Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Апреля 2013 в 17:13, курсовая работа
Жұмыстың негізгі мақсаты болып - әлемдік тәжірибені зерттеп, қазіргі Қазақстан Республикамыздағы лизингтік жүйесіне талдау жасау. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін келесі міндеттер қойылады:
• Лизингтік жүйені ұйымдастырудың теориялық негіздерін, оның ішінде лизинг түсінігін, жүйесіндегі кепілхат ұғымын және лизингтік жүйелерінің негізгі модельдеріне тоқталу;
• Қазақстан Республикасындағы лизинг жүйесінің қазіргі жағдайы мен даму мәселелеріне талдау жасау.
Несиелер мен инвестициялар, ұлттық несие мен инвестицияны қоспағанда дүние жүзі мен Еуропа банктерінің белгілі бір шарттарын орындамайынша жұмсалмаған.
Сонымен қатар, лизингті үшінші тұлға үшін мүлікті сатып алатын және оған ұзақ мерзім периодына беретін, мамандырылған (лизингтік) компанияның делдалдық қызметі арқылы негізгі қорларға салымдарды қаржыландырудың арнайы нысаны ретінде де қарастыруға болады. Яғни, лизингтік компания нақты түрде жалданушыны несиелендіреді. Сондықтан лизингті кейде “несие - аренда” деп атайды.
Сатып алу-сату келісім-шартында тауарға иелік ету құқығы сатушыдан сатып алушыға өтеді, ал лизингте аренда келісім шартын жасасқан кезінде, мүлікке ие болу құқығы жалға берушіде қалады. Лизингтік келісім шартының мерзімі аяқтаған соң, жалданушы лизингтік жабдықты келісілген бағада сатып алу, келісім шарт мерзімін ұзарту немесе жалға берушіге жабдықты қайтару мүмкіндігі болады.
Лизингтік қаржыландырудың несиеден айырмашылығы:
Қазақстан Республикасында лизингтік операцияларды реттеу 2000 жылдың шілде айында қабылданған “Қаржы заңынан” кейін ғана қолға алынған болатын. Бүгінде бұндай қаржылық қызмет көрсету түрі өзге елдердегідей қарқынды даму үстінде. Еліміз дамушы мемлекет болғандықтан, көптеген өндіріс салалары, ауыл шаруашылығы техникалық жағынан жаңартуды, жаңа технологиялармен жабдықталуды қажет етеді. Алайда, барлық өндіріс көздерінің мұндай игі шараларға қорларындағы қаржылары жете бермейді және де барлығының да банктерге кепілдік қойып, несие алуға мүмкіндіктері жоқ. Осындай сәттерді ескере отырып, лизингтік компаниялар ашылып, жұмысы да сол бағыт бойынша жүргізіледі.
Қаржылық лизингте лизинг алушыдан ешқандай мүлікті кепілдікке қою талап етілмейді, тек қана алынған соманың жарты ақшасын құйса болды. Яғни, аздаған соманы кұю арқылы алушы өзінің қажеттіліктерін игере алады және лизингтік қаржы операциялары кезінде екінші рет қосымша қаржы алу мүмкіндігі қарастырылған. Сонымен қатар, лизинг алушыларға мемлекет тарапынан да бірқатар жеңілдіктер жасалған. Мәселен, лизинг алушылар кейбір салық төлемдерінен босатылған. Лизингтік операцияларда несиеге қарағанда пайыздық көрсеткіштері жоғары. Оны лизингтік компаниялардың керекті қаржыны банктерден қарызға алатындығымен түсіндіруге болады.
1.3 Лизингтік операциялардың нысандары мен түрлері
Лизингтік қызметтердің қазіргі нарығы лизинг нысандармен, лизингтік келісім шарт үлгілермен және лизингтік операцияларды реттейтін заңды нормалардың алуан түрлілігімен сипатталады.
Лизингтің нысандары:
1. қатысушылар құрамына байланысты:
• тура лизинг, келісім шарт екі жақ арасында жасалынады, яғни жалға беруші және жалға алушы арасында;
• жанама лизинг, келісім шарт үш немесе одан да көп жақтар арасында жасалынады, яғни жалға беруші, жалға алушы және делдал арасында.
2. мүлік нысанына байланысты:
- жылжитын мүлік лизингі ( жабдықтар, техника, автомобильдер, кемелер,ұшақтар, т.б.), соның ішінде жаңа және қолданыста болғандар.
- жылжымайтын
мүлік лизингі ( жалға беруші
ғимараттарды, құрылғыларды жалға
алушы тапсырысы бойынша
- қолданыста болған лизинг мүлігі.
3. мүліктің өтелімділігі бойынша:
• толығымен өтелінетін лизинг, келісім шарт мерзімі ішінде жалданатын мүліктің құны толығымен өтелінеді;
• жартылай өтелінетін лизинг, бір келісім шарт мерзімі ішінде мүліктің жартылай амортизация өтеді және оның жартысы ғана өтелінеді.
4. амортизация деңгейіне байланысты:
- толық амортизация деңгейі;
- толық емес амортизация деңгейі.
5. қызмет көрсету мөлшері бойынша:
• таза, мүлікке қызмет көрсеткенге кететін шығындарды лизинг алушы өзіне алады;
• толық, мүлікке қызмет көрсеткенге кететін шығындарды лизинг алушы өзіне алады.
• жартылай, мүлікке қызмет көрсетуге байланысты функциялардың жартысын лизинг берушіге жүктелінеді.
6. Нарық секторына байланысты:
- ішкі, келісім шарттың барлық тұлғалары бір елді ұсынады;
- халықаралық, келісім шарттың бір ғана тұлғасы немесе барлық тұлғалар әртүрлі елдерде орналасса, сонымен қатар жақтардың бірі өзара кәсіпорын болған жағдайда. Халықаралық лизинг:
• импорттық – егер лизинг беруші мен лизинг алушы бір мемлекетте, ал жабдықтаушы басқа елде болса.
• экспорттық – егер жабдықтың өндірушісі және лизинг беруші бір мемлекетте орналасса, ал лизинг алушы басқа елде болса.
• транзиттік – егер барлық қатысушылар әртүрлі мемлекеттерде орналасса.
7. лизингтік төлемдер сипатына байланысты:
- ақшалай төлемді лизинг (барлық төлемдер ақшалай нысанда);
- өтемақы төлемді
лизинг (жалға алынған жабдықта
өндірілген тауарларды жеткізу)
- аралас төлемді лизинг.
8. Салық және
амортизациялық жеңілдіктерге
• нақты – жалға беруші инвестициялық жеңілдік және жедел амортизация секілді, ал жалға алушы арендалық төлемдерді салықты төлеу үшін алынатын табыстардан шегере алу сияқты салықтық жеңілдіктерге ие болады.
• жалған – мәміле спекулятивті сипатта болады және ең жоғарғы пайда алу мақсатында негіссіз салықтық және амортизациялық мәміле жасасу негізінде жүргізіледі.
9. қаржыландыру әдісіне байланысты:
• мерзімдік лизинг, бір жолғы аренда жүзеге асырылатын лизинг;
• жаңғыртымалы лизинг, лизинг келісім-шарты бірінші келісім-шарт аяқталған соң қайта жалғастырылады.
10. жалға алынатын мүлікке қатысты:
• таза лизинг, бұл лизингте жалға алынған мүллікке байланысты шығындарды жалға алушы өзіне алады;
• толық лизинг, бұл лизингте жалға алынған мүллікке байланысты шығындарды жалға беруші өзіне алады.
Лизингтің түрлері:
1. Қаржылық лизинг. Жалға беруші төлейтін төлем есебінен, жалға алынатын жабдықтың толық амортизациясын білдіретін ұзақ мерзімді келісім-шарт.
Қаржылық лизинг
келесі негізгі белгілермен
• Үшінші тұлғаның қатысуымен;
• Келісім-шарттың мерзімі аяқталуына дейін келісім-шартты бұзу мүмкіндігінің болмауы;
• Лизингтік келісім периодын одан әрі жалғастыру мүмкіндігінің жоқтығымен;
• Қаржылық лизингте негізінен объектілер жоғары құнға ие болады.
Осындай келісімдер аренданың уақытына дейін аяқталуын көздемегендіктен, арендалық төлем сомасын дұрыс есептеу өте маңызды болып келеді, себебі осы мүліктің иесіне жабдықты сатып алуға және қолдануға байланысты барлық жоғалтуларды, сонымен қатар табыстылықтың қажетті нормасын өтеуге мүмкіндік береді. Лизингтің осындай нысанында мүлікті орнату мен сақтауға, ағымды қызмет көрсетуге байланысты шығындарды, көбінесе, жалға алушы өзіне алады. Көп жағдайда осындай келісімдер жалға алушының келісім-шарт аяқталған соң, мүлікті қалдықты құн немесе жеңілдікпен сатып алуға құқық береді. Жедел лизингкке қарағанда, қаржы лизингі мүлік иелерінің тәуекелін төмендетеді.
Қаржылық лизингтің
объектілеріне жылжымайтын
2. Жедел лизинг.
Ағымды аренда туралы келісім-
Жедел лизингтің
негізгі объектілеріне
Жедел лизингтің шарттары жалға алушы үшін тиімдірек кенін байқауға болады. Мысалы, егер жалға алушы моральды тозған жабдықтан келісім-шартты уақытының аяқталуына дейін күшін жойса, жалға алушының жаңа жоғары технологиялы және бәсекелесті құралдарды пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жалға алушы әртүрлі қолайсыз жағдай туындаған жағдайда, осы іскерлік түрінен бас тартуы мүмкін. Ол мүлік иесіне уақытына дейін жалға алынған мүлікті қайтарып, өндірістің жойылуына және қайта құруына байланысты шығындарды азайтуға мүмкіндігі болады. Егер бір жолғы жобаларды немесе тапсырыстарды жүзеге асыру кезінде, жедел лизинг одан әрі қажетсіз болатын жабдықтар мен құралдарды сатып алудан босатады.
2 Қазақстандағы лизингтік нарықтың қалыптасу және даму ерекшеліктері
2.1 Отандық лизингтің қалыптасу кезеңдері
Енді отандық лизингтік қатынастардың қалыптасуы мен даму кезеңдеріне сипаттама берейін. 2003 жылдың желтоқсан айында "Қазақстандағы лизинг: тәжірибе, мәселелер және даму болашағы" деген тақырыпта болып өткен халықаралық "дөңгелек столда" болған пікір алмастырулар нәтижесінде еліміздегі лизинггік бизнестің қалыптасу және дамуының 14 жылдық тарихының кезендері ІІІартты түрде анықталған.
Кезеңдер:
I.1989- 1992жж.
Лизингтік қатынастардың пайда болу кезеңі.
Алғашқы лизингтік компаниялар құрылымы және кейбір коммерциялық
банктер лизинггік операцияларды аз көлемде іске асыра бастады.
II. 1992 -1994 жж.
Лизингтік қатынастардың баяулау кезеңі.
Қазақстанның ішкі нарығындағы экономикалық дағдарыстардын әсерінен лизинггік; бизнестің қарқыны баяулай басады.
III. 1995- 2000жж.
Лизингтік қатынастардың жандану,қайта дамукезеңі :
Лизингтік катынастарды мемлекеттік қолдау және ынталандыру дами бастады, сондықтан бұл кезеңді мемлекеттік кезеңі деп те атауға болады.
ІV.2000- 2003жж.
Банктік лизинг кезеңі.
Банктік
лизингтік компаниялардың
1989 жылдардың басында елімізде нарықтық қатынастардың қалыптасып, дамуымен байланысты экономикалық тәжірибеге жаңа қаржылық құралдар ене бастады. Сол қаржылық құралдардың бірі лизинг 1989 жыллан бастап Қазақстанда экономикалық келісімдердің бір формасы ретінде пайдаланыла бастағаны белгілі. 1990 жылы Қазак КСР-нің Үкіметі елімізм прокат және лизинг қатынастарын дамыту мақсатында "Прокат және лпзинг—95" деп аталатын 6 жылдық бағдарлама жасады, екінішке орай бұл бағдарлама өз деңгейінде іске асырылмады. Бірақ осы бағдарлама қабылданнан кейін "Крамдс-Лизинг", "Казтехлизинг", "ТуранЛизинг, "Алма-Ата Техлизинг", "Агролизинг" және т.б. алғашқы отандық лизингтік компаниялар құрала бастады. 1992 жылғы мәліметтер бойынша ҚР-ның экономикасының мемлекеттік емес секторында 20 лизингтік компания жұмыс істеген.
1992 жылдан басталған еліміздің ішкі нарығындағы қолайсыз экономикалық жағдайлар мен дағдарыстардын нәтижесінде лизингтік бизнестің арқыны баяулай бастады.
1995 жылдан бастап лизингтік бизнесті мемлекеттік қолдау, яғни лизингтік келісімдерді толығымен немесе жартылай мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырудың үлесі жоғарылай бастады. 1996-2000 жылдар аралығында мемлекет лизингтік операцияларды жүзеге асыруға Үкіметтің жеке қызулылары бойынша 4,5 млрд. Теңгеден көп ақша қаражаттарын жұмсаған. 1999 жылы Қазақстанда 11 лизингтік компания жұмыс істесе, соның жартысынан көбі мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылып отырған. Сонымен бірге, осы ІІІ-кезенді лизинггік қатынастардың дамуы үшін нормативті-әдістемелік және заңдылықты базаны жасаудың негізі қаланған кезең деп те сипаттауға болады. Оған дәлел ретінде 2000 жылдың шілде айында қабылданған "Қаржылық лизинг туралы" ҚР-нің Заңын айтуға болады.
2000 жылдың екінші жартысынан бастап "Қаржылық лизинг туралы" ҚР-нің Заңы өз күшіне енгеннен кейін еліміздің коммерциялық секторында лизингтік қатынастар қалыптаса бастады. Заңға "банктік лизинг" деген түсініктің енгізілуіне байланысты еліміздің коммерциялык, банктері құрған лизингтік компаниялардың саны көбейе бастады. 2000 жылдың тамыз айы мен 2003 жыддың мамыр айлары аралығында 9 банктік лизингтік компания құрылған. Сонымен "Каржылық лизинг туралы" ҚР-нің Заңы елімізде лизингтік қызметтер нарығының белсенді түрде дамуына үлкен ықпал жасады.
Бүгінгі күні Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы лизингтік операциялар нарығьш тәуелсіз сараптамашылар лизингтік қатынастарға қатысушы барлық тұлғаларға көп мөлшерде табыс және әлеуметтік-экономикалық тиімділіктер әкелуге қабілетті нарық ретінде бағалауда. ТМД елдеріндегі күрделі каржылардың тапшылығы, осы мақсат үшін инвестициялаудың баска түрлерінің жетіспеушілігі лизингтің әр түрлі түрлерін тәжірибеде пайдаланудың экономикалық маңыздылығын көрсетеді.
Информация о работе Инвестицияны қаржыландыру несиелеу формалары