Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Апреля 2013 в 17:13, курсовая работа
Жұмыстың негізгі мақсаты болып - әлемдік тәжірибені зерттеп, қазіргі Қазақстан Республикамыздағы лизингтік жүйесіне талдау жасау. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін келесі міндеттер қойылады:
• Лизингтік жүйені ұйымдастырудың теориялық негіздерін, оның ішінде лизинг түсінігін, жүйесіндегі кепілхат ұғымын және лизингтік жүйелерінің негізгі модельдеріне тоқталу;
• Қазақстан Республикасындағы лизинг жүйесінің қазіргі жағдайы мен даму мәселелеріне талдау жасау.
Несиелер мен инвестициялар, ұлттық несие мен инвестицияны қоспағанда дүние жүзі мен Еуропа банктерінің белгілі бір шарттарын орындамайынша жұмсалмаған.
2.2 Қазақстандағы лизингтік жүйенің ерекшеліктері мен маңыздылығы
Курстық жұмыста Қазақстандық лизингтік қызметтер нарығының негізгі операторларын, олардың қызметтерін ұйымдастыру ерекшеліктеріне байланысты мемлекеттік лизингтік компания, коммерциялық банктердің еншілес лизингтік компаниялары, құрылғылардың белгілі бір түріне маманданған лизингтік компаниялар және аймақтық лизингтік компаниялар деп бөліп қарастырылған. Зерттеу барысында «ҚазАгроКаржы» АҚ мемлекеттік лизингтік компания ретінде жеке топ ретінде бөлініп көрсетілген. Себебі, бұл компания республикалық бюджет есебінен 1989 жылдардың басында елімізде нарықтық қатынастардың қалыптасып, дамуымен байланысты экономикалық тәжірибеге жаңа қаржылық құралдар ене бастады. Сол қаржылық құралдардың бірі лизинг 1989 жыллан бастап Қазақстанда экономикалық келісімдердің бір формасы ретінде пайдаланыла бастағаны белгілі. 1990 жылы Қазак КСР-нің Үкіметі елімізм прокат және лизинг қатынастарын дамыту мақсатында "Прокат және лпзинг—95" деп аталатын 6 жылдық бағдарлама жасады, екінішке орай бұл бағдарлама өз деңгейінде іске асырылмады. Бірақ осы бағдарлама қабылданнан кейін "Крамдс-Лпзинг", "Казтехлизинг", "ТуранЛизинг, "Алма-Ата Техлизинг", "Агролизинг" жәис т.б. алғашқы отандық лизингтік компаниялар құрала бастады. 1992 жылғы мәліметтер бойынша Кр-нің экономикасының мемлекеттік емес секторында 20 лизингтік компания жұмыс істеген.
1992 жылдан басталған еліміздің ішкі нарығындағы қолайсыз экономикалық жағдайлар мен дағдарыстардын нәтижесінде лизингтік бизнестің арқыны баяулай бастады.
1995 жылдан бастап лизингтік бизнесті мемлекеттік қолдау, яғни лизингтік келісімдерді толығымен немесе жартылай мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырудың үлесі жоғарылай бастады. 1996-2000 жылдар аралығында мемлекет лизингтік операцияларды жүзеге асыруға Үкіметтің жеке қызулылары бойынша 4,5 млрд. Теңгеден көп ақша қаражаттарын жұмсаған. 1999 жылы Қазақстанда 11 лизингтік компания жұмыс істесе, соның жартысынан көбі мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылып отырған. Сонымен бірге, осы ІІІ-кезенді лизинггік қатынастардың дамуы үшін нормативті-әдістемелік және заңдылықты базаны жасаудың негізі қаланған кезең деп те сипаттауға болады. Оған дәлел ретінде 2000 жылдың шілде айында қабылданған "Қаржылық лизинг туралы" ҚР-ның Заңын айтуға болады.
2000 жылдың екінші жартысынан бастап "Қаржылық лизинг туралы" ҚР-нің Заңы өз күшіне енгеннен кейін еліміздің коммерциялық секторында лизингтік қатынастар қалыптаса бастады. Заңға "банктік лизинг" деген түсініктің енгізілуіне байланысты еліміздің коммерциялык, банктері құрған лизингтік компаниялардың саны көбейе бастады. 2000 жылдың тамыз айы мен 2003 жыддың мамыр айлары аралығында 9 банктік лизингтік компания құрылған. Сонымен "Каржылық лизинг туралы" ҚР-нің Заңы елімізде лизингтік қызметтер нарығының белсенді түрде дамуына үлкен ықпал жасады.
Бүгінгі күні Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы лизингтік операциялар нарығьш тәуелсіз сараптамашылар лизингтік қатынастарға қатысушы барлық тұлғаларға көп мөлшерде табыс және әлеуметтік-экономикалық тиімділіктер әкелуге қабілетті нарық ретінде бағалауда. ТМД елдеріндегі күрделі каржылардың тапшылығы, осы мақсат үшін инвестициялаудың баска түрлерінің жетіспеушілігі лизингтің әр түрлі түрлерін тәжірибеде пайдаланудың экономикалық маңыздылығын көрсетеді.
Қаржыландырылатын жалғыз компания және ол ҚР-ның аграрлық секторындағы лизингтік қатынастарды дамыту бойынша ауыл шаруашылық министрлігінің операторы болып табылады. Бүгінгі күні компанияның Қазақстандағы лизингтік қызметтер нарығындағы үлесі 53,8 % құрып отыр.
ҚР-ның нарығында белсенді түрде жұмыс істеп жатқан лизингтік компаниялардың 44,4% коммерциялық банктердің еншілес құрылымдары құрап отыр. Олардың анының көбеюіне ҚР-ның «Қаржылық лизинг» туралы заңына «банктік лизинг деген түсініктің енгізілуі қолайлы әсер етті. Бұлар, бүгінгі күні стандартты лизингтік қызметтерді кез-келген салаға көрсетуге маманданған әмбебап компаниялар болып табылады. Құрылғылардың белгілі-бір түріне маманданған лизинггік компаниялар халық шаруашылығының белгілі-бір саласына мамандығына жұмыс істейді. Еліміздегі салалық лизингтік компаниялар көбінесе, ауыл шаруашылық техникалары мен автокөліктерді лизингке беруге маманданган. Бұны негізгі корлардың осы түрлерінін нарықтағы өтімділіктерінің өте жоғары болуымен түсіндіруге болады. Аймақтық лизингтік компаниялар белгілі-бір аймақтарға ғана лизингтік кызметтер көрсетумен айналысады. Болашақта осы аймақтық лизингтік компанняларды кластерлер жүйесінің бір құрылымы ретінде дамытудың маңыздылығы бар деп ойлаймыз.
Негізгі қорларға салынған инвестициялар, экономиканың ұлғаймалы ұдайы өндірісінің даму болашағын көрсететіндіктен жұмыста жалпы елдегі лизингтік нарықтың көлеміне кейбір макроэкономикалық көрсеткіштердің, яғни негізгі қорларға саоынған инвестициялар және жалпы ішкі өнімдегі лизингтің үлесі ретінде бағалау жүргізілген (2- кесте). Талдау жасау барысында ҚР-дағы лизингтік нарық көлемінің жыл сайын өсіп отырғанына қарамастан, оның инвестиция мен жалпы ішкі өнім көлеміндегі үлесінің басқа елдермен салыстырғанда өте төмен болуына экономиканың даму деңгейінің де әсер ететіндігі анықталды.
ҚР-дағы лизингтік қызметтер нарығының дамуындағы өзекті мәселелердің тағы бірі лизинг нысанындағы инвестициялардың салалық құрылымы болып табылады.
Осы айтылғандардан, Қазақстанда лизингтік нарық жұмыс істейді және лизингтік индустрия дамудың әлі бірінші кезеңінде, яғни лизингке алушы келісім- шарт мерзімі аяқталғаннан кейін лизинг объектілерін қалдық құны бойынша сатып алатын және келісім-шартта көрсетілген мәмілелер оның күші бар мерзім аралығында өзгеріссіз қалатын қаржылық лизингтің даму кезеңінде деген қорытынды шығаруға болады. Сонымен бірге, кез- келген саланың соның ішінде лизингтік саланың да дамуы экономиканың жалпы жағдайымен, нарықтық инфрақұрылымның дамуымен және заңнамалық базамен анықталатындығы белгілі. Ал ҚР-да қазіргі кезде жұмыс жасап жатқан лизингтік компаниялар бірлесе отырып белгілі-бір жобаларды іске асыруға қатысып отырған жоқ, олардың бірлестігі көбінесе, елдегі лизингтік бизнесті дамытумен байланысты заңдардың қабылдануына әсер етуімен шектелуде.
Бірақ лизингтік компаниялар тарапынан байқалган осындай бірлескен жұмыстардың да Қазақстандағы лизингтік қатынастардың қалыптасу кезеңіндегі маңыздылығы өте жоғары.
Экономикалық қатынастардың кез-келген түрі сияқты лизингтік қатынастардың да кажеттілігі мен мақсаттылығы маңызды категориялардың бірі - оны жүзеге асырудың тиімділігіне негізделеді. Жұмыста лизингтік қатынастардың экономикалық тиімділігін анықтау және бағалау екі кезеңге
бөліп қарастырылган:
2.3 Қазақстандағы лизингтік қатынастардағы тәуекелділіктерді басқару
Лизингтік қатынастарды басқаруды реттеу жолдарын дамыту, лизингтік келісімдердегі тәуелділіктерді ескере отырып қатынастарды басқару мәселелері мен Қазақстандағы лизингтік қатынастарды басқару тетіктерін жетілдірудің нақты жолдары көрсетілген.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай , экономикалық қатынастардың дамуының қазіргі кезеңінде лизингтік қатынастарды белсенді түрде пайдалану қажеттіліктерін айтып қана қоймай , сонымен бірге , осы қатынастарды білікті түрде басқаруға да өте көп көңіл бөлу қажет. Соған байланысты еліміздегі лизингтік қатынастарды басқарудың бірнеше деңгейін қалыптастырудың қажеттілігі бар.
Әр түрлі халықаралық ұйымдар үкіметтік емес ұйымдардың , университеттердің , халықаралық агенттіктердің және жергілікті басқару органдарының көмегімен арнайы Жобалар жасау арқылы елдегі лизингтік қатынастардың дамуы үшін қолайлы жағдай жасай отырып , лизингтік қатынастарды мега деңгейде басқаруда маңызды рөл атқарады. ҚР- да халықаралық даму жөніндегі АҚШ агенттігінің қаржылық қолдауымен 2003 жылы лизингтті дамыту бойынша жоба өз қызметін бастады. Бұл жобаның негізгі мақсаты лизингтік қатынастарды реттейтін заңдылықтарды жетілдіру үшін мемлекеттік басқару органдарына және Парламентке ұсынастар беру , қаржылық және кәсіпкерлік орталарда лизинг туралы танымдалық танымдылықты жоғарылату және лизингтік сектордың ресурстық базасын кеңейту бойынша көмектер жасау болып табылады. Қазіргі кезде осы жобаның бірінші және екінші кезеңдері толық іске асырылған. Ал үшінші кезеңін іске асыру үшін Халықаралық қаржылық корпорацияның инвестициялық департаментімен бірлесе отырып , Орталық Азияда лизингті қаржыландыру Қорын құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Лизингтік қатынастарды мега деңгейде басқаруды дамыту үшін шетелдік инвесторлар тартуға көбірек көңіл бөліну қажет.
Лизингтік қатынастарды басқарудың нарық талаптарына сәйкес келетін тиімді технологиясын жасау үшін ең алдымен мемлекет макродеңгейлік қатынастарды реттеуші ретінде неғұрлым маңызды роль атқарады. Еліміздегі лизингтік қызметтер нарығының қалыптасқаннан бергі уақыт аралығында лизингтік қатынастарды ұйымдастыратын және реттейтін бірнеше нормативті актілердің бекітілгені белгілі . Солардың негізінде лизингтік қызметтер нарығын ұйымдастыру қағидаларын анықтайтын база құрылған. Бірақ лизингтік қатынастарды дамыту бойынша елімізде қабылданған заңнамалық актілердің қабылдау уақыттарына жасалатын талдаулар , көптеген жағдайларда нарықтың мемлекеттен реттеуші шараларды талап еткендігін көруге болады. Яғни , бүгінгі күні мемелекет лизингтік қатынастарға заңнамалық базаның көмегімен жергілікті деңгейлерде реттеулер жүргізіліп отырған жоқ. Сондықтан да , біздің қазіргі таңда ҚР-ғы лизингтік қатынастарды мемлекеттік деңгейде басқарудың кейбір тетіктерін сапалық жағынан келесідей бағыттар бойынша қажет екендігін ұсынамыз:
1.Лизингтік
қатынастарды әр түрлі келісім
шарттық қатынастардың
2.ҚР-да лизингтік қатынастарды құру қағидаларын толық қалыптастыруға жауап беретін құқықтық реттеу тетіктерін жасау және оларды нақты қолданысқа енгізу керек . Бұл жерде ең алдымен , « қаржылық лизинг » түсінігінен белгілі бір ерекшеліктері бар « оперативті лизинг » деп аталатын жаңа тетікті қолдануға өту үшін қажетті құқықтық базаны қалыптастыру керектігі айта кеткен жөн. Себебі , шетелдік тәжірибе көрсетіп оырғандай кейбір объектілерді әсіресе , құрылысты жүргізуге қажетті құрылғыларды оперативті лизинг негізінде пайдалану қаржылық лизинг қарағанда неғұрлым тиімді болып келеді.Сондықтан да қазіргі кезде лизингтік қатынастарды оперативті лизинг арқылы дамытуға көп көңіл бөліну керек.Осы мақсат үшін оперативті лизинг тетіктерін пайдалану қағидалары мен тәртіптерін түсіндіретін және реттейтін заңнамалық актілер қабылдау қажет.
3.Соңғы кездері
еліміздегі лизингтік
4.Лизингке беруші
субъектілердің қызметтеріне
•Лизинг объектілерін таңдау лизингтік қатынастарды іске асыру кезіндегі болашақтағы қаржылық ағымдарды қалыптастыруды және лизингке алушылардың мүдделерін ескеру негізінде іске асырылуы қажет. Лизингке беруші ең алдымен , лизинг объектісін жеткізушімен келісімдер жасау арқылы , лизингке алушымен қатынастарын реттеуі керек.
•Лизингтік
қатынастар сызбасы лизинг объектілерінің
бағасын және лизингтік келісімдерді
бекіту кезіндегі пайда болатын
тәуелділіктерді төмендетуге
Лизингтік қатынастарды іске асыру нәтижесін ең соңғы тұтынушы лизингке алушы болып табылады. Олар лизингтік қатынастарды тиімді түрде басқаруға қатыса отырып , қосымша экономикалық тиімділіктерді алуды көздейді. Бүгінгі күні ҚР-да лизингтік қатынастарды іске асыру кезінде лизингке алушылар белсенділіктері өте төмен тұлғалар ретінде , яғни лизингке беруші субъектілердің ұсынған қызметтерін тек « тұтынушылар » ретінде ғана көрінеді. Менің ойымша лизингтік қатынастарды басқаруға қатысу кезінде лизингке алушылардың іс-әрекеттері келесідей тетіктерге бағытталуы қажет:
•Өз иелігіне пайдалануға алынатын мүлік құнының оптималды мөлшерін қамтамасыз ету үшін лизингтік қатынастарды құруға белсенді түрде қатысу;
•Лизинг алушылар өз өндірістерінің мүмкіндіктеріне сәйкес , өздерінің есептік саясаттарын дұрыс жасау арқылы лизинг объектісін пайдалану есебінен өндірілген өнімдер мен көрсетілген қызметтердің негізделінген бағасын қалыптастыруды қамтамасыз етуге мүмкіндіктер ала алады.
Информация о работе Инвестицияны қаржыландыру несиелеу формалары