Кәсіпорының кызметтерін жоспарлаудын ажеттиликтері

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Января 2012 в 09:44, реферат

Краткое описание

Қаржылық жоспарлау мен болжау - бұл қаржы механизмінің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Олар экономиканың үйлесімді және тепе-теңдік дамуына жетуге, біртұтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық буындарының қызметін үйлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғары қарқынын қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған.

Файлы: 1 файл

КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІН ЖОСПАРЛАУДЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ МЕН ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ.doc

— 63.27 Кб (Скачать)

     Қазақстанда индикативтік жоспарлау 1993 жылдан бері енгізіледі. Оны жасау барысында  Батыс Еуропа және Шығыс Азия елдерінің  тәжірибелері негізінде алынып келеді. 1996 жылдан бері ағымдағы индикативтік (жылдық) жоспарлау негізінде мемлекеттік  бюджетті құру жұмыстары қалыптасты.

     Индикативтік  жоспарлаудың ажырағысыз бөлігі индикативтік қаржылық жоспарлау болып табылады, бұл жоспарлаудың басты мақсаты - болжанған дамуды қамтамасыз ету  үшін қаржы ресурстарының шамаланған ауқымын және олардың бағытын  атқару. 

     Индикативтік  қаржы жоспарларының мемлекеттік  секторлары үшін кепілдемелік сипаты болады. Соңғыға экономикалық тетіктерді-реттелетін бағаны, субсидияларды, кредиттерді, салық  мөлшерлері мен жеңілдіктерін, жеделдетілген  амортизацияны және басқалары пайдалану  арқылы жетеді.     Аса маңызды индикаторларға мыналар жатады: валюта бағасы, инфляцияның болжанған деңгейі, Ұлттык банктің қайта қаржыландыру мөлшерлемелері, амортизациялық аударымдарының нормалары.

     Аралас  жоспарлауда жоспардың бір бөлігіне директивті жоспарлау, ал екінші бөлігіне индикативті жоспарлау тән болып  келеді. Сонымен қатар, оперативті жоспарлауда  көбінесе директивтер, ал стратегиялық жоспарлауда индикаторлар қолданылады.

     9.Мақсат қою ерекшелігіне байланысты  жоспарлаудың реактивті, инактивті, преактивті және интрактивті  түрлері бар.

     Реактивті жоспарлауды жақтаушылар өткен  кезең бойынша талдау мен болашаққа  арналған экстрополяция нәтижелерін  есепке ала отырып ұйымның мақсатын анықтайды. Мысалы, өткен кезең бойынша талдау өнімді өндіру көлемі ай сайын  1% өскендігін көрсетсе, онда келесі айға жоспарланған өнімді өндіру көлемінің өсу темпі 1% болады.

     Инактивті жоспарлау кәсіпорынның нақты жағдайына  негізделеді. Мысалы, шығарылған өнімнің  өзіндік құнының төмендеуі белгілі  қоры 2%. Жоспарлы кезеңде аталған  өнімнің өзіндік  құнының төмендеуі 2% болады деп жоспарланады.

     Преактивті  жоспарлау  кәсіпорынның нақты мүмкіндіктерін есепке алмай мақсат қоюды жоспарлайды. Бұл кәсіпорынның әр түрлі қызметіндегі үздіксіз өзгерістерге әкеледі, сонымен  қатар, көбінесе жоспардағы алға қойған міндеттердің орындалмауына әкеп соғады.

     Интерактивті  жоспарлау  сыртқы және ішкі ортаның  даму перспективасы мен тенденцияларын, қазіргі жағдайды талдау негізінде  мақсатты болашақты жобалау  болжайды.

      10. Қолданылатын ақпараттың мазмұнына байланысты статикалық және динамикалық қаржылық жоспарлар болып бөлінеді.

      Статикалық  жоспарлар көрсетілетін ақпараттың бір деңгейін қамтиды, ал  динамикалық  жоспарларда  бірнеше деңгейін қолданады.  Мысал бойынша қарастырайық.   

      «Статик»  ЖШС нақты жоспарлы көрсеткіштері  бекіілген қаржылық жоспар дайындалды. Аталған қаржылық жоспар ішкі және сыртқы жағдайлардың өзгеруіне байланысты қаржылық көрсеткіштердің өзгерісін  қарастырмайды. Мұндай қаржылық жоспарды статикалық деп атайды.

      «Динамик» ЖШС  қаржылық жоспары  әр түрлі  жағдайларға байланысты  қолданылатын қаржылық көрсеткіштердің бірнеше  нұсқасын қарастырады. Яғни,  өнімді өндіру көлемінің 20% өсуіне арналған қаржылық көрсеткіштер мен даму жолдары, ал өнімді өндіру көлемінің 40%  және одан жоғары өсуіне арналған басқа көрсеткіштер мен даму жолдары ұсынылады және т.б. Аталған кәсіпорынның динамикалық қаржылық жоспары статикалық қаржылық жоспарлардан құралған.

      11. Жоспарда қамтылған ақпарат көлеміне  байланысты қаржылық жоспарлар  жеке және жиынтық (консолдированные) жоспарлар болып бөлінеді.

      Жеке  жоспарлар бір компанияның даму стратегиясын көрсетеді. Жиынтық (консолдированные) жоспарлар  компанияның жалпы  тобының қызметіне арналған  стратегиясын қарастырады. Көбінесе жиынтық қаржылық жоспарлар бір компанияның немесе заңды тұлғаның қарамағындағы компаниялар  тобына байланысты жасалады.  
 
 

Информация о работе Кәсіпорының кызметтерін жоспарлаудын ажеттиликтері