қаржы нарығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2012 в 16:12, реферат

Краткое описание

Қаржы нарығын реттеу қажеттілігі мен мәні
Қаржы нарығының реттеу қағидалары мен әдістері
Қаржы нарығын ретттеу және бақылау механизмі
Қаржы нарығындағы банктердің қызметін реттеу
Қаржы нарығындағы зейнетақы қорының қызметін реттеу
Қаржы нарығындағы сақтандыру бірлестіктерінің қызметін реттеу
Бағалы қағаздар нарығы және оның қаржы нарығында қызметін реттеу
Халықаралық қаржы нарығын реттеу

Файлы: 1 файл

каржы нарыгы.docx

— 181.57 Кб (Скачать)

 

Ақша  дегеніміз  не, оның  қоғамдағы  маңызы  қандай?

     Ақша  дегеніміз- тауардың  жалпы  эквивалентінің  жинақталған  түрі,    құнның  эквиваленттік  формасы  мен  тұтыну  құны  біте  қайнасқан  ерекше  тауар.  Ақшаның  қоғамдық  мәнін  К Маркс «  Жеке  адам » өзінің  қоғамдық  билігінде  қоғаммен  байланысын  да  өзінің  қалтасына  салып  жүреді   деген  афоризммен  сипаттады .  Ол  мынадан  айқын  көрінеді:

     Тек  ақшаға  айырбастау  арқылы  ғана  тауарлар  қоғамдық  еңбектің  нәтижесі  екенін  анықтауға  болады   М : А-Т-А

      Әр  адамның   еңбектігі  себебі,  адам  қоғамдық  еңбектігі  үлесін  жалақы  ретінде  алғанда  ақша  төлем   құралы  қызметін  атқарады.

       Айырбас   үрдесінде  ақшаның  делдалдық   етуімен  тауардың  ішкі  қайшылықтары  шешіледі.  Тек  ақшаның   пайда  болуына  байланысты  бүкіл  тауарлар  тұтыну  құны  түріде  айырбас  қатынасының,  бір  жағында  тұрады  да,  ал  екінші  жағында  бүкіл   таурға  қарама-қарсы  ақша  тұрады.

  Ақшаның   атқаратын  функциялары қандай ?

Ақшаның  қазіргі  экономикадағы  атқаратын  қызмет  түріне  қарай,  мына  функцияларын  жатқызамыз:

  Құн  өлшемі.  Құн өлшемі-  бұл мемлекеттің тәуелсіз  ақшаның экономикалық  қызметін  сипаттайды. 

  Айналыс  құралы - бұл ақша  мен тауардың  бір-біріне  қарама-қарсы қозғалысы болмайды,  яғни  қарыздық  міндеттеме  арқылы  өтеу  сату  және  сатып алу процесінің  аяқталғандығын  білдіреді Т-М (міндеттеме)-Т немесе  М-Т

     Қор  жинақтау  құралы.  Қорлану-үшін  ақша  айналыста   алынады,  сөйтіп  сату-сатып   алу   қозғалысы  өзгереді.   Қор  жинау-  қызметін  толық   бағалы  емес  ақшалар  атқармайды,  себебі  олардың  меншікті  құны  жоқ.. 

   Дүние  жүзілік   ақша  құралы-  сыртқы  серіктестіктерге  қызмет  көрсету,  сыртқы  сауда   байланыстары  халықаралық  зайымдар  барысын  дүние  жүзілік   ақшаларды  пайда  болуына   себеп  болды.

  

Ақша  жиыны  дегеніміз  не?  ҚР-да ақша  жиыны  неше  бөлімнен  тұрады?

    Ақша  жиыны- нақты әр  мемлекеттің өзіне тән ақша-несие жүйесімен анықталынады. М:  АҚШ-та  ақша  жиынын  анықтау үшін-төрт   Швейцария мен Германияда-үш ,  Ұлыбританияда-бес,   Францияда-екі ақша  агрегаты  қолданылады. 

 ҚР –да  ақша  жиынының  құрамына  төменгі   ақша  агрегатты  кіреді: 

     М1-айналыстағы   қолма-қол  ақша.

     М2-құрамына М   агрегатын  және  шаруашылық   субьектерінің  есеп  шоттарымен  басқа  депозиттерінің  заңды  тұлғалардың  күрделі  қаржыландыру  шотының  және  қаржыландыру  қорлары  шотының,   чектік  және  аккредитивтік  шоттардың  қоғамдық  жәнебасқа  үкіметтік  емес  ұйымдар  шоттардың  талап  етіп  алатын  салымдарын  біріктіреді .

Ақша  агрегаттарының  құрамы  тұрақты   қалыпта  болмайды.  Ол  ақша  нарығы  құралдарының  дамуына  байланысты  өзгереді, яғни  бұл ақша нарығында қараймыз.

Ақшаның түрлері  қандай ?

Ақшаның дамуы барысында  екі түрге бөлінеді : толық құлды  және толық құнсыз ақшалар . толық  құлды ақшалар – номиналдық ақша құлы  осы дайындауға кеткен нақты  құнымен сәкес келетін ақшалар .Мұндай ақшаларға металл ақшалар ,  соның  ішінде  мыстан ,  күмістен  және  алтыннан жасалғалдар  жатады.  Толық  құнсыз  ақшалар-наминалды   құны  нақты  құнынан,  яғни  олардың  өндірісінне  кеткен  қоғамдық  еңбектен  жоғары  болып   келеді.  Оларға   құнның   металдық  және  қағаздан  жасалған  белгілері.  Құнның  қағаздай  белгілері  екі  түрге  бөлінеді: қағаз  ақшалар,  несиелік  ақшалар.  Қағаз  ақшалар- бұл  ақша  өкілі,  металға  ауыстырылмайтын,  мемлекеттің  белгіленген  номасы  бар.  Несиелік  ақшалар- тауар  өндірісінің  дамуымен,  яғни  таурларды  сатып  алу  және  сатудың  кешіктіріп  төлеуге  берумен  байланысты  болған  ақшалар.

Ақша  нарығы  дегеніміз  не  және  оның  маңызы қандай ?

Ақша нарығы дегеніміз – ұлттық несие немесе депозит рыноктарының жиынтығы, мұнда Орталық банк, коммерциялық банктер мен қаржы институттары қысқа мерзімді несие беру жөнінде операциялар жасайды. Олардың атқаратын қызметтері: зайымдарды орналастыру, қысқа мерзімге инвестициялауға құралдарды және ссудаларды ұсыну болып табылады. Ұлттық банк ақша-несие саясатын жүргізу арқылы нарық қызметін реттеуді қамтамасыз етіп отырады. Ақша нарығына қатысушылар, яғни мемлекет, фирма, жеке тұлғалар әдете қысқа мерзімді несие жүргізеді (олардың мерзімі 1 ден 120 күнге дейін).

Мемлекеттік облигациялар ақша нарығының  маңызды қаржы құралы болап табылады. Сонымен қатар осы нарықта  маңызды ролді коммерциялық қағаздар ойнайды.

Экономикалық субъектілердің ағымдағы ликвидтілігін қамтамасыз ету үшін, олардың қызметінің маңызды ролін  ақша нарығы атқарады. Өз кезегінде  айтып кететін бір жайт, ақша нарығы 4-бөліктерден кұралады. Олар: 

    1. Дисконттық нарық;
    2. Банкаралық нарық;
    3. Валюталық нарық;
    4. Депозиттік сертификаттар нарығы.

Дисконттық нарық – бұл экономикадағы ақша-несие қызметін реттеудегі маңызды ролді атқарады. Ал оның маңызыдылығы, ақшаның экономикаға бірқалыпты келіп түсуін қамтамасыз ету болып табылады. Дисконттық нарықтың операторлары болып Орталық банк пен коммерциялық банк табылады.

Банкаралық несие – ақша нарығының маңызды сегменті болып табылады. Бұл нарықта коммерциялық банктер бірін-бірі несие арқылы пайда табады. Банкаралық несие “РЕПО” келісімі негізінде жүргізіледі.

“РЕПО” келісімі – бағалы қағаздарды қайта сатып алу негізінде  сату келісімін айтамыз, яғни қазыналық  міндеттемелермен қамтамасыз етілетін қысқа мерзімді зайымның түрін білдіреді. Келісім кезінде құнды қағаздарды сататын “РЕПО” жақ (сторона) әр түрлі  мақсаттрда қолдану үшін, яғни қаржы  нарығында басқа да сегменттерге активті операцияларды жүргізу (мысалы, валюталық нарыққа) мақсатында ақша құралдарын алады.

Еуровалюта нарығы – қысқа мерзімді қаржылық құралдармен сауда-саттық негізінде құрылатын ақша нарығының маңызды бөлігі. Еуровалюта – бұл шетел валюталары, коммерциялық банк осы валюталарды шығырған елдерден тыс жерлерде қолма-қол ақшасыз депозиттік несие операцияларын жүзеге асырады. Бірінше кезекте бұл валюталарға АҚШ доллары, неміс маркасы, фунт стерлинг және басқа да валюталар.

Сонымен қатар дамыған елдерде  ақша нарығының тағы бір құралы - депозиттік сертификат.

Депозиттік сертификат дегеніміз – ақшалай қаражат салымы туралы банктің жазбаша құжаты, ол салымшының (заңды тұлғаның) белгіленген мерзімі өткеннен кейін салым сомасы мен ол бойынша пайызды банктің кез келген мекемесінен алу құқығын куәландырады.

Депозиттік сертификаттардың түрлері және оларды шығару ерекшеліктері  қандай?

Депозиттік сертификаттар иемденуіне қарай келесі түрлерге бөлінеді :

    1. Атаулы сертификаттар;
    2. Мәлімдеуші сертификаттар.

Атаулы депозиттік сертификаттары бұл салым иелерінің атына  толтырылып беріледі. Ал мәлімдеуші сертификаттарда  салым иесінің аты-жөні көрсетілмейді, яғни оны кім иеленсе, сол қаражаттың иесі болып саналады.

Депозиттік сертификаттар сатылған тауарлар және көрсетілген қызметтер  үшін төлеуге болатын төлем құралы немесе есеп айырысу қызметін атқара алады. Депозиттік сертификаттар көбінесе ірі сомада шығарылатындықтан да, оларды заңды тұлғалар сатып алады.

Әлемдік тәжірибеде депозиттік сертификаттардың мынадай екі түрі бар: аударылатын  және аударылмайтын.

Аударылмайтын депозиттік сертификаттар – салым иелерінің қолдарында болып, уақыты жеткен соң банкке ұсынылады.

Аударылатын депозиттік сертификаттар - басқа бір тұлғаларға екінші нарықта сатып алу-сату арқылы өтеді.

 

Негізгі  терминдер:     

Ақша

Ақша  нарығы

Ақша  жиыны

Ақша  айналыс  заңы

Ақша  базасы

Акцепт

Акцептант

Акцепті  банк

Ақша  жүесі

Ақша  бірлігі

Вексель

Жай  және  аударма  вексель

Эмиссия

Ақша  мультипликаторы

Депозит

Депозиттік  сертификаттар

 

Қолданылған  әдебиеттер:

  1. Ценые  бумаги.  Учеб/под.ред. В. И.  Колесникова, В.С. Горколовского/М:-1998.
  2. Деньги. Кредит.  Банки/ Под. Ред.  О. И: Лаврумина/М:-1998
  3. Финансы. Кредит. Деньги. Учеб/Под.ред. О:В:  Соколовой/М:-2000
  4. Қ.Ж. Оразалин, М.м.  жайасов. Русс. Каз.  Толковый  словарь.по. сов. Экон./М:2001
  5. Н.Қ.  Мамыров,  М.Ә.  Тілеужанова.  Макроэкономика. А:2003.
  6. Ақша.  Несие.  Бактер. Валюта  қатынастары.  Б. Кошекова. А.:20007
  7. В.Д.  Мельникова,  К.К.  Ильясов,Финансы А:2001.
  8. Ақша.  Несие. Бактер. Ғ.С.  Сейітқасымов. А: 2001.
  9. Ақша.  Несие. Банктер. Б.  Сайденов. А: 2001.

Бақылау  сұрақтары:

1. Ақша  дегеніміз  не, оның  қоғамдағы  маңызы  қандай?

2. Ақшаның  атқаратын   функциялары қандай ?

3.Ақша  жиыны  дегеніміз  не,  ҚР-да  неше  бөлімнен  тұрады?

4.Ақшаның  түрлері   қандай?

5.Ақша  нарығы  деген   не,  оның  маңызы қандай?

6.Ақша  нарығының  ұсынысы   мен  сұранысы?

7.Ақша нарығындағы   қандай  резервтерді  білесіз?

8.Ақша  нарығының  атқаратын   операциялары  қандай?

9.Ақша  нарығындағы   құралдары  дегеніміз  не?

10.Банктік  акцептер  дегеніміз не,  оның  ерекшелігі  қандай?

11Қысқа  мерзімді  қазыналық   дегеніміз  не?

12.Вексель  дегеніміз   не ?

13.Вексельдің  қандай  түрлері  бар?

 

Тақырып3.  Алтын  нарығы

  1. Алтын өндірудің маңызы
  2. Асыл металдың қасиеттері, құндылығы

3  Алтын нарығының ерекшеліктері

 

Алтын өндірудің маңызы неде ?

Көне тарихтың баяндауына қарағанда алтын адамға тұңғыш танымал болған металл. Алтын шоғырланған жерлерді алғаш рет мал өсірушілер кездестірген. Олар малын жаздың шіліңгір ыстық кезінде өзен аңғарларында жайьш жүріп, құм-қиыршық таст арасында күн көзіне шағылысып, жалынша қызарған заттарды  көріп, таңданған. Сонан оларды жинап, уақыт өте, қорытып әртүрлі бұйымдар жасаумен әуестенген. Алтын өндірудің тұңғыш бастамасы осылай қалыптасқан.Дүние жүзінде алтынды жаппай өндірудің етек алғанына 6-7 мың жылдай уақыт өткен. Сонан біздің дәуірімзге дейінгі 1 ғасырда    алтын    Египет,Греция, Қосөзен    бойындағы    елдер; өндіріліп,  аса бағалы байлық ретінде сақталған.Алтынды өнеркәсіптік тәсілмен өндіру жұмысы XIX ғасырдың  әсіресе XIX ғасырда кеңінен жүргізілді. Мысалы, XIX ғасыр, дүние жүзінде 77 мың тонна алтын өндірілді.Алтынды аса көп мөлшерде өндіру Калифорния мен Аляска аймағында жүргізілді.Көптеген жазушылар өз шығармаларында алтынөндідірумәселесіне баса назар аударды. Мысалы, Д.Лондон «Уақыт тоспайды» шығармасында алтын өндірудің ерекшеліктерін талдапүлкен  әсер  алатын деңгейде  суреттеген.  Алтын  өңдіру жөніОнтүстік Африка Республикасы дүние жүзінде алдыңғы орындаболып отыр. Өйткені, бұл елде бір сыпыра корпорация арзан жұмыскүшін пайдаланып, алтын өндірісіне кең өріс бере білді. Соңғыжылдарда алтын өндіру мөлшері дүние жүзінің бірқатар елдеріазайып    кеткен,    бұл    жер    қойнауындағы    алтынның    қорыбайланысты еді. Соған орай кейбір елдер алтынды көп өндірсе кейбіреулері  аз өндіріп отыр.Сонау бағы замандарда да жерінде аса ірі өнеркәсіп ошағы болмаса да, алтын өндіру Қазақстанда да барынша қолға алынған  болатын. Мысалы, Алматы қаласындағы Республика алаңындағы тәуелсіздік  ескерткішіндегі   алтын адамның  бейнесіндегі   алтын сауытты адам қазақ даласында алтын өндіру, оны ұқсату өнерінің ерекшелігін айқын бейнелейді. Қазір Қазақстанда алтын өндірумен  шұғылданатын кеніштер баршылық. Бүгінде Қазақстан алтын қоры жөнінде дұние жүзінде елеулі орында. Қазір республикада алтын қорының шамамен   тең   жартысы   бірнеше   аса   ірі      еніште шоғырланған. Ол кеніштер Бақыршық, Ақбакай, Бестөбе, Содымбет, Большевик, Васильковское, Суздальское, тағы басқа мекендердегі кеніштер болып табылады. Шетелдік сарапшылардың бағалауы  бойынша   Васильковское  кенішінде алтынның жалпы қоры жоғары делініп отыр. Мұнда құрамында алтыны бар жыныс  қоры  жүздеген мыңға   жетеді.    Сол   жыныстың   әр   тоннасы құрамында 2,8 грамм алтын бар деп  шамаланған.

     Бір кезде  алтыны мол деп саналып келген Кеңес Одағында алтын  өндірісінің құлдырап  кеткені  байқалды.   Мысалы,   алтын өндірудің  ойдағыдай болмауы салдарынан    КСРО-да  1990 жылы, қолдағы алтын қоры 1953 жылмен салыстырғанда екі   еседен аса азаиған, яғни алтын қоры 2050 тоннадан 784 тоннаға дейін кеміген. кеңестік экономиканың құлдырай бастағанын көрсеткен еді. Осындай жағдайдың өзінде КСРО шетелдерге жыл сайын 400 тонна  алтын сатып отырды.

Информация о работе қаржы нарығы