Қаржыны басқару

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2011 в 22:17, курсовая работа

Краткое описание

Баскару адам қызметінің барлық аясына, соның ішінде қаржы қызметіне де тән нәрсе. Ол белгілі бір нәтижеге жету үшін субъектінің объектіге нысаналы ықпал етуінің тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы.

Оглавление

Кіріспе..................................................................................................................3
1 Қаржыны басқарудың теориялық негіздері.................................................5
1.1 Қаржыны басқару мәні мен құрылымы ....................................................5
1.2 Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын басқару..................8
1.3 Мемлекеттің қаржысын басқару және қаржыны басқарудың автоматтандырылған жүйесі.............................................................................10
2 Мемлекеттік қаржыны басқару және жетілдіру жолдары...........................................................................................................22
2.1 ҚР Қаржы министрлігі, оның мемлекеттік басқару органы....................22
2.2 Қазақстан Республикасындағы қаржыны басқаруды жетілдіру.............24
Қорытынды.....................................................................................................30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................................32

Файлы: 1 файл

қаржы курсовая.docx

— 77.32 Кб (Скачать)

     - банкроттық рәсімін жүргізуге (банктерді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда), сондай-ақ соттан тыс рәсімде дәрменсіз борышкерді таратуға мемлекеттік бақылау және оған заңнамамен жүктелген  өзге де міндеттер.

     Министрлік  заңнамада белгіленген тәртіппен  мынадай негізгі функцияларды жүзеге асырады:

     - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің жобасын, мемлекеттік және өзге де бағдарламаларды, Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарларын және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарларын, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді әзірлеуге қатысу;

     - бюджетке түсетін түсімдерді болжауға және мемлекеттік бюджетке кірістердің түсуі саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен басымдықтарын нақтылауға қатысу;

     - өз құзыры шегінде мемлекеттің қаржысын және мемлекеттік басқару саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен басымдықтарын анықтауға қатысу;

     - мемлекет қаржысы, фискалдық саясат және мемлекеттік меншік саласындағы заңнаманы қолдану тәжірибесін талдау және қорытындылау, оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

     - ұтымды үкіметтік және мемлекет кепілдігімен қарыз алуды, сондай-ақ мемлекеттік борышты басқаруды қамтамасыз ету;

     - мемлекеттік меншікті пайдалану мониторингі жүйесін жетілдіру;

     - заңнамада белгіленген тәртіппен шикізат секторы ұйымдарынан бюджетке түсетін түсімдердің бөлігін Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына аудару;

     - өз құзыры шегінде бюджетгің атқарылуы жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің, бухгалтерлік есеп пен аудиттің, қаржылық бақылаудың және мемлекеттік меншікті басқарудың жобаларын әзірлеу және дайындау (немесе қабылдау);

     - өз құзыры шегінде қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық салық келісімдері мәселелерінде уәкілетті органның функциялары;

     - жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың салық сараптамасы, сондай-ақ келісімшарттық талаптардың орындалу барысына тексеру жүргізу;

     - мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есебін, сондай-ақ өз құзыры шегінде республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есептемені жүргізу және іске асыру тәртібін әзірлеу;

     - жергілікті бюджеттердің шоттарын, мемлекеттік мекемелердің шоттарын жүргізу және шоттар бойынша аударымдық операцияларды жүзеге асыру;

     - республикалық бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспарын бекіту және оларға өзгерістер енгізу;

     - республикалық бюджеттен шығыстарды қаржыландыру және республикалық бюджетте көзделген соманың шегінде кредит беру;

     - Ұлттық қордың қалыптасуы және атқарылуы жөніндегі қызмет туралы ақпаратты қамти отырып, республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есептерді, мемлекеттік бюджеттің атқарылуы барысы туралы айлық, тоқсандық және жылдық ақпаратты жасау, сондай-ақ мемлекет қаржысы бойынша статистикалық есептерді жасау;

     - республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің шығыстар сметасының дұрыс жасалуын және бекітілуін, сондай-ақ республикалық бюджет қаражатының, үкіметтік қарыздар, мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес қарыздар қаражатының және кейіннен үкіметтік қарыз алуға байланысты гранттардың және мемлекеттік меншіктегі өзге де мүліктердің мақсатты пайдалануын бақылау;

     - республикалық бюджеттің атқарылуын, сондай-ақ жергілікті бюджеттердің атқарылуын бақылау және талдау;

     - бухгалтерлік есеп пен аудит саласында, оның ішінде өз құзыры шегінде аудиторлық қызметті лицензиялау саласында уәкілетті органның функцияларын анықтау;

     - Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіндегі қазынашылық комитетінің тиісті шоттары арқылы мемлекеттік мекемелердің валюталық операцияларын жүргізу және есепке алу, заңнаманы сақтау жөніндегі тексерістерді ұйымдастыру;

     - мемлекет кепілдігімен тартылған мемлекеттік емес қарыздардың және жергілікті атқарушы органдар қарыздарының шарттарына қаржылық сараптама жүргізу;

     - үкіметтік қарыздардың қаржылық шарттарын анықтау, жергілікті атқарушы органдардың қарыздарды тартуын келісу;

     - Қазақстан Республикасының Үкіметі беретін өкілеттіктерге сәйкес келіссөздер жүргізу, үкіметтік қарыздардың шарттарына қол қою, Үкіметтің мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарын шығару, Қазақстан Республикасы резиденттерінің мемлекеттік емес қарыздары бойынша үкіметтік кепілдіктер беру;

     - үкіметтік қарыздарды алу, пайдалану, өтеу және оларға қызмет көрсету, Қазақстан Республикасы резиденттерінің мемлекеттік емес қарыздарының мемлекеттік кепілдері бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету;

     - республикалық бюджетте көзделген және Үкімет шешімдеріне сәйкес инвестициялық жобаларға, мемлекеттік бағдарламаларға және өзге де іс-шараларға кредит беру;

     - үкіметтік сыртқы қарыздар туралы келісімдерді бекітуге қажетті құжаттарды дайындауға қатысу;

     - түпкілікті қарыз алушылар мен екінші деңгей банктерінің үкіметтік қарыздардың қаражатын және Үкіметтің бірлесіп қаржыландыру үлесін республикалық бюджетке қайтару туралы ішкі кредиттік келісімдердің жобаларын дайындау;

     - уәкілетті банк-агенттермен бірлесіп республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты өндіріп алу жөнінде түпкілікті қарыз алушылармен жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу;

     - төлемдердің бюджетке түсуін көздейтін заңнаманың сақталуын, міндетті зейнетақы жарналарының толық және уақтылы аударылуын бақылау;

     - мемлекеттің кірістері бойынша мемлекеттік есептемені жинаудың нысандары мен тәсілдерін жетілдіру;

     - Ұлттық банкпен келісім бойынша конкурстық негізде үкіметгік қарыздарға, мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес қарыздарға және кейіннен үкіметтік қарыз алуға байланысты гранттарға қызмет көрсету үшін екінші деңгей банктерін, бастапқы дилерлерді, лид-менеджерлерді және мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жөніндегі басқа да әріптестерді іріктеу;

     - заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында лотерея ұйымдастыруға және өткізуге байланысты қызметті және өзінің құзырына жатқызылған өзге де қызмет түрлерін лицензиялау;

     - салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешекті мәжбүрлі түрде өндіріп алу жөнінде жұмысты ұйымдастыру;

     - өз құзыры шегінде салықтық құқық бұзушылыққа қарсы күрес мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін орындау;

     - банкроттық рәсімдердің жүргізілуін (банктерді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда) мемлекеттік бақылау, сондай-ақ соттан тыс рәсімде дәрменсіз борышкерді тарату және оған заңнамамен жүктелген өзге де функциялар.

     Қаржыны басқару жөніндегі сан алуан  функцияларға байланысты Қаржы министрлігіне  үлкен құқықтар берілген.

     Министрліктің негізгі міндеттерін іске асыру  және өз функцияларын жүзеге асыру  үшін заңдарда белгіленген тәртіппен:

     - мемлекетгік органдардан, өзге де ұйымдардан және жеке тұлғалардан                          Министрлікке жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті ақпараттарды сұратуға және алуға;

     - өз құзырының шегінде барлық мемлекеттік органдардың, өзге де ұйымдардың және жеке тұлғалардың орындауы үшін міндетті нормативтік - құқықтық актілерді шығаруға;

     - Министрліктің қарауындағы комитеттер мен мемлекеттік ұйымдардың бұйрықтарын, өзге де кесімдерін тоқтатуға немесе тоқтата тұруға;

     - акционерлік қоғамдардағы мемлекеттік үлеске және республикалық басқа да мүлікке иелік етуге, пайдалануға, соңдай-ақ заңнамалық актілермен және Үкімет белгілеген жағдайларда билік етуге;

     - өз құзырындағы мәселелер бойынша халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты жүзеге асыруға;

     - бірыңғай қазынашылық шоттағы және Қазынашылық комитетінің корреспонденттік шоттарындағы ағымдағы қалдықтарды Үкімет белгілеген тәртіппен тиімді орналастыру жолымен басқаруды жүзеге асыруға;

     - бюджеттік заңнамада кезделген жағдайларда бюджет қаражаттарын қайтарып алуға, қаржыландыруды тоқтата тұруға; 

     - қымбат бағалы металдар мен асыл тастарды басқаруды, есебін және сақтауды ұйымдастыруды жүргізуге;

     - ұлттық және шетелдік валютада банктік операциялардың жекелеген түрлерін және өзіне зандармен жүктелген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқықтары бар.

     Қаржы министрлігінің орталық аппараттарында белгілі міндеттер мен функцияларды атқаратын бірқатар арнаулы бөлімшелер бар, басқарудың мақсаттары мен міндеттерінің өзгеруі, аппараттар функцияларының дамуы, жұмысты жетілдірудің қажеттілігі ескеріле отырып бұл бөлімшелердің құрамы мен құрылымы үнемі өзгеріп отырады.

     Қазіргі кезде Қаржы министрлігінің орталық  аппараттарында бірқатар департаменттер мен басқармалар маңызды орын алады:

Мемлекеттік бюджетті атқару департаменті;

Фискалдық саясат пен болжам департаменті;

Макроэкономика  және қаржы статистикасы департаменті;

Мемлекетгік органдарды қаржыландыру департаменті;

Кірістерді талдау департаменті;

Кірістер мен келісімшарттар департаменті;

Электронды мониторинг департаменті;

Жұмыстарды ұйымдастыру және қаржылық қамтамасыз ету

департаменті;

Құжат айналымы және кадр жұмыстары департаменті;

Акциздерді реттеу департаменті;

Заң қызметі департаменті;

Ақпараттық технологиялар департаменті;

Мониторинг  және трансферттік баға белгілеу департаменті;

Мемлекеттік органдарды қаржыландыру департаменті;

Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаменті;

Мемлекеттік қарыз алу департаменті;

Қазыналық саясат және жобалар департаменті;

Мемлекеттік борыш және кредит беру департаменті;

Халықаралық қаржы қатынастары департаменті;

Халықаралық салық салу департаменті және т.б.

     Департаменттер  өз кезегінде нақтылы функциялық міндеттерді орындайтын басқармалардан, ал олар бөлімдерден тұрады.

     Министрліктің мынадай ведомствалары бар: Қазынашылық  комитеті, Кедендік бақылау комитеті, Қаржылық бақылау және мемлекеттік  сатып алу комитеті, Салық комитеті, Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру  комитеті, Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитет.

     Қазынашылық комитетінің ұйымдық құрылымы Қаржы  министрлігі құрамындағы Қазынашылықтың орталық аппаратынан және оған бағыныштағы  аймақтық бөлімшелерден тұрады.

     Қазынашылык, органдары мынадай міндеттер  мен функцияларды орындайды:

      - республикалық бюджетті ұйымдастыру, оның кассалық атқарылуын жүзеге асыру, жергілікті бюджеттерге есеп-қисаптық-кассалық қызмет көрсету және мемлекеттік бюджеттің орындалуын бақылау;

      - касса бірлігі қағидатын негіздей отырып, қазынашылықтың шоттарындағы ақша қаражаттарын басқару;

      - республикалық және жергілікті бюджеттер арасында өзара есеп айырысуды енгізу;

- республикалық және жергілікті бюджеттер арасында салықтарды және басқа міндетті төлемдерді бөлуді қамтамасыз ету және оларды түрлі деңгейлердің бюджеттеріне есептеу;

Информация о работе Қаржыны басқару