Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2010 в 20:19, курсовая работа
Краткое описание
Ақша ертеден адамзат пайда болуымен қатар өмір сүріп келеді. Ғасырлар бойы ақша өзгеріп отырған және бүгінде олардың жағдайы аяқталған, соңғы фраза болып табылмайды.Бұл жұмыстың бірінші бөлімінде ақшаның пайда болуына көңіл аудардым. Тауар айналысының таралуының дамуы процесінде жалпыға бірдей эквивалент формасында әр алуан тауарлар болған: мал, тері, бақалшақ, металл бұйымдар және тағы басқалар. Мұның барлығы тауар өндірісі мен тауар айналысының болуына негізделген ақша қажеттігінің себептерін түсіндіреді.
Оглавление
Кіріспе 3 1 Ақшаның пайда болуы және мәні 4 1.1 Ақшаның пайда болу тарихы 4 1.2 Ақша теориялары 7 1.3 Ақшаның түрлері 11 2 Ақша айналысы және қызметтері 16 2.1 Ақша айналысы мен заңы 16 2.2 Ақшаның базасы мен ақша массасы 19 2.3 Ақшаның қызметтері 22 3 Қазақстан Республикасындағы ақша жүйесі 26 Қорытынды 39 Қолданылған әдебиеттер тiзiмi
Қазіргі
кезде жалақы алуға арналған дебеттік
карточкалар да кеңінен қолдануда. Мұндай
карточкалардың шоттары көбіне теңгемен
ашылады.
2 Ақша айналысы және
қызметтері
2.1
Ақша айналысы мен заңы
Қайта
кезеңіне дейін “ақша айналымы”
мен “ақша айналысы” ұғымдары арасында
айтарлықтай шек қойылатын. Ақша айналысы
– шаруашылықтағы тауарларды өткізуге,
сондай-ақ тауарлы емес төлемдерді және
есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет
ететін қолма-қол және қолма-қолсыз ақша
формаларындағы ақшалардың қозғалысы.
Яғни ақша айналасы деп қолма-қол ақшаның
қозғалысы танылды. Ал ақша айналым ұғымы
одан кең мағынада бергендіктен ол қолма-қолсыз
тұрғындардың ақшалай табыстарының бөлінуін
қарастырса, қолма-қолсыз ақша өндіріс
қаражаттарының бөлінуін қарастырады.
Ақша
айналысының объективті негізі –
тауар өндірісі мен тауар айналысы
болып табылады. Тауар өндірісі тұсында
тауарлар әлемі: тауар және ақша бөліне
отырып, олардың арасында өзара қарама-қайшылықтар
туады. Қоғамдық еңбек бөлінісінің
теңдеуіне және жалпы ұлттық және
дүниежүзілік нарықтардың қалыптасуымен
байланысты капитализм тұсында ақша
айналысы ары қарай дами түседі.
Сонымен ақша, капитализм айналымына
қызмет ете отырып, барлық жиынтық қоғамдық
өнім айналысы мен айырбасына дәнекер
болады.
Құн
формасының өзгеріп отыруы, яғни тауардың
ақшаға және ақшаның жаңа тауар сатып
алу үшін қолдануы, ақшаның әрдайым
қозғалыста, яғни айналыста болуына
мүмкіндік жасайды.
Бірақ
ақша айналысы тауар айналысын қайталап
қоймайды. Бұл екі процесс бір-бірінен
жекешеленіп жүреді. Тауарлар, оларды
сатып алғаннан кейін, айналыстан шығады
және тұтынылады. Ал ақша айналыста
әрқашан жүреді.
Айналыста
жүре отырып ақша әрі айналыс құралы,
әрі төлем құралы функцияларын атқарады.
Сонымен, тауарды сатудан түскен
ақша қарызды өтеуге жұмсалуы мұмкін.
Өз кезегінде, қарызды төлеуге түскен
ақшалар тауарлар алу үшін қолданылуы
мүмкін.
Жалпы
ақша айналысының көлемі тауар бағаларының
соммасынан әрдайым артық болады. Ақшаның
тек сату-сатып алумен шектелмейтіні
түсіндіріледі. Ақша еңбекақы, зейнетақы,
стипендия төлеу үшін, бюджетке төлемдер
аудару үшін, банктен қарыз алу үшін және
т.б. мақсаттар үшін қолданылады.
Ақшаның
қолма-қол және қолма-қолсыз формаларының
көмегімен тауар айналысы, сондай-ақ
несиелік және жалған капиталдың қозғалысы
жүзеге асырылады.
Ақша
айналысының құрылымына қолма-қол
ақшалар айналысы мен қолма-қолсыз
ақшалар айналысы кіреді.
Қолма-қол
ақшалар айналысы нақты ақшалар
қозғалысын білдіреді. Оған банкноталар,
монеталар және қағаз ақшалар (қазыналық
билеттер) қызмет етеді. Ақша айналысын
реттеудің маңызды элементі –
қолма-қол ақшаның қолдану аясын азайту
болып келеді. Бұл мәселе біздің елімізде
кәсіпорындар арасындағы есеп айырысуларда
қолма-қол ақшаның қолдануын шектеу, есеп
айырылысу чектерін ендіру арқылы ғана
шешіледі.
Банк
жүйесін реформалау және ақша банкнотасын
өндіруге байланысты өзінің меншікті
қуатын енгізуі, Қазақстандағы қома-қол
ақшамен байланысты жағдайды түбірімен
өзгертті. Осыған байланысты 1992-1993 жж.
қолма-қол ақшаның тапшылығы тұсында енгізілген
дерективті саясаттың орнына республикамызда
қолма-қол ақша айналысын тұрақтандыру
және басқарудың экономикалық әдістерінің
алғы шарттары жасалынды.
Дамыған
елдерде нақты ақшалар айналысының
едәуір бөлігін орталық банктерден шығарылған
бакнтік билеттер құрайды. Ақша шығарудың
кішкене бөлігі (10%-ға жуығы) қазыналық
билеттерді шығарушы қазынашылықтың үлесіне
тиеді.
Мұндағы,
қолма-қолсыз ақшалар – чектер, пластикалық
карточкалар электрондық аударымдар
көмегімен пайдаланылатын клиенттердің
шоттардағы сақтаған ақшалары (депозиттер).
Қолма-қол
ақща мен қолма-қолсыз ақщалар арасында
тығыз байланыс пен өзара тәуелділік
бар. Ол ақшаның бір айналыс сферасынан
екінші біріне өтіп отыруынан байқалады.
Сонымен,
бүкіл ақша айналысы: қолма-қол және
қолма-қолсыз ақшалар болып бөлінеді.
Сондай-ақ: өнімді өндіру және сату процесін,
яғни тауарлы сипаттағы есеп айырысулармен
байланысты ақша айналымы; таурлы емес
сипаттағы есеп айырысулармен байланысты
ақша айналымы; ақша айналысы бірнеше
тарихи кезеңдерден өтті және металл,
қағаз, несие ақшалар көмегімен жүзеге
асырылды.
Құн
заңы және оның айналыс аясында пайда
болу формасы, яғни ақша айналысының
заңы тауар-ақша қатынастары қалыптасқан
барлық қоғамдық формацияға тән болып
келеді. Құн формаларының дамуына
талдау жасай отырып, К. Маркс ақша
айналысының заңын ашқан болатын.
Оның
пікірінше, ақша айналысының заңының
мәні ақшаның айналыс қызметін атқаруға
қажетті ақша саны, сатылатын таурлар
бағасы ақша айналысының жылдамдығына
қатынасын білдіреді. Ақша айналысының
заңы айналыстағы жүрген тауарлар мен
олардың бағасының деңгейі мен
ақша айналысының жылдамдығы арасындағы
экономикалық тәуелділікті бейнелейді.
Ақша
айналысы заңы – тауарлар айналысы
үшін қажетті ақшалардың санын анықтайды.
Тауарлардың
бағаларының сомасы
Ата = (1),
Ақша
айналымының саны
Бұл
жерде бір айта кететіні, ақшаның
төлем құралы қызметін атқаруымен байланысты
бұл формула да нақтылануды талап
етуде.
Айналысқа
қажетті ақша санын мынадай бейнелеуге
болады:
СТБ
– НТБ + МТС
- ӨТС
АҚ = (2),
АОС
мұндағы
А – айналысқа қажетті ақша
саны;
Стб
– сатылатын тауарлар бағасының
сомасы;
Нтб
– несиеге сатылған тауарлар бағаларының
сомасы;
Мтс
– міндеттемелер бойынша төлемдер
сомасы;
Өтс
- өзара өтелетін төлемдер сомасы;
Аос
– айналыс және төлем құралы ретіндегі
ақша айналымының орташа саны.
Осындай жағдайларда айналысқа
қажетті ақша санына өндірістің
дамуының шарттарына тәуелді
болып келетін әр алуан факторлар
ықпал етеді. Оның біріне айналыстағы
тауарлар санының өзгерісі жатады. Сондай-ақ
шаруашылықтағы ақшаға деген қажеттілік
тауарлар және көрсетілген қызметтер
бағаларының деңгейіне байланысты да
анықталады.
Айналысқа
қажетті ақша санына мыналар кері ықпал
етеді: несиенің даму дәрежесіне, себебі
қаншалықты тауарлардың басым бөлігі
несиеге сатылса, соғұрлым айналысқа аз
мөлшерде ақша қажет етіледі; қолма-қолсыз
есеп айырысудың дамуы; ақша айналысының
жылдамдығы.
Металл
ақша айналысы тұсында айналыстағы
ақша саны ақшаның қазына жинау құралы
қызметінің көмегімен реттеліп отырды.
Егер ақшаға деген қажеттілік қысқарса,
онда айналыстағы артық ақша (алтын
монета) айналыста қазынаға кетіп, ал
егер ақшаға деген қажеттілік үлғайса,
онда айналысқа қажеттілік ұлғайса,
онда айналысқа қажетті мөлшердегі
ақша қазынадан айналысқа шығарылып
отырады.
Егер
де айналысқа алтынға ауыстырылмайтын
банкноттар немесе қағаз ақшалар (қазыналық
билеттер) қызмет етсе, онда бұл жағдайда
қолма-қол ақшалар айналысы қағаз
ақшалар айналысының заңына сәйкес
жүргізіледі.
Ақша
айналысын қолдап отыру шарттары
мен заңдары мынадай екі фактордың
өзара әрекет етуімен анықталады:
шаруашылықтағы ақшаға деген қажеттілік
және айналымға ақшалардың нақты
түсуімен. Егер де айналымдағы ақша
көлемі, шаруашылыққа қажетті ақшадан
артық болса, онда ақшаның құнсыздануына,
яғни ақша бірлігінің сатып алу қабілетінің
төмендеуіне, яғни инфляцияға жол береді.
2.2
Ақша базасы мен ақша
массасы
Ақша
айналысының негізі сандық көрсеткіштерінің
біріне ақщша массасы мен ақша
базасы жатады.
Ақша
массасы – жеке тұлғаларға, кәсіпорындармен
мемлекетке тиісті және шаруашылық айналымына
қызмет ететін сатып алу және төлем
құралдарының жиынтығы.
Белгілі
бір күндегі және белгілі бір
кезеңдегі ақша айналысының сандық
өзгерісін талдау үшін, сондай-ақ ақша
массасының өсуі мен көлемін реттеуге
байланысты шараларды жасау үшін
әр түрлі көрсеткіштер пайдаланылады.
Ондай көрсеткіштерді ақша агреттары
деп атайды.
Өнеркәсіп
жағынан дамыған елдердің қаржылық
статистикасында ақша массасын анықтау
барысында мынадай ақша агрегаттарын
қолданылады:
М1
агрегеты, яғни ол айналыстағы нақты
ақшаларды (бакноттар мен монеталарды)
және банктегі ағымдық шоттардағы қаражаттарды
қамтиды;
М2
агрегаты, ол М1 агрегаты қосылған коммерциялық
банктердегі мерзімді және жинақ
салымдарынан тұрады;
М3
агрегаты, ол М2 агрегаты қосылған арнайы
несиелік мекемелердегі жинақ салымдарын
құрайды;
М4
агрегаты, М3 агрегаты қосылған ірі
коммерциялық банктердегі депозиттік
сертификаттардан тұрады.
Қазақстан
Респуликасында ақша массасы Ұлттық
Банк пен екінші деңгейдегі банкілердің
баланстық шоттарын шоғырландыру негізінде
анықталады және оның құрамының айналыстағы
қолма-қол ақша және резидент заңды
тұлғалар мен үй шаруашылығы депозиттері
жатады.
Ақша
базасы (МВ) – бұл міндеттемелерге
жататын резервтік және бастапқы
ақшаларды білдіреді. Ол мынадай
формуламен есептеледі:
МВ = СIC + RR + DCB
(3),
мұндағы
CIC – айналыстағы нақты ақшалар;
RR
– міндетті резервтер;
DCB
– екінші деңгейдегі банктердің
Ұлттық банктегі қор, шоттағы
қаражаттары.
CIC = L ( H + C )
(4),
мұндағы
Н – айналысқа шығарылған банктік
билеттер;
С
– айналысқа шығарылған монеталар.
Қазақстандағы
ақша агрегаттарының жағдайы туралы
соңғы жылдардағы көрсеткіш.
1-кесте
– Ақша агрегаттары
млн.Теңге кезеңнің соңына
Ақша
агрегаттары
12.00
12.01
12.02
1
2
3
4
5
Ақша базасы
(резервтік ақша) оның ішінде:
Ұлттық банктен
тыс қолма-қол ақша
ЕДБ-дің және
басқа ұйымдардың Ұлттық банктегі депозиттері
М0 (айналыстағы
қолма-қол ақша)
М1
оның ішінде:
3.1. халықтың
теңгедегі аудармалы дипозиттері
3.2. бакнтік емес
заңды тұлғалардың аудармалы
дипозиттері
М2
оның ішінде:
4.1. халықтың
теңгедегі басқа да дипозиттері
және шетел валютасындағы аудармалы
дипозиттер
4.2. банктік емес
заңды тұлғалардың теңгедегі
басқа да дипозиттері және
шетел валютасындағы аудармылы
дипозиттер
М3
оның ішінде:
халықтың шетел
валютасындағы басқа да дипозиттері
банктік емес заңды тұлғалардың шетел
валютасындағы басқа да депозиттері