Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 14:15, реферат
XVIII ғ орыс мәдениеті ежелгі орыс және орта ғасыр мәдениетінен принцип жағынан ерекше салалық жаңа белгілерге ие болды. Ол, әрине, дамудың оның алдындағы кезеңдерінің табыстарына, тәжірибесіне, дәстүрлеріне сүйенеді, оиларды ілгері дамытып, байытады. Бірақ оның сипатын, бағытын, формаларын және даму дәрежесін бұл дәстүрлер емес, XVIII ғ. екінші жартысында қалыптаса бастаған жағдайлар мен ерекшеліктер анықтайды.
Сондықтан ғылымдарды дасау ісі академиядан сырт жерлерде неғұрлым ойдағыдай жүргізілді. Академия құрылмастан бұрын I Петрдің өзі көмектесүімен «Свейск соғыс тарихы» жазылады, бірақ оны тарихшы М.М.Щербаков тек XVIIIғ.аяқ кезінде бастырып шығарады. Вице – канцлер П.П.Шафиров жазған «Свейс соғысының себептері тұралы пікірлер» деген еңбек 1717 ж.шықты. Бұл кітапты I Петр редакциялап қана қойған жоқ, сонымен қатар, оған «оқырманға қорытынды» жазды. «Пікірлерде» Балтық жағалауына Ресейдің тарихи праволары бар екендігі қаралады, соғыстың созылып кетуіне Швецияның агрессиялық саясатының себеп болғаны дәлелденеді, Балтық үшін соғыстың жеңіспен аяқталу қажеттігін түсінбегендермен айтыс тұғызады.
Бірінші ірі дворяндық тарихшы В.Н.Татищев (1686 – 1750ж) бес томдық «Ресей тарихы» деген еңбегін бастайды, бұл үш он жылдыққа созылады. XV – XVI ғ. жылнама жинақтарының дәстүрлерін жалғастыра отырып, ол жылнамаларды, оның ішінде бізге жетпеген жылнамаларды өңдеп, бір ізге салады, көптеген жаңа деректерді пайдаланады. В.Н.Татищев жылнамалар мәліметтерін, заң шығару естеліктерін, т.б. тексеріп, салыстыру жөнінде орасан көп жұмыс атқарды және деректерге сын көзімен қараудың бастамасын жасады. Бірақ норманшылдардың пікірлерінен қашық жатқан және обьективтік түрде оған қарсы «Тарихты» ғылым академиясы қолдамады, сөйтіп оны автогры өлген соң ширек ғасырдан кейін ғана Москва университетінің баспасы басып шығарды. Татищевтің тағы бір атқарған қызметі ол «Русская правданы» және Иван Грозныйдың «Судебнигін» баспаға дайындады.
XVIII ғ. тарихи деректерді жариялау жөнінде Татищев бастаған жұмысты жылнамаларды басып шығаруға кіріскен С.Башилов пен «Ежелгі Ресейлік Вивлиофиканың» 20 томын бастырып шығарған Н.И.Новиков одан ары жалғастырды, бұл 20 томда ұлы және үделдік князьдардың, діни және келісім грамоталары синодиктері, елшілік кітаптары және көптеген басқа деректер жарияланды.
Аса сүйсінерлік бір жай XVIII ғасырдың аяғында екі бір үлкен еңбектің жарық көруі: «Россияның данышпан қайта құрушысы Ұлы Петрдің қызметі» деген курск көпесі И.И.Голиков басып шығарған 30 томдық еңбекпен жазушы, этнограф, тарихшы және экономист М.Д.Чулковтың «Россия комерциясының тарихи баяндалуы» деген еңбегі. Чулковтың еңбегі көбінесе «баяндалу» емес, орыс саудасы мен өнеркәсібінің тарихының жағдайы мен дамуы туралы әр - түрлі документтердің жинағы болатын.
Ғасырдың екінші
жартысында неғурлым ірі
Негізін Ломоносов
салған материалистік
Ресейдегі ғылыми
мерзімдік баспа орындары/ мен
алғашқы ғылыми қоғамдардың
Ресейдің алғашқы музейлері де XVIII ғ.ашылды. Бұған бастама болған петровтық Кунсткамера мен бүкіл елден ескі қолжазбаларды, кітаптарды, монеталарды, адам мен айуан суйектерін, тастарды, «тастарда, темірде, немесе мыста жазылған қолжазбаларды ..... ескі не қазір адам көрмеген мылтықтарды, ыдыстарды және басқа барлық аса ескі және адам көрмегендердің бәрін» жинау тұралы Петр указдары болды.
Техниканы дамуы мен жағдайына сол кездің әлеуметтік – экономикалық және саяси қайшылықтары өте – мөте күшті әсер етті. Елдің экономикалық дамуының керексінулері, ірі мануфактураның құрылуы, ғылымның дамуы техникалық творчество мен техниканың дамуы үшін пәрменді стимул жасады. Бірақ та ауыл шаруашылығында крепостниктіктің толық үстемдік етуі, мануфактураның крепостниктік сипаты, қалыптасып келе жатқан капиталистік укладтың әлсіздігі техникалық творчествоны барынша тежеумен болды, техникалық ашуларды, өнертапқыштарды, жаңалықтарды кеңінен қолдануға кедергі жасады.
Өзінің жұмысын I Петрдің токарьлық шеберханасынан бастаған А.К.Нартов (1756 ж. қайтыс болды) артиллерияда көп жемісті жұмыс істейді, зеңбіректің стволын бұрғылау үшін станоктар жасайды, зеңбірек құюдың жаңа әдісін ұсынады, стволды қажетті бұрышқа көтеруге мүмкіндік беретін, көтеріп шығару механизмін ойлап табады, монета құю үшін өзі жасаған соңы станокты қолданудың әдісін табады. Ал токарьлық оның ішінде копировальдық станоктардың, дүние жүзінде тұңғыш рет механикалық суппортпен жабдықталған станоктардың бүтін бір сериясы өнеркәсіпте қолданылмай қалды. Ал нақ механикалық суппорттың жасалуы техникада жаңа эра ашты, өйткені ол қол станогын машинаға айналдырды.
Алтайдың тау
– кен зауыттарында істеген
солдат баласы И.П.Ползунов (1730 –
1766ж) алғаш бу машинасының
Төменгі Новгородтан
шыққан, ұсақ саудагердің баласы,
өз бетімен оқып уйренген И.П.
XVIII ғ. басқа да
ірі өнертапқыштар және
В.Генин мен
В.Н.Татищевтің тау – кен техникасына,
металлургияға және
Қоғамдық – саяси ой - пікірлер
Елдің әлеуметтік – экономикалық және саяси өміріндегі елеулі өзгерістер XVIII ғ. өзінің негізі жағынан да, мазмұны жағынан да жаңа қоғамдық – саяси ой – пікір қалыптасады. Мұнда XVIII ғ. екі бағыт бірден – бірге айқындала түсті: консервативтік, қорғаушылық және прогресстік, ағартушылық бағыттар.
Бұлардың біріншісінің
суйенетін позициясы
Ресейде XVIII ғасырдың орта кезінен бастап қалыптасқан екінші бағыт өзінің мазмұны жағынан ағартушылық бағыт және ол Батыс Европа мен Солтүстік Америкада ағартушылықтың қалыптасу процесінің құрамды бір бөлігі болды. Ағартушылықтың ерекшелігі – антифеодалдық бағытта болуы. Буржуазиның және дамып келе жатқан капиталистік қатынастардың мүдделері мен талаптарын көксей отырып, ағартушылар табиғи право теориясына суйенді, ол жаратылыстан адамдардың бәрі еркін және бірімен – бірі тең, олардың бәрі де бірдей праволармен және меншік правосы мен пайдалануға тиіс. Феодалдық – абсолюттік құрылысты, оның крепостниктік правосымен, крнпостниктік мекемелерімен, сословиелік праволары мен артықшылықтары мен бірге ағартушылар табиғи праволарды дөрекі бұзу деп қарайды, өз заманында өмір сурген қоғамдық заңдарды, моральды, дінді рационализм позициясынан бағалай отырып, олардың «ақылға сыйымсыздығын», олардың халыққа қарсы екендігін, табиғи правоға қайшы сипатын көрсетеді. Осының бәрі, деп атап көрсетеді Ф.Энгельс, XVIII ғ. ағартушылығын буржуазиялық революцияның идеологиясына дайындады.
Бірақ ағартушылар
табиғаттағы процесстерді
Ресейде XVIII ғ. неғұрлым дөрекі және ауыр формада болған крепостниктік өзінің үстемдігін сақтап қана қалған жоқ, сонымен қатар жаңа территориялар мен халықтың жаңа категорияларына таратыла берді. Каприталистік қарым – қатынас өте әлсіз болды, ал көпестер буржуазия табы емес, феодалдық қоғамның сословиесі болып қалды. Бұл жағдай орыс ағартушыларын крепостниктік және оның елдің дамуына негізгі кедергіге айналған салдарын бірден –бір қирата сынады. Ағартушылар шаруалар міндеткерлігін заңдандыруды, помещиктердің озбырлығына тыйым салуды, шаруалардың жеке бас және мүлік праволарын кеңетуді талап етті. Ағартушылардың талаптары мен практикалық ұсыныстарының жүзеге асырылуы капиталистік қатынастардың неғұрлым тезірек дамуына, крепостниктіктің елеулі түрде жұмсаруына және оның ықпал ету сферасының шектелуіне мүмкіндік туғызған болар еді. Сойтіп ағартушылар крепостниктіктің жойылуына жан тәнімен ынталы шаруалардың мүдделерін көксеусіге обьективтік түрде айналды.
Әрине, ағартушылық бұл айтылған белгілері бірден айқын көріне қойған жоқ. Самодержавиенің таптық жаратылысына түсіне алмай, олар жоғарыдан реформа болады деп күтті, «мәдениеттенген монарх» жөніндегі қиялдарынан арыла алмады, бұл жөнінде француз ағартушыларына да, «жақсы патша» дейтін мұжықтық сенімге де қосылды. Тағы бір еске алатын нәрсе – елде революциялық тап және революциялық қозғалыс болмай тұрған, «мәдениеттенген абсолютизм» жағдайында қалыптасқан ертеректегі орыс ағартушылары дворяндар идеологтармен толық ажырасып кете алмады. Осының нәтижесінде қоғамдық саяси ой – пікірдің жеке өкілдерінің іс – әрекетінде бұл екі бағыттың элементтері адамды таңдандырғандай араласып отырды, олардың практикалық ұсыныстары мен қорытындылары өздерінің негізге алған теориялық ережелерімен көріне көзге қайшы келіп отырады.
Ресейде ағартушылқтың
тууы М.В.Ломоносовтың
Бұл барлық
бағыттарда да етек алып, өршіген
сын 60 – шы жылдардың аяғында
еркін экономикалық қоғам
Информация о работе Орыс мәдениеті дамуының жағдайлары мен ерекшеліктері