Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 05:54, дипломная работа
Бюджеттің экономикалық тұрғыдан арналуы, оның қоғамдық ұдайы өндірудегі орны мен рөлі, сондай-ақ Конституцияда белгіленетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымы Қазақстанның бюджеттік құрылысы үшін негіз құрайды.
ҚР-ң бюджет жүйесінің әлеуметтік экономикалық мазмұны мен құрылымы
Бюджеттің экономикалық тұрғыдан арналуы, оның қоғамдық ұдайы өндірудегі орны мен рөлі, сондай-ақ Конституцияда белгіленетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымы Қазақстанның бюджеттік құрылысы үшін негіз құрайды.
Бюджет – мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржылық қамтамасыз ету үшін арналған оның орталықтандырылған ақшалай қоры. «Бюджет» деген сөз сөзбе-сөз алғанда ақша сақтауға арналған «ақшалы сөмке», «былғары қапшық» дегенді білдіреді.
Бюджеттік құрылыс экономикалық та, сондай-ақ ұйымдастырушылық-құқықтық та тұрғыдан алғанда, мемлекеттік бюджетті ұйымдастыру ұғынылады. Бұған мемлекеттік бюджеттің ішкі бөлімшелерінің құрамы мен құрылымы, оларды пайдалану саласының функционалдық ара жігінің ажыратылуы, тең бағыныстылық, өзара іс-қимыл, сондай-ақ бюджетті ұйымдастырудың құқықтық және рәсімдік жағы енгізіледі. Басқа сөзбен айтқанда, бюджеттік құрылыс – бұл бюджет жүйесін ұйымдастыру, оны құру қағидаттары.
Мемлекеттік органдардың
өздерінің функцияларын орындауы үшін
басқарудың барлық деңгейлерінде тиісті
қаржы базасы болуы тиіс. Осы мақсатпен
әр елде аймақтардың шаруашылығын, әлеуметтік
сферасын, әрбір әкімшілік-аумақтық бірліктерді
абаттандыруды, заң шығарушы билікті,
басқару аппаратын ұстауды және басқа
шараларды қаржыландыру үшін олардың
ақша ресурстарын жұмылдыруды қамтамасыз
ететін бюджеттер тармақтарының желісі
құрылады. Бюджеттердің жекелеген түрлерінің
кірістері мен шығыстарын қалыптастыру,
оларды теңдестіру процесінде заңмен
реттеліп отыратын белгілі бір қаржылық
өзара қарым-қатынастар пайда болады.
Осы элементтердің барлығы – бюджет жүйесін
ұйымдастыру мен құрудың қағидаттары,
оның буындарының өзара қатынастары мен
байланысының ұйымдық нысандары бюджет
құқықтарының жиынтығы – бюджет құрылысын
құрайды.
Дүние жүзінің әр түрлі елдерінде
бюджет құрылысы мемлекеттің құрылысына,
аумақтық-әкімшілік бірлігіне, экономиканың
даму деңгейіне және нақтылы мемлекеттің
басқа айрықша белгілеріне байланысты
өзгешеліктерімен ерекшеленеді.
Бюджет құрылысында басты орынды бюджет жүйесі алады, ол экономикалық қатынастарға және құқықтық номаларға негізделген түрлі деңгейлердегі бюджеттердің жиынтығын білдіреді. Әр түрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің құрылымы, бюджеттердің жекелеген түрлерінің саны жағынан түрліше болып келеді, өйткені олардың аумақтық құрылысы мен оның аумақтық бөлінісіне байланысты болады.
Бюджет (ағыл. budget – қоржын) – орталықтандырылған ақша қорының құралу көздері мен жұмсалу бағыттарын сипаттайтын экономикалық категория, ақшалай кіріс пен шығыстың балансы.
Мемлекеттің заңмен немесе жергілікті өкілді органдардың
шешімдерімен бекітілетін, мемлекеттің өз міндеттерін қамтамасыз
етуіне арналған және салықтар, алымдар,
басқа да міндетті төлемдер, капиталмен жүргізіле
Бюджеттің пайда болуы мемлекеттің
дамуы мен оның қаржы ресурстарына деген
сұранысының артуымен тікелей байланысты.
Орталықтандырылған ақша қорының құралуы
және жұмсалуы бюджеттің кірісі мен шығысының
ыңғайласа жұмыс істеуі арқылы жүзеге
асады. Мемлекетке қажетті ақша қаражаттарын "кіріс" жинақтаса
Мемлекеттік бюджеттің "кірісінің" ең қомақты бөлігі салықтық түсімдерден,
ал қалғаны басқа түсімдерден, капиталды айналым
Мемлекеттік бюджетте жалпы ішкі өнім
көлемінің 2-3% шамасындағы тапшылыққа
ғана жол беріледі. Көрсетілген шамадан
асып кеткенде, бюджет тапшылығын ішкі
және сыртқы заемдаржаба алмайды. Сондықтан мемлекет айналымға
еріксіз қосымша ақша шығаруға мәжбүр
болады. Бұл ақшаның құнсыздануына, инфляцияның өрш
Бюджет жүйесі дегеніміз экономикалық қатынастар
мен заңды нормаларға негізделген бюджеттердің
барлық түрлерінің жиынтығы Қазақстан
Республикасының Бюджеттік кодексінде
бюджет жүйесі Қазақстан Республикасының
Ұлтық қорын кіріктірумен түсіндіріледі.
Бюджет құрылысы -
бұл бюджет жүйесін құрудың кағидаттары,
оның буындарының өзара байланысының
ұйымдық нысандары.
Бюджет жүйесінің
құрамы елдің ұлттық-мемлекеттік құрылымымен
анықталады. Мемлекеттің федеративтік
және унитарлық құрылымы болуы мүмкін. Федеративтік
мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан
тұрады: мемлекеттік бюджет немесе федералдық бюджет немесе мемлекеттің орталық
бюджеті; федерация мүшелерінің бюджеттері
(АҚШ-та штаттардың, ГФР-да жерлердің (ландтардың), Канадада - прови
Қазақстан Республикасында
мынадай деңгейдегі бюджеттер: республикалық
бюджет; облыстық бюджет; республикалық
маңызы бар қала, астана бюджеті; ауданның
(облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті
бекітіледі, атқарылады және дербес болып
табылады.
Қазақстан Республикасында талдамалық ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын мемлекеттік және шоғырландырылған бюджеттер, облыс бюджеті жасалады.
Мемлекеттік бюджет өз араларында өзара өтелетін операциялар ескерілместен, республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қоры болып табылады.
Бюджеттік практикада «шоғырландырылған бюджет» ұғымы қолданылады.
Шоғырландырылған бюджет өз араларында өзара өтелетін операциялар ескерілместен, республикалық бюджетті, облыстардың, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерін және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына бағытталатын түсімдерді біріктіретін мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қоры болып табылады. Шоғырландырылған бюджет те мемлекеттік бюджет сияқты талдамалық ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітілуге жатпайтын бюджеттік түсімдерден құралған бюджет болып табылады.
Қазақстан Республикасында төтенше немесе соғыс жағдайында төтенше мемлекеттік бюджет әзірленуі, бектілуі және атқарылуы мүмкін. Мемлекеттік төтенше бюджет республикалық және жергілікті бюджеттер негізінде қалыптастырылады және Қазақстан Республикасында төтенше немесе соғыс жағдайларында енгізіледі және осы мерзім ішінде қолданыста болады.
Мемлекеттік төтенше бюджеттің қабылданғаны туралы Қазақстан Республикасының, Парламенті дереу хабардар етіледі.
Мемлекеттік төтенше бюджеттің қолданылу уақытында республикалық бюджет туралы заңның және барлық деңгейлердегі жергілікті органдардың бюджеттері туралы мәслихаттар шешімдерінің қолданылуы токтатыла тұрады.
Мемлекеттік төтенше
бюджеттің қолданылуы тоқтатылысымен
Республикалық және жергілікті бюджеттерді
нақтылау жүргізіледі.
Қазақстанның бюджет жүйесінің буыны
ретіндегі Қазақстан Республикасының
Ұлттық қоры.
Мемлекеттік (республикалық)
және жергілікті (муниципалдық) бюджеттер кез келген басқа
мемлекеттер дегідей Қазақстан Республикасы
қаржы жүйесінің орталық буыны болып табылады.
1991 жылдан бастап Қазақстан
Республикасының бюджет жүйесі түбірлі
өзгерістерге ұшырады. Бұған дейін Қазақстанның
мемлекетік бюджеті, басқа одактас республикалардың
мемлекеттік бюджеттері сиякты, КСРО-нын мемлекеттік бюджетіне кірді,
онда ел аумағының барлық бюджеттері,
соның ішінде ауылдық және поселкелік
бюджеттер де камтылып көрсетілді. Ол
одактық бюджеттен, 15 одактас республиканың
мемлекеттік бюджеттерінен және мемлекеттік әлеуметтік сактанд
1991 жылдың 17 желтоксанында
Қазақстанның бюджет құрылысын анықтаған «Бюджет жүйесі туралы» бірінші
заңға қол койылды. Оның негізгі идеясы
бюджет жүйесінің бөліктеріне республикалық
және жергілікті бюджеттер дербестігін
беру еді. Әр түрлі денгейлер бюджеттерінің
бірлік кагидаты әлі заңмен белгіленбеген
болатын.
Рыноктық экономикаға көшумен
байланысты экономикалық және саяси сфералардағы
өзгерістер, 1995 жылғы 30 тамызда жаңа Конституцияны кабылдау, 1995 жылы жаңа салық
заннамасын енгізу, сонымен бірге Қазынашылық
орғандарын құру 1996 жылғы 24 желтоксанда «Бюджет жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы заңын дайындауға себеп болды.
Заңда бюджет жүйесінің кағидаттары ескерілді,
бюджетті жасаудың, қараудың, бекітудің,
атқарудың және атқарылуын бақылаудың
тәртібі регламенттелінді. Субвенциялар,
субсидиялар, ресми трансферттер, мемлекеттік
кепілдер, қарыздар, қарыз алу және борыш,
үкіметтін және жергілікті атқарушы орғандардын
резервтері сиякты жаңа үғымдар енгізілді.
Мемлекеттік бюджеттің кірістері жалпы
мемлекеттік салықтар, алымдар, төлемдер
және жергілікті салықтар мен алымдар
болып бөлінді. 1998 жылдан бастап Ұлттық
банктен тура қарыз алу тоқтатылды.
1997 жылы кірістер мен шығыстардың
жаңа бюджеттік сыныптамасы енгізілді,
ол бюджеттің шығыстарын багдарламалардың
орындалуымен өзара үйлесуіне жағдай
жасады.
1999 жылдың сәуірінде «Бюджет жүйесі туралы» үшінші
заң кабылданды. Жергілікті бюджеттердің
теңгерімділігін қамтамасыз ету мақсатында
барлық өңірлер үшін кірістерді бірыңғай
бөлу енгізілді және бюджеттік алынымдар
мен субвенциялардың механизмі белгіленді.
Түсімдердің түрлері бойынша респүбликалық
және жергілікті бюджеттердің арасында
кіріс бөлігін бөлу жүргізілді; тиісінше
республикалық бюджеттен және жергілікті
бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттің
функциялары шектелінді. Республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттер арасында
ресми трансферттердің ұзак мерзімді мөлшерлері негізінде
жергілікті бюджеттердің теңгерімділігі
жүзеге асырылатыны анықталды. Мемлекеттік бюджетте мемлекеттік бюджеттен тыс
қорлар шоғырландырылды. 2002 жылы Стратегиялық жоспарлау агенттігін, Экономика және сауда министрлігін, Мемлекеттік
кірістер министрлігін, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігін
Қаржы министрлігін қайта ұйымдастыру
бюджеттік үдерісті реформалауда маңызды
қадам болды. Сонымен бірге бюджетті жоспарлау
мен оның атқарылу функциялары бөлінді,
ал стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау шоғырландырылды.
2005 жылы бюджетті қалыптастырудан бастап, оны атқарумен және бақылаумен аяқтаудың барлық қаржылық рәсімдерін регламенттейтін бірыңғай заң – Бюджеттік кодекс күшіне енді. Бюджеттік кодексте бюджет жүйесінің жаңа қағидаттары қойылған, бюджеттік жоспарлаудың бұрынғы қағидаттары, барлық деңгейлер бюджеттерінің кіріс және шығыс бөлімдерін қалыптастыру жөніндегі амалдар түбегейлі қайта қаралды. Орта мерзімді бюджеттік жоспарлауды әзірлеу өзінің дамуы жағынан жетілдірілді, бюджеттің атқарылу үдерісі тәртіпке келтірілді, бюджеттік қаражаттарды пайдалануды бақылау жүйесі туралы қағида күшейтілді.
Стратегиялық
және бюджеттік жоспарлауды
Бюджет деңгейлері
жүйеленілді, әрбір деңгейдің
қала мен аудан бюджетіне
Шығыстарды бөлудің негізгі уәжі шығыстардың үлкен бөлігін жергілікті деңгейге табыстау болып табылады. Әрбір бюджеттің белгілі бір, қатаң жүйеленілген және орнықты шектері болуы тиіс. Шығыстардың бағыттары Бюджеттік кодексте мемлекеттік басқарудың ауылдық деңгейіне дейін анықталған. Ауылға (селоға) бекітілген шығыстар жекелеген бағдарламалармен аудандық бюджетте бекітілетін болды, олардың әкімшілері ауылдың және поселкелердің әкімдері болады.
Республикалық
және жергілікті бюджеттерді
ішкі бақылаудың сатылас
Бюджеттік инвестициялар
ұғымы кеңейтілді, инвестициялық
жобаларды кезеңдік іріктеу,
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қорына қаражаттарды
Бұл әдіске сәйкес мұнайлық
кірістерден түсетін түсімдер түгелдей Ұлттық қорға бағытталатын болды. Ағымдағы
бюджеттік бағдарламаларға жұмсалатын
шығыстар экономиканың мұнайлық емес
бөлігінен республикалық бюджетке аударылатын
аударымдар есебінен қаржыландырылады,
ал дамудың бюджеттік бағдарламаларына
жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру Ұлттық қордан алынатын кепілденілген трансферттер есе
2009 жылы қолданысқа енгізілген
Бюджеттік кодекстің жаңа нұскасы бюджет
жүйесін жаңғыртуга мүмкіндік берді.Оның
негізінде бюджетті күдерістегі стратегиялықжәнебагдарламалық
құжаттардың рөлі, нәтижеге бағдарланған
бюджетті жоспарлауға көшуге сәйкес бюджеттік
багдарламаларды қалыптастыру, қызмет
нәтижелеріне кол жеткізу үшін бюджеттік
бағдарламалар әкімшілерінің жауапкершілігін
арттыру, нәтижелерді бағалау, мемлекеттік
қаржылық бақылауды жандандыру сиякты
шешуші салаларды камтитын үш жылдық бюджет
жасалынды. Бюджеттік кодекстің жаңа нүсқасы
бюджеттің үдерістің стадиясындағы барлық
операцияларды - стратегиялық бағыттар
мен мақсаттар негізінде бюджеттік өтінімдерді
қалыптастыру мезетінен - әрбір мемлекеттік
орған қызметінің нәтижелерін кешенді
бағалауды жүргізуге дейін регламенттейді.
Министрліктер мен ведомстволардың қызметі мемлекеттік қызметтер
көрсетуге қайта бағдарланған. Жаңа Бюджеттік кодекстін нормалары бюджеттік қаражаттар мен мемлекет активтердін пайдалану тиімділігін артғыруға
мүмкіндік туғызуға жетелейді.
Бюджеттік заңнама бюджеттік,
бюджетаралық қатынастар, бюджет жүйесінің
жұмыс істеуінің, бюджеттік қаражаттардың
құралуы мен пайдаланылуының негізгі
кағидапарын, қағидаттары мен механизмдерін,
сонымен бірге Қазақстан Республикасы
Ұлттық қорының қалыптасуы мен пайдаланылуын
белгілейді.
Информация о работе ҚР-ң бюджет жүйесінің әлеуметтік экономикалық мазмұны мен құрылымы