Бюджет жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2013 в 14:40, реферат

Краткое описание

Бюджеттік жүйе - мемлекеттің барлық қаржы жүйесінің ма-ңызды құрамдық бөлігі болып табылады. Бюджеттік жүйе эконо-микалық категория ретінде мемлекеттің орталандырылған ақша қо-рын - бюджетті - қалыптасу мен пайдалану бойынша заңды, жеке тұлғалар мен аймақтар арасындағы барлығы қаржылық қатынас-тар, бюджеттік қалыптасу мен атқарудың әдіс-тәсілдері және сол қатынастарды басқару органдарымен танысты. Басқаша айтқанда, барлық деңгейдегі бюджеттер мен Қазақстан Республикасының ¥лттық қоры және экономикалық қатынастар мен құқықтық нор-маларға негізделген бюджеттік процесс пен бюджеттік қатынастар қосындысын бюджеттік жүйе деп түсіндіріледі.

Оглавление

1. Бюджеттік жүйенің түсінігі және экоиомикалық мазмұны. Бюджет түрлері мен деңгейі
2. Бюджеттік жүйенін қызмет ету принциптері. Біртүгас және федералды мемлекеттердегі бюджеттік жүйенің ерекшеліктері
3. Бюджеттік қурылым. Бюджеттік қатынастар мен бюджстаралық байланыстар
4. Бюджеттік процесті ұйымдастырудың негізі. Бюджеттік процестердің кезеңдері
5. Бюджеттік жүйенің қызмет етуін құқықтық қамтамасыз ету

Файлы: 1 файл

бюдж жуие.docx

— 37.56 Кб (Скачать)

Мемлекет  біртұтас немесе федералды болсын олардың бюд-жеттік жүйелерінде бюджеттер әр түрлі деңгейде оңашалану мен дербестігі болуы мүмкін, бірақ та орталық бюджет маңында әлеуметтік-экономикалық процестерді басқаруды орталықтанды-рылған деңгейге байланысты төменгі тұрған бюджеттерге қаты-насты белгілі бір реттеуші рөлі сақталады. Қазақстан Республика-сында, екі буынды бюджеттік жүйе қолданылады - республикалыц бюджет және жергілікті бюджеттер.

Бюджеттік қурылым. Бюджеттік қатынастар мен  бюджстаралық байланыстар

Мемлекеттің кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер  мен ха-лық арасындағы қаржылық қатынастарды бюджеттік цаты-настар деп атайды. Бұл қатынастардың қаржылық қатынастар бөлігі ретіндегі ерекшелігі, біріншіден, олар мемлекет қатысатын бөліс процесінде болуынан, екіншіден, олар жалпы мемлекеттік мүқтаждықты қамтамасыз етуге арналған ақша құралдарының орталықтандырылған қорды қалыптастыру және пайдалану бай-ланысынан түрады.

Бюджеттік қатынастар мен бюджетаралық байланыстар қар-жылық  ресурстарды қалыптастыру, бөліс  және қайта бөліс про-цестері  арқылы белгілі болады. Олар өз арнауы мен нақты іске асуы бюджеттік  жүйе арқылы көрінеді, яғни барлығы  әр түрлі

деңгейдегі  бюджеттер, бюджетаралық арақатынастар  мен бюд-жеттік жайластырушылық  арқылы.

Бюджеттік құрылым - ол елдің мемлекеттік бюджеті мен бюджеттік жүйені ұйымдастыруы және олардың өзара байла-нысының ұйымдастырушылық формалары. Бюджеттік жайлас-тырушылық түсінігі бюджеттік жүйенің құрылымын, бюджеттік жіктеуді, бюджеттік жүйе мен бюджеттерді құру принциптерін енгізеді.

Бюджеттік құрылым елдің мемлекеттік құрылымдық фор-масымен анықталады және биліктің орталық пен жергілікті органдарының ресігубликалық және жергілікті бюджеттерді құрастыру, қарау, бекіту мен атқару, кірістер мен шығыстарды бөлу жөніндегі екілеттіліктерін реттейтін құқықтық нормаларға негізделеді. Бұлар бюджеттік жүйенің буындарын құрайды, ал олардың өзара байланысы бюджетаралық қатынас механизмі арқылы іске асады.

Қазақстан Республикасының  бюджеттік жайластырушылығы мемлекеттік құрылымның біртұтас формасына сәйкес, мұнда ел-дің әкімшілік-аумақтық бірліктерінде автономия да, мемлекет-тілік те жоқ. Олар барлығы біріккен құқықтық актілерге, биліктің біріккен органдарына, саясаттық, экономикалық және әлеуметтік процестерді орталықтандырылған басқаруға бағынады. Жалпы айтқанда, бюджеттік құрылым әрекеттегі негізгі құқықтық актілер және экономикалық-әлеуметтік процестердегі бюджеттің рөлі мен мәні арқылы анықталадыч

Бюджеттік процестегі жоғары және төмен түратын бюджеттер арасындағы бүктемелеуленген қатынастарды бюджетаралық қа-тынастар деп атайды. Бюджетаралық қатынастар жүйесі тек қана республикалық бюджет пен республиканың аймақтар бюджеттері арасындағы қатынастардан түрмайды, оған аймақтар ішіндегі облыстық және аудандық бюджеттер арасындағы қатынастар да кіреді. Бюджетаралық қатынастардың негізі болып мемлекеттік басқару деңгейлерінің өкілеттілігі мен функцияларын айқын шек-теу, бюджет деңгейлері арасында кірістер мен шығыстарды бөлу әдістерінің бірлестігі табылады.

Бюджетаралық  қатынастар белгілі принциптерге негіздедеді. Қазақстан Республикасының Бюджеттік  кодексінде келесі бюдже-таралық принциптер мазмұндалған:

• төмен  тұрған бюджеттердің жоғары тұрған бюджеттермен арақатынасындағы теңбе-теңдік;

• түсімдердің  келесі шектеу критерийлерін есепке ала оты-рып, оларды тиімді бөлу:

а) төмен  тұрған бюджеттер маңында тиянақты сипаттары бар, сыртқы факторлардың әсеріне тәуелсіз салықтық және салыңтық емес түсімдер бекітіледі;

ә) мемлекеттік  мекемелер көрсеткен қызметтерге  теленген төлемдер салықтық және салықтық емес түсімдер ретінде сол қыз-меттерді қаржыландыратын бюджеттің кірісі болып түседі;

б)қайта бөліс  сипатты және салықтық базасының  жайғасты-руы бір қалыпты емес салықтар бюджеттік жүйенің неғұрлым дең-гейіне бекітіледі;

в) салықтар мен бюджеттің басқа міндетті түсімдері неғүрлым оларды жоғары дәрежеде жинайтын бюджет деңгейіне бекітіледі;

г) тиянақты аумақтық салықтық база бойынша жинайтын са-лықтар жергілікті бюджеттер маңына бекітіледі.

• әкімшілік-аумақтық бірліктер бойынша бюджеттік  деңгей-лерді қамтамасыз етуді теңестіру;

• жергілікті атқарушы органдардың мөлшерлес  деңгейде мемлекеттік кызмет көрсетуді қамтамасыз ету;

• мемлекеттік  қызметті максималды тиімді және нәтижелі көрсету, яғни мемлекеттік қызмет көрсетуді неғүріым соларды тиімділік және нәтижелік түрде өндіретін және көрсететін мемлекеттік органдар маңына бекіту;

• мемлекеттік  қызмет көрсету деңгейді оларды алушыларға максималды жақындату, яғни мемлекеттік  қызмет сапасын жоғарлату мен  оларды алушылардың сүраныстарын жақсы  білу үшін қызмет атқаруды бюджеттік  жүйенің неғүрлым төменгі деңгейіне  беру;

• алынған  ресми трансферттер мен несиелерді тиімді және бекіткен мақсатта пайдалану маңындағы әрбір бюджет дең-гейінің жауапкершілігі.

Тәжірибеде  бюджетаралық қатынастарды реттеудің  әр түрлі формалары бар. Олар бюджет деңгейінің әр біреуінің салықтық потенциалы, аймақтардың мүқтаждықтарын объективті бағалау нәтижесі мен бекітілген натуралды нормалардың есебі  арқылы анықталады. Республиканың Бюджеттік  кодексі бойынша бюдже-таралық  қатынастар реттеудің формалары  ортамерзімді фискал-дық саясатқа сәйкес тағайындалады.

Республикалық және облыстық, республикалық маңызы бар қалалар мен астана бюджеттері арасындағы бюджетаралық қа-тынастарды реттеу формалары жөнінде ресми  трансферттер мен бюджеттік несиелер қолданылады. Ал облыстық және аудандық, облыстық мағынадағы қала бюджеттері арасындағы бюджетара-лық қатынастар ресми трансферттер, бюджеттік несиелер және кіріс бөлу нормативтер арқылы реттеледі.

Трансферттер  механизмі бюджеттік реттеуді біріккен әдістемемея қамтамасыз ету мен  бюджетаралық қатынастар қа-лыптасуының  субъективтік түрде болмауы үшін қолданылады. Трансферттер нормативті-бөлшекті әдіс негізінде есептеледі, сон-дықтан ол аумақтардың бюджеттік кірістерін көлбеулі теңестіру мен оларға қаржылық жәрдемді бәріне бірдей тәртіппен көрсетуге  мүмкіншілік береді.

Жаңа Бюджеттік  кодекске сәйкес республика бюджеті  жаңа құрылымда қалыптасады. Құрылымға келесі бөлімдер кіреді:

1. Кірістер:

• салықтық түсімдер;

• салықтық емес түсімдер;

• негізгі  капитал сатудың түсімдері;

• ресми  трансферттер түсімдері.

2. Шығындар;

3. Операциалық  қалдық;

4. Таза бюджеттік  несиелеу - бюджеттік несиелер, бюджеттік  несиелерді өтеу;

5. Қаржы активтер  операциялары бойынша қалдық  — қаржы активтерді сатын алу, мемлекеттің қаржы активтерді сатудың түсімдері;

6. Бюджет  тапшылығы (профициті); ,

7. Бюджет  тапшылығын қаржыландыру (профицитін  пай-далану) - займдар түсу, займдарды  өтеу, бюджет құралдары қал-дығының  қозғалысы.

Жоғарыда  келтірілген құрылым бойынша  бюджеттің бекітуі мен оны  атқару жөніндегі есеп беру құрастырылуы іске асады. Бұл арада бюджет кірістері  маңында салықтық және басқа да міндетті, қайырылмайтын төлемдер, ресми трансферттер, бюджетке ақысыз берілетін ақшалар  келтіріледі. Және де ресми трансферттерден  басқа кірістерде мақсатты арнаулары  болмайды.

Бюджет шығындары  маңында қайырылмайтын негізде  бөлінетін бюджеттік құралдар алынады. Олар мемлекеттік меке-мелерінің  іс-әрекетін қамтамасыз ету, мемлекеттік  саясатты іске асыруға қажетті тауарлар, жұмыстар және қызметтер сатып алу, жеке тұлғаларға ақшалы төлемдер мен  занды тұлғаларға субси-диялар беруге пайдаланады. Бюджет шығындарына ресми  транс-ферттер де жатады, себебі олар бір бюджеттен басқа деңгейдегі бюджет пен Ұлттық қорға төлейтін төлемдер.

Бюджет кірістері  мен шығындары арасындағы айырмасы опе-рациялық қалдық (сальдо) деп аталады. Бұл арада, егерде бюджет шығындары  кірістерінен асып түссе, онда теріс операциялық қал-дық болады, ал кері болса - овда оң операциялық қалдық болады. Теріс операциялық қалдық жіберіледі, егерде бюджет шығындары-на даму бюджеттік бағдарламалар болса, бірақ оның шекті көлемі мемлекеттің ортамерзімді фискалдық саясатпен анықталады.

Қазіргі уақытта  ақысыз бюджеттік қаржыландырумен  қоса бюджеттік несие беру арқылы бюджеттік несиелендіру де пайда-ланады. Мұндай несиелер қайтару және өтелу  шарттары негізінде беріледі, бірақ олар бойынша пайыздар немесе жалпы алынбайды, не болмаса банк несиелері пайыздарының деңгейінен темен алы-нады. Сондықтан, бюджет несиелері банк несиелері мен бюджет-тік қаржы беру арасынан орын алады. Осыған байланысты бюд-жет құрылымында бюджет несиелері мен оларды өтеу арасындағы айырмасы арқылы есептелетін таза бгоджеттік несиелендіру деген түсінік бар.

Мемлекеттің қаржы активтермен мүліктенуге  жұмсалған шығындар мен оларды өткізуден  түскея түсімдер арасындағы айырмасы қаржы активтер операциялары бойынша  қалдық (саль-до) деп аталады. Қаржы  активтермен мүліктену маңында  заңды тұлғалар мен халықаралық ұйымдардан мемлекеттік меншікке қа-тысу үлесі мен құндьг қағаздар сатып алуға жүмсалған шығындар табылады. Ал қаржы активтерді өткізуден алынған түсімдер болып мемлекеттік меншіктегі, мемлекеттік кәсіпорындардың оператив-тік немесе шаруашылық басқарудағы занды тұлғалар мен халықа-ралың ұйымдардың қатысу үлесі мен құнды қағаздарын сатудан түскен бюджет кірістері табылады.

Бюджеттік тапшылық (дефицит) маңында бюджет шығында-рының  оның кірістерінен артықшылығы қарастырылады, ал егер-де бюджет кірістері оның шығындарынан асын түссе, онда бюд-жеттік профицит деген түсінік болады. Бюджет тапшылығының (профициттің) мөлшері операциялық қалдықтан таза бюджеттік несиелеу мен қаржы активтер операциялар бойынша қалдықты минустағанға тең.

Бюджеттік тапшылықты өтеу үшін мемлекет әр түрлі әдістерді  пайдаланады, мысалы, ақша эмиссиясы, ішкі және сыртқы шеттен алып пайдалаігу. Республиканың  Бюджеттік кодексінде бюджеттік  тапшылықты қаржыландыру шеттен алып пайдалану мен бюджет құралдарының бос қалдықтары есебінен қарастырылған. Бюд-жет тапшылығын қаржыландыру мелшері тапшылық молшеріне сәйкес және ол алынған займдар мен бюджеттік құралдар қалдық-тары сомасының займдар бойынша негізгі берешекті өтеу сомасы-ның артықшынығы арқылы анықталады.

Бюджет профицитін пайдалану деген бюджет профицитін, займдар құралдарын, бюджет құралдарының бос қалдықтарын займдар бойынша негізгі берешекті өтеуге жүмсау. Оның көлемі займдар бойынша негізгі берешекті өтеу сомасының алынған займ-дар мен бюджет құралдар қалдығының қозғалысы сомаларынан артықшылығы арқылы анықталады.

Бюджеттік процесті ұйымдастырудың негізі. Бюджеттік процестердің кезеңдері

Бюджеттік процес маңында заңнамалар арқылы реттелетін мемлекеттік органдардың бюджеттер  болжамын құрастыру, қарастыру мен  бекіту, бюджеттерді атқаруын ұйымдастыру  мен оның бақылауын қамтамасыз ету  жөніндегі іс-әрекеттері қарастырылады. Бюджеттік процестің мазмұны  елдің мемлекеттік және бюджеттік  құрылымдары арқылы анықталады. Қазақстан  Республикасында бюджеттік процесс  өз алды мемлекеттік билік-тің орталық  және жергілікті органдарының, бюджеттік  процестің қатысушыларының бюджеттер  мен ¥лттық қор болжамын жасау  мен қарастыру, оларды бекіту мен  атқару және бақылау жөніндегі әрекеттерін  тізбектелген және реттелген түрде  іске асыруды көрсетеді.

Егеменді  мемлекеттің бюджеттік процесі  әрекеттегі бюджет- [ тік заңнамаларға сәйкес ұйымдастырылады. Қазақстанда ол Бюд-жеттік кодексі және басқа да бгоджеттік процеске қатысты заңна-малы-нормативтік актілермен реттеледі. Республикада бюджеттік процесті ұйымдастыру келесі принциптерге негізделеді:

• тұтастық - оның маңында бірыңғай құқықтық база, бюд-жеттікжіктелу, бюджеттік пен  статистикалық ақпаратқа қажетті  бюджеттік құжаттар формаларының бірлігі және ақша жүйесінің бірлігі;

• дербестік - оның маңында бюджеттік процеске әрбір қатысушы өз әрекетін өз еркі ұйымдастырады және сол әрекет кірістердің  өздік қайнар көздері барлығымен және оларды пайдалану бағыттарын анықтайтын құқықпен қамтамасыз етуіне;

• теңгерушілік - оның маңында барлық бюджеттердің кіріс-тері мен шығыстары арасындағы арақатынстарды дұрыс тағайындалуына.

Жоғарыда  айтылған принциптердің талаптарын сақтау бюд-жет тұрақтылығы мен  аймақтар және іс-әрекет салалары ара-ларындағы  ақша құралдарын бөлудің қажетті  пропорцияларын

қамтамасыз  етуге тиісті. Бұл арада тағы бір  маңызды шартты сақ-тау қажет  — ол мемлекеттің барлық қаржы  саясаттының бас негізі болатын  бюджет шығыстарының оның кірістеріне  сәйкестігі мен қаржы резервтер  күру.

Бюджеттік кодекс бойынша бюджет қалыптасу негізі болып Қазақстан Республикасының  әлеуметті-экономикалық ортамер-зімді  даму жоспары мен Республика Президентінің  Қазақс-тан халқына арнаған жылсайынғы Жолдауынның есебімен құрастырылған  аумақтардың даму бағдарламалары табылады. Бюджеттік кодексте көрсетілген  басқа бір маңызды жағдай - ол бюджеттік процесті ұйымдастыруын  қоса отырып, қаржы ресур-старын басқарудағы  мемлекеттік биліктің функцияларын регла-менттеуі. Бұл функциялары  келесілер арқылы керінеді:

• мемлекеттің  экономикалық және қаржылық мақсаттары-ның  әрекеттесуінде;

• әр түрлі  деңгейдегі бюджеттердің езара және экономика секторларымен әрекеттесуінде;

• салықты-фискалдық  кұралдарды жетілдіруде;

• бюджеттен  тыс арнайы қорларға бөлектеулердің көлемі мен қайнар көздерін анықтауда;

• бюджеттердің кірістері мен шығындарының көлемі мен құрылымын тағайындағанда;

• республикалык  бюджет тапшылығының көлемін анық-тағанда;

• жергілікті бюджеттердің теңгерушілігінде;

• мемлекеттік  борыштың қаржы операцияларға әсері  мен етеуінің есебімен оның динамикасы мен ахуалын баға-лауда.

Информация о работе Бюджет жүйесі