Таксациялық және басқа да нормативтік-анықтамалық материалдарды негіздеу және іріктеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2012 в 18:50, реферат

Краткое описание

Орман таксациялаудың нормативтік құжаттары Негізгі қағидаларды құрастыру кезінде іріктеледі. Егер облыс бойынша Негізгі қағидалар құрастырылмаса, онда орналастырылатын объектіге арналған нормативтік құжаттар орман орналастыруға дайындық жұмыстары кезінде іріктеледі.
Орман таксациялаудың нормативтік құжаттары төтенше жағдайда ғана орналастырылатын объектінің және оның жекелеген аумақтарында нақты орман өсіру жағдайына байланысты анықталады. Орман таксациялаудың нормативтік құжаттарын өзгерту және анықтау бірінші орман орналастыру кеңесінде қарастырылады және бекітіледі.

Файлы: 1 файл

ресурс срс 4.doc

— 74.00 Кб (Скачать)

Таксациялық және басқа да нормативтік-анықтамалық  материалдарды негіздеу және іріктеу      

 орманды таксациялауда және  орман шаруашылық шараларын жобалауда  Қазақстан ормандарын таксациялаудың  нормативтері және Қазақстан  ормандарына арналған сорттименттік  және тауарлық кестелер пайдаланылады. 
      Орман таксациялаудың нормативтік құжаттары Негізгі қағидаларды құрастыру кезінде іріктеледі. Егер облыс бойынша Негізгі қағидалар құрастырылмаса, онда орналастырылатын объектіге арналған нормативтік құжаттар орман орналастыруға дайындық жұмыстары кезінде іріктеледі. 
       Орман таксациялаудың нормативтік құжаттары төтенше жағдайда ғана орналастырылатын объектінің және оның жекелеген аумақтарында нақты орман өсіру жағдайына байланысты анықталады. Орман таксациялаудың нормативтік құжаттарын өзгерту және анықтау бірінші орман орналастыру кеңесінде қарастырылады және бекітіледі.

                 Орман алқаптарын таксациялық  телімдерге бөлу     

  Орманды таксациялау кезінде  әр орамның аумағы алғашқы  орман шаруашылық есептеу бірліктеріне - таксациялық телімдерге бөлінеді. 
      Таксациялық телім - таксациялық сипаттамасы, топырақ - типологиялық жағдайы және шаруашылық маңызы бірдей орман орамыны учаскесі, оның барлық ауданында бірдей орман шаруашылық шаралары жүргізіледі және ол жалғасып жатқан учаскенің таксациялық көрсеткіштерінен нормативтік шамаға ерекшеленеді. 
       Таксациялық телімге таксациялық жазбада нақты сипаттама беріледі, орман орналастыру планшеттері мен орман алқаағаштарының планында нұсқасы сызылады. 
      Орамдардың таксациялық телімдерге бөлінуі орман қорын мемлекеттік есепке алу құжаттарындағы есептелінетін жер санаттарының ерекшелігі бойынша жүргізіледі. 
       Орман қорының барлық жері негізгі екі жер түріне бөлінеді - орманды және ормансыз. 
       Орманды жерлерге ағаш-бұта өсімдіктерімен қамтылған жерлер және ағаш-бұта өсімдіктерімен қамтылмаған орманның белгілері сақталталған жерлер (арнайы мақсаттағы плантациялардан басқасы) жатады. Олар төмендегідей болып бөлінеді: 
      1) орманмен қамтылғаны, соның ішінде орман екпелері; 
      2) арнайы мақсаттағы плантациялар, олардан: 
      өндірістік және энергетикалық мақсаттар үшін; 
      азықтық және басқа да мақсаттар үшін; 
      3) жинақталмаған орман екпелері; 
      4) орман тұқымбақтары; 
      5) орманмен қамтылмаған ағашы кесілген жерлер, өртеңдер және  өлген алқаағаштар, алаңқайлар, сирек ормандар. 
       Орманмен қамтылған жерлерге толымдылығы - 0,3 және одан жоғары барлық жас топтарындағы ағаш-бұта өсімдіктері мен толымдылығы 0,4 және одан жоғары балауса ағаштар жатады. Оған бұрынғы ағашы кесілген жерлер, өртенген жерлер, өлген алқаағаштар мен басқа да табиғи қайта қалпына келген орманды жерлердің учаскелері, сақталған балауса ағаштардың саны мен сапасы нормативтік таксациялық көрсеткіштерге жеткен және толымдылығы 0,4 болған, сонымен қатар табиғи-географиялық жағдайына байланысты ағаш тұқымдылары өспейтін немесе арнайы бұта шаруашылығы ұйымдастырылған жер учаскелері мен орташа қалыңдықта өшкен бұталар жатады. 
      Белгіленген ереже бойынша, нормативтік орман таксациялық көрсеткіштеріне жеткен, толымдылығы 0,4 және одан жоғары себу немесе көшет отырғызу жолымен өсірілген ағаш тұқымдыларының, сексеуілдің, бұталардың орманмен қамтылған жерлерге ауыстырылған орман екпелерінің учаскелері орманмен қамтылған жерлер деп есептеледі. 
      Сонымен бірге, оларға орманмен қамтылған жерлерге ауыстырылған көріністік, декоративтік, ландшафтық орман екпелері және қайта құру жолымен өсірілген орман екпелері, қайта құру стадиясындағы екпелер, мемлекеттік орман қорғау екпелері, жол бойындағы орман жолақтары және орман екпелеріне ілеспе тұқым ретінде отырғызылған, негізгі тұқым жойылғаннан кейін тірі сақталған бұталар жатады. 
      Жалпы толымдылығы 0,3 және одан төмен 1 және 2 жас класындағы балауса ағаш учаскелері орманмен қамтылмаған орманды жер категориясына жатады. Олар кесілген жерлерде, өртенген жерлер, алаңқайларда орналасады. 
      Барлық жастағы толымдылығы 0,1 – 0,3 болатын бұталар ормансыз жерлердің түріне жатқызылады. 
      Орманмен қамтылған жерлер төмендегідей таксациялық көрсеткіштермен сипатталады: жас класының ұзақтығы 1, 2, 5, 10, 20, 40 - жыл, жас топтары балауса ағаштар - 1-2 жас кластары; орта жастағылар, 3 және жоғары жас класындағылар; толысушылар - бір жас класындағы (кесу жасының алдындағы); толысқандар - екі жас класындағы (кесу жасын сипаттайтын); көнергендер - кесу жасынан өткен жас класы. Барлық жас топтарына толымдылығы 0,3 және одан жоғары, балауса ағаштардан басқа (балауса ағаштар - 0,4 бастап) алқаағаштар жатады. Олардың орташа биіктігі, диаметрі, толымдылығы 0,3-0,4-тен 1,0 дейін, шартты бірлік анықталуы төменгі толымдылықты 0,3-0,4, орташа толымдылықты - 0,5-0,7; жоғары толымдылықты - 0,8-1,0; орташа бонитеті - 1б-5б дейін, жоғары бонитеті - 1б-2 бонитет класы, орташа бонитеті - 3-4, төменгі бонитеті - 5-5б; орташа класс тауарлығы 1-ден 4 дейін. 
       Арнайы бағыттағы плантацияларға жататын плантациялар: 
      1) өнеркәсіптік және энергетикалық мақсаттағы (жихаздық және  құрылыс өнеркәсібі мен басқа да мақсаттарға пайдалану үшін қысқа мерзімде жоғары өнімді терек және басқа да алқаағаштарды алу); 
      2) азықтық және басқа мақсаттардағы (жеміс-жидек және басқа да плантациялардың әртүрлі түрлері). 
      Жинақталмаған орман екпелерін орманмен қамтылған жерлерге ауыстыруға таксациялық көрсеткіштері нормативтік талаптарға жетпеген, жерсінуі 26 пайыз және одан жоғары себілген немесе көшеттен өсірілген орман екпелерінің жер түрлері жатады. Оларға тағы да жинақталмаған орман екпелері, көріністік, декоративтік, ландшафтық, қайта құру жолымен өсірілген мемлекеттік қорғаныш орман жолақтары, жол бойындағы орман жолақтары жатады. Жерсінуі 25 пайыз және одан төмен орман екпелерінің учаскелері өлген орман екпелеріне жатады және олар бұрынғы өз жер түрлеріне жатқызылады. 
      Орман тұқымбағына орман қоры аумағындағы ағаш және бұта тұқымдылар көшетін өсіруге арналған учаскелер жатады. 
      Жобасыз ағаш - бұта тұқымдыларының көшеті өсірілген жер учаскелері бұрынғы жер түрлеріне жатқызылады, таксациялық сипаттамада тиісті белгісі қойылады. 
      Орманмен қамтылмаған жерлерге ағаш және бұта тұқымдыларының қайта қалпына келген өскіні жоқ немесе жеткіліксіз, бірақ орман өсіруге жарамды орманды жер учаскелері жатады (сирек орманнан басқасы). 
      Оған жататындар: 
      1) ағашы кесілген жерлер - алқаағаштары - кесілген, ал жаңа буын құралмаған орман ауданы. Олар кесілген жерлер деп табиғи қайта қалпына келіп немесе орман екпелерін отырғызып, нәтижесіне байланысты орманмен қамтылған жерлерге ауыстырылғанша сақталады. 
      Ағаш кесу билеті жазылған және тендер бойынша орман пайдалануға берілген кеспеағаштар кесілген жерлер деп таксацияланады, ал олардың ауданы және қоры басты мақсатта пайдаланудың есебінен шығарылады; 
      2) өртеңдер және өлген алқаағаштар - толығымен өрттен жойылған  (өртен) немесе энтомо және фитозиянкестерімен жаппай зақымданған, түрінен қураған, табиғи апаттың әсерінен (желден, бораннан, қардан сыну), өнеркәсіп кәсіпорындарының зиянды заттарды тастау әсерінен қураған (өлген), ал жаңа буын әлі құралмаған орман ауданы. 
      Өртенген жерлер немесе өлген алқаағаштар категориясы олардың табиғи қайта қалпына келуі немесе орман екпелерін өсіру нәтижесінде орманмен қамтылған жерлерге ауыстырылған кезеңіне дейін сақталады. 
      Ағаштар (бұталар) зақымданғанда қалған өсіп тұрған орманның (бұтаның) толымдылығы 0,3 кем болмаса (өрт болған жылы, алқаағаштардың өлгені белгіленеді), жартылай алқаағаштар категориясында қалады. 
      Өртендер мен өлген алқаағаштардың біраз ауданы, оларда өлген немесе өсіп тұрған орманның бар-жоғына байланысты, қор көлеміне және сүрек дайындауға жарайтын сүрекдің тауарлығына, сонымен бірге орманды қалпына келтірудің табыстылығы мен сипатын анықтайтын орман өлу жағдайы типінің әртүрлілігіне байланысты бөлінеді. 
      Толымдылығы 0,3 болатын балауса ағаштардың жеке өсіп тұрған учаскелері олардың бұрынғы түрлеріне жатқызылады; 
      3) ашық жерлер-орман өсімдіктерінің элементі сақталмаған, ағашы жоқ орман ауданы (өсіп тұрған жеке ағаштары бар немесе жоқ, табиғи түлеуі жеткіліксіз немесе жоқ, топырақ жағдайы мелиоративтік шараларды жүргізуге, қосымша шығынсыз сүрек тұқымды алқаағаштарды өсіруге болатын). 
      4) сирек орман - толымдылығы 01-02 болатын табиғи қалыптасқан сүрекдің (1-ші және 2-ші жас класындағы балауса ағаштардан басқасы) 
      Жинақталу шымылдығының толымдылығы 0,4-ке жетпеген балауса ағаштар, өсіп шыққан өзінің жер түріне жатқызылады. 
      Антропогендік әсердің немесе табиғи факторлардың (шала кесу, өрт, энто-фитозиянкестер, жел және басқа) нәтижесінде құралған (толымдылығы 0,2 және төмен) сүрекдіңдер ағашы кесілген жерлерге, өртенген немесе өлген алқаағаштарға жатқызылады (тіршілікке икемді ағаштар белгіленеді). 
       Ормансыз жерлерге алдын-ала мелиоративтік немесе қалпына келтіру жұмыстары жүргізілмеген, ағаш өсіруге жарамайтын жерлер жатады. 
      Оған жататындары: 
      жыртылған, тыңайтылған жерлер: 
      жыртылған жерлер (елді мекендерден тыс жерлердегі бау-бақшаны қосқанда)- тұрақты ауылшаруашылық өндірісіне қолданылатын жерлер; 
      1) тыңайтылған жерлер - бір жылдан астам уақыт ауылшаруашылық дақылдары егілмеген және сүрге дайындалмаған, бұрынғы жыртылған жерлер; 
      2) шабындықтар - тұрақты шөбі шабылатын жерлер; 
      3) жайылымдар - мал жаюға арналған жерлер (өріс, субальпі және альпі шалғыны және басқа); 
      4) жолдар, орам соқпақтары, өртке қарсы жолақтары - орман қорының құрамынан шығарылмаған барлық бағытқа арналған жолдар, орам соқ ақтары, өртке қарсы жолақтар, соқпақтар; 
      5) елді мекендер - негізінен орман шаруашылығын жүргізуге байланысты және ерекше қорғалатын табиғи аумаққа жұмыс істейтін адамдарға арналған, кісі тұратын және тұрмайтын үйлер салынған жер учаскелері; 
      6) сулар - көлдер, өзендер, бұлақтар, тоғандар, су қоймалары, каналдар, мелиоративтік жүйелер және басқалары; 
      7) батпақ - ылғалы көп, ағаш-бұта өсімдіктері жоқ немесе сирек кездесетін учаскелер. Егер мұндай учаскелерде жасы балауса ағаштан үлкен, толымдылығы 0,1 - 0,2 болатын сүрек тұқымды өсімдіктер болса, олар табиғи сирек ормандарға жатқызылады, ал толымдылығы 0,3 - 0,4 болатын сүрек және бұта тұқымдылар орманмен қамтылған жерлерге жатқызылады. Толымдылығы 0,1 - 0,2 болатын бұталар ескерілмейді. Оларға тағы да тоғайға және жайылма аумақтарына тән ылғалы мол және тұзды топырақтарда өсетін қамыс, қоғалар жатады; 
      8) құмдар - сүрек-бұта өсімдіктері өспейтін көшпе құмдар, өзен қайраңы және құмды шаймалар; 
      9) мұздықтар - ылғи мұз жамылып жатқан жерлер; 
      10) басқа жерлер - оған тік беткейлер, жар тастар, тас  үгінділері, шөгінділер, ұсақ тасты жерлер, сортаңдар, сор жер, мия, көшкіндер, электр және байланыс желілері, газ құбыры, су құбыры және мұнай құбыры, сайлар, құрғақ өзек, тақырлар, бұзылған жерлер, карьерлер, қоқыс төгетін және өндіріс қалдықтарын төгетін жерлер, алаңқайлар жатады. Алаңқай-ландшафттық, аңшылық мақсатында еңбекшілер демалуға арналған жерлер. Олар негізінен МОҚ санаттарына бөлінеді: 
      қала ормандары және елді мекендер мен емдеу - сауықтыру мекемелеріндегі жасыл аймақтар, орман парктері; 
      ерекше қорғалатын орман аумақтары. 
      Тік беткейлер оның құрамалығына байланысты таулы жерлерде бөлінеді, егер олар басқа жерлерге жатқызылмайтын болса. 
       Мелиоративтік жұмыстары жүргізілген учаскелер пайдаланылатын жер түріне жатқызылады (жайылымдар және басқа жерлер). 
       Орман тұқымбақтары, табиғат ескерткіштері, ландшафтық, географиялық және сыналатын екпелер, клондық архив (мұрағат), экзотикалық және аса құнды тұқымдылар учаскелері, ағаш тұқымы плантациясы, коллекциялық-аналық учаскелер тұқым қуалаушылықтың қасиеттерін тексеру үшін орман орналастырудың барлық разрядтарында бөлінеді (оларды белгілеген масштабта планшетке түсіру мүмкін болса). Ал бұл учаскелердің мөлшері кіші болса, олар планшетке шартты белгілермен түсіріледі. Таксация карточкасында және таксациялық жазбада осы телімдерде бар деген белгі қойылады және осы учаскенің ауданы мен таксациялық сипаттамасы көрсетіледі. 
       Орманмен қамтылған жерлерді таксациялық телімдерге бөлу алаағаштардың таксациялық белгілеріндегі мына өзгешеліктері бойынша жүргізіледі: шығуы, құрылымы, құрамы, толымдылығы, бонитет класы, жасы, орташа диаметрі, биіктігі, тауарлығы, орман типі, өскіні, экспозициясы, беткейдің тіктілігі, радиациялық және өндірістік ластану дәрежесі. 
      Жасыл аймақтың ерекше қорғалатын орман аумағының таулы аумағын орналастырғанда орманмен қамтылған жерлерді таксациялық телімдерге бөлудің қосымша белгілері берілуі мүмкін. 
      Орманмен қамтылған орман жерлері телімдерге төмендегідей көрсеткіштер бойынша бөлінеді: 
      1) өсуі бойынша алқаағаштар табиғи (тұқымнан және өскіннен) және қолдан өсірілгенге (орман екпелері) бөлінеді. Табиғи алқаағаштарды тұқымдық немесе өскіндіктер категориясына жатқызу ондағы ағаштардың пайда болуының басымдылығына сәйкес жүргізіледі. Екеуінің үлесі бірдей болса, бірінші орынға тұқымдықтар қойылады. 
      2) алқаағаштар құрылымы бойынша қарапайым - бір қабатты және күрделі - көп қабаттағы, бірыңғай жастағылар мен әртүрлі жастағыларға бөлінеді. 
      Қабаттылығы дегеніміз - ағаш шоғырының биіктік деңгейі бойынша анық шектеліп, сүрекдіңдердің вертикалды бөлінуі. 
      Бір қабатты алқаағаштар дегеніміз - бір қабаттан құралатын орман учаскелерінің сүрекдіңдері. 
      Көп қабатты алқаағаштар - анық бірнеше қабатты сүрекдіңдерден  қалатын орман учаскелері. 
      3) алқаағаштар ағаш түрлерінің араласу дәрежесі бойынша таза және аралас болып бөлінеді. 
      Таза алқаағаштардың құрамын құрайтын ағаш түрінің бірлігі біреуден артық болмайды. Ал алқаағаштың құрамын құрайтын ағаш түрінің бірлігі екі және одан көп болса, онда олар аралас алқаағаштарға жатады. 
      4) құрамы бойынша алқаағаштар негізгі орман элементтері әр түрлі болғанда және құрамындағы коэффициент бірлігінің айырмасы 2 және одан артық болған жағдайда бөлінеді. 
      Ағаш тұқымдыларының құрамында, орман кесу ережесінде берілгендей, аса құнды сүрек тұқымдылары, экзоттар және жабайы жеміс тұқымдылары 10 пайыз болса (құрамында бір бірлік) олар таксациялық телімдерге бөлінеді. 
      5) егер алқаағаштар әртүрлі жас топтарына жатқызылса, ал орташа жас топтарының айырмашылығы бір жас тобынан артық болса, олар жастары бойынша бөлінеді. 
      Алқаағаштың жасы деп негізгі орман элементтерінің орташа, ал орман екпелері үшін нақты жасы қабылданады, оған тамыр жүйесі жабық отырғызу материалдарынан және қайта құру әдісімен өсірілген орман екпелері қосылады. 
      Бір жастағы алқаағаштарға - ағаштардың жас арасындағы айырмасы 2 жас класына дейінгі орман учаскесіндегі сүрекдіңдер жатады. 
      ртүрлі жастағы алқаағаштарға - ағаштардың жас арасындағы айырмасы 2 жас класынан артық болатын орман учаскесіндегі сүрекдіңдер жатады. 
      6) тауарлығы бойынша алқаағаштар негізгі орман элементтеріндегі айырма бір тауарлық класы болғанда бөлінеді. Толысушы, толысқан және көнерген алқаағаштардың тауарлық класын анықтау әдісі осы Ережеге 1-қосымшаның 4-кестесінде көрсетілген. 
      7) жеке телімдерге орман ауруларымен және шірікпен зақымданған 15 пайыздан кем болмайтын орман учаскелері бөлінеді; 
      8) алқаағаштар қалған таксациялық көрсеткіштері бойынша орманның негізгі элементтерінде төмендегідей айырма болғанда бөлінеді: 
      толымдылығы бойынша 0,2 бірлік және одан жоғары; 
      орташа диаметрі бойынша 4 см және одан жоғары; 
      биіктігі бойынша 20 пайыз және одан жоғары; 
      бонитет класы бойынша 1 класс; 
      беткейдің тіктілігі бойынша 5 градус және одан жоғары; 
      беткейдің түрлі экспозициясында. 
      9) радиациялық және өндірістік ластану аймағын таксациялық телімдерге бөлу, радиациялық және өндірістік ластану дәрежесін, орман ресурстарын пайдалану және орманшаруашылық шараларын жүргізу мүмкіншілігін ескере отырып жүргізіледі. 
      10) Жеке телімдерге себу немесе көшетпен өсірілген орман екпелері, орман астарында орман екпелері бар немесе тіршілікке бейім шаруашылық құнды тұқымдардың қанағаттанарлық өскіні бар алқаағаштар, сонымен қатар, таксациялық сипаттамасы ұқсас, бірақ түрлі шаруашылық шараларды қажет ететін учаскелер бөленеді. 
       Таулы аудандарда шаруашылық шараларын жүргізу үшін жетуге қолайлы және қолайсыз орамдарға бөлінеді. Жетуге қолайсыз орамдарға, жол-транспорт жүйесінің жоқтығына байланысты орман шаруашылық шаралары жобаланбайтын орамдар жатады.


Информация о работе Таксациялық және басқа да нормативтік-анықтамалық материалдарды негіздеу және іріктеу