Бюджет жүйесінің түсінігі мен ерекшеліктері мен Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 16:13, реферат

Краткое описание

Бюджеттік құрылыс деп экономикалық та, сондай-ақ ұйымдастырушылық-құқықтық та тұрғыдан алғанда, мемлекеттік бюджетті ұйымдастыру ұғынылады. Бұған мемлекеттік бюджеттің ішкі бөлімшелерінің құрамы мен құрылымы, оларды пайдалану саласының функционалдық ара жігінің ажыратылуы, тең бағыныстылық, өзара іс-қимыл, сондай-ақ бюджетті ұйымдастырудың құқықтық және рәсімдік жағы енгізіледі. Басқа сөзбен айтқанда, бюджеттік құрылыс – бұл бюджет жүйесін ұйымдастыру, оны құру қағидаттары.

Оглавление

Кіріспе
Бюджет жүйесінің түсінігі мен ерекшеліктері мен Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі
Қазақстандағы бюджет жүйесінің көрсеткіштері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

БЮДЖЕТ жуйеси РЕФ.doc

— 233.00 Кб (Скачать)

Жоспар

Кіріспе

  1. Бюджет жүйесінің түсінігі мен ерекшеліктері мен Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі
  2. Қазақстандағы бюджет жүйесінің көрсеткіштері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Бюджет – мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржылық қамтамасыз ету үшін арналған оның орталықтандырылған ақшалай қоры.

 


 

 

Бюджеттің экономикалық тұрғыдан арналуы, оның қоғамдық ұдайы  өндірудегі орны мен рөлі, сондай-ақ Конституцияда белгіленетін Қазақстан  Республикасының мемлекеттік құрылымы Қазақстанның бюджеттік құрылысы үшін негіз құрайды.

Бюджеттік құрылыс деп  экономикалық та, сондай-ақ ұйымдастырушылық-құқықтық та тұрғыдан алғанда, мемлекеттік бюджетті ұйымдастыру ұғынылады. Бұған мемлекеттік  бюджеттің ішкі бөлімшелерінің құрамы мен құрылымы, оларды пайдалану саласының функционалдық ара жігінің ажыратылуы, тең бағыныстылық, өзара іс-қимыл, сондай-ақ бюджетті ұйымдастырудың құқықтық және рәсімдік жағы енгізіледі. Басқа сөзбен айтқанда, бюджеттік құрылыс – бұл бюджет жүйесін ұйымдастыру, оны құру қағидаттары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Бюджет жүйесінің түсінігі мен Қазақстан Репсубликасының бюджет жүйесі

Қазақстан Республикасының  бюджет жүйесі Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 4-бабында айқындалған  қағидаттарға негізделеді. Оларға бірлік, толықтық, шынайылық, транспаренттілік, сабақтастық, нәтижелілік, дәйектілік, негізділік, уақтылылық, кассалардың бірлігі, бюджеттердің дербестігі, тиімділік, жауапкершілік, бюджет қаражатының атаулылық және нысаналы сипаты сияқты қағидаттар жатады.

Мемлекеттің әкімшілік-аумақтық бөлінісіне мемлекеттік билік пен  басқару деңгейлері сәйкес келеді, бұл өзара байланысқан және бірыңғай бюджет жүйесіне біріктірілген әр түрлі  деңгейдегі бюджеттерді де алдын  ала айқындайды.

Қазақстан Республикасының  бюджет жүйесі республикалық және жергілікті бюджеттер мен Ұлттық қордың, сондай-ақ бюджет үдерісінің жиынтығын білдіреді.

Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің құрылымы 1-суретте ұсынылған.


 


 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6-сурет. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі

 

Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, болашақ ұрпақтар үшін қаржы қаражатын жинақтау, экономиканың қолайсыз сыртқы факторлардың әсеріне тәуелділігін азайту үшін құрылды.

Мемлекеттік бюджет олардың арасындағы өзара өтеу операцияларын ескермегенде, республикалық және жергілікті бюджеттердің жиынтығын білдіреді.

Республикалық бюджет –  бұл Бюджет кодексінде белгіленген  салық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын орталықтандырылған ақшалай қор. Республикалық бюджет орталық мемлекеттік органдардың, олардың бағынысындағы мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз ету және мемлекеттік саясаттың жалпы республикалық бағыттарын іске асыру үшін арналған. Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан Республикасының заңымен бекітіледі. Қазақстандағы қаржы жылы күнтізбелік жылға сәйкес келеді, яғни 1 қаңтарда басталады және 31 желтоқсанда аяқталады.

Облыстық бюджет, республикалық  маңызы бар қаланың, астананың бюджеті де Бюджет кодексінде белгіленген салық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын орталықтандырылған ақшалай қорды білдіреді. Ол облыстық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, олардың бағынысындағы мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз ету және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі мемлекеттік саясатты іске асыру үшін арналады. Тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихатының шешімімен бекітіледі.

Ерекше жағдайларда төтенше мемелекеттік бюджет әрекет етеді – Қазақстан Республикасында төтенше немесе әскери жағдай болған кезде республикалық және жергілікті бюджеттердің негізінде құрылатын төтенше мемлекеттік бюджет енгізіледі. Төтенше мемлекеттік бюджетті енгізу және оны тоқтату үшін негіздеме Қазақстан Республикасы Президентінің республиканың бүкіл аумағында төтенше немесе әскери жағдай енгізу немесе оның күшін жою туралы Жарлығы болып табылады.

Төтенше мемлекеттік  бюджеттің әрекет етуі кезінде республикалық  бюджет туралы заңның және мәслихаттардың жергілікті бюджеттің барлық деңгейлеріндегі  бюджеттер туралы шешімінің қолданысы тоқтатыла тұрады. Төтенше мемлекеттік бюджеттің қабылдануы туралы Республика Парламенті жедел хабардар етіледі.

Шоғырландырылған бюджет – республикалық бюджетті, облыстардың,  республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерін және олардың  арасындағы өзара өтелетін операцияларды ескерместен, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына  жіберілетін түсімдерді біріктіретін мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қоры. Шоғырландырылған бюджетті заңнамалық билік органдары бекітпейді және талдамалық мақсаттарда пайдаланылады.

Шоғырландырылған бюджеттің  құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады:

– республикалық бюджет;

– облыстың,  республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттері;

– Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына  жіберілетін бюджетке түсімдер мен олардың Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына  аударымдары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Қазақстандағы бюджет жүйесінің көрсеткіштері

Қазақстан Республикасының  шоғырландырылған бюджеті, өкінішке орай, талдамалық құрал ретінде салыстырмалы түрде жақында енгізілді, сондықтан оның мысалында бюджеттің кірістері өзгерістерінің серпінін қадағалау біршама қиын. Соған қарамастан неғұрлым толық мағлұмат алу үшін біз 2010 – 2011 жыл ішіндегі түсімдер мөлшерінің өзгеруі мен шоғырландырылған бюджеттің құрылымы туралы деректер келтірейік.

2010 жылдан бастап шоғырландырылған бюджеттің кірістері елеулі түрде ұлғайды: 3 375,8 млрд теңгеден (ЖІӨ-нің 33,1%-ы) 4 789,3 млрд теңгеге дейін (ЖІӨ-нің 37,3%-ы).

 

 

 

2-сурет. Шоғырландырылған бюджеттің кірістері

 

Егер шоғырландырылған бюджеттің  құрылымы туралы айтар болсақ, онда жергілікті бюджет рөлінің біршама  күшейгенін (оның үлесі 2%-ға ұлғайды) және Ұлттық қор рөлінің елеулі түрде күшейгенін (оның үлесі 7%-ға ұлғайды) атап өту қажет.

 

 

3-сурет. Шоғырландырылған бюджеттің құрылымы

 

Бюджетке түсетін қаражат  түсімдеріне қатысты мемлекеттік  және республикалық бюджеттер жөніндегі  деректер неғұрлым көрнекі болып  табылады. Жыл өткен сайын бюджет кірістерінің тұрақты өсімі байқалады. 2009 жылмен салыстырғанда мемлекеттік бюджеттің кірістері 2 338,0 млрд теңгеден 2 887,8 млрд теңгеге дейін өсті. Егер ЖІӨ-ге қатысты кірістерді қарастыратын болсақ, онда мынадай серпінді байқауға болады: 2009 жылдан бастап елеулі өсім болды – көрсеткіш 5,7%-ға өсті; 2010 жылдан бастап көрсеткіш төмендей бастайды, әйтсе де 2010 жыл мен 2011 жыл арасындағы өзгеріс елеулі емес және бар-жоғы  0,3% пайызды құрайды.

 

3-сурет. Мемлекеттік бюджеттің кірістері

 

Республикалық бюджетке келетін болсақ, оның түсімдерінің серпіні жалпы тұрғыдан алғанда, мемлекеттік бюджеттің серпінін қайталайды: кірістердің тұрақты  өсуі байқалады, атап айтқанда, 2006 жылғы 1 847,2 млрд теңгеден 2009 жылы 2 221,5 млрд теңгеге дейін. ЖІӨ-дегі кірістердің үлесі де 2008 жылдан бастап төмендейді, бірақ 2010 жыл мен 2011 жыл арасындағы өзгеріс бар-жоғы 0,8%-ды құрайды.

 

4-сурет. Республикалық бюджеттің кірістері

Көздер бойынша  бюджеттің құрылымы

 

 

5-сурет. Мемлекеттік бюджет кірістерінің құрылымы

 

2010 жылы мемлекеттік бюджеттің жиынтық кірісі 2 887,8 млрд теңгені құрады, оның 80%-дан астамы (2 356 млрд теңге) салық түсімдеріне келеді.

Түсімдердің ең көп үлесі (34%) корпоративтік салықтан (758,3 млрд теңге) тұратын табыс салығына келеді – бұл ұйымдардың, және жеке (221 млрд теңге) кірістері – жеке тұлғалардың пайдасы.

Түсімдердің көлемі (29%) бойынша  екінші орынды тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын ішкі салықтар алады. Оның ішінде барынша  көп кірісті қосылған құн салығы (629,3 млрд теңге), акциздер (58,8 млрд) және табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшін түсімдер (132,2 млрд теңге) алады. Қосылған құн салығы (ҚҚС) – бұл кәсіпорынның (фирманың) ол өндіретін тауардың немесе қызметтің нарықтық құндылығына қосқан үлесіне салынатын салық. Қазақстанда ҚҚС-тан түсетін кірістің ауқымды бөлігін  республиканың аумағына импортталатын тауарлардан алынатын салық құрайды. Акциз – елдің ішінде негізінен жаппай тұтынатын заттарға (темекі, шарап және т.б.) белгіленетін жанама салық түрлерінің бірі. Олардың ішінде республика бюджетіне барынша көп кірісті алкоголдік ішімдіктерге, темекіге және бензинге қойылатын акциздер әкеледі.  Ресурстарды пайдаланғаны үшін алынатын түсімдердің ішінде барынша ауқымды үлесті қоршаған ортаға  эмиссия үшін төлем әкеледі.

Пайдалылығы жөнінен  үшінші орында әлеуметтік салық (барлық түсімдердің 10%-ы), ол 295,7 млрд теңге  пайда әкеледі. Оған азаматтардың (заңды  тұлғалардың де, жеке тұлғалардың  да) мүлкіне салынатын салықтар, көлік құралдарына салынатын салықтар, жер салығы кіреді.

Төртінші орында жергілікті бюджеттерден және Қазақстанның Ұлттық қорынан трансферттер есебінен алынған  кірістер. Олар 258 млрд теңгені құрайды.

2009 – 2013 жылдарға арналған  мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігі экономиканың шикізаттық емес секторына  салық жүктемесін төмендетуді көздейтін жаңа Салық кодексінің ережелерін ескере отырып, орта мерзімді кезеңге арналған  макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамдық параметрлерінің базасында анықталды.

 

Мемлекеттік бюджеттің кірістері, ЖІӨ-ге %-бен

Көрсеткіштердің атауы

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

Кірістер

15,9

15,2

15,0

14,7

14,5

Салық түсімдері

15,3

14,6

14,4

14,2

14,0

Салықтық емес түсімдер

0,3

0,3

0,3

0,3

0,4

Негізгі капиталды сатудан  түсетін түсімдер

0,3

0,3

0,2

0,2

0,2


 

ҚР  Ұлттық қорына жіберілетін бюджетке түсетін түсімдер көлемінің 2009 – 2013 жылдарға арналған болжамы мұнайға  қойылатын әлемдік бағаның төмендеуінің ағымдағы үрдісін ескере отырып, 2009 жылы мұнайдың әр баррелі үшін 40 АҚШ доллары және 2010-2013 жылдары 50 АҚШ долларымен есептеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Жаңа мемлекеттік басқару  тұжырымдамасына сәйкес соңғы онжылдықта дамыған елдердің көпшілігінде жүргізілген  бюджеттік реформалардың негізгі  элементтерінің бірі орта мерзімді қаржылық жоспарлау шеңберіндегі нәтижелерге бағдарланған бюджет жасау моделін пайдалануға көшу болды.

Бұл модельдің шеңберінде бюджет мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен жоспарланатын нәтижелері негізге  алына отырып қалыптастырылады. Бюджеттік  шығындардың функциялар мен мемлекеттік қызметтерге нақты байланысы болады, оларды жоспарлау кезінде бюджеттік бағдарламалардың шеңберіндегі түпкі нәтижелерді негіздеуге негізгі назар аударылады.

Бюджеттік бағдарламалар  әкімшілерінің дербестігі мен жауапкершілігі кеңейеді: жекелеген функциялар мен бағдарламаларды орындауға арналған ұзақ мерзімді ауыспалы қаржыландыру  лимиттері белгіленеді, ал осы шығыстарды пайдаланудың бағыттарын нақтылауды бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өздері жүзеге асырады. Бұдан басқа, ресурстарды пайдалануды оңтайландыруға арналған ынталандырулар құрылады. Шешімдер қабылдау жауапкершілігі төменгі деңгейлерге беріледі. Қаржының және қызмет нәтижелерінің мониторингі мен кейінгі сыртқы аудиті жүргізіледі, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін бағалау қол жеткізілген нәтижелер бойынша жүргізіледі.

Информация о работе Бюджет жүйесінің түсінігі мен ерекшеліктері мен Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі