Сайлаушылар мінез-құлқын зерттеудегі әлеуметтік-психологиялық әдіс

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Января 2015 в 19:07, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасында өткізілетін сайлаулардың барлығында дерлік дауыс беру нәтижесін анықтаған кезде көпшілік принципі қолданылады. Бұл жүйе халықаралық тілмен айтқанда можаритарлық сайлау жүйесі аталады. Мажоритарлық жүйеден басқа Қазақстан Республикасында кейінгі уақытта, Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлаған кезде пропор-ционалды (тепе-теңдік) сайлау жүйесі қолданылады.

Оглавление

КІРІСПЕ-------------------------------------------------------------------------------------3

І. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЙЛАУ ҚҰҚЫҒЫ ЖӘНЕ САЙЛАУ ЖҮЙЕЛЕРІ--------------------------------------------------------------------4
1.1 Қазақстан Республикасындағы сайлау құқығы ұғымы------------------------4
1.2 Сайлау құқығы принциптері--------------------------------------------------------5
1.3 Сайлау жүйелері ұғымы--------------------------------------------------------------7
1.4 Қазақстан Республикасындағы сайлау органдары жүйесі---------------------9

ІІ. ҚАЗАҚСТАНДЫҚ САЙЛАУШЫЛАР МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫН ЗЕРТТЕУ ТӘЖІРИБЕСІ-----------------------------------------------------------------------------12
2.1 Сайлаушылар дауыс беру үрдісі---------------------------------------------------12
2.2 Сайлаушылар мінез-құлқын зерттеудегі әлеуметтік-психологиялық әдіс----------------------------------------------------------------------------------------------------17
2.3 Сайлаудағы тиімді бағыт теориясы----------------------------------------------22

ҚОРЫТЫНДЫ---------------------------------------------------------------------------26

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР----------------------------------------------27

Файлы: 1 файл

КР Сайлау жуйеси.doc

— 559.00 Кб (Скачать)

Орталық сайлау комиссиясы Республика Президентінің ұсынуы бойынша Парламент Мәжілісі қызметке сайлайтын және қызметтен босататын комиссияның тәрағасынан, төрағасының орынбасарынан, хатшысынан және мүшелерінен тұрады. Төраға мен хатшының жоғары білімі болуға тиіс.

Конституциялық заңның 12-бабына сәйкес Орталық сайлау комиссиясының мынадай өкілеттіктері бар:

-  Республика аумағында  сайлау туралы заңдардың атқарылуына  бақылауды жүзеге асырады; олардың  бірыңғай қолданылуын қамтамасыз  етеді;

-  Президент пен Парламент  Мәжілісі депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізуді ұйымдастырады; Парламент Сенаты депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мен өткізуге басшылық етеді;

-  Парламент Мәжілісі  депутаттарын сайлау жөніндегі  сайлау округтерін құрып  бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды;

- сайлау науқанын өткізуге  жұмсалатын шығыстардың мөлшерлі сметасын жасап, Республика Үкіметіне ұсынады;

-  облыстар (республикалық  маңызы бар қалалар мен Республика  астанасы) әкімдерінің ұсынуы бойынша аумақтық округтік сайлау комиссияларын құрады;

-  сайлау комиссияларына  басшылықты жүзеге асырады;

-  Президенттікке кандидаттарды тіркейді;

-  Парламент, Мәслихат депутаттарының сайлауын тағайындайды.

Келесі сайлау органдары аумақтық сайлау комиссиялары болып табылады. Аумақтық сайлау комиссияларына облыстық (республикалық маңызы бар қалалар және Республика астанасы), аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссиялары жатады. Облыстық сайлау комиссиялары облыс әкімдерінің ұсынуы бойынша Орталық сайлау комиссиясының шешімі бойынша құрылады және Президент, Парламент және Мәслихаттар депутаттарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің сайлауын ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді. Төменгі тұрған аумақтық сайлау комиссиялары тиісті әкімнің ұсынуы бой-ынша жоғары тұрған аумақтық сайлау комиссиясының шешімі бойынша құрылады. Олардың құрамына 9 адамнан 15 адамға дейін кіреді, сайлау тағайындалғаннан кейін 10 күннен, ал жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің сайлауы жөніндегі аумақтық сайлау комиссияларының құрамы 7 күннен кешіктірілмей бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Аумақтық сайлау комиссияларының өкілеттіктері:

- әкімшілік-аумақтық бөліністер  аумағында сайлау туралы заңдардың  атқарылуына бақылауды жүзеге  асырады;

- Президентті, Парламенттің  және Мәслихаттардың депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының  мүшелерін сайлауды әзірлеу мен өткізуді қамтамасыз етеді;

- Сенат депутаттары сайлауын қамтамасыз етеді, Сенат депутаттығына кандидаттарды тіркейді;

- Мәслихаттар депутаттарын сайлау жөнінде сайлау округтерін құрады және олардың тізімдерін жариялайды, сайлау комиссияларының орналасқан жері туралы  сайлаушыларға хабарлайды.

Округтік сайлау комиссияларының қызметі Сайлау туралы Кон-ституциялық заңның 15,16 баптарымен реттеледі. Олар Орталық сайлау комиссиясының шешімімен облыс (республикалық маңызы бар қалалар және Республика астанасы) әкімдерінің ұсынуымен құрылады; сайлау округтерінде Парламент Мәжілісі және Мәслихаттар депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етеді.

Олардың құрамы жеті адамнан тұрады.

Округтік сайлау комиссияларының өкілеттіктері:

-  тиісті сайлау округінің аумағында сайлау туралы заңдардың атқарылуын бақылауды жүзеге асырады;

- Парламент Мәжілісі және  Мәслихат депутаттарын сайлаудың  өткізілуін ұйымдастырады;

- учаскелік сайлау комиссияларының қызметін ұйымдастырып, үйлестіріп отырады;

-  Парламент Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттығына ұсынылған кандидаттарды тіркейді;

-  Округ бойынша дауыс беру үшін учаскелердің рет сандарын белгілейді және т.т.

Ең төменгі сайлау органы учаскелік сайлау комиссиялары болып табылады (Сайлау туралы Конституциялық заңның 17,18 баптары). Олар тиісті әкімдердің ұсынуы бойынша жоғары тұрған тиісті сайлау комиссияларының шешімімен құрылады. Құрамы жеті адамнан тұратын комиссия тиісті сайлау учаскелерінде Президентті, Парламент Мәжілісінің және Мәслихаттардың депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етеді.

Учаскелік сайлау комиссияларының өкілеттіктері:

-  сайлау шараларын  жүргізеді;

-  учаскелік комиссияның орналасқан жері туралы сайлаушыларды хабарландырады;

-  сайлау учаскесінде  сайлаушылардың тізімін жасайды;

-  дауыс беруге арналған  үй-жай дайындайды;

-  дауыс беруді ұйымдастырады;

-  дауыс санауды жүргізеді және учаскедегі дауыс беру нәтижелерін анықтайды;

-  арыздар мен шағымдарды  қарайды.

 

ІІ. ҚАЗАҚСТАНДЫҚ САЙЛАУШЫЛАР МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫН ЗЕРТТЕУ ТӘЖІРИБЕСІ

2.1 Сайлаушылар дауыс беру үрдісі

Демократияны танымал зерттеуші Р. Даль демократиялық мемлекет, демократиялық басқару үшін қажетті демократиялық саяси институттар қатарында:

1. Лауазымды кызметкерлерді сайлау;

2. Еркін, әділ, жиі өткізілетін  сайлаулар;

3. Өз ойын еркін жеткізу;

4. Балама ақпарат көзінің  болуы;

5. Бірлестіктер автономиясы;

6. Жалпы азаматтық құқты көрсеткен.

 Бірінші орынға азаматтардың  лауазымды қызметкерлерді сайлауы  қой-ылған, бұл өз кезегінде өкімет қабылдайтын шешімдерге конституциялық бақылауды жүзеге асыруға мұмкін береді. Жиі өткізілетін сайлауларда еркіндік және әділдік принциптерінің сақталуы азаматтарға өз тандауларын жасауға жағдай жасайды.

Сайлаушылар дауыс беру үрдісі арқылы өздерінің таңдауларын, яғни қандай саяси құрылыс вариантын қолдайтындығын бідціреді. Бұл сайлаушы-лардың мінез-кұлқынан, яғни сайлаушылардың белгілі бір үміткерге сенім көрсету, қолдау жолындағы іс-әрекетінен көрініс табады.

Саяси ғылымда сайлаушылардың мінез-құлқын зерттеудің келесі бағыттары қалыптасқан: социологиялық, әлеуметтік-психологиялық, тиімді таңдау және географиялық.

Мінеки, осы сайлаушылар мінез-құлқын зерттеу әдістерінің негізінде казақстандық сайлаушылар мінез-құлқына ыкпал етуші факторларды анық-тап көрелік.3

 

Социологиялық модельдің пайда болуы XX ғ. басындағы А. Зигфрид, П. Лазарсфельд, Б. Берельсон еңбектерімен байланысты. Бұл модель сай-лаушылардың мінез-құлқының негізін әлеуметтік жіктелумен анықталатын белгілі бір топтың өкілі болуынан іздестіреді. Социологиялық бағыт өкілдері дауыс берудегі топтық ерекшеліктерді қоғамдағы осы топтың алып отырған жағдайымен және топтың саяси партиялармен байланысына ықпалымен түсіндіреді.

Бүгінгі күні дамыған демократиялық мемлекеттерде сайлаушылар мінез-құлқына бұл әлеуметгік-топтық белгілердің ықпалы бірте-бірте төмендеуде. Бірақ демократиялық институттары әлі тұрақты емес, демократиялық саяси қатысу тәжірибесі аз Қазақстандық сайлаушылар мінез-құлқын зерттеуде социологиялық модель, біздің ойымызша, өзекті болып табылады.

Социологиялық зерттеулер сайлаушылардың мінез-құлқына, оған ықпал ететін факторларға көп көңіл бөледі. Сайлау нәтижесін болжау мақсатында зерттеушілер социологиялық зерттеулерді кеңінен пайдаланатыны белгілі. Сайлаушылар мінез-құлқын социологиялық зерттеу арқылы, сайлаушылар жасаған таңдау әлеуметтік мәртебесі негізінде түсіндіріледі. Әлеуметтік мәртебе білімі, кәсібі, кіріс деңгейі негізінде анықталады. Сайлаушылар мінез-құлқының негізіне белгілі бір топ өкілі болуы алынады. Біз сайлаушылар арасында жүргізген социологиялық зерттеу арқылы олардың дауыс беруіне ықпал еткен факторларды анықтауға тырыстық. Сонымен, нақты социологиялық зерттеу әдісін қолдану бізге сайлаушылар мен олардың мінез-құлқына білімі, жынысы, кәсібі, аймағы ықпал ететінін анықтауға мүмкіндік берді.

Сауалнамаға қатысқан барлық респонденттер сайлауда дауыс беруді саяси қатысу түрі ретінде бірінші орынға қойғанымен, ал іс-жүзінде сайлауға қатысу мәселесіне келгенде олардың арасында айырмашылықтар туындайды. 2004 ж. Парламент Мәжілісіне сауалнамаға қатысқан респонденттердің 65% қатысқан. Ал жас мөлшері бойынша 2004 ж. сайлауға 18-30 жастағылардың — 21%, 30-45 жастағылардың — 78%, 46-60 жастағылардың — 85%, 60-жоғары жастағылардың — 95% қатысқан. Яғни, сайлауда ең жоғары белсенділік танытқан орта жастағы топ пен қарт адамдар. Саяси қатысу сипатына индивидтің білім деңгейі әсер етеді. Жоғары білімді адамдардың орта білімді және арнайы орта білім бар адамдармен салыстырғанда сайлаудағы белсенділігі жоғары. Мұны келесі 1-кестеден көруімізге болады.

Саяси белсенділікке әсер ететін келесі фактор, ол сайлаушьшардың жынысы. Кестеден сайлауға қатысқан әйелдер пайызыны" төмендігін көреміз (2-кесте).

Біздің ойымызша, мұның бірнеше себептері бар. Демократиялық үрдістерді басымыздан кешіріп отырғанымызға қарамастан, әйелдердің саяси белсенділігі туралы қазақстандық қоғамда дәстүрлі ұстанымдар сақталып отыр. Яғни әйелдерді екінші орынға қою, оларды ер адамның сенімді серігі ретінде ғана қарастыру. Мінеки, осы қағидалар әйелдердің саяси белсенділігіне кері әсер етуде. Білім деңгейіне, кәсібіне қарамастан, қоғамда қалыптасқан қағида біздің әйелдердің саясаттың белсенді субъектісіне айналуына кедергі келтіруде. Ал олардың өздерінің саяси позициясын білдіруі рухани немесе интеллектуалдық талаптарының көрінісі ретінде бағаланудың орнына, керісінше, қоғамға "түрпідей тиеді". Тағы бір дәлел кезіндегі Жоғарғы Кеңес пен Парламент Мәжілісінің құрамындағы әйелдер саны: 1990 ж. — 26, 1994 — 22, 1995 - 13, 1999 - 8, 2004 - 9. Өкінішке орай, еліміздегі жетекшісі әйел екі партияның бірі "Руханият" партиясы 2004 ж. Парламент Мәжілісіне депутаттарды сайлауда бар болғаны 0,44% дауыс жинай алды. Қазақстандық сайлаушылар әйелдерді саяси үрдістің белсенді факторы ретінде қарастырмайды. Мұның себебі қоғамдық пікірде үстемдік етіп отырған "жетекші рөлде тек ер адамдар болу керек" деген ұстанымда. Біздің қоғамның бір бөлігіне "Әйел бастаған көш оңбас" деген ұстаным өте жақын. Біз қазақтың "Ұлықта анадан туған" деген мақалын еске сала оты-рып, сол ұлықты дүниеге әкелген әйел баласы неге ұлық болмасқа?! -дер едік. Қазақстан тұрғындарының 51,9%-ын құрайтын әйелдердің мемлекеттік билік органдарында алатын орны айтарлықгай жоға-ры емес. Жалпы мемлекеттік қызметтің әртүрлі қабатындағы әйелдер үлесі баршылық болғанымен, олардың барлығы екінші сатыдағы қызметтерді атқарады. Үкімет құрамындағы бірінші позициада тұрған әйелдер саны да саусақпен санарлық. Сондыктан тек екінші орында тұру әйелдер үшін саяси қатысу бағасын кетере түсуде.

Елбасының қоғамдағы әйелдердің рөлін көтеру туралы бастамасына қарамастан, қалыптасып қалған дәстүрлі менталитет мқны әлі де болса мойындағысы келмей отыр.

Сайлаушылардың мінез-құлқына ықпал ететін келесі фактор — кәсібі немесе қандай салада қызмет атқаратындығы. Социологиялық зерттеу нәтижесі белсенді топты зейнеткерлер, мемлекеттік қызметкерлер мен бюджет саласындағы (дәрігерлер, оқытушылар) құрайтынын көрсетіп отыр (кесте-3).

Сонымен сайлаушылар мінез-құлқын социологиялық зерттеулер негізінде қандай қорытынды жасауымызға болады? Сайлауда жас мөлшері бойынша жастардан гөрі орта жастағы және зейнеткерлер, жынысы бойынша әйелдерден гері ер адамдар, білім деңгейі бойынша жоғары білімді адамдар, кәсібі бойынша мемлекеттік қызметкерлер мен бюджет саласында қызмет етушілер, тұратын аймағы бойынша Солтүстік және Шығыс аймақтарының тұрғындары, ал ұлты бойынша Қазақстан халыктарының арасында орыстар көбірек белсенділік танытады.

 

 

2.2 Сайлаушылар мінез-құлқын зерттеудегі әлеуметтік-психологиялық әдіс

Сайлаушылар мінез-құлқын зерттеудегі келесі әдіс — әлеуметтік-психологиялық модель. Бұл бағыт өкілдерінің пікірінше, дауыс беру сайлаушылардың өздерінің жеке партияларға сенімділігін, өздерін олармен саяси ұқсатуын көрсететін құралы. Осы бағыт негізін қалаушылар Мичиган мектебі зерттеушілерінің пікірінше, сайлаушылар таңдауы өзара байланысты себептер жиынтығына негізделеді. Себептердің ең негізін әлеуметтік-саяси қарама-қайшылықтарды туындататын әлеуметтік-экономикалық жағдайлар құрайды. Себептердің келесі деңгейі әлеуметтік-экономикалық факторлардың әлеуметтік-топтық шыдамдылығы мен құндылық бағытына ықпалы.

Сайлаушылардың мінез-құлкын зерттеудің осы жолын, яғни әлеуметтік-психологиялық әдісті басшылыққа ала отырып, қазақстандық сайлаушылар өз таңдауларын қандай негізде жасайды? — деген сұраққа жауап іздеп керелік. Әлеуметтік-психологиялық әдіс өкілдерінің пікірінше, дауыс беру сайлаушылардың өздерінің партиялық идентификациялауын көрсету құралы.

Демократиялық жүйе жағдайындағы электоралдық мінез-құлық сипатының маңызды анықтаушысы қатарында бірінші кезекте партиялық идентификация айтылады. Сайлаушының өзін-өзі белгілі бір саяси партиямен идентификациялауы әр-түрлі формада көрінеді. Бірақ, барлық елдерде жағ-дай бірдей емес екенін айтуымыз керек. АҚШ-та партиялық идентификация саяси әлеуметтендірудің маңызды бөліктерінің бірі болып табылады. Егер американдық зерттеушілер еңбегіне сүйенсек, белгілі бір партияны қолдау сезімі американдық балаларда жас кезінен қалыптастырылады.

Информация о работе Сайлаушылар мінез-құлқын зерттеудегі әлеуметтік-психологиялық әдіс