Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Апреля 2013 в 17:13, курсовая работа
Жұмыстың негізгі мақсаты болып - әлемдік тәжірибені зерттеп, қазіргі Қазақстан Республикамыздағы лизингтік жүйесіне талдау жасау. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін келесі міндеттер қойылады:
• Лизингтік жүйені ұйымдастырудың теориялық негіздерін, оның ішінде лизинг түсінігін, жүйесіндегі кепілхат ұғымын және лизингтік жүйелерінің негізгі модельдеріне тоқталу;
• Қазақстан Республикасындағы лизинг жүйесінің қазіргі жағдайы мен даму мәселелеріне талдау жасау.
Несиелер мен инвестициялар, ұлттық несие мен инвестицияны қоспағанда дүние жүзі мен Еуропа банктерінің белгілі бір шарттарын орындамайынша жұмсалмаған.
Кіріспе
Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Курстық жұмыстың зертеу объектісі ҚР лизингтік операциялары болып танылады. Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуі өндірістік кәсіпорындар алдына бірқатар мәселелер қойып отыр. Соның ішінде өсіп бара жатқан бәсекелестіктің қазіргі ерекше жағдайларына бейімделу, өндірілген өнім бағасының жоғарылауына байланысты өтім нарқын қысқарту және төлемеушілік мәселелері, шикізатпен, материалдармен қамтамасыз етушілерді іздеудің қиындығы және қаржы ресурстарының шек телуі. Сол себепті қазіргі кәсіпорындар өз орнын сақтап қалу үшін икемділік және ассортиментін тез өзгерту қабілетін игере білулері қажет. 80-жылдардың аяғынан бастап өндірістік және ауылшаруашылық өнімін өндірушілердің ірі қарқында баланстық байланыс айтарлықтай өзгерді. Бұрынғы КСРО аймағындағы дезинтеграция мен Еуропадағы валюттік-кедендік бірлестік осы факторларды туғызып отыр. 90-жылдардың басында ТМД және нарқының жалпы жүйесінде Орта Азия елдері мен Қазақстанға қиын құрылымды мемлекеттер деген баға берілді. Сондыктан бұрын-соңды ұлттық табысқа едәуір үлес қосып жүрген онеркәсіп және агросектор саласындағы көптеген мамандандырылған кәсіпорындар өзі өндірген және импорттық өнімдерімен ТМД елдерінде орын алған болатын.
Жұмыстың негізгі мақсаты болып - әлемдік тәжірибені зерттеп, қазіргі Қазақстан Республикамыздағы лизингтік жүйесіне талдау жасау. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін келесі міндеттер қойылады:
Несиелер мен инвестициялар, ұлттық несие мен инвестицияны қоспағанда дүние жүзі мен Еуропа банктерінің белгілі бір шарттарын орындамайынша жұмсалмаған.
Сыртқы нарық жергілікті өндірушілердің алдын-ала мақтап шығарған өнімін, сонымен қатар көлемі мен сапасын да қабылдауға дайын емес еді. Экономикалық динамикада белгілі бір әсер ету Түркия мен Корея республикаларының экономикасына тікелей еліктеу концепцияларымен тікелей байланысты. Басқа сөзбен айтқанда, индустриялық елдердің қаржы деректері мен технолОгиялары жөнінде хабардар болу ин-директивтік жолдар жүйесі бойынша жүзеге асырылған.
Соның нәтижесінде, бірінші жағынан, тендерлік жобалардың бәсекестілігі аса қымбат жобалардың (мұнай, газ өндіру, автокөлік құрылысы саласында), екінші жағынан, ерекше шағын шетелдік қор инвестициясы саласында орын алды.
Үкімет қабылдаған кешенді бағдарлама бойынша офшорлық аймақ құру арқылы индустриялық елдердің қаржы көздері мен технологгияларына жол ашу, кіші және орта кәсіпкерлікті қолдау, мүлікті толығымен жеке меншікке бере отырып, қоғамды демократияландыру – еліміздің жастарына дүние жүзілік өркениетке жету жолын ашып беріп отыр
Республика экономикасының басты бағыттарын дамытуда орта және кіші кәсіпкерлікке аса көңіл аударылады. Батыс елдерде кеңінен қолданылатын кәсіпкерлікті жүзеге асыру, біздің ойымызша, индустриялық елдердің қаржы көздері мен технологияларына жол ашуды ұйымдастыру тәсілдерінің бірі бола алады және ол жаңа инвестициялардың маңызды көзі ретінде қызмет атқара алады.
Тұтынушылары
аз, сол сияқты нақты қойылған шарттарды
орындауға бейімделмеген
Реформаларды дамыту және Қазақстан экономикасын тұрақтандыру бағдарламасы нарықты (рынокты) жоғары технологиялы және бәсекелестікке жарамды өніммен қамтамасыз ететін, әлеуметтік дұрыс бағыттағы тиімді экономика құруды алдын-ала қарастырады.
Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған Индустриалдық иновациялық даму стратегиясына сәйкес 17 мамыр 2003 жылғы № 1096 Президент жарлығы қабылданды. Бұл жарлық 2001 жылғы есеп бойынша біздің өндіріс құралдарының 29 пайызы ескірген бұлай болса 2008 жылы 50 пайызға баратындығы қорқысымен өндіріс құралдарын жаңарту мәселесі қолға алынды. Осы жаңартудың жолдарының бірі лизинг әдісі.
Қазақстан экономикасы өзінің ішкі ресурстары негізінде өсіп- дамуы, ғылыми жетістіктерді зерттеуі, экономикалық зақымсыздық-пен және экологиялық қауіпсіздікпен қамтамасыз ете отырып, дүниежүзілік шаруашылық байланыстарға қосылуы тиіс.
Қазақстан өнеркәсібін осылай қайта құру үшін қазіргі таңда жетіспей отырған инвестициялар қажет-ақ.
Сондықтан инвестициялардың қалыптасқан түрімен қатар, оның басқа ерекше түрі де өзіне көңіл аудартып отыр. Инвестицияның бұл түрі лизинг деп аталады. Лизинг өзінің мүмкіншіліктерінің арқасында техниканы қайта жабдықтауда итермелеуші күшке айналады, өндірістік кәсіпорындардың қажетті күшін құрай алады, сонымен қатар экономиканы толығымен қайта құруға себін тигізеді.
Кәсіпкерлік қызметті
инвестициялаудың ерекше түрі ретінде
саналатын осы механизмнің
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Парламентінің және жергілікті атқарушы органдардың лизингті дамыту жөніндегі қолданған шаралары оны қолдану мүмкіншіліктерін анағұрлым кеңейтуге себін тигізеді. Лизинг қызметі нарқында көптеген лизингтік компаниялар жұмыс істейді. Олар көптеген кәсіпорындардың өндіріс техникасын жаңалай отырып, қаржы ресурстарының тапшылығы кезінде көмек береді. Яғни дағдарыстан шығудың және болашақта экономиканың көтерілу негізін қалайды.
1 Лизингтің экономикадағы мәні мен мазмұны
1.1 Лизингтің даму тарихы
Берілген деректер бойынша адамзатқа лизингтің ертеден болуы белгілі. Көптеген тарихшылар мен экономистердің пікірінше, лизинтік келісім-шарттар б.э.д. Шумер мемлекетінде де жасалды. Аристотельдің (б.э.д. 384 / 383 - 322 ж.ж.) “Богатство состоит в пользовании, а не в праве собственности” атты еңбегінде лизинг идеясы туралы пікірлер жазылған. Басқа сөзбен айтқанда, пайда алу мақсатында мүліктің иесі болуы міндетті емес, осы мүлікті пайдалану құқығы болу керек, соның нәтижесінде пайда алу мүмкін болады дейді. Лизинг ертеде тек белгілі бір меншік түрлерін жалға алумен шектелген жоқ. Тарихи мәліметтер бойынша, ауылшаруашылық техниканың түрлері және шеберлік құрылғылар, сонымен қатар әскери техника да жалға алынды.
Венецияда 11 ғасырда лизингтік операцияларға ұқсас мәмілелер жасалынды: венециандықтар сол уақытта өте қымбат болған якорьларды саудагерлер мен сауда қайықтарын жалға берді. Жүзі аяқталғаннан соң якорьлар өз иелеріне қайтарылған және қайтадан жалға берілді. Ұлыбританияда лизингтік қатынастарға ұқсас қатынастарды реттейтін алғашқы нормативтік акт болған 1284 жылы Уэльс заңы болды (Statute of Wales).
1572 жылы Ұлыбританияда тек қана нақты лизингті қолдануға рұқсат беретін заң актісі шығарылды. Осы заңның мәні: осы уақытта келісім-шарт жасасқан жақтардың мүліктің нақты иесі кім екені жасырылды, ол несие берушілерді адастыру мақсатында жүргізілді, сондықтан оны реттеу үшін қолданылды.
1930 жылдары Генри Форд өз автокөліктерін өткізу мақсатында жалға беруді кеңінен қолданды. Бірақ автокөліктік лизингтік бизнестің бастамашысы ретінде Золли Фрэнкті есептейді. Ол 1940 жылдары алғаш рет автокөліктерді ұзақ мерзімді жалға беруді ұсынушы сауда агенті болды.
Жалға беру қатынастарында болатын құбылысты Америкада 1950 жылы революция деп атауға болады. Осы уақытта өндірістің көптеген құралдары жалға берілді: технологиялық құрылғылар, машиналар мен механизмдер, кемелер, ұшақтар, т.б.. АҚШ Үкіметі осы құбылысты бағалап, оны ынталандыратын мемлекеттік бағдарламаны жедел түрде әзірледі және жүзеге асырды. Экономикалық лексикалық терминологияға жаңа “лизинг” терминінің енгізілуін (ағыл. lease – жалға беру) “Белл” телефон компаниясының операцияларымен байланыстырады. Осы компанияның басқармасы 1877 жылы өз телефон аппараттарын сатпайтыны туралы, оны жалға беру туралы шешім қабылдады.
Сан-Францискода белгілі болған “United States Leasing Corporation” американ компаниясы 1952 жылы лизингтік операциялар іскерліктің негізгі болған алғашқы акционерлік қоғам болып саналады. Сонымен, АҚШ жаңа бизнестің отаны болды. 60 жылдардың ортасында лизингтік операциялар 1 млрд.$, ал 80 жылдары олар110 млрд.$-дан асып түсті. Осындай жоғары қарқынды темптің болу себебі лизингтік мәміле бойынша серіктестктер ала алатын артықшылықтарға байланысты болды. Лизингтік операциялар өте тез АҚШ шекарасынан өтіп, халықаралық лизингке айналды.
АҚШ-та лизинг экономикалық бизнестің негізгі түрлерінің бірі болып табылады. Өз қызметтерінің кең спектрін ұсынған жаңа лизингтік компания- лар санының өсуі, және лизингтік келісім-шарттарының үлкен модифи- кациясы экономиканың әртүрлі сфераларында кәсіпкерлердің инвестициялық қаражаттарын алудың әртүрлі нұсқаларын анықтады. Кейіннен лизингтік компаниялар “қаржы-лизингтік қоғамдар” деген атқа ие болды.
Батыс Еуропада алғашқы алғашқы қаржы-лизингтік қоғамдар 50-60 ж.ж. пайда болды. Бірақ та лизингтік операциялардың дамуына көптеген факторлар әсер етті, т.қ. салықтық заңнамада лизингтік келісім-шарттардың заңды түрде қабылдауы көптеген қиыншылықтардан шығуға мүмкіндік берді.
Мысалы, алғашқы француз лизингтік компания “Локафранс” 1982 жылы құрылды. Ал төрт жылдан кейін лизингтік компаниялардың жалпы саны 30 тең болды. 1987 жылы елде жылжыйтын мүлікпен айналысатын 56 лизингтік компания жұмыс істеді, олардың жылдық келісім-шарттар саны 57 тең болды. Ал жылжымайтын мүлікпен айналысатын компаниялар саны 94-ке тең болды. Франция мемлекетінің ірі компаниялары “Локафранс”, “Слибай”, “Локабай”, “Софимобай”, “Слиминико”, т.б..
Италияда алғашқы лизингтік компания 1963 жылы құрылды, бірақ та лизингтік бизнестің кең өріс кезеңі 70-80 ж.ж. болды. Олардың ішінен 50 ең ірі компаниялар “Ассима” ұлттық ассоциациясының мүшелері болып табылады. осы уақытта он ірі лизингтік компаниялардыңлизингтік операциялар санының жалпы үлесі 80%-ға тең болды.
60 жылдары лизингтік
бизнес Азия континентінде
Қазіргі уақытта лизингтік қызметтерің негізгі бөлігі “АҚШ – Батыс Еуропа - Жапония” мемлекеттерінде шоғырланды. Батыс Еуропада лизинг берушілер ретінде, көбінесе, арнайы лизингтік компаниялар бола алады. Осы лизингтік компанияларды 75-80%-ға жуық банктер немесе оларды еншілес қоғамдар бақылайды. Жапония үшін сипатты белгі ретінде лизингтік операциялардың қаржыландырудан “қызметтер пакетіне” дейін ұлғайтты.
КСРО-да лизингтік бизнестің дамуы 1989 жылы басталды. Лизингті қолданудың бастапқы ережелерінің белгілі құбылысы ретінде жалға беру туралы 23 қарашаның 1989 жылы № 810-1 КСРО заңнаманың және 16 ақпанның 1990 жылы қабылданған, лизингті бухгалтерлік есепте көрініс табу тәртібі көрсетілген № 270 “бухгалтерлік есеп шоттарының жоспары” КСРО Мемлекеттік Банктің хаты негізі болды.
1991 жылдың маусым айында халықаралық кеңес-неміс лизингтік компания “Евролизинг”құрылып, ал желтоқсан айынан бастап өз қызметін жүзеге асырды. Оның құрылтайшылары болып, кеңес жағынан КСРО-ның Сыртқы экономикалық банк, КеңесМорфлот және КСРО-ның Госснаб болды, ал француз жағынан – Еуропаның бір ірі лизингтік компаниясы “ Насиональ де Пари Банкісі”, ал неміс жағынан – Батыс Германияның ірі лизингтік компания - “Митфинанц ГмбХ” болды.
1.2 Лизинг түсінігі мен лизингтік операциялардың негізгі элементтері
Лизинг сөзі «то леасе» ағылшын етістігінен аударғанда «жалға беру» беруде екі тарап қатысса: жалға беруші және алушы болса, ал лизингте үш қатысушы:лизинг беруші, лизинг алушы және жабдықтаушы болады.
Лизинг — бұл лизинг берушінің (жалға берушінің) өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларды, өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға (жалгерге) лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты.
Банктердің
лизингтік операциялары несиелік операциялармен
ұқсас болып келеді. Алайда, лизингтің
несиеден бір айырмашылығын
Әлемдік тәжірибеде “лизинг” термині ұзақ мерзімді пайдаланылатын заттарды жалға беру негізінде, әртүрлі мәмілелерді белгілеу үшін қолданылады.
Аренда келісім-шарты жасалу мерзіміне байланысты арендалық операциялардың үш түрі бар:
- Қысқа мерзімді аренда (рентинг) – бір күннен бір жылға дейін;
- Орта мерзімді аренда (хайринг) – бір жылдан үш жылға дейін;
- Ұзақ мерзімді аренда (лизинг) – үш жылдан жиырма жылға дейін.
Әрбір күрделі экономикалық ұғымдар секілді лизингте де бірнеше анықтамалар бар. Ең біріншіден, лизинг - бұл ағылшын сөзі to lease – уақытша жалға беру немесе жалға алу деген мағынаны білдіреді.
1. Лизинг –
бұл жалға берушінің уақытша
бос немесе тартылған қаржы
қаражаттарын инвестициялау.
2. Лизинг дегеніміз
аренда келісім-шарты. Ол
Информация о работе Инвестицияны қаржыландыру несиелеу формалары