардың көпшілігін практикадан  көріп білген ғана емес, сонымен  қатар үлкен талант иесі крепостной  шеберлер жасаған. Кусковада, Останкинода істеген А.Ф.Мироновты, Д.С және П.И.Аргуновтарды, Г.Дикушинді, Москвада Демидов сарайын салған крепостной Ситниковты  және көптеген басқаларын айтсақта жеткілікті. Оның бер жағында, егер классицизмнің тас уйлер архитектурасы  усадьбалар архитектурасына орасан зор ықпалын тигізсе,

«ағаш классицизмі» таста  істеген орыс архитекторларының  творчествосын байытты.

 

 

                                      Сурет өнері

 

       Мұның бағыты жоғарыда айтылғандай жалпы жағдайы мен талабына, сондай – ақ архитектураның сипаты мен уйдің салыну қажеттілігімен белгіленеді. XVIII ғ.шонжарларының ішінен Репиннің «Бурлактар», Перовтың «Оразалық крест жорығы» деген еңбегін немесе Федотовтың суреттерін  сатып алушыларды табу қиын. Ал бұл суреттерді Сенаттың, император сарайының, Шереметев немесе Юсупов уйлерінің салтанатты сәнді бұйымдар ілінетін қабырғаларынан табу одан да қиын. Үйдің арнайы салынуы, оның архитектуралық  тұлғасы және қожаларының мүддесі басқа: мифтік және тарихи тақырыптардағы суреттерді, сәндік портреттерді талап ететін.

     Біріншілері  А.П.Лосенко  мен Г.И.Угрюмовтың  творчествосымен жасалған. С.Ф.Щедрин  мен Ф.Я.Алексеевтің шығармалары  мен станокты сурет өнерінің  пейзаждық  бастамасы болды,  бұлардың соңғысы қаланың пейзажына үлкен көңіл аударады және оның картиналары XVIII ғасырдағы Москва мен Петербург тұлғкасын көз алдымызға айқын елестетеді. Е.П.Чемесов пен Г.И.Скородумовтың творчествосында орыс гравюрасы жоғары дәрежеге жетті.

    Ал XVIII ғ. сурет өнеріндегі басты орынды даусыз портрет алды. Кезектегі императордың және оның ата – бабаларының портреттері өз үйінің, қонақ үйінің, сарайының, усадьбаларының негізгі бөлмелерін сәндендірді. Бұлай етіп қою портреттің сәндік сипатын белгіледі. Суретші белгіленген адамның шонжарлық дәрежесін, байлығын, лауазымын көрсетуге тиісті болды. Бұл жағдайларда мундирлерді, ордендерді, орден ленталарын, париктерді, сақина – жүзіктерді  және басқа жиҺаздарды  көрсету үлкен маңызға ие болды. Сәндік портреттің тамаша үлгісі В.Л.Боровиковский  салған князь Куракиннің портреті. Тосыннан қарағанда біз тіпті Куракиннің кескінін де тани алмай қаламыз. Сенің көзіңе түсетіні орыс және шетел ордендері, жұлдыздары, брилианттарымен малынған, көгілдір, қызыл орден ленталары. Портретте бейнеленген император Павел бюсті Куракиннен шамалы жоғары. Демек Куракин мемлекеттегі екінші адам, яғни сенаттың генерал – прокуроры.

     Сәндік портреттің  белгілері XVIII ғ. суретшілерінің шығармаларында императордың, патша сановниктерінің немесе аристократтардың портреттерін жасап жатқан кездерінде ғана көрінбейді. Кейде ол жанрға тура келмейтін обьектілер де,айталық М.В.Ломоносовтың немесе шаруа қызының портретінде де көрініп қалады. Алтын жіппен кестеленген тамаша қызыл мақпал пешпет – академиктің парадтық мундирі. Глобус, миералдардың шақпақ  бөлшектері, математика мен физика, инструменттер – ғалымның атрибуты. «Ода» деген сөз жазылған бір табақ қағаз – біздің алдымызда ақын тұрғанын білдіреді. Терезеден мозайка фабрикасы көрініп тұр – Ломоносов бұл кезде «Полтава шайқасының» мозайкалық суретін салып жатқан. Өзінің әдемілігімен, үріп ауызға салғандай жап – жас сұлулығымен көрген жанды баурап алатын жас шаруа қызы Радищевтің «Саяхатындағы» Анютаны еріксіз есіңе түсіреді. Бірақ крепостной суретші Аргуновтың бұл портретінен адамды қажытатын ауыр еңбекті, крепостной шаруа әйелдің адам төзгісіз халін көрсетуді іздесеңіз де таппайсыз. Алайда сәндік портрет жанрында істеген сәнді киімдердің, мундирлердің әдемілігін, жібектің, атластың төгілүін, ордендердің, сән – салтанат заттарының,париктердің, ленталардың жалтыраған түрін асқан шеберлікпен тамаша көрсеткен XVIII ғасырдағы орыс суретшілерінің таланты мен шеберлігі оларға, әсіресе әйел портреттерінде, жанрдың заңдарына қарамастан, бейнеленген адамдардың жеке ерекшеліктерімен мінез құлқын да көрсетуге мүмкіндік береді. Мұны бастаған Петр заманындағы асқан талантты суретші Никитин болды, ол “Напольный гетманы” мен “Өлім үстіндегі I Петрдің” терең психологиялық портреттерін жасады. Крепостной суретші Ф.С.Рокотовтың көптеген портреттерінде (жазушы В.Майковтың, Новосильцеваның, Суровцеваның т.б.) адам жүзінің биязы нәзіктігін тамаша шеберлікпен бейнелейді.

     Тамаша сәндік портреттердің авторы В.Г.Лявицкий бірнеше портреттерінде адамның мәнділігін, адамның ішкі дүниесін көрсетуге тырысады, бұл әсіресе суретші салған адамның шығу тегі мен шеніне қарай белгіленбейтін кезде жақсы көрсетілген. Ағартушы Н.И.Новиковтың  әкесінің, философ Д.Дидроның т.б портреттері осылай салынған. Бір совет өнертану шеберінің айтуынша «Ломоносов дүниені ,ғылымның ақыл – ойымен білсе, Державин ақынның жүрегімен түсініп таңданса, Левицкий дүниені суретшінің көзімен көріп қуанады».

     XVIII ғасырда  портреттік сурет өнерінде Левицкийдің  шәкірті В.Л.Боровиковский  көрнекті  орын алды. Бірақ оның еңбектерінде  классицизм ережелері сентиментализммен  араласып кетіп, олардың күшті  де осал жақтарын тудырып отырды. Оның бірқатар портреттерінен, әсіресе  икона жасағанда, тым биязы,  мәнерлі өрнектеліп, штамп пайдаланғандығы  байқалады. 

     XVIII ғ. жанрлық  сурет өнерінің тек алдыңғы  қадамдарын ғана жасайды, ал  М.Шибановтың картиналары «Шаруаның  түскі тамағы» мен «Келісімде» шаруалардың өмірін көрсету басталады. Ауыр еңбек титығына жеткен адамдардың келбетін суретші И.А.Еременов өз суреттерінде бейнеледі. Бұл орыстың XIX ғасырдағы көрнекті жанрлық реалистік суреттеуінің алғаш туа бастағаны еді.

 

                                                Скульптура

 

       XVIII ғасырдың бірінші жартысында скульптура міндеті фасад декорына статуялар және сарай мен усадьба парк статуяларын жасаумен ғана тынатын. Ғасырдың екінші жартысында классицизм әдістеріне негізделген монументалды скульптура өріс ала бастады. Бұл Ресейдегі алғашқы ескерткіштерде Э.М.Козловскийдің А.В.Суворовқа арналған жұмыстарында және Петергов фонтандарына жасалған Самсон статуясына, Минин мен Пожарскийге жасалған ескерткішінде, И.П.Мартос еңбектерінде, оның зиратқа қойылатын ескерткіштерінде айрықша көрсетілген. Бұл шығармалардың композициясы, адам денесін, киімін, қару – жарағын суреттеу әдістері, олардың символы Антик және Қайта өрлеу дәүірі заңдарына тән.

     Ғасырдың екінші  жартысында мүсіндік портрет  бірден – бірге  улкен маңыз  алды да, оған сәндік сурет  өнерінің портреттік белгілері  тән болады. Мүсін портретінің  дамуында Ломоносовтың жерлесі,  Холмогор шаруасының баласы Ф.И.Шубин  (1740 - 1805) аса көрнекті рөл атқарады. Ол мүсіндік портреттердің нәзікте   шеберлігі жағынан адам таңданар  әдісін, бейненің жан – жақты  ашылуы жағынан керемет бүтін  бір галереясын жасады. Сондықтан  оның бірқатар «сәндік портреттері»  - А.А.Безбородко, полицмейстер Чудков  және әсіресе өзінің қажырлығы  мен  батылдығы жағынан адамды таңдандыратын I Павел портреті – салынып отырған иесіне деген сатира мен әшкерелеудің тамаша үлгісі деп танылды. Ол Левицкий сияқты діни адамның портретін жасауға мүмкіншілік алған кезде ол сәндік портрет шеберінен шығып кетіп отырды. Сөйтіп, ол халықтан шыққан ақылды да, батыл өжет адамның бейнесі Ломоносовтың бюстін жасады.

            

                                      Театр және музыка

 

        Өнердің бұл салаларында алға қарай едәүір зор қадам жасалса да, қол жеткен табыстар шамалы болды. Орыс театры мен музыкасы еуропалық өнерде пәлендей көрнекті орын алып үлгерген жоқ еді. Бұл жөніндегі елеулі бір уақиға Ф.В.Волковтың 1750 жылы Ярославльде  өзі құрған группасының негізінде 1756 жылы ашылған маман жұртшылық театры болды. Мұнан кейін Москва университеті мен шляхта корпусының жанында шала маман театрлары ашылды, одан кейін крепостниктік  театрлар кең өріс алып, дамыды. Мұнан бірқатар ірі артистер шығады. Олардың ішінде ең атағы шыққан артистка граф Шереметевтің крепостнойы П.И.Жемчугова – Ковалева болды. Крепостной суретшілердің, артистердің және музыканттардың тағдыры шынында да адам жаны ашырлық еді, өйткені оларды помещиктер балағаттап, масқаралаумен болды.

      Алайда  үнемі қолайлы жағдай бола  бермесе де XVIII ғасырдың театры  бірқатар ірі – ірі артистер  шығарды, алғашқы театрлық дәстүр  жасалды, Ломоносовтың, Сумароковтың, Капинстің, әсіресе Фонвизин мен  Крыловтың шығармалары арқасында  орыс драматургиясының негізін  қалады. Бұл  XIX ғасырда орыстың  реалистік театрына негіз салды. 

    XVIII ғасырда орыстың  симфониялық музыкасын туғызуға алғашқы қадамдар енді, алғащқы опералар жасалы, бірақ олардың партитурасының көпшілігі біздің кезімізге жеткен жоқ. Фоминнің «Сиқыршы – тиірменші, алдамшы және құда» және М.Матинскийдің «Санкт – Петербург қонақ үйі» деген операларда халық әндері, орыс музыкасының өзіндік белгілері айқын көрініп тұрды. Бұл белгілер талантты композитор және скрипкада ойнаушы И.Е.Хандошкиннің шығармаларын және XVIII ғасырдан басқа орыс шығармаларына тән бнлгілер. Бұл кезде романстардың, халық әндерінің, камералық музыкалардың симфониялық орындаушылардың, батысевропалық композиторлар шығармаларының алғашықы жинақтары басылып шыға бастады.  

     

 

   


Информация о работе Орыс мәдениеті дамуының жағдайлары мен ерекшеліктері