Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 15:55, реферат
Өзінің дамуы процесінде компаниялар қосымша капитал тарту мақсатында акциялардың қосымша эмиссиясын жүзеге асырады. Жаңа шығарылым акцияларын өткізу бағасы орналастыру бағасы (эмиссиялық баға) деп аталады. Акцияны орналастыру бағасы номиналдық құннан жоғары болса эмиссиялық кіріс қалыптасады. Акциялар екінші нарықта сатылатын баға нарықтық баға деп аталады. Бұл баға нарықтық конъюнктура әсерінен қалыптасады және сұраныс және ұсыныспен, табыстылық деңгейімен фирманың болжанатын өрлеуімен және басқа факторлармен анықталады. Нарықтық баға қор биржасында саудада тағайындалады және мәмілелердің үлкен көлемі кезіндегі акцияның нақты бағасын бейнелейді. Биржалық курс биржалық котировканың нәтижесі ретінде сұраныс және ұсыныстың қатынасымен анықталады.