Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Января 2015 в 19:07, реферат
Қазақстан Республикасында өткізілетін сайлаулардың барлығында дерлік дауыс беру нәтижесін анықтаған кезде көпшілік принципі қолданылады. Бұл жүйе халықаралық тілмен айтқанда можаритарлық сайлау жүйесі аталады. Мажоритарлық жүйеден басқа Қазақстан Республикасында кейінгі уақытта, Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлаған кезде пропор-ционалды (тепе-теңдік) сайлау жүйесі қолданылады.
КІРІСПЕ-------------------------------------------------------------------------------------3
І. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЙЛАУ ҚҰҚЫҒЫ ЖӘНЕ САЙЛАУ ЖҮЙЕЛЕРІ--------------------------------------------------------------------4
1.1 Қазақстан Республикасындағы сайлау құқығы ұғымы------------------------4
1.2 Сайлау құқығы принциптері--------------------------------------------------------5
1.3 Сайлау жүйелері ұғымы--------------------------------------------------------------7
1.4 Қазақстан Республикасындағы сайлау органдары жүйесі---------------------9
ІІ. ҚАЗАҚСТАНДЫҚ САЙЛАУШЫЛАР МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫН ЗЕРТТЕУ ТӘЖІРИБЕСІ-----------------------------------------------------------------------------12
2.1 Сайлаушылар дауыс беру үрдісі---------------------------------------------------12
2.2 Сайлаушылар мінез-құлқын зерттеудегі әлеуметтік-психологиялық әдіс----------------------------------------------------------------------------------------------------17
2.3 Сайлаудағы тиімді бағыт теориясы----------------------------------------------22
ҚОРЫТЫНДЫ---------------------------------------------------------------------------26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР----------------------------------------------27
ЖОСПАР
КІРІСПЕ-----------------------
І. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ
САЙЛАУ ҚҰҚЫҒЫ ЖӘНЕ САЙЛАУ ЖҮЙЕЛЕРІ----------------------
1.1 Қазақстан Республикасындағы сайлау құқығы ұғымы------------------------4
1.2 Сайлау құқығы принциптері-----
1.3 Сайлау жүйелері
ұғымы-------------------------
1.4 Қазақстан Республикасындағы сайлау органдары жүйесі---------------------9
ІІ. ҚАЗАҚСТАНДЫҚ
САЙЛАУШЫЛАР МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫН ЗЕРТТЕУ ТӘЖІРИБЕСІ--------------------
2.1 Сайлаушылар дауыс беру үрдісі------------------------
2.2 Сайлаушылар мінез-құлқын
зерттеудегі әлеуметтік-
2.3 Сайлаудағы тиімді
бағыт теориясы----------------
ҚОРЫТЫНДЫ---------------------
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР--------------------
КІРІСПЕ
Сайлау заңдылықтарын реформалау 1993 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясын қабылдаудан және 1993 жылғы 2 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы сайлаулар туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінен басталды. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы жаңа Конституциясы сайлау нормаларын одан әрі өзгертуге себеп болды. Мұндай нормативтік акт Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қырқүйектегі конституциялық заң күші бар Жарлығы болды. Ол кейін "Қазақстан Респуб-ликасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы деп атауын өзгертті. (Аталған заңға ҚР-ның 1997 жылғы 19 маусымдағы №133-1, 1998 жылғы 8 мамырдағы №222-1, 1998 жылғы 6 қарашадағы №285-1 және 1999 жылғы 6 мамырдағы №375-1 Конституциялық заңдарымен өзгертулер мен толықтырулар енгізілді).
Сайлау құқығының теңдігі принципі сайлаушылар кез келген сайлауға тең негіздерде қатысады және олардың әрқайсысы тиісінше бір дауысқа ие болады дегенді білдіреді (Сайлау туралы Конституциялық заңның 5-бабы). Тең сайлау құқығы сондай-ақ Парламент, Мәслихат депутаттығына, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына кандидаттардың да сайлауға тең негіздерде қатыса алатындықтарынан көрінеді. Әрбір сайлаушы тек бір тізімге ғана енгізіледі және ол өзі дауыс беруге міндетті.
Қазақстан Республикасында өткізілетін сайлаулардың барлығында дерлік дауыс беру нәтижесін анықтаған кезде көпшілік принципі қолданылады. Бұл жүйе халықаралық тілмен айтқанда можаритарлық сайлау жүйесі аталады. Мажоритарлық жүйеден басқа Қазақстан Республикасында кейінгі уақытта, Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлаған кезде пропор-ционалды (тепе-теңдік) сайлау жүйесі қолданылады.
Сайлау бостандығы сайлау процесі барысында әрбір азаматтың еркін дауыс беруін тиісті дәрежеде ұйымдастыруға жауапты сайлау органдары лауазымды тұлғаларының қызметімен қамтамасыз етіледі.
І. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЙЛАУ ҚҰҚЫҒЫ ЖӘНЕ САЙЛАУ ЖҮЙЕЛЕРІ
1.1 Қазақстан Республикасындағы сайлау құқығы ұғымы
Президентті, Парламент Сенаты мен Мәжілісі, Мәслихат депутаттарын және жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін сайлауды ұйымдастыру мен өткізу тәртібі принциптері бекітілген заңдық нормалар жиынтығы Қазақстан Республикасының сайлау құқығы болып табылады. Сайлаулар референдуммен қатар, халықтық биліктің жоғары нысаны бола отырып, демократияның маңызды бір элементін құрайды.
Сайлаулар азаматтардың мемлекеттік билік органдары және жергілікті өзін-өзі басқару органдарын құруға тікелей қатысуын қамтамасыз ете отырып, тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекет ісін басқаруға қатысу құқығын жүзеге асыруға ықпал етеді. Сайлау құқығы Республикадағы конституциялық дамуға байланысты үнемі жетілдіріліп отырады.
Жалпы алғанда сайлау құқығы белсенді және бәсең сайлау құқығы болып бөлінеді.
Жалпыға бірдей белсенді сайлау құқығы — Республиканың он сегіз жасқа толған азаматтарының тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез келген басқа жағдайларға қарамастан, сайлауда дауыс беруге қатысу құқығы.
Бәсең сайлау құқығы — Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының Президенттігіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өкілді органдарына (Парламенттің Сенаты мен Мәжілісі, Мәслихаттар депутаттығына) және жергілікті өзін-өзі басқару органына мүше болып сайлану құқығы. Белсенді сайлау құқығын реттейтін жалпы талаптар бар. Олардың арасында азаматтың белгілі бір жасқа толуы, белгілі бір аумақта тұруы, іс-әрекетке қабілеттілігінің болуы маңызды болып табылады1
Бәсең сайлау құқығын реттейтін басқа қосымша талаптар да бар. Бұл талаптар сайланбалы лауазымдарға кандидаттарға қойылады. Қосымша талаптарға жас шамасы цензасы, отырықшылық цензасы, білім цензасы, мүліктік ценза жатады. Мысалға, жас шамасы цензасы Президенттікке, Парламент, Мәслихат депутаттығына кандидаттарға қатысты белгіленеді: Қазақстан Республикасының Президенті жасы қырықтан асқан Қазақстан Республикасының азаматы бола алады, Парламент Сенатының депутаты жасы отызға толған Қазақстан Республикасының азаматы бола алады, Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат үшін жиырма бес жастық, ал Мәслихат депутаттығына кандидаттар үшін жиырма жастық жас шамасы цензасы белгіленген, Отырықшылық цензасы сайлау заңдылықтарымен Президенттікке және Парламент депутаттығына кандидаттарға қатысты белгіленген.
Сайлау тете және жанама болуы мүмкін. Жанама сайлау жолымен Парламент Сенаты депутаттары сайланады. Төте сайлау жолымен Республика Президентін, Парламент Мәжілісінің және Мәслихаттардың депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жүзеге асырылады.
Сайлау құқығы принциптері Конституцияға және Республиканың сайлау заңдарына бекітілген.
Негізгі принцип жалпыға бірдейлік, мүліктік және басқа да сипаттағы шектеулерге қарамастан, он сегіз жасқа толған барлық азаматтардың сайлауға қатысу мүмкіндігі болып табылады (Конституциялық заңның 4-бабы). Сонымен бірге жалпыға бірдейлік принципі тиісті сайланбалы органға сайлану мүмкіндігін білдіреді. Сайлау туралы конституциялық заңның 4-бабы әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез келген басқа жағдайларға байланысты сайлау құқығын шектеуге жол бермейді. Сайлау құқығын шектеу сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтарға қатысты қолданылады. Олардың сайлауға қатысуға құқығы жоқ және сайланбалы лауазымдарға сайлана алмайды.
Төте сайлау құқығы принципі Президентті, Парламент Мәжілісі, Мәслихат депутаттарын және жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін сайлаған кезде қолданылады, оларды азаматтар тікелей сайлайды (Сайлау туралы Конституциялық заңның 6-бабы). Жанама сайлау құқығы принципі Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты депутаттарын сайлаған кезде қолданылады. Парламент Сенаты депутаттарын сайлау жанама сайлау құқығы жолымен жүзеге асырылады. Парламент Сенатының депутаттарын таңдаушылар сайлайды. Таңдаушылар тиісті облыстың, астананың және республикалық маңызы бар қаланың жергілікті басқару органының (Мәслихаттардың) барлық депутаттары болып табылады.
Жасырын дауыс беру құқығы сайлаушылардың еркін білдіруіне қандай да болсын бақылау жасау және сайлау кезінде азаматтарға қысым жасау мүмкіндігін жоққа шығарады. Бұл принципті іске асыру арқылы сайлаушының еркін білдіру құпиясы сақталады.
Сайлау құқығының маңызды бір принципі сайлау бостандығы принципі болып табылады. Конституция азаматтардың сайлау және сайлану құқығын еркін жүзеге асыруына кепілдік береді. Сайлау бостандығы принципі әрбір сайлаушы сайлауға қалай қатысуды өзі шешеді дегенді білдіреді. Ешкімнің де қандай да бір жолмен сайлаушыға ықпал етуге хақысы жоқ. Сонымен қатар барлық кандидаттарға заңға сәйкес сайлау алдыңдағы қызмет үшін тең
мүмкіндік беріледі.
Сайлау бостандығы сайлау процесі барысында әрбір азаматтың еркін дауыс беруін тиісті дәрежеде ұйымдастыруға жауапты сайлау органдары лауазымды тұлғаларының қызметімен қамтамасыз етіледі.
Сайлаудың жариялылығы принципі — демократиялық принциптердің бірі, ол сайлауды ұйымдастыру мен өткізудің ашықтығы мен жариялылығын, сайлаудың барша процесін бұқаралық ақпарат құралдарының жан-жақты көрсетуімен қамтамасыз өтіледі. Сайлау органдарының шешімдері баспасөзде жарияланады, радио-теледидар арқылы хабарланады. Сайлаушылар депутаттыққа кандидаттар туралы, сондай-ақ сайлау процесі туралы ақпараттар алуға хақылы.
Сайлау жүйесі — заңмен белгіленген ережелер, принциптер және бағамдардың жиынтығы, олардың көмегі арқылы дауыс беру нәтижелері анықталады.
Қазақстан Республикасында өткізілетін сайлаулардың барлығында дерлік дауыс беру нәтижесін анықтаған кезде көпшілік принципі қолданылады. Бұл жүйе халықаралық тілмен айтқанда можаритарлық сайлау жүйесі аталады. Мажоритарлық жүйеден басқа Қазақстан Республикасында кейінгі уақытта, Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлаған кезде пропор-ционалды (тепе-теңдік) сайлау жүйесі қолданылады.
Мажоритарлық жүйенің екі түрі бар:
1) абсолютті көпшілік:
- егер дауыс беруге таңдаушылардың елу пайыздан астамы қатысқан болса, сайлауды өтті деп жариялаған жағдайда;
- дауыс беруге қатысқан
сайлаушылар санының елу
2) салыстырмалы көпшілік:
- қайта дауыс беру
кезінде басқа кандидатқа
Қазақстан Республикасының сайлау жүйесінде абсолютті көпшілік әдісі те, салыстырмалы көпшілік әдісі де қолданылады (Сайлау туралы Крнституциялық заңның 9-бабы). Қазақстан Республикасының Президенті мен Парламент депутаттарын сайлаған кезде 1-турда абсолютті көпшілік принципі, 2-турда салыстырмалы көпшілік принципі қолданылады:
- 1-турда дауыс беруге
қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың)
елу пайыздан астамының
- қайта дауыс беру кезінде басқа кандидатқа қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) дауыс санының көпшілігін алған;
- қайтадан дауыс беру
кезінде бірден-бір кандидат
Мәжіліс депутаттарының бір бөлігін сайлау кезінде пропорционалды сайлау жүйесін қолдануға байланысты Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 6 қарашадағы №285-1 Конституциялық заңымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 6 мамырдағы №375-1 Конституциялық заңымен сайлау заңына өзгертулер енгізілді. Қазақстан Республикасының Конституциясы 50-бабының 3-тармағы "Он депутат бара-бар өкілдік жүйесі бойынша және біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша партиялық тізімдер негізінде сайланады" деген ережемен толықтырылды. Сөйтіп, бұл Парламентте саяси партиялардың бүкіл спектрінің өкілдігі болуына және сайлаушыға өзінің саяси көзқарасын дәлірек айқындауға мүмкіндік береді. Саяси партиялар сайлау процесінде маңызды орынға ие бола бастады. Пропорционалды сайлау жүйесіне сәйкес сайлауға тек саяси партиялар қатысады. Саяси партиялар Мәжіліс депутаттығына сайлану үшін партиялық тізімдер жасайды. Тізімге адамдарды орналастыру тәртібін партиялардың өздері анықтайды. Саяси партиялардың сайлауға қатысуы ол туралы Республиканың Орталық сайлау комиссиясы шешім шығарғаннан кейін ғана мүмкін болады.
Дауыс беру кезінде сайлаушылар өз дауыстарын нақты депутаттыққа кандидатқа емес, белгілі бір партияға береді. Дауыс беру қорытындысы бойынша сайлауға қатысушылар санының жеті және одан да көп пайызын жинаған партия жеңімпаз болып саналады. Жеті пайыздық кедергіден өткен саяси партияларды жақтап дауыс берген сайлаушылар дауысының жиынтығы онға - біртұтас жалпыұлттық округтің аумағы бойынша бөлінетін депутаттық мандаттар санына бөлінеді. Алынған нәтиже алғашқы сайлаудын, жеке саны (квота) болып табылады.
Депутаттық мандаттарды бөлуге қатысқан әрбір партиялық тізім алған дауыстардың саны алғашқы сайлау жеке санына бөлінеді. Санды бөлу нәтижесінде алынған түтас бөлік партиялық тізім құрған тиісті партия алатын депутаттық мандаттар саны болып табылады.
1.4 Қазақстан Республикасындағы сайлау органдары жүйесі
Қазақстан Республикасында сайлауды әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыратын мемлекеттік сайлау органдары сайлау комиссиялары болып табылады (Сайлау туралы Конституциялық заңның 10-бабы).
Сайлау органдарының біртұтас жүйесін:
1. Республиканың Орталық сайлау комиссиясы;
2. Аумақтық сайлау комиссиялары;
3. Округтік сайлау комиссиялары;
4. Учаскелік сайлау комиссиялары құрайды. Сайлау комиссиялары өкілдіктерінің мерзімі 5 жыл.2
Сайлау туралы Конституциялық заңның 11-бабы Орталық сайлау комиссиясының құрылу тәртібін, құрамын және қызметін реттейді. Орталық сайлау комиссиясы Республика сайлау комиссияларының біртұтас жүйесіне басшылық өтеді және тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады.
Информация о работе Сайлаушылар мінез-құлқын зерттеудегі әлеуметтік-психологиялық әдіс