Кәсіпорының кызметтерін жоспарлаудын ажеттиликтері

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Января 2012 в 09:44, реферат

Краткое описание

Қаржылық жоспарлау мен болжау - бұл қаржы механизмінің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Олар экономиканың үйлесімді және тепе-теңдік дамуына жетуге, біртұтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық буындарының қызметін үйлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғары қарқынын қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған.

Файлы: 1 файл

КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІН ЖОСПАРЛАУДЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ МЕН ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ.doc

— 63.27 Кб (Скачать)

КӘСІПОРЫН  ҚЫЗМЕТІН ЖОСПАРЛАУДЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ  МЕН ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ - ӘДІСТЕМЕЛІК  НЕГІЗДЕРІ 

1.1 Кәсіпорынның  қаржылық жоспарлаудың қажеттігі,  міндеттері және мақсаттары, негізгі  көрсеткіштері 

     Қаржылық  жоспарлау мен болжау - бұл қаржы механизмінің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Олар экономиканың үйлесімді және тепе-теңдік дамуына жетуге, біртұтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық буындарының қызметін үйлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғары қарқынын қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған. Қаржылық жоспарлаудың өзіндік ерекшелігі сол, бұл жоспарлау өңдірістің материалдық - заттық элементтері  тұрғысында, ақшамен қоғамдық ұдайы өндіріске белсенді жасау тұрғысында, ақша қозғалысының салыстырмалы дербестігімен шарттастырылған ақша нысанында жүзеге асырылады.

     Көптеген  қаржылық жоспарлауға және қаржы  ресурстары жөніндегі әдебиеттерді негізге ала отырып, «қаржылық  жоспарлау» категориясының пайда болуы  мен дамуының келесідей жолдарын ұсынып отырмыз (Сурет 1). 

                                             Менеджмент бойынша

                                            білім деңгейінің дамуы

                                                   тұрғысынан 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Сурет 1. Қаржылық жоспарлаудың пайда болуы  мен даму тарихын зерттеу жолдары

      Менеджмент  бойынша білім деңгейінің  дамуы  тұрғысынан зерттеу жолы Д.Б.Мельничук  сипаттаған кәсіпорынды стратегиялық басқару шегі негізінде ұсынылып отыр. Ол кәсіпорын басшылары құрамының  өзара хабардар болуы деңгейінің тұрақты өсуінің алғашқы шегін көрсетеді (Кесте 1). 

Білім Уақыты
ХІХ ғ. соңы ХХ ғ. басы 1930 жылдардың  соңы 1950 жылдардың  соңы 1960 жылдардың  басы 1960 жылдардың  соңы 1970 жылдардың  басы 1980 жылдардың  басы
Әкімшілік
Бухгалтерлік  есеп негіздері
Өндірістік  менеджмент  
Персоналды  басқару    
Қаржылық  менеджмент      
Жалпы менеджмент негіздері        
Менеджменттегі  ақпараттық жүйе          
Маркетинг            
Стратегия              

 Кесте  1. Менеджмент бойынша білім деңгейінің  дамуы (2;6) 

     Жоғарыда  көрсетілген қаржылық жоспарлаудың пайда болу уақыты қаржылық менеджменттің  пайда болу уақытымен сәйкес келеді, яғни 1950 жылдардың басы.

     Қаржылық  жоспарлаудың пайда болуы мен  даму тарихын зерттеудің екінші жолы – С.Л.Улина жұмысы негізінде  жасалған қаржылық менеджменттің даму кезеңі тұрғысынан. Ол менеджмент бойынша  білім деңгейінің пайда болуы мен дамуы тұрғысынан зерттеу жолдапрын толықтырады және қаржылық жоспарлаудың нақты пайда болу мерзімін алуға көмектеседі (кесте 2).

Кезең Этап Негізгі қағидаттар
1985-1994 жж Қаржылық менеджментінің өзіндік аймағының құрылуы - Қатаң бақылау;

-шығындарды  оптимизациялау;

- қаржылық операцияларды  дұрыс жүргізу.

1990-1993 ж.ж Функционалды  көзқарас - Қаржылық жоспарлау,  ұйымдастыру және бақылау қызметтерін  бөлу;

- шешімдерді  қабылдаудағы әмбебап шараларды  дайындау.

1996 жылдан  бері Жүйелі көзқарас - Қаржылық менеджмент  жүйесіндегі  элементтерді бөлу;

- олардың өзара  байланысын анықтау.

                        Кесте 2. Қаржылық менеджменттің даму кезеңдері (5)

          Аталған қаржылық жоспарлаудың  пайда болу және дамуының көзқарасы  бойынша  қаржылық жоспарлау  1990-1996 жылдар аралығында пайда  болды деп болжанады. Бұл қаржылық  менеджменттің  функционалды  көзқарасының пайда болуы мен  даму кезеңіне сай келеді.

     Кәсіпорынның  қаржылық жоспары макродеңгеймен, яғни  елдегі нақты бір мерзімдегі экономикалық жағдаймен тығыз байланысты. Алғашқы  екі көзқарастың шектеулігі –  олардың макроэкономикалық көрсеткіштерді есепке алмай, қаржылық жоспарлауды  тек қаржылық менеджмент элементі ретінде  қарастырады. И.Н.Олейникова еңбегі (үшінші) негізінде ұсынылған қаржылық жоспарлаудың пайда болуы мен дамуын Ресей  мемлекетінің экономикасының даму тұрғысынан қарастырсақ, жоғарыда айтылған кемшілік жойылады. Аталған көзқараста қаржылық жоспарлаудың пайда болу уақыты жалпы  экономика және жеке кәсіпорындар деңгейіндегі орталықтандыру шегі тән әкімшіл - әміршіл  экономиканың пайда болу уақыты деп  саналады.

     Макроэкономикалық жағдайлардың өзгеруіне байланысты қаржылық жоспардың даму тұрпатын зерттеу 1918 жылдан бастап (Сурет 2, кесте 3)  ХХ ғасырдың  90 – жылдарымен аяқталады.  Шаруашылықтың әкімшіл- әміршіл  экономикадан нарықтық жүйеге көшуі  елде болған ұзақ мерзімді мемлекеттік  жоспарлау жүйесін, сонымен қатар  фирмаішілік жоспарлау жүйесін  де  ликвидировал. КСРО кезінде қолданылған қаржылық жоспарлау экономикадағы актуальность жоғалтты, соның салдарынан қаржылық жоспарлау өзінің маңыздылығын бірте – бірте жоғалтып, ақырында мүлдем ұмыт болды. 
 

Сурет 2. Қаржылық жоспарлау нышандары 

     Жоғары  бәсекелестік күреспен, шаруашылықтың  макроэкономикалық жағдайының өзгергіштігімен, тұтынушыны тарту мен пайданы  арттыру қиындығымен сипатталатын нарықтық ортаның құрылуы кәсіпорын  басшыларының отандық және шетелдік тәжірибеде сол уақытта пайдаланылған  қаржылық менеджменттің барлық құралдарын қолдана отырып  қаржылық –шаруашылық  қызмет нәтижелелерін тиімді бақылау  әдісін іздеуге мәжбүрледі. Осы кезден бастап кәсіпорын қызметін бюджеттендіру  мен қаржылық жоспарлау әдістеріне қызығушылық пайда болды. 

 

Ресей мемлекеті тұрғысынан алғандағы  қаржылық жоспарлау тұрпатының дамуы

Жыл Макроэкономикалық жағдай Қаржылық жоспарлау  тұрпаты Қаржылық  жоспарлау 

нышаны

Артықшылығы Кемшілігі
1918-1921 Шаруашылық  қатынастардың қатаң орталықтандырылған жүйесі, көптеген ірі, орта және шағын  кәсіпорындардың ұлттандырылуы, қаржыландыру түрі – бюджеттің арнайы қорының  авансы (мемлекеттік кәсіпорындармен  ұсынылған) Кәсіпорын бюджетіндегі смета жобасы (сметалық кезеңге жасалынды) Смета құрамына шығынның негізгі топтары, олардың  жүзеге асырылу мерзімі,сметалық кезең  ішіндегі шығарылымға ұсынылған  бұйым  көлемі мен өзіндік құны көрсетілген ысқа өндірістік жоспар  кірді    
1922-1925 ЖЭС-қа көшу, шағын  кәсіпорындардың жекешелендірілуі, мемлекетпен коммерциялық есеп айырысу. Операциялық кезең аяқталғасын  ақшалй авнстар қайтарылуы тиіс. Кәсіпорынды  бюджеттік қаржыландырудың екі  формасы пайда болды: дотация  және қазыналық салымдар Сметалар (бір  жылға жасалынды) Кірістік  бөлімде кәсіпорынның барлық келіп  түсулері, ал шығыстық бөлімде –  еңбекақы, өндірістік қорларды құру, құрылыстық жөндеу жұмыстары және басқа да шығындар    
1925-1927 Тресттер мен  мемлекет арасындағы кірістерді бөлу және қызметтің түрлі бағыттары  бойынша пайданы бөлу жүйесі құрылды Нұсқамалық  баланс (тоқсан бойынша бөлініп бір  жылға жасалынды) Құрамы  бойынша ухгалтерлік балансқа ұқса болды, яғни  екі бөлімнен тұрды: актив пен пассив. Пассивте кәсіпорын  қызметінің қаржыландыру көздері көрсетілді. Ал актив құрамына: мүлік, материалдар, дайын өнім, ақша қаржылары, болашақ  кезең шығындары және салымдар кірді. Кәсіпорынның  мүліктік элементтерін оларды қаржылық көздерімен байланыстырды Кәсіпорынның  қорлануын, қаржылық –несиелік жүйемен  есептеудегі пайданы бөлуді жоспарлауда  қолайсыз болды
1929-1931   Кәсіпорынның  қаржылық жоспары өнеркәсіптік-қаржылық жоспар құрамында жасалды және құрамына кірістер мен шығыстар жоспары мен  жоспарлы кезең басы мен соңына жасалған бухгалтерлік баланстың салыстырмалы кестесі кірді.   Кіріс–шығыс жоспары барлық жоспарланған келіп  түсулер мен шығындар элементтерін және кассалық нәтижелері көрсетілген  кәсіпорынның қаржылық айналымының  жоспарын көрсетті. Сонымен қатар  қаржылық жоспарлауда кәсіпорынның бухгалтерлік балансының жағдайын болжауға көмектесетін форманы қолдануы маңызды  болды Жоспардың аталған формасының басты кемшілігі– қаржылық ресурс көздері мен оалрды пайдалану бағыттарының бөлінбейтіндігінде. Жоспарда шаруашылық қызметтің пайдасының жалпы көлемі мен пайданы бөлу бағыттары көрсетілмеді

Ипрпр

1930 жылдар Несиелік және салықтық реформалар жүргізілуі, экономиканы  басқарудың орталықтандырылған жүйесінің  құрылуы, мемлекеттік қысқа мерзімді жүйесінің іске қосылуы, тікелей  нұсқамалық жоспарлау механизмін енгізу Қаржылық жоспар Жоспар екі  бөлімнен тұрды: құралдардың бағытталуы және  орнын толтыру көздері Аталған форма  кәсіпорынның қаржыларының бағытталуы мен негізгі жосарланған  көздерін және осының негізінде болатын қайта  бөлу үрдістерін

анықтады.

Өнім өндіруден  түскен түсім жоспарлы қаржылық көрсеткіштер құрамынан алынып тасталды және осының салдарынан жоспарда қаржылық–несиелік  жүйемен төлем, салық, несие бойынша  пайыздарды өтеу және несиені жабу қатынастары толық көрініс таппады.

Кестен34 жал5асы

1939 Кірістер мен  шығыстар балансы Кірістер мен  шығыстар балансы үш бөлімнен тұрды: кірістер, шығыстар және бюджетпен  өзара байланысы      
1957 Кірістер мен  шығыстар балансы (кірістер мен шығыстар балансының осы формасы кәсіпорындарда 1990 жылдардың басына дейін қолданылып келді, тек баптардың құрамына пайданы  бөлудің әдістері мен формаларының дамуына  және кәсіпорынның меншіті  құралдары қорының құрылымына байланысты өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп  отырды.   Жоспардың аталған  қарапайым формасы кәсіпорынның сыртқы қаржылық қатынастарын анықтауға  қолайлы болды  Қаржылық  жоспар көрсеткіштерінің кәсіпорынның  негізгі қызметінен алшақтығы.  Ақшалй қатынастардың барлық  жиынтығын және таза табыс  көздері мен оларды бөлуді  жоспарлау мүмкін емес.  

 

 
 

     Адамдардың  субъективті қызметі ретіндегі  қаржылық жоспарлау тек қоғам  дамуының объективті заңдылықтарын  танып білуге, қаржы ресурстары козғалысының тенденцияларына басты негізделген, бұрын жүргізілген шаралар мен  қаржы операцияларының нәтижелігін  зерттелуге негізделген жағдайда ғана оң нәтижелер береді. Бұл процесте жоспарлаудың шешімдерін бағалаудың прогрессивті әдістерін ғылыми пайдалануды, техникалық дамуымен, тиісті ақпараттың жоғары біліктілігімен қамтамасыз етілетін өте жаңа техниканың негізінде жасалынатын есеп-қисаптардың  көп нұсқалығының үлкен маңызы бар. Қаржылық жоспарлаудың тікелей объектісі - шаруашылық жүргізуші субъектілері мен мемлекеттің қаржылық қызметі, ал қорытынды нәтижесі қаржы жоспарлары мен жеке мекеменің сметаларынан бастап мемлекеттің жиынтық қаржы  жоспарына дейінгі қаржы жоспарларын  жасау, табыстар мен қорланымдарды  жасау және бөлу, орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларын қалыптастыру және пайдалану.

     Қаржылық  жоспарлаудың мазмұны экономикалық субъектілердің ақшалай табыстар мен  қорланымдарды жасау, бөлу және қайта  бөлуді экономикалық үрдістермен оңтайландырудың  күні бұрын анықталған мүмкіндік  ретінде көрінеді және осының негізінде  орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларын қалыптастыру және пайдалану.

     Қаржылық  жоспарлаудың объектісі шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекеттің қаржылық қызметі, ал қорытынды нәтижесі қаржы жоспарлары мен қаржыландырудың дара жоспарларынан бастап мемлекеттің жиынтық қаржы жоспарына дейінгі қаржы жоспарларын жасау болып табылады. Әрбір жоспарда белгілі бір мерзімге белгіленген кірістер мен шығыстар, қаржы және несие жүйелерінің буындары мен байланыстары анықталады.

      Қаржылық  жоспарлаудың нақтылы міндеттері қаржы  саясатымен айқындалады. Бұл:

  • Қаржылық ресурстарды қалыптастыру көздерін және олардың мөлшерін анықтау;
  • орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорлар, ұлттық шаруашылық салалары мен әкімшілік аумақтық бөлімшелер арасында  қаражаттарды бөлудің оңтайлы үйлесімдерін белгілеу;
  • ресурстарды пайдаланудың нақтылы бағыттарын анықтау және қажетті резервтер жасау.

         Жоспарлау:

- экстенсивтілігімен (әлеуметтік саяси және экономикалық құбылыстардың кең шеңберін қамтиды);

- қарқындылығымен (кәміл техника мен әдістерді қолдануды түсінеді);

-тиімділігімен (қорытындысында қаржыны басқару қойған міндеттерге жетудің қажеттілігін білдіреді) сипатталады.

     Қаржылық жоспарлаудың мақсаттары төмендегідей анықталады:

- қаржы  ресурстарын қалыптастырудың көздерін  және олардың жалпы мөлшерін  анықтау;

- орталықтандырылған  және орталықтандырылмаған қорлар  арасында, ұлттық шаруашылық салалары  мен әкімшілік-аймақтық бөлімшелер  арасында қаражаттарды бөлудің  оңтайлар үйлестерін (пропорцияларын) белгілеу;

- қаржы  ресурстарын пайдаланудың нақтылы  бағыттарын анықтау және резервтерін  жасау;

-  кәсіпорынның  қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз  ету, өзінің міндеттемелері  алдында  уақтылы төлеу мүмкіндігі.

Информация о работе Кәсіпорының кызметтерін жоспарлаудын ажеттиликтері