Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 15:55, реферат
Өзінің дамуы процесінде компаниялар қосымша капитал тарту мақсатында акциялардың қосымша эмиссиясын жүзеге асырады. Жаңа шығарылым акцияларын өткізу бағасы орналастыру бағасы (эмиссиялық баға) деп аталады. Акцияны орналастыру бағасы номиналдық құннан жоғары болса эмиссиялық кіріс қалыптасады. Акциялар екінші нарықта сатылатын баға нарықтық баға деп аталады. Бұл баға нарықтық конъюнктура әсерінен қалыптасады және сұраныс және ұсыныспен, табыстылық деңгейімен фирманың болжанатын өрлеуімен және басқа факторлармен анықталады. Нарықтық баға қор биржасында саудада тағайындалады және мәмілелердің үлкен көлемі кезіндегі акцияның нақты бағасын бейнелейді. Биржалық курс биржалық котировканың нәтижесі ретінде сұраныс және ұсыныстың қатынасымен анықталады.
Акцияны бағалау және оның құны, акцияның табыстылығы
Бағалы қағаздар нарығын талдау процесінде инвестициялық шешімдерді қабылдау үшін акцияның әртүрлі құндық бағалаулары қолданылады. Практикалық қызметте акцияның келесідей құндық бағалаулары бөлінеді:
- номиналдық құн;
- эмиссиялық құн (орналастыру бағасы);
- нарықтық (курстық) құн;
- бухгалтерлік (баланстық) құн;
- артықшылықты акцияның жойылу құны
Акцияның номиналдық құны құрылтайшылармен акционерлік қоғамды құру кезінде анықталады және оның жарғысында тіркеледі. Осы бағалауға сәйкес құрылтайшылар акцияны төлейді және компанияның жарғылық капиталын қалыптастырады. Жарғылық капиталдың қаражаттары өндірістік қызметті бастау үшін пайдаланылады.
Өзінің дамуы процесінде компаниялар қосымша капитал тарту мақсатында акциялардың қосымша эмиссиясын жүзеге асырады. Жаңа шығарылым акцияларын өткізу бағасы орналастыру бағасы (эмиссиялық баға) деп аталады. Акцияны орналастыру бағасы номиналдық құннан жоғары болса эмиссиялық кіріс қалыптасады. Акциялар екінші нарықта сатылатын баға нарықтық баға деп аталады. Бұл баға нарықтық конъюнктура әсерінен қалыптасады және сұраныс және ұсыныспен, табыстылық деңгейімен фирманың болжанатын өрлеуімен және басқа факторлармен анықталады. Нарықтық баға қор биржасында саудада тағайындалады және мәмілелердің үлкен көлемі кезіндегі акцияның нақты бағасын бейнелейді. Биржалық курс биржалық котировканың нәтижесі ретінде сұраныс және ұсыныстың қатынасымен анықталады.
Котировка екі бағаның болуын қарастырады:
1. Сатып алушы акцияны сатып алғысы келетін сатып алу бағасы немесе сұраныс бағасы (bid price)
2. Акция иеленушісі немесе эмитенті акцияны сатқысы келетін ұсыныс бағасы (offer price)
Номиналдың 100 ақшалай бірлігіне келетін акцияның нарықтық бағасы курс деп аталады.
Мұндағы - курс
- нарықтық баға
Н – номиналдық баға
Қандай да бір эмитенттін акцияларын сатып ала отырып инвестор өзінің салымдарынан табыс алуды болжайды, ол екі формада болады: 1) дивидендтер; 2) акцияның курстық құнының өсімі.
Акцияның табыстылығына әсер ететін факторларға мыналарды жатқызуға болады:
- дивидендтік төлемдер мөлшері;
- нарықтық бағалар тербелісі;
- инфляция деңгейі;
- салықтық климат.
Кейбір инвесторлардың жинақтары сұраныс және ұсыныспен анықталатын максималды курстық айырмашылықтар толқуы қамтамасыз етілетін бағалы қағаздарға бағытталады. Өндірістің табыстылығының өсуі немесе төмендеуі акцияның табыстылығына әсер етпейді.
Ағымдағы және толық табыстылықтар бөлінеді.
Ағымдағы табыстылық алынған дивидендтің акцияны сатып алу бағасына қатынасы ретінде анықталады
Нарықтық ағымдағы табыстылық әрбір уақыт сәтінде нарықтағы баға деңгейінен тәуелді болады
Толық табыстылық – салынған капиталға қатысты төленетін дивидендтер және акция бағасының өсімімен сипатталады.
rn – толық жылдық табыстылық;
P0 – акцияның орта бағасы;
P1– акцияның күтілетін бағасы;
d - жылдағы дивидендтер мөлшері.
6. Акцияларды шығару және орналастыру
Акцияларды шығару және орналастыру ақшалай қаражаттарды тартудың неғұрлым кең тараған және негізгі тәсілдерінің бірі болып табылады. Қаржыландырудың осы тәсілінің артықшылықтары болып мыналар табылады:
- дивидендтерді төлемей барлық табысты бизнеске реинвестициялау мүмкіндігі, ал облигациялар бойынша сыйақы міндетті;
- компанияның ашықтығы және айқындығы жоғарылайды;
- меншік иелерінің неғұрлым диверсификацияланған құрылымын алу;
- компания капитализациясын жоғарылату.
Бірақ акцияны шығару кезінде компанияға бақылауды жоғалтып алу қатері туады, өйткені тартылған ақшалай қаражаттар орнына инвесторларға үлестік қатысу мүмкіндігі ұсынылады. Бұл аспектті орналастыруға арналған пакет мөлшерін анықтау кезінде ескерген жөн.
Акция шығарылымынан тәуелді акцияны орналастырудың 2 түрі бар:
- акцияны алғашқы орналастыру IPO (Initial Public Offering);
- акцияны қайталама орналастыру SPO (Second Public Offering).
IPO – акцияның жаңа шығарылуын білдіреді, яғни акцияның берілген пакеті бірінші рет инвесторлардың кең өрісіне ұсынылады.
SPO – осы уақытқа дейін айналыста жүрген акцияларды орналастыруды білдіреді. Мысал ретінде меншік иелерінің бірінің өзі иемденетін компания акцияларының пакетін сату туралы шешім қабылдау жағдайын қарастыруға болады. Көпшілік жағдайда SPO IPO-дан кеінгі келесі кезең болып табылады, яғни бастапқыда компания акцияларының белгілі пакеті орналастырылады, одан кейін белгілі уақыт өтісімен инвесторлардың бөлігі IPO кезінде сатп алған акциялар пакетін SPO көмегімен сатады.
Компания «IPO+SPO» сызбасы бойынша «аралас» орналастыру өткізуі мүмкін, мұнда акцияның жаңа шығарылымы ұсынылады және акционерлер өздеріндегі акциялардың бөлігін сатады. Бұл жағдайда SPO IPO-ның бөлігі болып табылады.
Осы екі тәсілдің тағы бір ерекшелігі орналастырудан алынған ақшалай ағындардың әртүрлі бағыттылығы болып табылады. IPO жағдайында өткізуден алынған ақшалай қаражаттар компанияда қалады. SPO жағдайында тек бағалы қағазды иемденуші ауысады, сәйкесінше, барлық есеп айырысулар осы пакетті сатып алатын инвестрлар және акционерлер арасында жүреді.
SPO артықшылықтарының ішінде мыналарды бөліп алуға болады:
- компанияның бағалы қағаздарының өтімділігінің және компанияның өзінің айқындығының жоғарылауы. Акцияны орналастыру кезінде меншік құрылымы бөлшектеп өзгереді, жаңа инвесторлардың келуі бизнесті жүргізудің неғұрлым айқын жүргізілуіне әсер етуі мүмкін;
- компанияның капитализациясын жоғарылату. Акцияны қайталама орналастыру компанияның бағалы қағаздарын нарықтың қайта бағалауы үшін жақсы құрал болып табылады.
SPO жүргізу сызбасы IPO жүргізу процесіне ұқсас. Оны үш кезеңге бөлуге болады:
1) SPO ұйымдастыруға эмитент-компанияға көмек көрсететін кеңес беруші компанияларды анықтау;
2) дайындық кезеңін ұйымдастыру және жүргізу;
3) акцияны орналастыруды жүргізу және жүргізілген SPO талдау.