Инфляцияның әлеуметтік зардаптары

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2011 в 07:59, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі таңда инфляция Қазақстан Республикасының ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 19-сәуір, 2006 жылы айтқандай: «2002-2005 жылдары жыл сайынғы шығын 27,5 пайызды құраса, ақшамен есептегенде ішкі жалпы өнімнің өсуі 53,2 пайызды құраған. Экономиканың қызуы көтеріле бастағанын біз сезіп отырмыз», соған қарағанда кейбір экономистердің айтып жүрген пікірлері бекер емес: «инфляция ырыққа көнбейтін деңгейге жетеді, экономиканың қызуы көтеріледі, яғни Қазақстан «Голланд ауруының» алдында тұр».

Файлы: 1 файл

Kursovaia MAcroekonomica.doc

— 304.50 Кб (Скачать)

    Мақсатқа  жету үшін Үкімет, Ұлттық Банк пен Қаржылық қадағалау агенттігі мынадай  бес бағытта шоғырланатын болады:

  1. Қаржы секторын тұрақтандыру.
  2. Жылжымайтын мүлік рыногындағы проблемаларды шешу.
  3. Шағын және орта бизнесті қолдау.
  4. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту.
  5. Инновациялық, индустриалдық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру.

       Жобаны  қаржылық қамтамасыз ету үшін Қазақстан  Республикасының Ұлттық қорының 10 млрд. АҚШ доллары ( 1 200 млрд. теңге ) көлеміндегі қаражат пайдаланылатын болады.

Үкімет, Ұлттық Банк пен Қаржылық қадағалау  агенттігі «Самұрық-Қазына әл-ауқат қоры және ҚазАгро ұлттық холдингі осы қаражаттың мақсатты және тиімді жұмсалуына тұрақты мониторинг пен бақылауды қамтамасыз етеді.

           Жоспарды іске асыру бойынша  негізгі оператор болып «Самұрық-Қазына» қоры шығатын болды. Ол үшін үкімет «Самұрық-Қазына қорын 607,5 млрд. теңгеге қосымша капиталдандыруды жүзеге асырды.

    2007-2008 жылы қабылданған шараларға келер  болсақ ағымдағы жылдың 9 айы ішінде ЖІӨ-нің өсуі шамамен 4%- ды, жұмыссыздық деңгейі 7%-ды құрады және тұтыну бағаларының өсуін тұрақтандыру мүмкін болды.

    Экономикалық  өсу қарқынының төмендеуі жағдайында Үкімет контрциклдық бюджет саясатын, ал Ұлттық Банк – жағымды ақша–кредит саясатын жүзеге асыратын болады. Алайда экономика мен қаржы секторын тұрақтандыру шамасына қарай ақша-кредит және фискалдық саясаттар макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, оның ішінде, инфляцияның төмен қарқынын ұстап тұру мақсатында қаталдандыратын болады. Мысалы, Үкіметтегі отырыста Ұлттық Банк басшысы Әнуар Сәйденов мәлімдегендей, Қазақстанның тұтыну рыногындағы ахуал инфляцияның бәсеңдеп келе жатқанын көрсетеді. Бас банкирдің айтуына қарағанда, осы үрдіс ағымдағы жылдың соңына дейін сақталып, келер жылы да жалғаспақшы. Мұндай ахуал Ұлттық Банкке инфляцияның жылдық көрсеткішін 10 пайыздан асырмауға мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар, 2009 жылы инфляцияны 7,5-9,5 пайыз деңгейінде, 2010 жылы 7-9 пайыз деңгейінде ұстап тұруға әсерін тигізеді.

    Ағымдағы  жылғы 10 айда инфляция деңгейі 8,8% -ды құрады, мұның өзі 10%-дан аспайды деген болжамға сәйкес келді.

    Жалпы алғанда тұрақтандыру шараларын  жүзеге асыру арқылы еліміздің экономикасы 2 172 млрд. теңге көлемінде қосымша  мемлекеттік қолдауға ие болады. 2007-2008 жылдары қолға алынған іс шаралардың және экономиканы тұрақтандыру жөніндегі  2009-2011 жылдарға арналған жоспарды орындаудың нәтижесінде Қазақстанда ЖІӨ нің өсімі  2009-2010 жылдарда 1-3 пайыз деңгейінде тұрақтайды деген болжам бар. Жоспарға сәйкес,  2009-2010 жылдардың соңына қарай инфляцияның деңгейі 7-9 пайыздан, жұмыссыздықтың деңгейі 8 пайыздан көтерілмейді. /20./

    Қорытынды 

    Курстық жұмыстың І – бөлімі «Инфляцияның теориялық аспектілері, түрлері мен факторлары»  деп аталады, онда мынадай мәселелер қарастырылды:

      - Инфляция түсінігі, пайда болу себептері;

      - Инфляция түрлері мен факторлары;

    Инфляция  қоғамда ақшаның құнсыздануы, бұл  процесс қарқынды да ұлғаймалы түрде  жүреді, тауар тапшылығы асқындайды, ақшалай қор жинау мүддесі  жойылады, ақша-несие жүйесінің қызметі бұзылады, тауарды тауарға тікелей айырбастау (бартер) кеңейеді.

    Инфляция  жағдайында Үкімет «қымбат – ақша»  саясатын ұстануға мәжбүр болды, Ұлттық банк несие  беру «процентін  және міндетті резерв нормасын өте  жоғары деңгейде ұстап отырды. Осылай  жүргізілген  монетарлық  (ақша – қаржы) саясаттың нәтижесінде  инфляция  ауыздықталды, сонымен бірге ішкі  өндіріс  пен нарық  екі – үш есе қысқарды,  ұлттық  өндіріс  орындары тоқтап қалды, жұмыссыздық  күрт өсті. Негізінен  сыртқа  өнім шығаратын шикізат өндіру  салалары жұмысын  тоқтатқан жоқ,  керісінше  экспорт көлемін айтарлықтай өсірді. Нарыққа  көшу жылдары Қазақстанда  бұрыннан  қалыптасқан  өндірісаралық диспропорциялар қысқарғанның  орнына арта түсті.

    Курстық жұмыстың ІІ – бөлімі «Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық зардаптары» деп аталады, ол келесі бөлімшелерден тұрады:

    - Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдарлырының теориялық аспектілері;

    - Әлемдік  тәжирибедегі инфляция салдарлары;

    - Қазақстандағы  инфляцияның тигізген әлеуметтік-экономикалық зардаптары;

    Жұмыстың  негізгі бөлімінде тұжырымдалатын мәселелер:

      1. Қаржы тұрақсыздығынан және инфляцияның жаңа орамынан қашу үшін номиналды еңбекақы өзгерістерінің қарқынын бағалар деңгейі өзгерістерінің қарқынымен ұштастыру ұсынылады, өйткені табыс пен бағалар ара қатынасында тікелей тәуелділік бар. Ақша массасының өсімі жылдамдығының өзгерістері қысқа мерзімді кезеңде шығарылу деңгейіне ғана емес, сонымен қатар инфляция деңгейіне де әсерін тигізеді. Ұзақ кезеңде ақша массасының өсімі жылдамдығының өзгерістері тек инфляция қарқынына ғана әсер етеді. Инфляцияның әрбір жаңа толқыны қоғамнан шығын талап етеді және антиинфляциялық саясат «бағасы» өсе түседі.
      2. Шетелдік тәжірибе антиинфляциялық саясаттың құрамдас бөлігі ретінде валюталық бақылау мен валюталық реттеу шараларын жемісті пайдаланудың көптеген мысалдарын алға тартады. Валюталық бағдар тұрақты болып тұрғанда, бұндай саясат өзін-өзі ақтайды. Валюталық саясат ойдағыдай жүзеге асуы үшін ұлттық валютаның айырбасталымдылығы ұсынылады, бірақ ол ағымдағы операциялар шеңберінен шықпағаны жөн.
      3. Жалпы өтпелі экономикаға ие елдер тәжірибесі тұрақтылыққа, егер ол парасатты макроэкономикалық саясат тұрғысынан қолдау тапса, айырбас бағамы базасында ғана емес, сонымен бірге ақшалай негізде де қол жеткізуге болатындығын көрсетті. Айырбас бағамы базасында тұрақтандырудың артықшылығы инфляция төмендеуінің неғұрлым жылдам қарқынында, өндіріс пен жұмысбастылықтың анағұрлым аз түсуінде жатады.
      4. Қазақстан үшін әлемдік валюта тербелістерінің әсерінен теңге бағамының төмендеуі (бекуі) арқылы туындайтын импортталушы инфляция ерекше қауіпті. Тұтыну тауарлары импортының елде шығарылатын тауарлардан асып кетуі осы тауарлар бағасы өзгерістерінің серпінін бақылауға мүмкіндік бермейді және елдің экономикалық, әрі ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіреді.
      5. Ақша көлемінің жылдам өсуіне және соған сәйкес экономиканың монетизациялануын жеделдетуге жол бермеу ұсынылады, өйткені тез өсудегі монетизация инфляцияның қысқа мерзімді кезеңде көтерілуіне, банк жүйесінде өтімділіктің шамадан тыс қорлануы инфляцияның орта мерзімді кезеңде өсуіне, ал ақша агрегаттарының тұрақты да елеулі артуы экономикада инфляциялық фонның сақталуына әсер етеді.
      6. Инфляцияның өсу қарқынын ауыздықтау үшін қайта қаржыландыру мөлшерлемесі мен минималды резервтік талаптар нормативтерінің реттеушілік әсерін оларды арттыру және «қымбат ақшалар» саясатын жүргізу жолымен күшейту ұсынылады.
      7. Инфляцияның өсуін болдырмау мақсатында шетел валютасының кең көлемді түсімін залалсыздандыруды қысқа мерзімді ноттар шығару, репо операциясын жүргізу және екінші деңгейлі банктерден депозиттер тарту жолымен жүзеге асыру ұсынылады.

    Жұмыстың  III бөлімінде келесідей мәліметтер тұжырымдалады:

  • мемлекеттің ақша – кредит саясатын әзірлеу және жүргізу;
  • төлем жүйелерінің  жұмыс істеуін  қамтамасыз  ету;
  • валюталық реттеуді және  валюталық  бақылауды жүзеге асыру;
  • қаржы жүйесінің  тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал  ету
 

    Ұлттық  банктің  негізгі  мақсаты мен  міндеттерін осылайша түйіндеу инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштер үшін  Ұлттық Банк жариялаған Еуроодақ стандартына  және  инфляциялық таргеттеу принциптеріне көшуді едәуір   нақты көрсетеді.

    Курстық жұмыстың соңғы бөлімінде келесідей  мәселелер келтірілді:

    -ҚР-да инфляцияға қарсы күресінің болашаққа арналған бағыттары;

    - Инфляцияға қарсы саясатты жетілдіру жолдары;

    - Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы 2009-2010 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары;

    Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  2006 жылғы жолдауында айтқандай: «Қазақстан экономикасын тұрлаулы экономикалық өрлеудің іргетасы ретінде одан әрі жаңарту мен әртараптандыру үшін мемлкет қазынагерлік, кредит-ақша саясатының, өндірістің негізгі факторларын тиімді қайта сапалы өнім мен қызметке деген сұранысты көтермелеп отыруға міндетті. /12, 8б./

      Қазақстан экономикасын алдағы уақытта одан әрі жаңарту мен әртараптандыру мақсатында нақтылы тұрғыда мынадай бағыттарда баса көңіл бөлу керек. Оның бірі  - ақша-кредит саясаты Ақша-кредит саясатының негізгі мақсаты – инфляцияны тежеуді және оның салдырларын ауыздықтауды қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жету жолындағы жауапкершілік Ұлттық Банк пен Үкіметке жүктеледі. Олардығ қолында сол үшін барлық өкілеттіктер мен құралдар бар. Ақша-кредит саясатының келесі міндеті – қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету, инфляция өсімінің залалды зардаптарын төмендету, сонымен бір мезгілде экономикалық өрлеуді ынталандыру үшін нақтылы айырбас бағамының икемділігін сақтап тұру. Осы орайда Ұлттық қор маңызды рөл атқаруға тиіс. Үкімет Қор қаражатының ашықтығын және ұтымды құрылуы мен пайдаланылуын қамтамасыз етуге тиіс деп санаймын». /8, 4б./  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қолданылған әдебиеттер тізімі 

    
  1. Бухгалтерия-Жұмабек  Жанділдин «Қазақстан экономикасының «қызуы» қандай?». // Айқын апта №71 (523) 20.04.2006, бейсенбі.
  2. Бимендиева Л.А. «Экономикалық өсу – ұлттық экономиканың қызмет етуінің   нәтижесі ретінде» // Хабаршы журналы № 6, 2004 ж.
  3. Бердалиев К.Б «Қазақстан экономикасын басқару негіздері», 

             Алматы – 2001.

  1. Жүнісов Б., МәмбетовҰ., Байжомартов Ү.  «Нарықтық экономика  негіздері»   Алматы «Экономика»-2000ж
  2. Көшенова Б.А. «Ақша, Несие, Банктер, Валюта қатынастары»

         Алматы «Экономика»-2000ж

  1. Мақыш С.Б. «Ақша айналысы және несие», Алматы – 2000 ж.
  2. Мауленова С.С. «Экономикалық теория». Алматы – 2004.
  3. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан Республикасының   ұзақ мерзімдік (2030 ж. дейінгі) даму стратегиясы.  Алматы - 1997
  4. Райханов Н. «Қазақстанның экономикалық реформа жолы өзінше»  // Ақиқат  -1996ж
  5. Ільясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. «Қаржы», // Алматы,2005ж.
  6. «Макроэкономика», Н.Қ. Мамыров, М.Ә. Тілеужанова. Алматы – Экономика, 2003ж.
  7. Қазақстан Республикасының президентінің халыққа жолдауы. 2006 жыл, маусым
  8. «Банки Казахстана» №3, 2006ж. // Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2006 жылдың 7-мамыр №5 баспасөз-релизі 2006 жылдың қаңтар-ақпанға арналған.
  9. Инфляцияның пайда болуы және оны реттеу жолдары: әлемдік тәжірибе және Қазақстан тәжірибесі // Материалы междунар. науч.-практ. конф. «Проблемы становления национальной инновационной системы и развитие научного потенциала экономики Казахстана» (16 мая 2007 г.). – Алматы, 2007, 524–536 бб. – 0,4 б.т.
  10. Г.С.Вечканов, Г.Р.Вечканова «Макроэкономика» Москва 2008г
  11. Егемен Қазақстан газеті 26 қараша 2008 жыл.
  12. Кластерлік саясаттың дамуы есебінен экономикалық даму // ҚазЭУ хабаршысы. – Алматы: Экономика, 2007. – № 2. – 128–130 бб. – 0,4 б.т.
  13. www.stat.kz
  14. www.mf.minfin.kz
  15. www.min.plan.kz

Информация о работе Инфляцияның әлеуметтік зардаптары