Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Апреля 2013 в 17:13, курсовая работа
Жұмыстың негізгі мақсаты болып - әлемдік тәжірибені зерттеп, қазіргі Қазақстан Республикамыздағы лизингтік жүйесіне талдау жасау. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін келесі міндеттер қойылады:
• Лизингтік жүйені ұйымдастырудың теориялық негіздерін, оның ішінде лизинг түсінігін, жүйесіндегі кепілхат ұғымын және лизингтік жүйелерінің негізгі модельдеріне тоқталу;
• Қазақстан Республикасындағы лизинг жүйесінің қазіргі жағдайы мен даму мәселелеріне талдау жасау.
Несиелер мен инвестициялар, ұлттық несие мен инвестицияны қоспағанда дүние жүзі мен Еуропа банктерінің белгілі бір шарттарын орындамайынша жұмсалмаған.
2.4 Қазақстандағы лизингтік қатынастарды басқару тетіктерін жетілдіру
Курстық жұмыста ұсынылған тәуекелділік түрлерін жіктеудің бір ерекшелігі лизингтік қатынастардың лизингтік келісімге қатысушы субъектілер арасындағы серіктестік қатынастар ретіндегі экономикалық мәнін ашуға мүмкіндіктер беретін серіктестік тәуекелділігімен толықтырудың енгізілуі болып табылады. Лизингтік қатынастар кезінде пайда болатын тәуекелділіктерді басқару үшін менің ойымша , лизингтік келісімге қатысушы әрбір субъектілердің ұйымдастырушылық құрылымында тек тәуекелділіктерді басқару мәселелерімен айналысатын арнайы бөлім құрылуы керек. Сонымен , лизингтік келісімдердегі тәуекелділіктерді ескере отырып , лизингтік қатынасты басқару жүйесін қалыптастыру кезінде келесідей факторлар ескерілуі керек:
◦Бір лизингтік келісімге қатысушы тұлғалар санының неғұрлымкөп болуы ,( лизингтік компания , лизингке алушы , жеткізуші , сақтандыру компаниясы , кредитор және лизингтік келісімге т.б. жанама қатысушылар);
◦Лизингтік операцияны іске асыру мерзімінің ұзақтылығы ( 3 жылдан жоғары);
◦Лизингтік қатынастардың сипатының көп болуы.
Осы айтылғандарға
сүйене отырып , лизингтік қатынастарды
іске асыру кезінде
Еліміздегі лизингтік қатынастарды басқару тетіктерін жетілдірудің бір жолы ретінде лизингтік компаниялардың өосымша қызметтерін дамыту стратегиясы ұсынылған. Осы стратегияға сәйкес лизингтік келісімді бекіту лизингтік компаниядан басталу керектігі ұсынылған. Ол үшін лизингтік компания инвестициялық жобаларды таңдау және бағалау үдерістеріне неғұрлым белсенді түрде қатысуы қажет деп ойлаймын. Яғни , олар лизингке алушылардың тәуекелділіктерінін біраз бөлігін өздеріне алуы немесе мүмкіндіктері болған жағдайларда басқаларға беруі қажет. Осындай қосымша қызметтерді лизингтік компаниялардың өзіне алуы лизингке алушылар тұрғысынан лизингтік қызметтерге деген сұранысты жоғарылату арқылы орны жабылады. Бұл стратегия белгілі – бір түрдегі лизингке алушыларды қаржыландырудың базалық үлгісі болып табылады.
Әлемдік нарықта өздерінің техникалық және құндық параметрлері бойынша ұқсас машиналар мен құрылғылар түрлерінің номенклатурасының көбеюі. Осының әсерінен өз тауарларын өндіру үшін неғүрлым жақсы келетін , тиімді құрылғыларды таңдау мәселелері күшейе түсті және сонымен бірге , құрылғыларды уақытша пайдалану қажеттіліктері арта бастады.
Лизингтік қатынастардың пайда болып дамуына әсер еткен маңызды факторлардың бірі қаржы нарығындағы капиталдардың жеткіліксіздігі. Бұл жағдай орта және кіші кәсіпкерлікпен айналысатын фирмалардың қаржылық жағдайында неғұрлым кері әсер етеді . Сонымен қатар , мемлекеттердің өзіндік өндірістік инфрақұрылымы жеткілікті деңгейде дамымаған жағдайларда , тапшылық әсерінен бағалардың тез қарқынмен өсу және валюталық дағдарыстар кезінде өзіндік қаражаттар есебінен құрылғыларды сатып алу мәселелері тереңдейді .
Лизингтік қатынастардың қалыптасып дамуына әсер еткен себептердің бірі ретінде лизинг негізінде қаржыландыру нарықтық экономикасы дамыған елдердегі қаржыландырудың негізгі қағидасына , яғни , қаражаттарды өз атынан емес делдалдар арқылы орналастыру қағидасына сәйкес келетіндігін атауға болады. Мұндағы негізгі мақсат – жауапкершіліктер мен тәуекелділіктерді бөлу. Сонымен қатар шетелдерде лизингтік қатынастардың дамуына төлем қабілеттігі бар сұраныс пен ұсыныс арасындағы сәйкессіздіктер, мемлекеттің әсер ету шаралары сияқты экономикалық шараларды қоса кеткен жөн.
Сонымен жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе , шетелдерде және отандық нарықта лизингтік қатынастардың пайда балып , даму шарттарының бір-бірінен ерекшеленетінін көруге болады.Бұрынғы Совет Одағы құрамындағы елдерде лизингтік қатынастардың пайда болуының негізгі факторы ретінде қаржылық қатынастармен бірге материалдық қатынастардың да жетіспеушілігін айтуға болады.Сондықтан да , біз үшін әлемдік және отандық экономикалық нарықта лизингтік қатынастардың қалыптасу және даму тәжірибесін зерттеудің маңыздылығы өте зор.
Сонымен жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып , қазіргі уақытта лизингтік қызметтер нарығы әлемнің шамамен барлық аймақтарында дамуда деп айтуға болады. Әлемнің көптегенн елдеріндегі инвестицияның жалпы көлеміндегі лизингтің алатын үлесіне байланысты лизингті инвестициялаудың болашағы бар бір формасы деп толық санауға болады.
3. Лизингтің Қазақстандағы даму жолдары мен болашағы
Елбасы Н.Ә.Назарбаев атап өткендей еліміздегі 80%-ға дейін тозығы жеткен құрал-жабдықтарды алдағы жылдары алмастыра отырып, оны шешудің жолы ретінде жалға алудың басқа түрлерімен салыстырғанда кешенді сипаты бар – сыртқы экономикалық, несиелік және инвестициялық операциялар элементтерін біріктіретін лизинг болмақ. Қазақстан Республикасында лизингті дамыту негізгі мәселелердің бірі болып отыр.
Осы мәселені елбасымыз Н.Ә. Назарбаев өзінің 18 ақпан 2005 жылы жолдаған жолдауында атап өткен болатын. Яғни лизинг – ол шағын және орта бизнесті дамытумен қатар ел экономикасын дамытудың бірден - бір жолы болып табылады.
Лизингтің көмегімен жылжыйтын және жылжымайтын мүліктерді қомақты қаржы жұмсамай пайдалануға болады, яғни ғимарат және құрылысты, машина мен қондырғыны көлік құралдарын және т.б. өз игілігіне пайдалануға мүмкіншілік алады. Лизинг біздің елде 1989 жылы, банкілер лизингілік операцияларды іске асыра бастағанда пайда болған. Лизингілік операцияны іске асыратын коммерциялық банкілік мекемелер машинаны, жабдықты, көліктік құралдарды алдын-ала сатып алумен және оларды шаруашылық етуші субъектілерге белгілі шарттарға сәйкес пайдалануға берумен айналысатын лизингтік фирмалар болады. Бүгінгі таңда сатып алынатын негізгі құралдардың жалпы көлемінде лизинг үлесі АҚШ – та 50%, Европада - 40 %, Азияда 80% құрады. Елімізде соңғы жылдары инвестициялық қызметтің бір түрі – қаржылық лизинг даму үстінде. Өкінішке қарай, экономикалық прогресс және нарықтың дамуы нәтижесінде шағын және орта кәсіпкерліктің өсуіне жаңа мүмкіндіктер беретін қаржы құралы – лизинг туралы жалпы көпшілік жақсы біле бермейді.
Қаржылық лизинг – бұл өзінің іс-әрекет ету уақытында төмендегі төлемді қарастыратын келісім-шарт түрін, жабдықтың амортизациясының толық құнын және оның құнының 90% құрайтын лизингілік төлемдер. Бұл лизингтің түріне мынадай сипаттама беріледі; келісімге қатысушылар құрамына мәміленің объектісін өндіруші және жабдықтаушы болып табылатын 3 жақ кіреді. Сонымен қатар бұл мәміленің объектісін жалға алу мерзімі оның қызмет көрсету мерзімінің 80% құрайды. Бұл мәміленің объектілері өте жоғары құнымен ерекшеленеді. Объектінің қалдық құны, лизингілікті өтеген жағдайда лизингілік келісім - шарт мерзімі аяқталғаннан кейін, оның бастапқы құнының 20% құрауы керек.
Қаржылық лизингі шұғыл лизингтен ерекшелігі елеулі түрде мүлік иесінің тәуекелін төмендетеді, оның шарты көбіне ұзақ мерзімді банк несие алуда түзілетін келісім-шартқа ұқсас, өйткені құрал жабдықтың құнын толық өтеуді, құрал жабдық құны мен қожайынның кірісі қосылатын кезеңдік төлемді еңгізу; оның келісімді орындауға қабілетсіздігі жағдайында жалгерді банкрот деп жариялау құқығы, т.б.
Бүгінгі таңда Қазақстандық өндірушілердің өнімдерін бәскелестік қабілеттілігінің төмендігіне байланысты нарықтан сапалы жоғары шетелдік тауарлар ығыстыруда. Отандық өнеркәсіп техникалық параметрлері бойынша өте артта қалуда, өндірісте 70 - 90% тозған құрылғылар пайдалануда.
Қазақстанда кәсіпкерлік
Қаржылық лизинг - банктік несиелеудің альтернативі болып табылатын күрделі қаржыны қаржыландырудың ерекше формасы. Ол өндірісті компанияларға көп шығын жұмсамай – ақ қажетті тауарларды алуға немесе өндірістік құрал – жабдықтардың ескіруімен байланысты тәуекелдіктерден сақтауға мүмкіндіктер береді.
Қаржылық лизингтік қызметтерді тұтынушылардың ішінен экономикалық нақты секторларын, соның ішінде шағын және орта кәсіпорындарды ерекше бөліп қарастырудың маңыздылығы зор. Бәрімізге белгілі шағын және орта кәсіпорындардың өзіндік қаражаттары өндіріске қажетті мүліктерді сатып алу үшін жеткіліксіз. Ал, алғашқы қаржылық жағдайлардың және кепілдік қабілеттіліктерінің төмендігі банктік несиелерді алуда кедергілер туғызады. Міне, осындай жағдайларда нақты өндіріспен айналысатын кәсіпорындар үшін – лизинг құтқарушы құрал ретінде көрінеді. Еліміздегі кәсіпкерліктің шағын және орта формаларын қолдауға қызығушылықтары бар лизингтік компаниялар құрылғыларды сатып алуға кететін алғашқы шығындарды өздеріне алады. Шағын кәсіпкерлікті жүргізу үшін қажетті құрылғылар, яғни, сүт, ет сияқты ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдейтін, өсімдік майларын, сусындарды дайындайтын кіші зауыттар, асхана және байланыс құрылғылары және т.б. лизингтік келісімді қамтамасыз ету үшін жеткілікті болып табылады.
Сонымен бірге, қазіргі кезде көптеген өнеркәсіптік, транспорттық және ауыл шаруашылық кәсіпорындарында негізгі құралдарын жаңартудың құрылғылар мен машиналар паркін дамытудың қажеттілігі кезек күттірмес мәселелердің бірі болып табылады.
Еліміздегі коммерциялық банктердің несиелік портфеліндегі орта және ұзақ мерзімді қаржыландырудың инвестициялық жобаларының болуы экономиканың нақты секторын несиелеуге ақша қаражатынсыз жеткілікті деңгейде бөлінбей отыратындығын көрсетеді. Сонымен бірге, коммерциялық банктер несиелеудің қайтарылмай қалу тәуекелдерін төмендету мақсатында несие беру шарттары күннен – күнге күшейтуде.
Жалпы лизингтік саланың дамуы экономикалық дамуға бірнеше бағыттар бойынша әсер етеді. Лизинг ұзақ мерзімді қаржыландырудың қомыша формасы болып табылатындықтан күрделі салымдар көлемін ұлғайтады. Сол сияқты қосымша қаржы ресурстарын тарта отырып, негізгі құралдардың жаңартылуын тездетеді. Лизинг қаржылық қызметтер нарығында қосымша бәскелестік туғызады.
Міне, осындай мәселелерге
Қаржы министрлігінің мәліметі бойынша кәсіпорындардың негізгі қорларын жаңартуға 800 млрд. теңгеден кем емес инвестиция талап етіледі, бұл өткен жылдары банкілер берген несиенің көлемімен екі есе дерлік асады.
Жыл сайын республикада негізгі өндірістік қорлардың тек 0,8-1,2 – сі ғана жаңарады, ал бұл кезде дамыған елдерде бұл көрсеткіш 6-8% - ті құрайды.
Банкілер олар құрған мамандандырылған еншілес компаниялар («БТА – лизинг», «Халық – лизинг», т.б.) арқылы тікелей лизингтік операциялар жүзеге асады.
Бүгінгі таңда қаржылық лизинг көптеген әлеуметтік – экономикалық проблемаларды шешуге мүмкіндік береді.
Қаржылық лизинг жағдайында лизинг жөніндегі келісім – шарт кезде шаруа қожалағы жалға берушіге жалға берілетін мүліктің тұтас құнын қояды, нәтижесінде ол мүлік иесі атанады.
Тағы бір айтатын жағдай экономиканың нақты секторларын дамыту шеңберінде қаржылық лизингтің кең түрде дамуын төмендегідей жағдайлар мүмкіндік береді:
1. Өнеркәсіптік өнімдер өндірісінің көлемін жоғарылату арқылы оларға деген сұраныс үшін жеткілікті ұсынысты қамтамасыз ету.
2. Экономиканың
нақты секторларынан яғни, өндіріске
жаңа техникалар мен
3. Өндірістік салалық құрылысын жетілдіру өнеркәсіптік өндіріске дұрыс көңіл бөлген жағдайда елдегі шикізат, қаржылық ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
4. Дайын өнімдерді
шетелдерден әкелу көлемін
Қорытынды
Қазіргі таңда лизинг өндірістік кәсіпорындарға инвестицияларды жұмылдырудың жалғыз ғана перспективалық түрі болып саналуда. Шаруашылықта қолданудың нәтижесінде жетістіктерге жеткен лизинг шартының тиімділігі инвестициялық процестерді активтендіруден, лизинг алушы кәсіпорындардың қаржылық жағдайын жақсартудан, кіші және орта бизнестің бәсекелестік қабілетін арттырудан байқалады.
Лизинг қатынастарының экономикалық-құқықтық қамсыздан-дырудың жоғарғы деңгейі жағдайында ғана табысты болатындығын лизингті ендірудің алғашқы кезеңі көрсетіп отыр. Осы жоғарыда айтылғандардың жарығында лизинг қатынасының практикалық тұрғыдан реттелуі және құқықтық тұрғыдан дамуының маңызы өте зор. Осының өзі лизинг шартының күніміздегі өзекті мәселелердің бірі екендігінің дәлелі.
- шетел тәжірибесін
зерттеу негізінде біз
Қазақстанда осы тақырып пен жалпы лизинг дамуының маңыз-дылығы, біріншіден, техникалық құралдар жағдайының қолайсызды-ғына (моральдық ескірген жабдықтардың едәуір үлес салмағына, оны қолдану тиімділігінің төмендігіне) байланысты.
Осы мәселелерді шешудегі варианттардың бірі - лизинг. Лизинг аренданың басқа түрлерінен кешендік өзгешіліктерімен, сыртқы сауда, несие және инвестиция операциялары элементтерін біріктірумен ерекшеленеді. Лизингтің басты артықшылығы несиелік қызмет түрінің кең көлемділігінен тұрады. Көбіне лизинг кеңес беру қызметтерін, көлікпен тасымалдауды ұйымдастыру мен несиелеуді, лизинг обьектілеріне техникалық қызмет көрсету мен сақтандыруды, монтаж, қосалқы бөлшектермен қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Осының барлығы лизинг несиесінің икемділігін арттырады, қажетті құрал- жабдықтарды сатып алу кезіндегі нарықтық коньюктураның өзгерістеріне жедел түрде үйренуге ықпал жасайды.
Сонымен лизинг шаруашылық ұйымдардың өз бетінше жұмыс атқаруға ұмтылуына жауап беретін инвестициялармен несиелеудің демократиялық түрі болып табылады.
Қазақстанның шаруашылық субьектілері соңғы кездерге дейін осы несиелік тур жайында қажетті ақпараттың жоқтығына, құқықтық базаның дамымағанына байланысты лизингке аса көңіл аудармаған болатын.
Информация о работе Инвестицияны қаржыландыру несиелеу формалары