қаржы нарығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2012 в 16:12, реферат

Краткое описание

Қаржы нарығын реттеу қажеттілігі мен мәні
Қаржы нарығының реттеу қағидалары мен әдістері
Қаржы нарығын ретттеу және бақылау механизмі
Қаржы нарығындағы банктердің қызметін реттеу
Қаржы нарығындағы зейнетақы қорының қызметін реттеу
Қаржы нарығындағы сақтандыру бірлестіктерінің қызметін реттеу
Бағалы қағаздар нарығы және оның қаржы нарығында қызметін реттеу
Халықаралық қаржы нарығын реттеу

Файлы: 1 файл

каржы нарыгы.docx

— 181.57 Кб (Скачать)

Кеңес Одағы ыдырап, Қазақстан тәуелсіздік алған сол республикамыз өзінің мемлекеттік алтын қорын қалыптастыру белсене кірісті. Өйтпейінше экономиканы еркендету мүмкін емес еді. Сондықтан Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылы 21-каңтардағы Жарлығына сәйкес «Алтыналмас» атты ұлттық акционерлік компаниясы құрылды. Сол құжатта, алтын мен алмастың қорын арттыру мақсатындағы жұмысқа басшылықты күшейту осы компанияға жүктелгені атап көрсетілді.

КСРО тұсында Қазақстанда өндірілген алтын кенінен айырып алынған бағалы металл-алтын Ресей мен Армения кәсіпорындарында байытылып өңделетін еді.

Тәуелсіз Қазақстанда алтын өндіру мөлшері күрт арта бастады. Бір ғана «Алтыналмас» компаниясына қарасты кәсіпорындары 1991 жылы 13,7, 1994 жылы 14,5 тонна алтын өндірді. Алайда, Қазақстанда алтын қоры анықталған аумақтың мүмкіндіктері әліде нашар пайдаланылуда.

Алтын қоры дегеніміз не?

Әдетте, өндірілген алтынды ұқсату, қор жинау, ел ішінде үш тұрпатты мақсатта жүргізілген. Олар, біріншісі алтынны орталықтандырылған қоры немесе мемлекеттік қазыналық пен банктердегі алтын, екінші қор - заңды және жеке тұлғалар иелігіндегі жинақталған алтын. Ал үшінші қор-алтыннан түрліше әсем бұйымдар жасаумен шұғылданушы зергерлер меншігіндегі алтын. Осылай түрліше әдіспен жинақталған алтын қоры X ғасырдың сексенінші жылдарында капитал елдерідің орталықтандырылған қорда шамамен 35 мың тонна, жеке меншік қорда шамамен 20-25 Мың тонна, бұйымдар жасаумен шұғылданатын жеке меншікте 25-30 мың тонна, барлығы қолда 80-90 мың тонна алтын жинақталды. Бірақ алтын қорына байланысты бұл мәліметтің өзі де нақты жағдайды білдіре алмаса керек. Өйткені, әр ел өзінің ішкі мүддесіне байланысты мәліметті толық айтпауы да мүмкін ғой. Сол сияқты 60-жыддардың соңына орталықтандырылған қорда алтын өткен кезеңдегідей мөлшер, болмады.

Ал мемлекеттік қаржы органдары қорындағы алтын кұйма кесек және теңге (монета) түрінде сақталып жүр. Алтын қоры елдің алтын жөніндегі сақтық қоры ретінде сақталады. Мемлекет қорында осы алтын, кажетті жағдайда шетелдермен экономикалық қары қатынаста пайдаланылады. Мемлекеттің экономикалық қуаты шетелдермен экономикалық байланыс кезінде тауар-ақша алмас жағдайында ерекше айқындалады.

Асыл металдың касиеттері, құндылығы қандай ?

Алтын өзінің табиғи бітімі ерекшелігіне сәйкес түрліше металдар арасында аса бағалы қымбат метал ретінде танылған. Алтын кандай да болмасын ылғалды, шірінді топырақты жерде жатса да оны тот алмайды, мыс тәрізді оны жасыл-қошқыл тот баспайды, күміс тәрізді қарақоңырланып кетпейді. Алтын күн нұрына шағылысқан түрінде сап-сары түсінен ешқашан таймайды.

Алтынның тағы бір басты қасиеттері мынадай: ол өзіндік кұрамы жағынан біртұтас, біртекті, аса берік, ұзақ мерзім бойы сақтауға лайықты, бөлшектеп басқа бір металға қосып, кез-келген бұйым жасауға жарамды. Аса берік тұтастық қасиетіне қарай соңғы жылдарда алтын электроника өнеркәсібінде, ғарыш технологиясында байланыс кұралдарын жасауда ойдағыдай пайдаланылып жүр.

Адам баласы сонау бағзы заманнан-ақ алтынды өз қажетіне жарата білген. Алтыннан сырға, жүзік, алқа, басқа да әсем зергелік бұйымдар жасалған. Қанша ғасырлар өтседе алтыннан жасалған бұйымдар өзінің аса асыл металл ретіндегі қасиетін жоймайды. Мұны жер шарының түрлі аймақтарында жүргізілген архиеологиялық казбалардың нәтижесі айқын дәлелдеп отыр.

Алтынның дүниежүзілік тарих бедерінде сол сияқты, экономика саласындағы қолданылуы оның тек табиғи қасиетімен ғана емес, қоғамдық мақсат өрісінде оның төлемдік кұн рөлін бейнелеп, ақша ретінде қолдаланылуымен де айрықша ерекшеленеді. Ал ақша — экономикалық және әлеуметтік кұбылыс. Алтынның ақша орнына қолдаланылуының экономикалық катынастарда ерекше маңыз алуы - тауар өндірісінің өмірге келіп, дамуымен тікелей байланысты.

Адамзат баласы рулық-қауымдық қоғамдағы күнделікті тіршілігінде өзара топтаса жүріп, тапқан тамақтық заттарды бөлісіп жеумен тіршілік еткені тарихтан белгілі. Адамзат өзінің дамуы, өсіл-өркендеуіне жетілуіне қарай күнкөріс кәсібін де өзгертті. Әр түрлі өнім шығаруды меңгерді. Осылай өздері шығарған өнімдерін басқа біреулер шығарған өнімдерге баспа-бас немесе баламалай айырбастап, өзіне қажетті заттарды алумен шұғылданды. Сөйтіп, даму барысында басы артық өнімдерін сатуды меңгерді. Бірақ сол-кезде адамдардың сана-сезімінде ақша дегеннің не екені, оның қандай кажеті барына ешқандай түсінік, ұғымы болмаған, ал өмір тәжірибесі өзіне жаңа өрістер ашып отыратыны белгілі.

Адамдар өз төңірегіндегі, ерекше көз тартатын, жұртты  серпілтетін заттарды даралай білген. Осы негізде қолдағы  артық тауарды қандай затқа айырбастауға болатынын ойластыра бастаған. Тек осы мақсат, ниетке байланысты қолындағы артық, өз қажетінен тыс тауарды айырбастап алу үіпін  қымбат бағалы деп таныған піл сүйегін, бағалы аңтерісін, т.б, тұз, теңіз тастарын, какао, мал, тіпті адамдарды да ,құлдарды да пайдаланды.

Осындай жағдайда Батыс Еуропада күміс теңгеліктер рөліне айналмай, жалпы тауар ретінде болды. Сонымен ақша ретінде қолданылған заттардың қайсысы болсын сақтауға, жүруге ыңғайлы болмаған. Сондықтан қандай тауар үшін болсын кең баламалық рөл атқара алатын, сақтауға қолайлы, ақша ретінде қолдануға лайық түрғыда металл заттарына көңіл аударылған. Бұл үшін темір, мыс, қола сияқты металдардан теңгеліктер соғылған Ақыр соңында ақша үшін алтынды пайдалану қолға алынған.

 Ақыры біздің дәуірімізден 1500 жыл бұрын алтыннан Қытай, Индия, Мысыр (Египет) елдері, ал көне Грецияда біз дәуірімізден бұрын 8-7 ғасырда, Арменияда бірінші ғасырда алтын  теңгеліктер шығарылған.

Айталық, XIX ғасырдың 60-жылдарынан бастап, алтын дүние жүзінде ақша үшін пайдалануға беріктігі, тұтастығы, тозбайтын қасиеті жағынан зор маңызға ие болып, ақша сахнасына еш теңделік жоқ металл ретінде көтерілді. Міне сол кезеңнен бастап, ақша рөлін атқарып келеді. Осыған сәйкес алтынды белгілі мөлшерде жұмсау мақсатында алтын стандарты деген ұғым пайда болды. Алғаш алтын стандарты (оны пайдалану үлгісі ретінде) түрде әрекет етті. Бірінші, теңгелік алтын стандарты деп аталды. онтоғызыншы ғасырдың аяғына дейін айналыс өрісінде болды. Екінші алтын стандарты алтын валюта делінді. Ал үшінші, ал құйма стандарты еді.

Алтын стандарты тұңғыш peт ақша жүйесі тұрғысында 1 жылы Ұлыбританияда   елінде   қалыптасты.   Ал   көптеген елдерде    алтын рты    XIX ғасырдың    соңғы    кезеңінде қолданылды. Алтын стандартына тән ерекшеліктер:

     тауарлар бағасын алтын түрінде белгілеуге лайықты өлшем

     мемлекет алтын  ақшаны өз қажетіне қарай шығаруға мүдделігі бар

     алтын  ақшаның  несие ретіндегі ақшаға  емін-еркін  айырбасталатындығы

алтынды шетке шығаруға және шет жерден алып келуге қойылмайтындығы болып табылады.

Осындай қасиеттерімен алтын-теңгелік стандарты ақша -жүйесінде тұрақты рөл атқаратын болды. Әр елдің шаруашылық жағдайына қарай алтын стандарты түрліше рөл атқарды. Мысалы, бір елдің алтын стандарты екінші бір елдің алтын стандартына құны жағынан салыстырмалы тұрғыда қолданылатын болды. Мұның өзі көбіне ақшаның құнсыздануы процесімен байланысты болатын ерекшелік.

Алтын стандартының ақша айналымында қолданыс табуы дүниежүзілік экономикалық дағдарыс кезінде күрт өзгерді. Атап айтқанда, 1929-33 жылдардағы дүниежүзілік дағдарыс кезінде алтын стандарты барлық елдерде түлкілікті жойылды. Бұл процесс дағдарыс салдарынан ақшаның құнсыздануынан пайда болған құбылыс болатын.

Осы жағдайдың ықпалына қарай дүниежүзінде әр ел өзінің алтынға байланысты ақша жүйесін, оның сауда-саттық қатынастарда әрекет ету қызметін елдің ішкі экономикалық жағдайына қарай ұйымдастыратын болды. Әр ел өз қорындағы ақшаны өзіне тиімділікке қарай пайдаланды. Мысалы, 1971 жылы тамыз айында АҚШ үкіметі алтынды долларға сатуды ресми түрде тоқтатты. Сөйтіп, бұл елде алтын стандарты жүзеге асырылмайтын болды. АҚШ-тағы алтынға байланысты жағдай басқа елдерде де өзгеріске ұшырады.

АҚШ-тың алтынға қатысты саясатына қарай, 1978 жылы Халықаралық Валюта Корының жарғысында алтын халықаралық валюта эталоны (нақты мөлшері) беделінен айырылғаны ресми атап көрсетілді. Соған сәйкес Халықаралық Валюта Қорына мүше елдерде алтынның ақша түрін бейнелейтін мазмұны жойылды.

     Мемлекеттік  мүдде тұрғысынан алғанда, аса құнды метал алтын нарқы мәселесімен арнайы құрылған орталық шұғылданады. орталық негізінен қолдағы басы артық алтынды халықаралық нарық жүйесінде сату немесе сатьш-алу жұмысымен айналысады. Алтынмен байланысты сауда-саттық, яғни, алтынды сату немесе сатып-алу жұмыстары алтын жөніндегі нарыктық баға бойынша жүргізіледі. Алтынды сату өнеркәсіптік тұтыну мақсатында немесе жеке адамдардың алтынды сатып алып, өзіндік жеке алтын қорын жинау мақсатында, инвестициялық қор құру жөнінде тәуекелдік қор жинау немесе алыпсатарлық тұрғыда атқарылады. Бұл аталған мысалдар алтын нарқына байланысты жүргізілетін жұмыстың ерекшеліктерін көрсетеді.

Алтын нарқының негізгі көздері мынадай:  сатуға негізін жаңадан өндірілген алтын қоры жұмсалады. Әр ел алтын сату өзінің ішкі мүмкіншілігіне қарай жүргізеді. Мысалы,  1970 жылы  БАР өзінің ішкі қорына карай 1 мың тонна алтын өндіріп, алтын көбірек сатуға мүмкіндік алды.

Алтын   нарқына   байланысты   қордың   екінші   бір   кез мемлекет   және жеке    алтын   қорын   жинаушылар   тарапынан сатылатын алтын. Нарық жүйесінен сатып алынған алтын қор өнеркәсіптік,  тұрмыстық мақсатта  мысалы, радио-электрника  атом, ракета техникасы үшін пайдалану мақсатында жургізіледі жеке адамдар өзі сатып алған алтынды сол сияқты өз қолында алтынды зергерлік    бұйымдар  соғу үшін пайдаланады.  лы  сақина, сырға сияқты бұйымдар жасайды.  Сатылатын алтынның бағасы дүниежүзілік алтын нарқында қолданылып отырған нақты| кезендегі алтын бағасына сәйкес анықталады.

Алтын нарығының ерекшелігі қандай ?

Алтын    нарқының    әрекет    ету    ерекшеліктері    мына нарықтың талаптарына сәйкес алтын қандай түрде сатылады? құйма алтын немесе ұсақ бөлшек түрінде сатылуы мүмкін. Мысалы халықаралық     тұрпаттағы  алтын құймасы  400  троя  өлшемінде болады.    Сатылатын   алтынның   салмақтық өлшемі   унция аталады. Тарихта ол Римдік, троялық унция деп аталған. Қазір троялық  унция   қолданылуда.   Оның   өлшемді   салмағы   31,101 грамм.  Бұл салмақ тұрғысынан алғанда көп алтын.  Ал   1 өлшемі -31,1 грамм алтын деген сөз.

Алтын нарқында     алтыннан соғылған байырғы теңгелікті  (яғни   алтын стандарты кезеңіндегі) жоғары бағаланады. Осы бағалы   алтын     теңгеліктерді мемлекеттік      тұрғыдан ұйымдастырылады. Осындай алтын теңгеліктерді жеке фирмалар  сата алады. Сол сияқты жаңадан соғылған алтын теңгеліктер сатылады. Ерте заманда соғылған алтын теңгеліктер мен соңғы кезеңде   соғылған теңгеліктердің   бағасы    олардың   салмағы  құрамының  тазалығына байланысты болып отыр. Нарықта, алтын  тек теңгелік тұрпатында  ғана емес, әсемдік бұйымдар, арнайы сым  жұқа парақша,    тағы басқа     түрінде сатылады. Алтын caтумен  шұғылданатын мемлекеттік арнайы орталық немесе жеке фирма көбірек қолданылатын  алтын  бұйымдар жасап,   оны     молынан  сатуды басшылыққа алып отырады.

Қазіргі уақытта дүние жүзінде алтын сатумен шұғылданатын елуден аса ірі орталықтар бар. Олардың басым бөлігі Батыс Еуропа, Азия, Америка, Африка елдерінде шоғырланған. Мысалы, Лондон, Париж,    Токио    қалаларындағы алтынмен    сауда  жасайтын орталықтар өз қызыметімен мол тәжірибе жинақтаған.

Мемлекеттік тұрғыдан реттелетін алтын сату жүйесі төрт түрге бөлінген, олар:

дүние жүзілік (Лондон, Нью-Йорк, т.б.);

 елдің өз ішінде еркін түрде жургізілетін алтын нарқы (Париж, Ыстамбұл, т.б.);

жергілікті жерде бақылауға алынған нарық (Африка, Мысыр) жасыры(көлеңкелі) түрдегі  нарық .

Қорыта келгенде, осы аталған алтын нарқының төрт түрі алтын сату әдісін ліше жүргізеді. Мысалы  біреулері алтынды көбірек сатып алумен шұғылданады. Кейбіреулері, алтын сату үшін өз қорының шамалы болуына сәйкес сауданы кеңінен жүргізе алмайды. Дегенмен, алтын өзінің тауар ретіңдегі рөлін дамыта беруге әрекет етеді.                                                                                   

        

 

 

Әдебиеттер:

1.Алмазова О. Д. Золото  и валюта :прошлое и настоящее  – М. Финансы и статистика, 1998.

2. Смагулова Р.О. Қаржы  нарқы Алматы : Қазұлтагру, 2001.

 

Тақырып 4 Валюталық  нарықтар

1 Валюталық нарықтың дамуы  

2 Валюталарды айырбастау

3 Биржалық және биржадан  тыс валюта нарықтары

Валюта қашан  пайда болды?

“Валюта” – Итальян  тілінен аударғанда “баға”,  “құн”  деген мағынаны білдіреді. Валюта –  белгілі бір елдің ақша өлшемі, яғни теңге,  евро,  доллар т.с.с. Валютаның  пайда болуы ақшаның пайда  болуымен байланысты. Ақша алғашқыда  натуралды заттай түрде,  кейінрек метал түрінде,  соңына таман қағаз  ақша пайда болды. Ең алғаш рет  метал ақша б.д.д. ІІІ – ғасырда  римде басылған. Б.д.д. да VII – VIII ғасырларда Малайзиядағы Лидия мемлекетінде және ежелгі Грецияда басылған.   ІХ –  Х ғасырларда Европа елдерінде басылып  шыға бастады.

Қағаз  ақша ең алғаш рет  ХІ ғасырда Қытайда   пайда  болды. ХVIII ғасырлардың аяғында Солтүстік  Америкада,  ал ХVIII ғасырдың аяғы ХІХ  ғасырдың басында Англияда шығарылды.

  Әр ел өз ақшасын  металл немесе қағаз түрінде  шығарса да оған өздерінің  елтаңбасын,  король бейнелерін  басып отырған. Осы белгілеріне  қарай қай елдің ақшасы,  яғни  валютасы екендігін айыруға болады.

Валюталық жүйенің  типтері қандай?

Валюталық жүйенің үш типі бар: ұлттық,  дүниежүзілік,  аймақтық валюталық жүйелер.

Ұлттық валюталық жүйе – елдегі ұдайы өндіріс процесінің қажетті валюталық ресурстарды қалыптастыруға және пайдалануға,  халықаралық айналымды жүзеге асыруға көмектесетін валюталық – экономикалық қатынастар жйынтығы. Ұлттық валюталық жүйе елдің ақша жүйесінің бір бөлігі бола отырып,  өзінше дербес және ұлттық шекарадан шығарыла алады. Ұлттық валюталық жүйенің ерекшелігі ел экономикасындағы сыртқы экономикалық байланыстардың даму дәрежесімен анықталады.

Информация о работе қаржы нарығы