қаржы нарығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2012 в 16:12, реферат

Краткое описание

Қаржы нарығын реттеу қажеттілігі мен мәні
Қаржы нарығының реттеу қағидалары мен әдістері
Қаржы нарығын ретттеу және бақылау механизмі
Қаржы нарығындағы банктердің қызметін реттеу
Қаржы нарығындағы зейнетақы қорының қызметін реттеу
Қаржы нарығындағы сақтандыру бірлестіктерінің қызметін реттеу
Бағалы қағаздар нарығы және оның қаржы нарығында қызметін реттеу
Халықаралық қаржы нарығын реттеу

Файлы: 1 файл

каржы нарыгы.docx

— 181.57 Кб (Скачать)

Бұл салада несиеге байланысты қызмет мынадай түрде ұйымдастырылады. Еуропалық банк несие беру үшін оны  алатын алымшының алған несиесін қайтара алатын қабілет – мүмкіндігін, төлемді өтеу мүмкіндігін зерттеп, анықтайды. Сонан соң қарыз беру жөнінде келісім-шарт жасасады. Сөйтіп, несие қатаң ставкамен толық  беріледі, бұл бір жыл мерзімге арналады. Ал орташа ұзақ мерзімді несие  Стэнбай деп аталатын шарт бойынша  беріледі. Мұның мәнісі – банк несиені  ұзақ мерзімге арнап тиісті мөлшерді түгел береді, бірақ ол мерзімді 3,6,9,12 айлық етіп бөледі де, осы әр мерзім бойынша ставка пайызды өзгертіліп отырылады.

Сол сияқты банк несиені ролловерлік деп аталатын шарт бойынша береді. Ролловерлік – несие алуды қайталап жүргізу, жаңғырту деген ұғым.

Еуропалық несиелік банктер  несие беруді ролловерлік келісім-шартымен төрт түрлі жағдайда атқарады:

-инвестициялық барлық  соманы келісім бойынша бірден, түгел береді. Несиені қайтару  толық немесе біртіндеп, бөліп-бөліп  жүргізіледі

-несие белгіленген лимит  бойынша, алымшының сұраған мөлшерінде  беріледі

-несиенің көлемі, ставка  пайызы, өтеу мерзімі (жарты жыл,  бір жыл) көрсетіледі. Несие  бірнеше айға немесе 10 жылға, одан  да көп мерзімге беріледі;

-ролловерлік шарт бойынша  қажетті соманы толық беру  мүмкіндігін қалыптастыруға назар  аударылған.

Әдетте, еуропалық несие  беру жүйесі әлемнің 30-40 банктік консорциуымын  қатыстырып, өзіне үлкен пайда  келтіруде.

Қазіргі кезеңде халықаралық  несие беру, қаржыландыру ісінің негізгі  көздері:

-халықаралық банк несиелері;

-халықаралық эмиссиялық  облигациялық қарыздар;

-еуропалық векселдер  болып табылады.

Қазір әлемдік несие нарқының қызметі әлемдік қаржы нарқымен тығыз байланысты болып отыр. Сонан  әлемдік қаржы нарқы өз қызметін құнды қағаздар шығару ( бірінші  нарық) және оларды сату-сатып алу  ( екінші нарық) мақсатына мамандануда. Қаржы нарқында  кәсіпорындардың, банктердің, мемлекеттердің қаржыға  деген сұранысы өсіп отыр. Осыған байланысты облигация (қарыз қағаз) нарқы да ұлғая түсуде. Бұл қолдағы қаржы  қорын толықтыру, оны сату мен  сатып алудан көбірек табыс келтіру  мақсатын көздейді. Қорыта келгенде, әлемдік  несие және қаржы нарқының жақсы  жағы да бар, кемшілігі де бар.

Жақсы жағы әлемдік деңгейде басы артық қаражатты жинастыру, оны бөліске салу арқылы капиталды  шоғырландыруға, бір орталықтандыруға, экономикалық байланысты күшейтуге, өндіргіш күштерді дамытуға, әлемдік шаруашылық байланысын дамытуға мүмкіндік жасайды. Қолдағы капиталдың экономикалық проблемаларды  шешуге бағытталуын қамтамасыз етеді.

Халықаралық несие  қатынастарының нысандары қандай?

Халықаралық несие қатнастары валюталық қатнастар сияқты, тек нарық саласына ғана емес, сондай –ақ мемлекеттік басқару, реттеу саласы мүддесі үшін де қызмет атқарады. Ал мемлекет тарапынан  халықаралық несие қатнастарына араласудың нысандары түрліше. Алайда көптеген елдердің реттеу, басқару саласындағы қызметтері ұйымдық, талдау, зерттеу тұрғысынан бір-біріне ұқсас. Өйткені, мемлекет несие, қарыз қаржы, кепілдеме беруші рөлінде халықаралық несие қатнастарында ерекше белсенділік көрсетеді. Мемлекеттік бюджет арқылы жинақталған ұлттық кірістің бір бөлігін мемлекет басқа бір елдерге аралас несие, қарыз қаржы түрінде көмек көрсете алады. Осы тұрғыдан айтар болсақ, АҚШ  60 жылдары екі жақты, көп жақты несие беруді тікелей мемлекет тарапынан жүзеге асырды. Қазіргі кезеңде мемлекеттік несие негізінен дамушы елдерге көмек ретінде берілуде.

Батыс Еуропа елдерінде мемлекет дәстүрлі халықаралық несиенің кепілі ретінде рөл атқарады. АҚШ пен  Жапония қазіргі уақытта экспорттық (сыртқа тауар шығару) саланы қаржыландыру, оған несие беру ісін бір жүйеге келтірген. Сөйтіп, мемлекеттер пайыздық ставкаларды қаржыландыру ісінде кәсіпорындардың  халықаралық сыртқы байланыс қызметін қолдап отыруды әдетке айналдырған.

Мемлекет тарапынан жүргізілетін қысқа мерзімге арналған экспорттық несие (сыртқа өнім шығаруды күшейту  үшін) түріндегі акцептік-авальдық операциялар (қызмет) экспортпен шұғылданушылар траттасын бірінші деңгейдегі төлем қаражатына айналдыруға мүмкіндік жасады.

Мемлекет сыртқа тауар  шығарушыларды жанама немесе кейбір тікелей салық төлеуден босататын  болды. Бұл сырттан, яғни шетелдерден  әкелетін тауарлардың бағаларын  арзандатуға, сонымен бірге сол  тауарлардың сауда жүйесінде  бәсекелестік қабілетін- өтімділігін  арттыруға ықпал жасады. Өйткені  халықаралық қызмет саласының талабы бойынша шекарадан ел ішінде өткен  тауар жанама салықтан босатылуы  керек. Осыған орай мемлекет экспорттық несие мөлшерінде, оған қойылатын  талаптарға баса назар аудару негізінде  орта және ұзақ мерзімді несие беруді тиімділік тұрғыдан қарастырады. Мемлекеттік  бюджет есебінен жекеменшік фирмалар мен банктерге төмен пайызбен, экспорттық несиені жеңілдік беру негізінде  ұйымдастырады. Мемлекет тауар шығарушыларға  берілетін несиенің қайтарылуы мерзімін ұзарта алады, несие берудің әдістерін  жеңілдетіп, бұл жұмысты ұзаққа созбай атқаруға үлкен мән береді.

Сыртқы рынокта монополиялардың  кең өріс жаюына айрықша қарау, ол саладағы қызметті қолдау ретінде мемлекет экономикалық жағынан ұтымды шараларды  жүзеге асырады. Содай шаралардың бірі – мемлекеттік немесе жартылай мемлекеттік деңгейде экспорттық – импорттық банктер ұйымдастыру болды.

Ол банктер сыртқы сауда  қызметтері мақсатына несие беру, жеке меншік банктердің экспорттық несиесіне  кепілдік жасау, сақтандыру жұмысымен  айналысады. Мысалы, 1934 жылы АҚШ-та экспорттық банк құрылды. Бұл банк көптеген елдерге  несие берумен шұғылданды. Осы  банк арқылы АҚШ жалпы өзі беретін  несиенің 40 пайызын жүзеге асырып отыр. Қазір осындай банктер Австрия, Бельгия, Англия, Дания, Франция, Жапония  және басқа елдерде де құрылған.

Экономикалық салада халықаралық  несие қатнастарын мемлекттік тұрғыдан реттеудің, басқарудың өзіндік қалыптасқан  нысандары бар. Атап айтқанда:

-банктердің шетелдермен  байланысы қызметінің шеңберін  шектей білу

-ішкі және сыртқы қарым-қатнастардағы  қызметтің өзара ықпалының салдарын  айқындау, шектеу

-ұлттық банктің халықаралық  банк консрциумдарымен қарым-қатнасын  реттеу, басқару болып табылады. Осы аталған міндеттер мемлекеттік  органдар арқылы, өзара сыйластық,  ынтымақтастық негізде қадағалау,  бақылау міндетін жүзеге асырады.                                     Қай елде болмасын экономикалық дамуға байланысты міндеттер әрқашан қаржының қажет екенін алға қояды. Сонда қаржыны молайтудың ресурсы болмаған жағдайда не істеу керек? Міне, осындай қаржыға мұқтаждық жағдайында мемлекет-басқа бір шет елдерден қарызға қаражат алады. Экономикалық түсінікте бұл экспорттық несие деп аталады, бұл мемлекет шет елге тек өз тауарларын ғана емес, басы артық қаржысын да шығарады деген сөз. Сонымен, дүние жүзінде 70-жылдардан бастап дүниежүзілік нарыққа экспорттық несие шығару өріс алды. Экспорттық несие мемлекет қоры есебінен, сол сияқты жеке меншік банк, фирма қаражаттары есебінен құралады.

Экспорттық несие берудің  өзіндік ерекшеліктері бар. Мемлекет тарапынан берілетін экспорттық несие жағдайында сауда-саттық саласында  тауарлар, машина, құрал-жабдықтар сатылатын  нарықта басымдылық алу мақсаты  көзделеді. Сондықтан, мемлекеттер  экспорттық несие жөнінде өзара  қақтығыстарға жол бермеу, несие  беру, несие алу ісін түсіністікпен, экономикалық өзара тиімділікпен жүргізу  үшін келісім-шарт жасау әдісін қолданады. Осы шартта несие алу –беру  ісін дұрыс ұйымдастыру, пайыздық ставка мөлшерін жарты жыл өткен сайын төмендету, несиені қайтарудың мерзімін дәл анықтау, несиеге қатысты жеңілдіктер беру мәселелері нақты көрсетіледі. Экспорттық несиенің осындай ерекшеліктеріне қарай несие алушы елдер үш топқа бөлінген. Ол елдер өзінің кірісі деңгейіне қарай – кірісі төмен, кірісі – орташа, кірісі – жоғары деп аталады. Осыған сәйкес ұлттық кірісі төмен елдерге несие төмен пайыздық ставкамен, ал кірісі жоғары елдерге-жоғары пайыздық ставкамен беріледі. Экспорттық несие алушы елдер осы белгіленген тәртіпті берік ұстауға басты назар аударып отырады.

Экспорттық несиенің жалпы  көлемі мемлекттердің  инвестициялық  мүмкіндіктеріне байланысты анықталады. Әлемде 1981 жылы экспорттық несиенің көлемі 17,2 млрд/АҚШ/  доллар болды. Әсіресе, мұнай сататын елдерде басы артық  қаржы көп болды. Сондықтан, олар экспорттық несие көлемін ұлғайтуға  елеулі үлес қоса алды.

Бірақ 80-жылдардың ортасында  мұнайдың бағасы халықаралық саудада  арзандап, оны сатудан алынатын қаржы  мөлшері де азайды. Осының салдарынан Батыс елдерінде қарыз капиталына сұраныс арта түсті. Әсіресе банктер  беретін несие көлемі күрт кеміді. Бірақ қаржыға деген сұраныс  кеміген жоқ. Көптеген дамушы елдер  несие жөнінде қарызды өтей алмау  дағдарысына ұшырады. Осындай дағдарыстан  шығу үшін, Латын Америкасы елдерінде 90-жылдары инвестицияны тікелей  алу, бағалы қағаздар нарқын күшейту  шарасы жүргізілді, . Экспорттық несие  алушы елдер қарызын қайтарудың түрліше мүмкіндіктерін пайдалану  негізінде дағдарыстан шыға бастады, өйткені ол елдер халықаралық  банктерден жеңілделілген несие  алу, өз өнімдерін сыртқы саудаға  көбірек шығару сияқты мүмкіндіктерді пайдаланады. Мұнда ең бастысы әр ел өзінің экономикасын жақсы өркендетудің ішкі өндірістік резервтерін толық  пайдалануға күш салды. Осы негізде  сыртқы қарыздан құтылудың экономикалық шаралары жүзеге асырыла бастады.

несиенің келесідей нысандарын кездестіруге болады:

несиенің келесідей нысандарын кездестіруге болады:

 

 

Тақырып 7 Коммерциялық банктердің қаржы нарығындағы қызметі

1 Қаржы нарығы инфрақұрылымындағы  банктердің ролі.

2 Коммерциялық банктердің  бағалы қағаздар бойынша операциялары

3 Коммерциялық банктер  бағалы қағаздар нарығында эмитенттер  және инвесторлар ретінде.

 

. Коммерциялық  банк дегенiмiз не және оның  мiндетi қандай?

     Коммерциялық  банк нарықтық экономикада несие  жүйесiнiң негiзгi буыны.Олардың мiндетi ақша айналымы мен капитал  айналымының үздiксiз қозғалысын  қамтамасыз ету,өнеркәсiп мекемелерiн,мемлекет  пен халықты несиелеу,халық шаруашылығына  қор жинау үшiн жағдай жасау  болып табылады.

          Қазiргi коммерциялық банк – бұл тiкелей кәсiп орындарға,ұйымдарға,сондай ақ халыққа қызмет ететiн банiктердi бiлдiредi.

         Коммерциялық  банк деп – бұл жерде Қазақстан республикасындағы екiншi  деңгейдегi банктер туралы айтылып отыр.

   . Коммерциялық банк қандай  белгiлерiне байланысты жiктеледi?

     Коммерциялық  банктер мынандай белгiлерiне байланысты жiктеледi   

1 Жарғылық капиталдың қалыптасуына қарай:

  • мемлекеттiк
  • акционерлiк
  • жеке
  • пай қосу арқылы  жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк
  • аралас, шетел капиталының  қатысуымен.          

 

  1. Операцияларының түрлерiне қарай:

- әмбебап, яғни экономиканың  балық салаларына бiрдей және  кең көлемде банктiк қызмет  көрсететiн банктер

  • Маманданған, яғни бiр ғана салаға  қызмет көрсететiн банiктер.
  1. Аумақтық белгiсiне қарай:
  • халықаралық
  • мемелекетаралық
  • ұлттық
  • аймақтық
  1. Салалық белгiсiне қарай:
  • өнеркәсiптiк банктер
  • сауда банiктерi
  • ауылшаруашылық банiктерi
  • құрылыс банктерi
  • басқа да банiктер
  1. Филиалдар санына қарай:
  • филиалсыз
  • көп филиалды.  

. Коммерциялық банк қызмет қалай ұйымдастырылады?.

Коммерциялық банiктiң  ұйымдастырылу құрылымы банктi басқару  құрылымына және оның функциянолдық  бөлiмшелерi мен әртүрлi қызметтерiнiң  құрылымына бөлiнедi.

     Басқару органы  пайда алу мақсатында коммерциялық  банктердiң қызметiне тиiмдi жетекшiлiк  етудi қамтамасыз етедi. Банктiң құрылтайшылары басқару органына тiкелей қатысады.

 

 

  1.  Коммерциялық банктер қандай операциялар жұргізеді?

Пассивтiк операциялар  негiзiнде банктiң ресурстары жинақталады. Сондыктан да пассивтiк операцилардың коммерциялық банктердiң қызметiндегi ролi жоғары.

      Банк ресурстары  пассивтiк операциялар нәтижесiнде құрылатындықтан, оған анықтама берген дұрыс, қаржы және несие сөздiгiнде пассивтiк операциялар бұл несиелiк және активтiк операцияларды жүзеге асыруға арналған банктiң өз ресурсын құру  операциялары делiнедi.

Информация о работе қаржы нарығы