Ақшанын пайда болуы және мәні
Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2010 в 20:19, курсовая работа
Краткое описание
Ақша ертеден адамзат пайда болуымен қатар өмір сүріп келеді. Ғасырлар бойы ақша өзгеріп отырған және бүгінде олардың жағдайы аяқталған, соңғы фраза болып табылмайды.Бұл жұмыстың бірінші бөлімінде ақшаның пайда болуына көңіл аудардым. Тауар айналысының таралуының дамуы процесінде жалпыға бірдей эквивалент формасында әр алуан тауарлар болған: мал, тері, бақалшақ, металл бұйымдар және тағы басқалар. Мұның барлығы тауар өндірісі мен тауар айналысының болуына негізделген ақша қажеттігінің себептерін түсіндіреді.
Оглавление
Кіріспе 3
1 Ақшаның пайда болуы және мәні 4
1.1
Ақшаның пайда болу тарихы
4
1.2 Ақша теориялары 7
1.3 Ақшаның түрлері 11
2 Ақша айналысы және қызметтері 16
2.1 Ақша айналысы мен заңы 16
2.2 Ақшаның базасы мен ақша массасы 19
2.3 Ақшаның қызметтері 22
3 Қазақстан Республикасындағы ақша жүйесі 26
Қорытынды 39
Қолданылған әдебиеттер тiзiмi
Файлы: 1 файл
курсовая.docx
— 73.37 Кб (Скачать)- жоғары құнды алтын ақшалар ұсақ құнды айналымға қызмет көрсете алмады.
- алтын стандарты, жалпы алғанда өндірісті және тауар айналымын ынталандырмады.
Сонымен,
алтын айналдысы бірінші дүниежүзілік
соғысқа дейін ғана болып, соғысушы
елдер өздерінің шығыстарын жабу
мақсатында құнның қағаздай белгілерін
шығаруды ұлғайтты. Соның нәтижесінде,
біртіндеп алтын айналыстан шыға
бастайды.
Нағыз ақшаның орынбасарлары (құндық белгілері) – номиналдық құны нақты құнынан, яғни олардың өндірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып келетін ақшаларды білдіреді.
Оған мыналар жатады:
- құнның металлдық белгілері – арзан бағалы металлдардан жасалған ұсақ монеталар, мысалға жез, алюминий т.б. монеталар;
- құнның қағаздан жасалған белгілері. Құнның қағаздай белгілері екіге бөлінеді: қағаз ақшаларға және несиелік ақшаларға.
Қағаз ақшалар – бұл нағыз ақшалардың өкілдері болып табылады. Тарихта олар айналыста жүрген алтын және күміс монеталардың орынбасарлары ретінде пайда болған. Бұл қағаз ақшалардың айналыста жүруінің объективті мүмкіндігі, олардың айналыс құралы қызметін атқару ерекшеліктеріне байланысты болды.
Металл
ақшалардың қағаз ақшаға ауысуының
мынадай өзіндік себептері болған:
- металл ақшалардың тасымалдап алып жүру қолайсыздығы;
- металл ақшалардың мемлекеттік билік органдарының жасаған әрекетінің нәтижесінде, яғни қазынаға қосымша табыс алу мақсатында металлдық құрамын төмендетуі барысында бүлінуі;
- бағалы металлдарды өндірудің қағаз ақшаларды шығаруға қарағанда өте қымбатқа түсуі;
- эмиссиондық табыс (шығарылған ақшалардың номиналдық құны мен олардың құны арасындағы айырма) алу мақсатында қазынаның қағаз ақщаларды шығаруы;
- қате бюдждет тапшылығын жабу мақсатында қағаз ақшалардың шығарылуы.
Алғашқы қағаз ақшалар б.э. XII ғ. Қытайда, 1690 жылы.. Ұлыбритан отары болған солтүстік Америкада, 1762 жылы.. Австрияда және 1769 жылы.. Ресейде пайда болды. Бірініші дүние жүзілік соғыс жылдары қағаз ақшалар барлық елдерде шығарылды. Қазіргі кезде қағаз ақшалар қазыналық билеттер түрінде он елде (АҚШ, Италия, Индия, т.б.) ғана сақталған. Кешегі КСРО-да 1961 жылы болған ақша реформасы негізінде қағаз ақшалар, яғни 1, 3, 5 рубльдік қазыналық билет формасында соңғы рет айналымға шығарылып, кейіннен Ресейдегі 1991-1992 жж.. ақша реформасы нәтижесінде алынып тасталды.
Қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) – бюджет тапшылығын жабу мақсатында қазынамен шығарылатын және металлға ауыстырылмайтын, сондай-ақ мелекет белгілеген бағамы бар құнның белгісін білдіреді.
Қағаз ақшалар тек қана айналыс құралы және төлем құралы қызметін атқарады. Олардың айналыста ұлғаюы мемлекеттің қаржы жетіспеушілігіне байланысты түсіндіріледі. Қағаз ақшалар өзінің табиғаты жағынан тұрақсыз және құнсыздануға тез икемді болып келеді. Олардың құнсыздану себептеріне: айналысқа басы артық қағаз ақшалардың шығарылуы, эмитентке деген сенімнің төмендеуі және төлем балансының қолайсыздық жағдайы жатады.
Несиелік
ақшалар – тауар өндірісінің
дамуымен, яғни тауарларды сатып алу
және сатудың уақытын кешіктіріп
төлеуге (несиеге) берілуімен байланысты
пайда болады. Олардың пайда болуы
ақшаның төлемқұралы қызметін атқаруымен
де байланысты келеді. Бұл ақшалардың
экономикалық мәні – ақша айналымын
икемді етуі; нағыз ақшаларды үнемдеуі;
қолма-қолсыз ақша айналымының дамуына
мүмкіндік жасауымен сипатталады.
Несиелік ақшалардың мынадай түрлері бар: вексель, банкнота, чектер және несиелік карточкалар.
Вексель – белгілі бір соманы алдын ала келісілген мерзімде және белгіленген жерде төлейтіндігі туралы борышқордың жазбаша қарыздық міндеттемесін білдіреді.
Вексельдің екі түрі бар: жай және аудармалы вексель.
Вексельдің түрлері «ҚР-дағы вексель айналысы туралы» ҚР заңында мынадай түсініктемелер берілген:
Жай
вексель (соло) – вексельдің ұстаушыға
вексельде көрсетілген соманы белгілі
бір уақытта немесе талап етуге
байланысты төлеу туралы вексель
берушінің еш нәрсемен негізделмеген
міндеттемесін сипаттайтын вексель.
Аудармалы вексель (тратта) – вексельде көрсетілген соманы белгілі бір уақытта алғашқы вексельді ұстаушыға (эмитентке) төлеу туралы үшінші бір тұлғаға (трассатқа) вексель берушінің (трассанттың) еш нәрсемен негізделмеген ұсынысын (бұйрығы)сипаттайтын вексель.
Трассат тратта бойынша төлеуге келісімін бергеннен бастап, борышқор болып табылады. Аудармалы вексель келесі бетіндегі индоссамент (басқа біреуге аударып жазу) көмегімен айналыста жүре берді. Аудару туралы қолдардың көбеюіне байланысты вексель айналысы ұлғая түседі және мұндағы әр индоссант вексель бойынша міндеттемеге бірлесіп жауап береді.
Жай
және аудармалы вексель – коммерциялық
вексельдің түрлері ретінде қарастырады.
Сонымен қатар, экономикалық әдебиеттердің вексельді мынадай түрлерге бөледі: қаржылық, қазыналық, достық, бронзалық.
Қаржылық (банктік) вексель – белгілі бір ақша сомасын қарызға беруден туындайтын қарыздық міндеттеме.
Қазыналық вексель – бюджет тапшылығын жабу мақсатында мемлекет тарапынан шығарылатын оның міндеттемесі. Қазыналық вексель бойынша мемлекет борышқор болып саналады.
Достық вексель – кейіннен банктен оларды есепке алу мақсатында бір-біріне беріледі.
Бронзалық вексель – нақты қамтамасыз етілмеген қарыздық міндеттемені білдіреді.
Вексельдің мынадай өзіне тән қасиетттері бар:
- дерексіздік, яғни вексельде мәмлені нақты түрінің көрсетілмеуі;
- дауыссыздық, яғни протест туралы актіні нотариуспен жасағаннан кейін тиісті шара қолданылғанға дейінгі қарыздың міндетті түрге төленуге тиістігі;
- айналымдылық, яғни басқа бір тұлғаларға аударып жазу арқылы (индоссамент) төлем құралы ретінде вексельдің берілуі.