Орыс мәдениеті дамуының жағдайлары мен ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 14:15, реферат

Краткое описание

XVIII ғ орыс мәдениеті ежелгі орыс және орта ғасыр мәдениетінен принцип жағынан ерекше салалық жаңа белгілерге ие болды. Ол, әрине, дамудың оның алдындағы кезеңдерінің табыстарына, тәжірибесіне, дәстүрлеріне сүйенеді, оиларды ілгері дамытып, байытады. Бірақ оның сипатын, бағытын, формаларын және даму дәрежесін бұл дәстүрлер емес, XVIII ғ. екінші жартысында қалыптаса бастаған жағдайлар мен ерекшеліктер анықтайды.

Файлы: 1 файл

XVIII ғ. орыс мәдениеті.docx

— 69.16 Кб (Скачать)

     Москва университетінде   ғылымдардың бәрі де тұңғыш  рет орыс тілінде жүргізілді. Дүние жүзінің барлық университеттерінен  бір айырмашылығы – онда дін  ілімі  факультеті болған жоқ  және  XIX ғасырдың бірінші ширегіне  дейін дін ілімі сабағы тіпті   жүргізілмеді.  Бұл фактінің маңызы  зор.  Біріншіден, бұл орыстың  озат материалистік  ғылымының дамуына жол ашады, екіншіден,  Москва университетінің мұндай құрылымы  Ресейде XIX ғ. ашылған университеттерге үлгі болды.  Салыстыру үшін көрсетейік: XVIII ғ. дүние жүзінің барлық университеттерінде   басты факультет дін ілімі факультеті болып есептелді және күні бүгінге дейін шетел университетінің бәрінде дерлік дін ілімі бар.

      Университет  жұмысының алғашқы күндерінен  бастап  онда физика, химия лабораториялары,  минерология және басқа кабинеттер  болды, бұлар  қалыпты ғылыми  және оқу жұмысын жүргізу мүмкіншілігін   қамтамасыз етті, «барлық оқу  сүйгіштер үшін» ашық, бай, ежелггі  орыс қолжазбалары жиылған кітапхана  болды. Ерекше маңызды бір жағдай: университеттің жанында Москвада  тұңғыш азаматтық типография  ашылды, ол ғылыми, оқу, көркем  әдебиет кітаптарын кеңінен басып шығарып отырды. 1756 жылы университет  Москвада тұңғыш «Московские ведомости» газетін шығара бастады, ал одан кейін журналдар шығаруға кірісті.  Университет білімді жұртшылыққа жеткізуге  ұмтыла отырып, үнемі ашық лекциялар ұйымдастырды, ал 70 – ші жылдары университет жанынан, елде тұңғыш рет ғылыми әдеби қоғам ашылады. Университеттік гимназияның жұмысы кең құлаш жайып,  улкен маңыз алады, мұнда ғасырдың аяғында бір мыңнан астам гимназистер оқыды  және университеттің ерекше филиалы ретінде Қазанда гимназия ашылды. Москвада суретшілер академиясы мен профессионалдық театрдың ашылуы Москва университеті жұмысының алғашқы он жылдығымен байланысты  болды.  Мұның біріншісі университеттік гимназияның суретшілер класынан өсіп шықты, ал екіншісіне студенттік, біздің осы күні  айтатынымыздай өз күштерімен ұйымдастырылған театр  бастама болды.

       Ломоносовтың  университетте істейтін  шәкірттері  мен ізбасарлары оның патриоттық  және материалистік идеяларын  қорғап, ілгері дамытты. Ғылымның  дамуына едәуір улкен үлес  қосты. Үлгі боларлық бір жайт, олардың бәрі дерлік, артықшылығы  жоқ сословиелерден шыққан, ал  студенттердің арасында да дворяндары тіпті азшылық еді. Міне, осының бәрі Москва университетін XVIII ғ. орыс ағарту ісінің басты орталығына, орыстың ұлттық ғылымы мен мәдениетінің аса маңызды орталығына айналдырды.

 

 

                      Басты және шағын халықтық училищелер

 

        Тек мектептің ашылуы жалпы ұлттық мүдделерді де, дворяндық мемлекеттік өзінің керекін де қамтамасыз ете алмайтыны XVIII ғ. аяқ кезінде бірден – бірге айқындала береді. Сондықтан 80 – жылдары жалпы білім беретін мектептер ашыла бастайды. Әрбір губерниялық қалада бір төрт класстық Басты халықтық училищенің ашылуы, ал уездік қалада – бір екі класстық шағын халықтық училище ашылуы белгіленеді. XIX ғ. бас кезінде осындай 288 училище ашылады, оларда 22 мыңнан аз – ақ асатын оқушылар оқиды. Бұл шаралардың маңызы және прогрестік іс екендікі өзінен – өзі айқын,бірақ мұны артық бағалап жібермеу керек. Училищелер қалаларда ғана құрылды, XIX ғасырдың бас кезінде уездердің жартысында училище ашылған жоқ. Жарты милионнан астам халқы бар губернияда орта есеппен алғанда 5 қана мектептен және 500 – ден кемірек оқушы болды. Барлық губерниялар мен уездердегі халықтық мектептердің шығынына бір Смольныйдағы Игі қыздар институтына бөлінген қаржыдан кем қаржы берілді.

                                                               Оқулықтар

  

        Елде светтік арнаулы, ал одан кейін жалпы білім беретін және жоғары білім беретін мектептер жүйесінің құрылуы барлық осы мектептер үшін орыс оқулықтарын жасау жасау міндетін алға қойды. Айта кететін бір жайт, оқулықтар авторларының алдында орыс ғылым терминологиясын жасап, жетілдіру жөнінде аса қиын міндет тұрды.

       XVIII ғ.бас  кезінде – ақ (1703ж.) Л.Магницкийдің  атақты «Арифметикасы» шығады, бұл  ол кезде математика, геодезия, астрономия, суға жүзу жөніндегі білімдердің  нағыз энциклопедиясы болды. Магницкийдің  «Арифметикасында » славян жазуының  цифрын бьурынғы әріппен белгілеудің  орнына араб цифрлары бірінші  рет қолданылды. Феофан Прокопович  жазған «Жас өспірімдерге алғашқы  білім» кең тарады, бұл бастауыш  оқуға пайдаланылды. Физика, металлургия,  риторика, тарих жөніндегі таңдаулы оқулықтардың бүтін бір сериясын М.В.Ломоносов жасады. Ал ол жасаған орыс тілінің бірінші грамматикасы өзінің орасан зор ғылыми маңызы жағынан да, орыс мәдениетінің дамуына жасаған ықпалы жағынан да ерекше орын алады. Математикадан Д.С.Аничков, геогафиядан Х.А.Чеботарев, Ломоносовтың жиені профессор М.Головин математика мен физикадан, академик В.Ф.Зуев табиғат танудан,  академик Л.Эйлор жлғары математика мен механикадан т.б қазіргі заманғы ғылым дәрежесіне де сай келетін, жоғары методикалық қабілеті бар тамаша оқулықтар жасайды.

 

                                                  Ғылым 

 

        Елдің өмірінде XVIII ғасырдың бірінші ширегінде болған аса маңызды өзгерістердің заңды қорытындысы 1725 ж. Петербург Ғылым академиясының ашқан жаңалығы болды, бұл академия екі он жылдықтан кейін-ақ дүние жүзіндегі басқа академиялардың ішінде көрнекті орын алды. Бұл кезде онда бүкіл әлемге белгілі Л. Эйлер және Д. Бернулли сияқты ғалымдар істеді.

 

                                  Академия Экспедициялары

 

           20-50-жылдары Академия жүзеге асырған, өрісі жағынан да, маңызы жағынан да орасан зор Ұлы солтүстік экспедиция аса маңызды болды. С. Г. Малыгин, Д. Я. Және Х. П. Лаптевтер, В. Прончищев және т. б. Зерттеушілер бастаған отрядтар Солтүстік Мұзды мұхиттың жағасын Архангельскіден Чукоткаға дейін зерттеді, ал В. Беринг пен А. И. Чириковтың экспедициясы Азияның солтүстік-шығысы мен Американың солтүстік-батысын зерттеді. С. П. Крашечников Камчатканы жан-жақты зерттеп, суреттеп жазды. Академияның Сибирь отрядтары Сибирьдің территориясы, табиғаты, климаты, өзендері, пайдалы қазбалары, халқы, оның кәсіптері, тұрмысы, сауда жағдайлары, тарихы туралы орасан зор материал жинады. Міндеттері, жұмыстарының көлемі және алған нәтижелері жағынан бұл экспедициялар дүние жүзілік ғылым тарихында аса көрнекті орын алады. 60-80-жылдары бұл жұмысты И. И. Лепехиннің, П. С. Палластың, В. Ф. Зуевтің және басқалардың академиялық экспедициялары онан әры жүргізді, олар елдің Европалық бөлігін, Солтүстік, Поволжьені, Приуральені, Уралды, Оңтүстік Сибирьді, Солтүстік Кавказды, оңтүстікті қамтып,орасан зор әрі сан алуан материал жинады.

          Елдің және оның жеке аудандарының  картасын жасау жөніндегі жұмыстар  осы экспедициялармен тығыз байланысты  болды. Бұл жұмыс ғасырдың бірінші  ширегінде-ақ басталды, сөйтіп алдыңғылардың  бірі болып Каспий теңізінің  картасы жасалды. Ал 1731 ж. бірінші  орыс географиялық атласы жарыққа шықты, мұны И. Кириллов басып шығарды. Орыс картографиясында ғана емес, дүние жүзілік картографияда болған ірі оқиға 1745 ж. «Россия атласының» басылып шығуы еді.      

 

 

                                           М. В. Ломоносов

 

      Орыстың ұлттық ғылымының орнығып дамуында Михайл Васильевич Ломоносов (1711 – 1765жж) ерекше роль атқарды. Архангельск  балықшысының баласы, ол толып жатқан кедергілерден өтіп, Славян – грек – латын академиясына кіреді, мұнан соң Ғылым академиясында аз уақыт болғаннан кейін неміс университетінде  төрт жыл оқыды. Ресейге қайтып келген соң ол Академияда жұмыс істей бастайды, онда оған академияның реакцияшыл топтарымен, шетелдік «ғылым дүниелерімен» үздіксіз курес жургізуге тура келеді, олар орыс ғылымы мен мәдениетін жетілдіру үшін әрекеттеніп жүргендер емес еді.

    Ломоносовтың  ғылыми қызметі адам таң қалғандай  сан алуан болып келеді. Оның  айналысып шұғылданбаған ғылымын  атап көрсетудің өзі қиынға  соғады, олардың әрқайсысында да  оның зерттеулері бір тұтас  дәүір деуге болады, оның байқаулары, ашқан жаңалықтары, өз заманындағы  ғылымда тым аз болатын. 

     Ол  Ресейде  тұңғыш химия лабораториясын  жасады, табиғатта даму идеясының  жалынды күрескері болды, материя  мен қозғалыстың сақталу заңын  ашты, мұны ол «табиғаттың жалпылама заңы» деп сипаттады. Ломоносов орыс ғылымы мен философисына материалистік дәстүрдің негізін қалаушы болды. Оның ғылыми қызметінде ғылым мен практиканы тығыз байланыстыруға тырысуы ерекше байқалды, мұны әсіресе физика, химия, геология, минералогия, металлургия жөніндегі жұмыстарынан айқын көруге болады. Оның лабораторияларындағы химия тәжірибелерін мозайка фабрикасын салумен қатар жүргізуі тектен – тек емес еді.

    Оның металлургтя  жөнінде жазған оқулығының орасан  зор практикалық маңызы зор.  Ломоносовтың геология мен минералогия  жөніндегі жұмыстары пайдалы  қазбалардың шығу тегі проблемаларын  ғылыми жолмен шешудің оларға  барлау жасап, өндірудің бастамасы  болды. Оның астрономия жөніндегі  еңбектері  Венерадағы атмосфераны  ашумен әйгілі. Метеорология жөніндегі   жұмыстары сияқты бұл еңбектері  де теңізде жүзумен тығыз байланысты. Метеорологиялық байқаулар жасау  үшін прибор жасап шығарады, ол  бейне қазіргі заманғы вертолет  сияқты ерекше механизмнің көмегімен  тікеден – тік көтерілетін.  Оның «түнде түнде көру трубасы», оптика жөніндегі жеке еңбектері  теңізде жүзу қажеттілігімен  байланысты болды. Ломоносовтың  ғылыми еңбектері мен көркем  әдебиет шығармалары орыстың  әдеби тілінің, ғылыми және техникалық терминологияның, көркем әдебиеттің қалыптасып, дамуында аса көрнекті орын алады. Ол Ресейде бірінші болып орыс тілінде лекциялар оқи бастады және орыс тілінің бірінші грамматикасын жасады. Ломоносов тарих саласында да көптеген жемісті жұмыстар атқарды, үлкен ғылыми маңызы бар «Ежелгі Ресей тарихын» және бірқатар  жұртшылыққа түсінікті публицистикалық   еңбектер жазады. Ол бірінші болып норман ториясына қарсы шықты, оның ғылыми жағынан дәлелсіздігін, реакцияшыл сипатын, ұлттық – саяси қарсы бағытын көрсетті.

     Ломоносов  елдің экономикалық артта қалушылығын  жоюға бағытталған бірқатар реформалар  жасаудың қажеттігін қолдады,  білім берудің сословиелік болмауын,оған  әркімнің де қолы жетуін және оның демократияландырылуын насихаттап, ғылымнің, мәдениеттің дамуы жолында, елде ағартушылықтың кеңінен тарауы жолында көп жұмыстар істеді. Оның бүкіл ғылыми, әдеби және ағартушылық қызметі жалынды патриотизмге және орыс халқының творчестволық күшіне  деген сенімге толы еді.

 

                                     Табиғат тану ғылымдары

 

     Ғылым академиясында Ломоносовпен бірге  және ол өлгеннен кейін бірқатар ірі ғалымдар: Леонард Эйлер, С.П.Крашенинников, П.С.Паллас, В.Ф.Зуев көрнекті химик және минеролог В.М.Севергин, эвоюциялық биологияның негізін қалаушылардың бірі К.В.Вольф  және ғылымның дамуына маңызды үлес қосқан басқа  ғалымдар  істеді. Орыс тілінің алғашқы түсіндірме сөздігін жасау жөніндегі жұмысқа басшылық еткен И.И.Лепехиннің қызметін ерекше атап көрсету керек.

    Медицина XVIII ғ.  өзінің дамуында үлкен табыстарға  жетті. Медиктердің ішінде медицинаны  орыс тілінде оқытуды бастаған  хирург К.И.Щепинді, орыс эпидемиологиясының  негізін салған Д.С.Самойловичті  және Москва университетінің  профессоры, балалар ауруын емдеуде  жемісті еңбек еткен және әлеуметтік  мәселелерге үлкен көңіл бөлген  С.Г.Зыбелинді атап көрсету керек. 

   Ауыл шаруашылығының  халі және оны интенсивтендіруге  ұмтылу агрономия мен топырақ  тану ісін дамытуға себеп болды.  Бұл ғылымдарды дамытуда А.Г.Болотовтың (1738 – 1833ж) көптеген еңбектерінің маңызы зор еді. Ол үш танапты қулай өсіру жүйесін алмастырудың проблемаларын зерттеді, топырақ пен өсімдіктің өзара әсері мен байланысфын атап көрсетті, арам шөптерді жіктеп берді және оларға қарсы күресудің әдісін ұсынды, орман өсіру методикасын жасады, басқа да бірқатар мәселелерді шешті. Өзінің еңбектерінде және Н.И.Новиковтың көмегімен Ресейде алғаш рет шығатын ауыл шаруашылық жұрналдарында Болотов тұқым шаруашылығына, бау –бақша шарушылығына, картоп өсіруге, ауыл шаруашылық құрал саймандарын жетілдіруге, оларды қолдануға және бірқатар басқа мәселелерге көңіл бөлді. Айта кететін бір жай, Болотовтың қаламынан улкен – улкен мемуарлар шықты, олар XVIIIғ. ортасы мен екінші жартысындағы Ресей тарихын зерттеуде нағыз маңызды деректер болып табылды.

   Агротехниканы жетілдіру,  егіншілікті жақсы жолға қою,  ауыл шаруашылық кәсіптерін дамыту, ауыл шаруашылық шикізаттарын  өңдеу, жаңа құрал – саймандар  қолдану т.б. 1765 жылы Петербургте   дворян – аристократтар тобы  құрған, II Екатерина қамқорлық жасаған Ерікті экономикалық қоғамның іс – әрекеттерімен басты орындарында көрнекті орын алды.алайда крепостниктің үстемдік етуі ауыл шаруашылығын жақсы жолға қойып, оның өнімділігін арттыруға барынша кедергі жасады.

 

                            

                                        Гуманитарлық ғылымдар

 

     Гуманитарлық ғылым неғурлым қиын жағдайда дамыды. Ғылым академиясы бұларға неғурлым аз көңіл бөлді. Оның үстіне бұл ғылымдар саласында істейтін шетел ғалымдары болатын, олар Орыс мемлекеті шығуының норман теориясын жасап, соны насихаттау ролін атқарды да, орыс тарихын, тілін, правосын, орыс мәдениетін зерттеуге кедергі жасады.

Информация о работе Орыс мәдениеті дамуының жағдайлары мен ерекшеліктері