Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2011 в 22:17, курсовая работа
Баскару адам қызметінің барлық аясына, соның ішінде қаржы қызметіне де тән нәрсе. Ол белгілі бір нәтижеге жету үшін субъектінің объектіге нысаналы ықпал етуінің тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы.
Кіріспе..................................................................................................................3
1 Қаржыны басқарудың теориялық негіздері.................................................5
1.1 Қаржыны басқару мәні мен құрылымы ....................................................5
1.2 Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын басқару..................8
1.3 Мемлекеттің қаржысын басқару және қаржыны басқарудың автоматтандырылған жүйесі.............................................................................10
2 Мемлекеттік қаржыны басқару және жетілдіру жолдары...........................................................................................................22
2.1 ҚР Қаржы министрлігі, оның мемлекеттік басқару органы....................22
2.2 Қазақстан Республикасындағы қаржыны басқаруды жетілдіру.............24
Қорытынды.....................................................................................................30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................................32
Қаржы министрлігі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі бұл проблемаларды ойдағыдай шеше алатыны, мемлекеттік басқарудың деңгейлері арасында салықтық түсімдерді, шығыстарды түзету жүйесіндегі икемділікті бөлуге бақылауды жолға қояры сөзсіз.
Үшіншіден, мемлекеттік бюджет тапшылығын қаржыландыру жүйесінің кемшіліктері.
Бұрынғы КСРО-да мемлекеттік бюджеттің тапшылығын қаржыландырудың дәстүрлі көзі ұзақ жылдар бойы Мемлекеттік банктің пайызсыз кредиттері, сондай-ақ Жинақ банктеріндегі халықтың салымдары болып келді. Қазіргі кезде бұл көздерді пайдалану қиын мәселе болып қалды.
Мемлекеттік бюджет тапшылығын жабудың баламалы қаржы көзі ретінде пайдалануға болатын мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару бүгінге дейін кеңінен таралмай отыр. Мұның экономикалық дағдарыстар мен инфляция жағдайында занды екенін мойындауға тура келеді.
1.2
Шаруашылык жүргізуші
Бұл буынның қаржысын басқаруды министрліктердің, ведомстволардың, концерндердің, ассоциациялардың, қоғамдардың, серіктестіктердің қаржы департаменті (басқармалары) мен бөлімдері, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы бөлімдері мен қаржы службалары жүзеге асырады.
Қоғамдық ұйымдардың қаржысын осы ұйымдардың қаржы бөлімдері мен топтары басқарады.
Министрліктер
мен басқа жоғарғы органдардың
қаржы басқармаларының аппараты
жиынтық қаржыны болжау (жоспарлау),
кірістер мен шығыстардың жиынтық
балансын бақылау жөніндегі жұмыстарды
жүзеге асырады, ведомствоға қарасты
кәсіпорындардың қаржы
Қаржы жүйесінің бұл буынында нарық жағдайында басқару қаржы менеджменті деп аталады және кәсіпорындар мен ұйымдардың кәсіпкерлік қызметі арқылы және соның шеңберінде әлеуметтік-экономикалық процестерді басқарудың нысаны болып табылады. Қаржы менеджментінің мәні тиісті службалар тарапынан қосымша қаржы ресурстарын ең тиімді етіп тартуға, оларды неғұрлым ұтымды етіп жұмсауға, қаржы рыногында бағалы қағаздарды сатып алып, қайтып сатып пайдалы операциялар жасауға мүмкіндік беретіндей етіп қаржыны басқаруды ұйымдастыру.
Кәсіпорындарда қаржы менеджментінің объектілері мыналар болып табылады: жылжымайтын және жылжымалы мүлік, мүліктік құқықтар, жұмыстар және қызметтер, ақпарат, зияткерлік (интеллектуалдық) қызметтің нәтижелері, материалдық емес игіліктер.
Қаржы менеджменті уәждемелерге — адамдардың немесе ұжымдардың қажеттіліктері мен тиісті қылықтарын анықтайтын мақсаттарды іске асыру жөніндегі қызметке негізделеді. Уәждеме іскерлік белсенділікті, еңбек өнімділігі мен с апасын ынталандыру процесінде көрінеді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы бөлімдері (службалары) кредит және есеп айырысу операцияларының (акциялардың, вексельдердің, факторингтің және басқалардың) жаңа нысандарын пайдалана отырып, оперативті қаржылық жоспарлауды, қаржы ресурстарымен оңтайландыруды жүзеге асырады.
Шаруашылық серіктестіктерінде қаржыны басқаруда басқа функциялармен қатар, жоғарғы органдар — олардың қатысушыларының жалпы жиналысы (өкілдіктердің жалпы жиналысы), акционерлік қоғамдарда — акционерлердің жалпы жиналысы үйлестіріп отырады. Атқарушы орган — басқарма өзінің лауазымды адамдарының, соның ішінде қаржыны басқару жөніндегі лауазымды адамдардың құрамына мыналарды қосады: қаржы жөніндегі вице-президентті (басқарушының орынбасарын); ол серіктестіктің (қоғамның) тиісті бөлімшесіне — қаржы бөліміне, топқа, секторға жетекшілік етеді немесе оның бағынышындағы жеке қызметкерлер — шаруашылық жүргізуші субъектісінің қаржылық қызметінің бағыттары жөніндегі қаржы менеджерлері жұмыс істейді.
Қаржы бөлімінің құрылымы (кесте 1) әдетте болжамды-талдамалық, есеп-қисап, шағым, оперативтік-қаржылық жұмыстың бағыттарына негізделеді.
Қаржы-өтім бөлімдері бюджетпен, банктермен, жоғарғы ұйымдармен есеп айырысу жөніндегі, кассалық сияқты топтарға бөлінеді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы службаларының маңызды міндеттері мыналар болып табылады:
-
табысты немесе пайданы
-
өндіріс, күрделі қаржылар, жаңа
техниканы ендіру және басқа
жоспарлы шығындар жөніндегі
тапсырмаларды қаржы
-
мемлекеттік бюджет, банктер, жеткізушілер,
жоғарғы ұйымдар алдындағы
кесте 1
Шаруашылық
жүргізуші субъектісінің
Шаруашылык жүргізуші субъектінің қаржы болімі | ||||||
Жоспарлау-экономикалық бюросы | Банк
және кассалық
операциялар бюросы |
Есеп айырысу бюросы | ||||
TOПТАР | ||||||
Қаржылық-кредиттік жоспарлау | Оперативтік-
жоспарлау және бақылау |
Экономикалық
талдау |
Сатып
алушылармен есеп айырысу бюросы |
Жеткізу-шілермен
есеп
айырысу |
Кінәрат-талап тобы |
- есеп айырысуларды ұйымдастыру;
- өндірістік капитал мен күрделі жұмсалымды тиімді пайдалануға жәрдемдесу;
- қаржы ресурстарын дұрыс пайдалануды бақылау, айналым қаражаттарының сақталымдылығы мен тездетілген айналымдылығын қамтамасыз ету және басқалары.
Қаржыны оперативті басқаруға банк мекемелері қатысады. Екінші деңгей банктері кәсіпорындар мен ұйымдарға есеп айырысу-кассалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады, ақшаға деген уақытша қажеттіліктерді несиелендіреді.
Шаруашылықты
жүргізудің нарықтық негізіне көшкеннен
кейін кәсіпорын басшыларының, акционерлік
компаниялар мүшелерінің ғана емес,
сондай-ақ басқарудың әкімшіл-әміршіл
әдістері жағдайында болмашы рөл
атқарған қаржы службаларының да
рөлі ерекше арта түсті. Кәсіпорындарды
дамытудың қаржы көздерін, қаржы
ресурстарын неғұрлым тиімді инвестициялаудың
бағыттарын іздестіру, бағалы қағаздармен
операциялар жасау және қаржы
менеджментінің басқа мәселелері нарықтық
экономика жағдайындағы кәсіпорындардың
қаржы службаларының негізгі
мәселелері болып отыр.
1.3
Мемлекеттің қаржысын басқару және қаржыны
басқарудың автоматтандырылған жүйесі
Қаржыны басқару стратегиялық, яғни қаржыны жалпы басқару және оперативтік басқару болып ажыратылады. Стратегиялык, басқару қаржы ресурстарын келешекте болжау арқылы анықтауда, мақсатты бағдарламаларды және басқаны іске асыруға арналған қаржы ресурстарының ауқымын белгілеуде көрінеді. Оны дәстүр бойынша мемлекеттік биліктің және басқарудың жоғарғы органдары – Президент аппараты, Парламент, Үкімет, Қаржы министрлігі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жүзеге асырады.
Қазақстан
Республикасы Президентіне көп жағдайда
Президент аппараты арқылы қаржыны
басқаруға үлкен өкілеттік
1) Республикалық бюджетті әзірлеу және оның атқарылуы туралы есеп беру тәртібін айқындайды;
2) Республикалық бюджет комиссиясын құрады, ол туралы қағиданы бекітеді, оның құрамын айқындайды;
3) Қазақстан Республикасының аумағында төтенше мемлекеттік бюджет енгізу туралы шешім қабылдайды және оны әзірлеу тәртібін айқындайды;
4) мемлекеттегі жағдай мен республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағытгары туралы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауда алдағы жылға арналған Қазақстан Республикасының қаржы-кредит және бюджет саясатының негізгі фбағыттарын айқындайды;
5) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес құрады және ол туралы қағиданы бекітеді; Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану тиімділігін арттыру жөніңде, сондай-ақ оны пайдаланудың көлемі мен бағыттары жөнінде шешімдер қабылдайды. Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану туралы есептерді бекітеді;
6) Қазақстан Республикасындағы төтенше немесе соғыс жағдайларында тиісті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспарын бекітеді және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Қаржыны
жалпы басқару Қазақстан
Парламенттің
құзырында қаржы проблемаларын
шешу заңнамалық актілерді — Қазақстан
Республикасының заңдары мен
Парламент қаулыларын талқылауға және
кейін дауыс беруге енгізу жөніндегі
заңнамалық бастама құқында жүзеге
асырылады. Парламент аса маңызды
қоғамдық қатынастарды реттейтін зандар
шығарады, негізгі қағидаттар мен
нормаларды белгілейді, олар: салық
салуға, алымдар мен басқа да міндетті
төлемдерді белгілеуге, республикалық
бюджетке, білім беруге, денсаулық
сақтауға және әлеуметтік қамсыздандыруға,
елдің қорғанысы мен
Қазақстан
Республикасының Үкіметі —
Экономика
мен әлеуметтік саланы басқару жүйесін
түбірлі қайта құрудан туындап
отырған жаңа мәселелерді шешуге
байланысты және Қазақстан экономикасының
дамудың нарықтық жолына өтуіне орай
қаржыны басқару саласында "Қазақстан
Республикасының мемлекеттік
Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 3 қыркүйектегі
№962 қаулысымен бекітілген Қазақстан
Республикасының қаржы
Министрліктің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
- республикалық бюджеттің атқарылуын және жергілікті бюджеттердің атқарылуына кассалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;
- салықтардың, алымдардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін және бюджетке түсетін өзге де түсімдерді, міндетті зейнетақы жарналарының толық және уақтылы аударылуын, шикізат секторы ұйымдарынан бюджетке түсетін түсімдер бөлігінің Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударылуын қамтамасыз ету;
- республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы, бухгалтерлік есеп, есептеме және аудит жөнінде әдіснамалық басшылық жасау;
- өз құзыры шегінде республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатының тиімді және мақсатты пайдалануын бақылау;
- мемлекеттік меншікті басқарудың тиімділігін арттыру;
- мемлекеттік салық саясатын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;