Орыс мәдениеті дамуының жағдайлары мен ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 14:15, реферат

Краткое описание

XVIII ғ орыс мәдениеті ежелгі орыс және орта ғасыр мәдениетінен принцип жағынан ерекше салалық жаңа белгілерге ие болды. Ол, әрине, дамудың оның алдындағы кезеңдерінің табыстарына, тәжірибесіне, дәстүрлеріне сүйенеді, оиларды ілгері дамытып, байытады. Бірақ оның сипатын, бағытын, формаларын және даму дәрежесін бұл дәстүрлер емес, XVIII ғ. екінші жартысында қалыптаса бастаған жағдайлар мен ерекшеліктер анықтайды.

Файлы: 1 файл

XVIII ғ. орыс мәдениеті.docx

— 69.16 Кб (Скачать)

                                                XVIII ғ. Орыс мәдениеті 

           Орыс мәдениеті  дамуының жағдайлары  мен  ерекшеліктері 

        XVIII ғ орыс мәдениеті ежелгі орыс және орта  ғасыр мәдениетінен принцип жағынан ерекше салалық  жаңа белгілерге ие болды. Ол, әрине, дамудың оның  алдындағы  кезеңдерінің табыстарына, тәжірибесіне, дәстүрлеріне сүйенеді, оиларды ілгері дамытып, байытады. Бірақ оның сипатын, бағытын, формаларын және даму дәрежесін  бұл дәстүрлер емес, XVIII ғ. екінші жартысында қалыптаса бастаған жағдайлар  мен ерекшеліктер анықтайды.

       Феодалдық орта ғасырдың өн бойына Ф.Энгельтің берген анықтамасы бойынша, рухани өмірдің барлық сфераларында шіркеудің тежеусіз  диктатурасы сипат алды.  Мектеп пен білім беру түгелінен шіркеу қолында еді. Оларда ортағасырлық діни ілім схоластикасы үстемдік етті.  Айналадағы дүниені, табиғат құбылыстарын, адамзат қоғамының тарихын, ел өмірі  уақиғаларын  түсіндіруде ғылым діни долмалар мен концепцияларға сүйенуге, оларды растауға және дәлелдеуге  міндетті болды. Архитектураның, сурет өнерінің, скульптураның, музыканың, өнердің және басқа салаларының сипатын, формаларын, сюжеттерін, даму бағыттарын көбінесе шіркеу белгілеп беріп отырды.

        XVIII ғ. шіркеудің бұл рухани диктатурасы күйреді. Әрине, мұнан мәдениетте клерикалдық бағыт жойылып кетті, шіркеу ғылымдағы озат материалистік бағытқа қарсы философиялық, саяси және діни ойларға қарсы күресін тоқтатты деп  түсінуге тіптіде болмайды.

          Бірақ XVIII.ғ  – ақ  орыс  мәдениетінің басты, белгілеуші  бағыты светтік бағыт болады. Елде алғаш рет светтік білім  беру жүйесі құрылады. XVIII ғ. орыс  мәдениетінің  светтік сипатын жаңа азаматтық шрифтің жасалғаны, барлық оқулықтардың, ғылыми саяси, философиялық көркем әдебиет шығармалардың, мерзімді баспалардың,  осы шрифтімен басылып шығарылуы  айқын көрсетеді. Кітап басып шығарудың көлемі де сипаты да түбірімен өзгереді.  Егер бүкіл XVII  ғасырда Ресейде 300 – ден аз – ақ артық кітап шығарылса, олардың да көпшілігі  шіркеу қызметі, дін ілімі  кітаптары болса,XVIII ғ. бір  ағартушы Н.И.Новиковтың өзі бір мыңға жуық  оқулықтар, ғылыми кітаптар, көркем әдебиет шығармаларын  басып шығарды.

      Ғылыми  білімдердің көп ғасырлар бойы  қорланну процесі XVIII ғ. білімнің ғылымға айналуымен аяқталды. Ғалымдар енді табиғат құбылыстарымен процестерін, адам баласы тарихы мен өмірін діни ілім концепциялары негізінде түсіндірмейтін және  оларды құдай әмірінің  нәтижесі  деп санамайтын болды. Табиғат құбылыстарын олар материалистік, ал адамзат тарихын рационалистік позициядан  түсіндіруге тырысты.

      Бұл кезеде жаңа, сөйлеу  тілге неғурлым жақын әдеби тіл  қалыптасады, оның грамматикасы жасалады, орыстың ұлттық әдебиеті  қалыптасады.

       XVIII ғ. шіркеу архитектурасының жеке асқан шеберлігі (Смольный монастырының соборларын – архитектор Растрелли, Александро – Невский лаврасын -  Петербургте архитектор Старов, метрополит  Филиптің шіркеуін – Москва архитекторы Казаков т б) жасалды. Сондай  - ақ біз бұлардан да азаматтық архитектураның әдістерін, формаларын айқын көреміз. Рас, XVIII ғ. қала тұлғасының  архитектурасын және орыс архитектурасы дамуының дәрежесі мен бағытын олар белгілеген жоқ.

        Шіркеудің  дәстүрлі формасы – иконопись  пен фреска живописінің дамуының  негізгі бағытынан  бір бүір  алыста қалды. Ежелгі және орта  ғасырлық Русьте  іс жүзінде  болмаған  скульптура тез дами  отырып, жоғары дәрежеге жетеді.

      XVIII ғасырға дейін де орыс  мәдениеті басқа елдер мпен халықтардың мәдениетінен  қытай дуалымен бөлініп тұрған  жоқ еді, бірақ XVIII ғ. бұл байланыстардың сипатында, мазмұнында, формаларында және көлемінде сапалық өзгерістер болды. XVIII ғ. орыс мәдениетінде басқа мәдениеттердің ықпалы   күшті болу фактісі оның маңызын және өзіндік  ерекшелігін ешқашан да кемітпейді. Бұл кезде оның дамуына шетел мәдениетінің ықпалы болғанына таңдануға болмайды, шетел мәдениетін игеруге  творчестволық көзқарастың болғанына, өзінің ұлттық ерекшелігін сақтап қалғанына, орыс мәдениетінің  өркнндеу шапшаңдығына, оның XVIII ғасырда – ақ дүние жүзілік мәдениеттің алтын қазынасына үлкен үлес қосқанына таңдануға болмайды.

Ал егер мәдениеттің өркендеу қарқынының шұғыл тездетілуіне, орыс ғалымдарының, жазушыларының, ойшылдарының, суретшілерінің және архитекторларының  көрнекті табыстарына қарамастан Ресей  мәдениет  жағынан кейін қалып  қойды десек, мұның себебі – крепостниктің  үстемдіктің сақталуында еді.

          Оның  алдындағы кезеңнің қоғамдық  саяси  ой- пікірі самодержавиелік- крепостниктік құрылыс мызғымайды және  өздерінің міндеті абсолютизмнің принциптерін және оның жүзеге асырған реформаларын дәлелдеу деп санады. Бірақ XVIII ғасырдың орта шенінен бастап қалыптасып келе жатқан орыс ағартушылары крепостникті тежеп, жеңілдету керек, крепостиктік құрылысты тұтасынан алғанда сынау керек, оны жою талаптарын дұрыс қарау керек деп есептейді.

          Бұл ағартушылық идеялар ол  кездегі  орыс мәдениетінің  басқа салаларына, әсіресе әдебиет  пен  журналистикаға улкен  ықпал жасады және мәдениеттің бұл түрлерінде демократиялық, азаттық көксеуші  элементтердің қалыптаса бастауына, олардың шын мәнісінде ұлттық сипат алуына көмектеседі.

 

                        Оқу – ағарту. Ғылым мен техника 

                                         Оқу – ағарту 

         Ірі мануфактуралық  өнеркәсіптің жасалуы, бүкіл ресейлік  рынок пен сыртқы сауданың, XVIII ғасырдың бірінші ширегінде жүзеге асырылған қайта құүрылулар, тұрақты армия мен флоттың құрылуы, белсенді сыртқы саясат  сауатты адамдарға және дайындығы бар мамандарға деген ілгерілікті  кушейтті.  Оларсыз өнеркәсіппен сауда дами алмайтын болды, армия мен флот және өкімет, басқару және сот орындарының қаулап өсіп келе жатқан аппараты өздерінің қызметтерін ойдағыдай  атқара алмайтын еді. Гуманитарлық ғылымдардың, әдебиет пен өнердің  дамуын дворяндық мемлекеттің мүдделері де және  қалыптасып келе жатқан  ұлт мүдделері де керек етті.

Мұнда ел тек сауатты адамға ғана емес, нақ мамандарға мұқтаж  болды. Қолда бар мектептер бұл  міндеттерді шеше алмады, өйткені  олардың басым көпшілігі шіркеудің  қарауында болды, оларда  рухани кадрлар дайындалды, оқу ортағасырлық діни ілім схоластикасы  негізінде  жүргізілді.  Бұл белгілер мектептердің ішіндегі ең ірісі -  1687 ж. салынған Славян – грек- латын академиясына тән болды, бұл академия XVII – XVIII ғасырлар аралығында орыс әдебиетінің дамуында  маңызды рөл атқарды, ал өзгерген жағдайларда ағартушылық алдында тұрған міндеттерді шешуге мүлде жарамсыз еді.

   Мұның бәрі елде светтік арнаулы мектептердің бірінен соң бірін тұғызуға мүмкіндік тұғызды, бұлардың ішінде алғашқысы 1701 ж. Москвада Сухарева мұнарасы үйінде салынған «Математика және кемеде жүзу ғылымдарының мектебі» еді. 1707ж. алғашқы медицина мектебі, ал онан кейін тау – кен, инженер, штурман мектептері ашылады, верфьтер жанында   корабль шеберлерінің мектептері, мануфактуралар жанында қолөнер, ал  коллегиялар жанында юнкерлік мектептер ашылады.  Тұтас алғанда бірқатар қалаларда бастауыш  білім беру үшін цифрлық мектептер ашылды. Мамандарға деген мұқтаждық қандай зор болса, оларды даярлау да сондай  тығыз болды, сойтіп  Солтүстік соғыс жағдайында үкімет дворяндарды мектепте оқуға  мәжбүр етті, сонымен қатар артықшылыққа ие болмаған сословиелердің  балаларына да мектепке жол ашылды. Алайда мамандарға деген алғашқы мұқтаждық қанағаттандырылып, ашылған мектептер  нығайған соң, үкімет сословиелік  жабық оқу орындарының жүйесін құруға көшті.

 

                                       Сословиелік мектептер 

          1731 ж. армия мен флоттың офицерлерін  даярлау  үшін шляхталар (дворян) корпусы ашылады. Мұнан ол құрлық, теңіздік, инженерлік  және артиллериялық  корпустар болып бөлінеді. Корпустарды  бітіріп шығушылардың бір бөлігі  әр – түрлі мемлекеттік мекемелерге  қызмет істеуге жіберіледі. Бұған  байланысты  тіпті  1665 ж. құрылған  приказдық мектептің орнына ашылған,  Сенат  пен коллегиялар  жанында ашылған юнкерлік мектептер жабылады.

         1764 ж. Смольныйда Игі қыздар  институты  ашылып, ал 1779 ж. Москва  университетінің  жанынан Игі  пансион құрылады, бұлар оқу орындарының  алғашқысы  болатын, кейін олар  басқа қалаларда да ашылады. 60 – жылдары   II Екатеринаның үлкен күш сала таратқан жабық сословиелік мектептер жуйесі өте шағын оқушыларға арналған еді. Бұл жүйе ағартушылардың «адамдардың жаңа тұқымын тәрбиелеп шығару»  деген теориясын бетке ұстап жүргізіліп еді,  ал іс жүзінде ол терең реакциялық бағытта болды. Осы мәселеге ерекше көңіл аударған  Руссо мен Дидро болған ағартушылар жабық оқу орындарының басты міндеті «адамдардың жаңа тұқымдарын» тәрбиелеп шығару болады, ал олар жексұрын феодалдық – абсолюттік құрылысты жояды және сословиелік теңсіздіктің барлық көріністерін құртады деп есептеді. Ал II Екатерина мен оның қол шоқпары И.И.Бецкийдің ашқан сословиелік жабық оқу орындары жан – тәнімен самодержавиеге қызмет  ететін дәүірлеп тұрған  құрылысты, дворяндардың  праволары мен артықшылықтарын қорғайтын, қоғамда діннің маңызы мен рөлін дәлелдейтін адамдарды даярлап, тәрбиелеу міндеттерін алға қойды.

         Дін басылары үшін сословиелік  оқу орындары барлық губерниялық  қалаларда ашылған діни семинарлар  мен академия еді.  XVIII ғ. аяқ кезінде 66 діни оқу орындарында 20 мыңнан астам оқушылар оқыды.  Көпестер үшін коммерциялық мектеп ашылды.

            Цифирлық мектептер  солдаттық  мектептер болып қайта құрылады  және  унтер – офицерлер  даярлайтын солдаттар  балаларының сословиелік (рекруттық) мектептеріне  айналды.   XVIII ғасырдың үлкен бір бөлігі ішінде  солдаттар мектептері  еңбекші халық үшін  бірден – бір мектеп болды  және  орыс мәдениетінің дамуында  көрнекті рөль атқарды. Ғалым  С.П.Крашенинников пен И.И.Лепехин, өнертапқыш  И.И.Ползунов, ағартушы  А.Я.Поленов, архитектор И.Е.Старов, скульптор  М.И.Козловский  мен С.Ф.Щедрин, суретшілер  А.П.Андропов  пен А.Матвеев және мәдениет пен ғылымның басқа да көптеген қайраткерлері  солдаттық мектептерден  өсіп шыққан өрендер болды. XVIII ғ. аяқ кезінде 116 солдаттық мектепте   12 мың адам оқыды. Ал шаруалар мен қала халықтарына келсек, олар үшін  сословиелік мектептер болмады.

          Алашұбар  және негізінен алғанда  оқушыларының құрамы дворян емес  арнаулы мектептерді бітіргендердің  шен, орден, сыйлықтар, тез лауазым алу мүмкіндіктері аз болды. Мұндай мектептердің қатарына медициналық (ғасырдың аяқ кезінде бұған медико – хирургиялық академия қосылды), тау – кен, штурман, жер өлшеу, қолөнер мектептері, лоцмандар мен шлюз мастерлерін даярлайтын, суда жүзу мектебі жататын, сондай – ақ Москва университетінің суретшілер класынан шыққан суретшілер академиясы  жатты, бұл архитекторлар, суретшілер  және  скульпторлар  даярлады. Бірақ ғасырдың аяқ кезінде бұл мектептерге дін иелері мен солдат балаларының кіруіне шұғыл тежеу жасалды. Бұған себеп болған нәрсе 50 – 70 алым төлеу сословиелерінен шыққан, арнаулы мектептерде білім алғандардың өкімет орындарында, басқаруда, мәдениеттің,  ғылымның және ағартудың әр түрлі салаларындағы  үлес салмағы көбейе түседі.  Оның бер жағында олардың көпшілігі дворяндардың  сословиелік мүдделері  мен  крепостиктік тәртіптерінің  мызғымайтын болуы жөнінде  ойына да алып жатпайды.  Бұған көзі жеткен самодержавие арнаулы мектептерге солдат  балаларын алуды тоқтатады, оларға дін иелері балаларының  түсуін қиындатады.  Сонымен қатар азаматтық  қызметтерде дворяндардан шықпаған адамдарға офицерлік шен алудың  мүмкіншілігін барынша тежейтін  указдардың бүтін бір сериясы шығады. Осы шаралардың бәрі XVIII ғ. Ресейдегі мектептердің  сословиелік сипатын  күшейте түсті.

 

Сословиелік  мектептер__________________________________________

ДВОРЯНДАР                                                            ДІН  ИЕЛЕРІ

 

Шляхта корпустары                                              Діни академиялар

 Құрлық                                                                      Діни семинариялар

Теңіздік                                                                       КӨПЕСТЕР

Артиллериялық                                                          

Инженерлік                                                              Комерция мектептері

Паж                                                                            СОЛДАТ БАЛАЛАРЫ 

 

Игі пансиондар                                                        Солдат мектептері

Игі қыздар институттары  

   

 

 

Көпестер, әр түрлі шенділер, солдат балалары____________________

Суретшілер академиясы                                  Штурман мектептері

Тау – кен мектептері                                         Суда жүзу мектебі 

Медицина мектептері                                       Қолөнер мектептері

 

“Бүкіл сословиелік”  оқу орындары_________________________________  

Москва университеті                                Оқытушылар институты                                                                                          

                                                             Губерниялық басты халық училищелері

 

Университет                                         Уездік шағын  халық училищелері

Қазан

Гимназия

 

 

 

         

                                                        Москва  университеті

 

         Сословиелік білім беру жуйесінде болған алғаш үзіліс 1755 ж. М.В.Ломоносовтың  инициативасы мен жобасы бойынша Москвада туңғыш орыс университеті ашылған кезде болды. Рас, 1725 жылы Петербургте Ғылым академиясы жанында университет ашылды, бірақ Ломоносов, Крашенинников, Котелников, Рихман, Браун және басқа прогрессшіл ғалымдар қанша тырысса да академиялық университеттер мен гимназиялардың жұмыстарын жолға қоюға мүмкіндік болмай – ақ қойды. Ал  Ломоносов қайтыс болған соң көп узамай – ақ сарай маңындағы реакцияшыл  және академиялық топтар  келіп, академиялық университетті жаптырды.

      Москва  университетінің Ломоносов жасаған   өзінің прогрессшіл  және демократиялық  бағытымен ерекшеленді. Оған крепостной шаруалардан басқа барлық  сословие адамдары кіруіне мүмкіндік  болды. Бұл жерде де, дүние жүзі университеттерінің бәрінде де оқу ақылы болды. Ал Ломоносов жобасы бойынша университетте  және университеттік гимназияда оқудың ақысыз болатыны былай тұрсын, сонымен қатар 30 студент пен 100 гимназист қазына есебінен стипендия алып тұруға тиісті болды, мұның өзі басқа да сословиелердің балаларына оқуға мүмкіншілік болады деген сөз еді.

Информация о работе Орыс мәдениеті дамуының жағдайлары мен ерекшеліктері