Инфляцияның әлеуметтік зардаптары

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2011 в 07:59, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі таңда инфляция Қазақстан Республикасының ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 19-сәуір, 2006 жылы айтқандай: «2002-2005 жылдары жыл сайынғы шығын 27,5 пайызды құраса, ақшамен есептегенде ішкі жалпы өнімнің өсуі 53,2 пайызды құраған. Экономиканың қызуы көтеріле бастағанын біз сезіп отырмыз», соған қарағанда кейбір экономистердің айтып жүрген пікірлері бекер емес: «инфляция ырыққа көнбейтін деңгейге жетеді, экономиканың қызуы көтеріледі, яғни Қазақстан «Голланд ауруының» алдында тұр».

Файлы: 1 файл

Kursovaia MAcroekonomica.doc

— 304.50 Кб (Скачать)

   Соңғы уақытта әлемдік нарықта орын алған үрдіс Қазақстан макроэкономикасының дамуына жағымды әсер еткенмен, бірнеше мәселені де туындатты. Соның бірі – кәсіпорындардың нақты секторлары мен коммерциялық банктердің сырттан қарыз алуы, оның ішінде банк жүйесінің шартты түрдегі өтімділігі. Сыртқы қаржыландырудың қомақтылығы ішкі несиелеу көлемін арттырды.

   Екінші  деңгейлі банктер жүргізген белсенді несие саясаты ақша көлемінің  өсімін және соған сәйкес айналымдағы  қолма-қол ақшаның, ең бастысы тұтынушы сұранысының өсуін туындатты.Жыл  сайын еңбекақы мөлшерінің көтерілуі есебінен тұрғындардың тұтыну қабілеті артты. /9, 23б./

   2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда еңбекақы 19,7%-ға, нақты көріністе – 10,2%-ға  өсті. Еңбекақының өсуі елдегі  экономикалық белсенділіктің артуымен  айқындалады. Экономиканың бюджеттік секторындағы еңбекақы өсуінің артынша басқа салаларда да сонымен мөлшерлес өсім ере жүрді.

   Экономикада инфляциялық көріністің сақталуы ақша агрегаттарының елеулі өсуіне себеп  болды. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің халықаралық таза резервтерінің өсуі 2006 жылы оның қаржылық базасының 26,5 пайызға, яғни 1501,5 млрд. теңгеге дейін кеңеюіне мүмкіндік жасады (4-кесте).

   Инфляцияның төмендеуін тізгіндеу инвестициялық  белсенділік пен тұтынушылық  сұранысы жоғары экономиканың елеулі өсуіне қарсы әрекет етеді. Экономикалық көтерілу экономиканың ақша көлеміне толығуын туындатады. Мұндай толығудың ең маңызды критерийі ақша көлемінің МЗ агрегатының ЖІӨ-ге қатынасы арқылы танылады. 1995–2006 жылдардағы бұл қатынастар келесі жағдайда қалыптасты (-кесте).

   5-кестеден көрінгендей, ЖІӨ-нің өсуі экономиканы монетизациялау деңгейінің көтерілуінен орын алды.

   Елге  шетел валютасының ағылып келуі  қуат көздеріне әлемдік бағаның  жоғары болуымен байланысты еді, олар Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударылуының есебінен тазаланды. 2006 жылдың аяғында ҚР ҰҚ-ның активтері 13 млрд. АҚШ долларынан асты.

-кесте  – ҚР-ның кезең аяғындағы ақша  агрегаттары

Млн. АҚШ теңге

  Жылдар
1999 2000 2001 2002 2003 2004 2005 2006
Қаржылық  база (резервтік ақшалар) 126749 134416 174959 208171 316962 577841 662971 1501500
Өткен кезеңмен салыстырғандағы өзгерістер, % 55,7 6,0 30,2 19,0 52,3 82,3 14,7 26,5
МО (айналымдағы қолма-қол ақша) 103486 106428 131175 161701 238730 379273 411813 600800
М1 162115 195442 224234 287293 411646 680632 799401 874502
М2 237260 290643 337980 498071 692844 1175491 1515962 1754861
М3 (ақша жиыны) 273880 397015 576023 764954 971213 1650115 2065340 3716000
Өткен кезеңдермен салыстырғандағы өзгерістер, % 84,4 45,0 45,1 32,8 27,0 69,9 25,2 79,9
   Ескерту – ҚР ҰБ деректері бойынша автор құрастырған.
 

   Республиканың банк секторы капиталдың халықаралық  нарығынан қарыз алып, артық ұсынысты көбейтуі ішкі валюталық нарықта  елеулі ықпал көрсетті. Шетел активтеріне  қаржы салу көлемі айтарлықтай дамығаны байқалды. Банктердің шетел инвестициялары түрінде валюталарды шетелге толассыз шығаруы, ҚР ҰҚ-ның өсуі, сондай-ақ операциялар бойынша тікелей инвестициялық қаржылардың елден шығуы сұраныс қатынастары мен нарықтағы валюта ұсыныстарын қайтадан қалпына келтірді. 

6-кесте – Қазақстандағы ЖІӨ мен ақша көлемінің қатынастары 

Жылдар ЖІӨ іс жүзіндегі  бағада, млрд теңге Жыл аяғындағы  МЗ, млрд тенге ЖІӨ-ге МЗ қатынасы, %
1995 1014,2 115,7 11,4
1996 1415,8 135,0 9,5
1997 1672,1 173,0 10,3
1998 1733,3 148,5 8,6
1999 2016,5 273,9 13,6
2000 2600,0 397,0 15,3
2001 3250,6 376,0 17,7
2002 3747,2 764,9 20,4
2003 4449,8 969,9 21,8
2004 5542,5 1650,1 29,8
2005 6867,0 1881,3 27,4
2006 9738,8 3716,0 38,2
   Ескерту – ҚР Статистика агенттігінің деректері бойынша автор құраған.
 

   Әлемдік тауар нарығында Қазақстан экспортының негізгі тауарларына бағаның өсуі отандық өндірушілердің ішкі нарықта өз тауарларының бағасын соған сәйкес көтеруіне мәжбүр етті. Бір жағынан, мемлекеттік бюджет шығынының өсуі экономикалық белсенділікті ынталандырса, екінші жағынан, инфляциялық қысымды күшейтті. Ел табысының өсуімен қатар күтілген инфляция қосымша инфляциялық фактор болды.

   Қалыптасқан макроэкономикалық жағдай республиканың  тұтыну нарығында инфляциялық үрдістің күшеюіне алып келді. Нәтижесінде, ол жыл аяғында (2005 жылдың желтоқсанынан 2006 жылдың желтоқсанына дейін) Статистика агенттігінің деректері бойынша 2006 жылы 8,4%-ды (2005 жылы 7,5% еді), ал орташа жылдық инфляция – 8,6%-ды құрады (-сурет).

   2006 жылғы инфляцияға ықпал еткен  негізгі микро және макроэкономикалық факторларға экономиканың елеулі өсуі, Қазақстанға шетел капиталының үздіксіз ағыны, банк несиелерінің айтарлықтай көтерілуі, қуат және шикізат тауарларына әлемдік бағаның жоғары болуы жатты. /17, 54б./ 

4-сурет. Инфляция серпіні

ІІІ. Инфляцияның зардаптарымен күресу шараларын жетілдіру жолдары 

3.1 Инфляцияға қарсы  саясатты жетілдіру  жолдары 

    Инфляцияның өрістеп, күшеюі экономикалық жөне әлеуметтік қарама - қайшылықтарды асқындырып жіберетіндіктен мемлекет инфляцияны жою жөне ақша айналысын түрақтандыруға арналған шаралар қолдана бастайды . Инфляция кезінде мемлекет іс - қимылының екі нұсқасы   болады:

    1) бейімделу саясатын жүргізу немесе инфляцияға бейімделу;

    Бұл кезде табыстарды, жалақыны, пайыздық өлшерлемелерді, инвестицияларды индекстеу жөнінде шаралар қолданылады;

    Компаниялар мен фирмалар қысқа мерзімде жобаларды өткізеді, жеке тұлғалар табыстың қосымша көздерін іздестіреді және т.с.с.

    2)  инфляцияны төмендету немесе  басу жөнінде инфляцияга қарсы шаралардың кешенін жүргізу .

    Инфляцияны жою жөніндегі шаралардың кешені қоғамның іс-әрекет етуінің өндірістік — экономикалық, қүқықтық, институционалдық, моралдық-адамгершілік сфераларының әр түрлі жақтарына әрекет етуді қамтиды десекте олардың шешушісі базалық, өндірістік — экономикалық сфера болып табылады.

    Сұраным инфляциясын жоюға ақша жөне фискалдық  саясатты пайдаланудың біршама қатардағы  макроэкономикалық әдістермен жетуге болады.

    Инфляцияга  қарсы саясат инфляциямен күреске бағытталған экономиканы мемлекеттік реттеу жөніндегі шаралар кешені. Мүндай саясаттың екі негізгі жолы белгіленген дефляциялық саясат және кірістер саясаты.

    Дефляциялык, саясатмемлекеттің шығындарын азайту, несие үшін пайыздық мөлшерлемелерді арттыру, салық ауыртпалығын күшейту, ақша массасын шектеу жолымен ақша-несие және салық механизмі арқылы ақша сұранымын реттеуді қарастырады. Бұл саясат экономиканың өсуін тежейді.

    Кірістер  саясатыбағаға және жалақыға оларды толықтай матау немесе олардың өсу шегін белгілеу жолымен параллелді бақылау жүргізуді қажет етеді. Оны жүзеге асыру әлеуметтік қайшылықтарды қоздыруы мүмкін. /13, 506б./

    Инфляцияға  қарсы саясат ақшалай ұсынымды шектеудің  әр түрлі әдістерін кіріктіреді:

    1.  Орталық банктің нақты ақша  эмиссиясын қысқарту арқылы айналыстағы  ақша массасының ауқымын азайту.

    2.  Барлық несие ресурстарын қымбаттату  және оларға қол жететіндігін  азайту мақсатында орталықтандырылған  кредитер үшін қайта қаржыландырудың  есептік мөлшерлемесін арттыру.

    3.  Кредит мультипликаторын қысу  және коммерциялық банктердің  кредит экспансиясын шектеуге жету үшін Орталық банктің коммерциялық банктерге резервтік талаптарын арттыру.

    4.  Сондай мақсаттарда Орталық банктің  кедитерін тікелей қысқарту. /10, 155б./

    Инфляцияға  қарсы фискалдық саясат салықтарды көбейту, мемлекеттің шығыстарын қысқарту жөне осының негізінде мемлекеттік бюджеттің тапшылығын төмендету арқылы жүргізіледі.

    Салық саясаты инфляция жағдайында екі  өзара байланысты, бірақ қайшылықты міндеттерді шешуі тиіс:

    бірішіден, мемлекеттік бюджеттің тендестігіне жету және тапшылығын жою үшін оның кірістерінің деңгейін көтеру керек;

    екіншіден, экономиканың бастапқы буындарында - өндіріс  пен айырбас сферасында экономикалык белсенділікті жандандыру қажет.

    Инфляцияға  қарсы салық саясаты жанама салық  салуды қысқартуда болып отыр . Жанама салықтардың инфляциялық сипаты болады, өйткені олар бағаны өсіреді, сүранымды қысқартады. Жоғары салықтардың іс - әрекетінің екінші аспекті өндіріске олардың қысымы болып табылады, бұл ұсынымды шектейді. Үшіншіден, едәуір салық ауыртпалығы, әдеттегідей, салық жүйесін күрделілендіретін көптеген салықтардың іс-әрекетімен байланыстырылады, мүның өзі салықтан жалтарынуға әкеп соқтырады.

    Сондықтан инфляция кезінде тұтынуға салық салуға акцентпен жеңілдіктеудің шарттарымен ауыртпалық түсірмейтін қарапайым және сенімді салық жүйесі тәуірірек болады. Бұл талаптарға айтарлықтай дәрежеде табысқа салынатын салық пен мүлік құнына қарай мөлшерлемелерді жіктеудің жоғары дәрежесі бар мүлік салығы сай келеді.

    Мемлекеттің шығыстарын қысқарту бұл процесті бюджет сферасына да, мемлекеттің шаруашьшық жүргізуші субьектілеріне қатысты материалдық өндіріс сферасына да таратуды қажет етеді. Бұл жерде мынаны ойда ұстаған жөн: соңғы жағдайда инфляцияға қарсы шаралар инфляцияның екінші құрамдас бөлігіне - шығындар немесе өндірушілер инфляциясына қатысты болып отыр, сондықтан олардың ықпалы бөлек қарастырылатын болады. Бұл жөнінде инфляцияның екі түрі мен қарсы әрекеттің кешенді әдістері себептерінің өзара байланысы байқалады.

    Жалпы мемлекеттік және жергілікті деңгейлердің бюджет шығыстары жайында басты бағыт барлық мүмкін болатын баптар бойынша оларды барынша қысқарту болып табылады. Әлбетте, зейнеткерлерді, оқушыларды, тіркелген кірістері бар қызметкерлерді қорғау жөніндегі өміршендік маңызды әлеуметтік қажеттіліктер қамтамассыз етілуі тиіс.

    Бюджет шығыстарын шектеуге мыналар арқылы жетуге болады:

    а)  тура әдістермен — шектеумен (рестрикциялармен), яғни заңнамалық актілер немесе өкілетті мемлекеттік органдардың өкімі негізінде қол жеткен деңгеймен салыстырғанда оларды мәжбүрлеу арқылы;

    ө) секвестірлеу әдісімен — барлық шығыстарды әртүрлі факторлармен анықталатын төмендетудің берілген жалпы мөлшеріне сәйкес үйлесімді төмендетумен;

    б)  қолда бар кірістердің деңгейін бақылаумен;

    в) мемлекеттік бюджет тапшьшылығының деңгейін шектеумен.

    Кез келген жағдайда шығыстарды қысқарту дамудың көптеген үлттық бағдарламаларының іс-қимылын, тез қайтарым бермейтін әртүрлі лайықты жобалардан, шаралардан бас тартуды және т.с.с. шалады.

    Мыналардың  нәтижесінде инфляцияның екінші типін—шығындардың (өндірушілер инфляциясының) өсуінен туатын инфляцияны жою проблемаларын шешу неғүрлым қиынырақ болып келеді:

    1)  жалақыны көбейту;

    2)  үйымдық сипаттағы себептер бойынша  шаруашылық механизмінің бұзылуына  байланысты еңбек өнімінің төмендеуі;

Информация о работе Инфляцияның әлеуметтік зардаптары