Жан қуаттарының

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Сентября 2013 в 18:28, реферат

Краткое описание

Психология – психикалық құбылыстардың («жан қуаттарының») пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады. Олар (түйсік, елес, ой, сезім, тілек, қабілет, қызығу, мінез, әдет т.б.) көпшілігімізге өз тәжірибемізден жақсы мәлім, тілімізде жақсы кездесетін ұғымдар. Бір қарағанда бұлардың мәнін әрқайсымыз тез ажырататын да, білетін де сияқтымыз. Бірақ, психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми тұрғыдан түсіну арқылы ғана жан-жақты ажыратуға болады.

Файлы: 1 файл

Психология.docx

— 25.23 Кб (Скачать)

Психология – психикалық құбылыстардың («жан қуаттарының») пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. 
Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады. Олар (түйсік, елес, ой, сезім, тілек, қабілет, қызығу, мінез, әдет т.б.) көпшілігімізге өз тәжірибемізден жақсы мәлім, тілімізде жақсы кездесетін ұғымдар. Бір қарағанда бұлардың мәнін әрқайсымыз тез ажырататын да, білетін де сияқтымыз. Бірақ, психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми тұрғыдан түсіну арқылы ғана жан-жақты ажыратуға болады. Осы мәселені ғылыми жолмен баяндауды, олардың өзіндік заңдылықтарын айқвндауды – сөз болып отырған психология ғылымы қарастырады. Психология ерте замандардан келе жатырған білім салаларының бірі. Оның дүниеге ең тұңғыш келген жері ежелгі Греция. «Психология» термині гректің екі сөзінен тұрады: оның біріншісі – «псюхе» (жан), екіншісі - «логос» (сөз, ілім). Сөйтіп, бұл сөз «жан туралы ілім» деген ұғымды білдіреді. Бірақ, психологияны «жан туралы ілім» демей, психика туралы ғылым деп түсінген дұрыс. 
Психология ғылымының тарихы да біріне –бірі қарама – қарсы жоғарыда аталған аталған екі бағыттың үздіксіз ой – пікір, талас – тартыстарына толы. Мысалы, ертедегі грек ойшылдарының бірі Демокрит (б.э.д. 460-370) сол кездің өзінде-ақ жанды (психика) оттың атомдарындай қозғалмалы қасиет деп түсіндірді. Ол жанның мәңгі еместігін, оның өсіп, өшіп отыратындығын айтып, материалистік тұжырым жасады. Сол заманның екінші бір ойшылы, идеалист Платон (427-347) керісінше жан мәңгі өлмейді, өшпейді деп тұжырымдады. 
Психикалық әрекетті де белгілі мақсатқа байланысты жоспарлап, арнайы белгіленген және мұқият ұйымдастырылған әдістер арқылы зерттейді. Зерттелінетін адамның көп рет қайталанған іс - әрекеттері мен қылықтары, сөз саптауы мен бет пішініндегі мәнерлі қозғалыстары да бізге оның ойлауы мен сөйлеуінің, сезімі мен еркінің, темпераменті мен мінезінің ерекшеліктерін білуге біршама жәрдемдеседі. 
Ғылыми психология адамның ой - өрісі, сана – сезім дәрежесі іс-әрекеттен оның нәтижесінен жақсы байқалатынын талай рет айтқан. Сана іс-әрекеттің бағыт-бағдарлы сиптта болуын қамтамасыз етеді. Сана мен іс-әрекет бір-бірімен тығыз байланысты. Сананың белсенділік сипаты да, оның мінез-құлықты реттейтін, басқарушылық функциясы да осы принципке негізделеді. Осы айтылғанға орай психологиясын нақтылы іс-әрекет үстінде зерттеу-ғылыми психологияның ең негізгі принципі. 
Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерінің сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болған мидағы бейнелерді түйсік деп атайды. 
Егер түйсік сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттері мен сапаларының миымызда бейнеленуі болса, қабылдау заттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнеленуі болып табылады. 
Қабылдау – ми қабығының күрделі анализдік және синтездік қызметінің нәтижесі. Қабылдаудың физиологиялық негізіне бірнеше тітіркендіргіштердің жиынтығы мен олардың қарым- қатынасында пайда болатын уақытша нерв байланыстары жатады. Мұны И.П.Павлов қатынас рефлексі деп атаған. Мәселен, көру анализаторында осындай қатынас рефлексінің жасалуы (яғни тітіркендіргіштердің бір-бірімен байланысы) заттың түрі, түсі, мөлшеріне қарамай-ақ оның тұлғасын тануға мүмкіндік береді. 
Ес- күрделі психикалық процестердің бірі. Ес есте қалдыру, қайта жаңғырту, тану, ұмыту секілді процестерден тұрады. 
О й л а у дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-қатынастарының миымызда жалпылай және жанамаитүрде сөз арқылы бейнеленуі. 
Тіл арқылы ойымызды біреуге жеткізуді с ө й л е у деп атайды. Сөйлеу – пікір алысу процесінде жеке адамның белгілі тілді пайдалануы. 
Қ и я л дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өңдеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс. 
Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адамның қажеттеріне сәйкес келу-келмеуінің нәтижесінде пайда болып отыратын психикалық процестің түрін с е з і м деп атайды. 
Тұлғаның ғылым әлеміне, мәдениет кеңістігіне кіруі, тағылым алуы, адамгершілік жағынан жетілуі тәрбие ісімен де шарттас. Адамның дамуы, қалыптасуы жайлы әр түрлі пікірлер мен теориялар бар. Қажетті нышандарды табиғат беретіндігі,әлеуметтік ортаның ықпалы, тәрбие ісін ұйымдастыруды үлестіре білу баланың ынтасы мен бейімділігін, қабілеті мен дарындылығын дамытудағы мәні зор мәселе. 
Ғылыми матералистік тұрғыдан қарағанда адам биологиялық табиғат перзенті. Іс - әрекет, қарым – қатынас, еңбектің , қоршаған ортаның әсері арқасында және қабілеті мен бейімділігі негізінде жеке тұлға ретінде танылады. Бұл жағынан келгенде мынадай төрт жүйені атап көрсеткен жөн: 
1. Психикалық жаратылыс қасиеттері – жас ерекшеліктеріне қарай дамуы, темпераменті, болмыс бітімінің жетілуі. 
2. Психикалық үрдіс – зейін, ес, ерік, ойлауы т.б. 
3. Тәжірибенің өрістеуі – дағды, білік, әділет. 
4. Танымдық бағдар алуы – көзқарас, қызығушылық, ынта – ықылас т.б. 
Адам - жер бетіндегі тірі организмнің жоғарғы сатысы, қоғамдық тарихи іс - әрекетімен мәдениет субъектісі, ол қарым – қатынас иесі. Демек, оның іс - әрекеті, сезімі, ойлау ерекшелігі өзі өмір сүріп отырған қоғамдық – тарихи жағдайға да тәуелді. Осы орайдан тәрбие беру мақсатын айқындап,оның мазмұнын, ұйымдастырудың нақты жолдары мен әдістерін белгілеу тұлғаның қалыптасуындағы ең маңызды мәселе.Тәрбиенің ықпалды әсері барысында тұлғаның рухани және дене қабілеттері дамып, эстетикалық танымы, сезімі жетіліп, дүниеге деген көзқарасы өрістейді. Ал көзқарастың дамуы – дүниенің даму заңдылықтарын терең танып, өзінің оған деген қарым – қатынасын белгілеуге жол ашады. 
Тұлғаның нышандарын дамытуда діни тәрбие де айтарлықтай қызмет атқарады. Ілгеріде өткен бабаларымыз кейінгі ұрпағына баға жетпес мол мұра қалдырса, оны тұтынған бір кездегі отырарлық Әбу Нәсір әл – Фараби бастаған ғұламалардың ұлы дәстүрі өзінің жалғасын табуда. Аталарымыз осыдан мыңдаған жыл бұрын ислам дінін таңдаса, кейінгі ұрпақ оны жалғастырып қана қоймай, зерттеп, қастерлеп, рухани тәрбиеге айналдыра бастады.  
Адам – белгілі бір қоғамның мүшесі, ол қандай болмасын бір іспен айналысады, оның азды-көпті тәжірибесі, білімі, өзіне тән ерекшеліктері болады. Осы айтылғандардың жиынтығы оны жеке адам етеді. Мәселен, жаңа туған нәрестені адам деп атауға толық болады, бірақ әлі де жеке адам емес. Өйткені, онда жоғарыда аталған компоненттер: тәжірибе, білім, іс-әрекет т. б.жоқ. Жеке адамның өзіндік ерекшелігі дүниетанымынан, сенімінен, талғам, мұратынан, бағытынан, қабілет, қызығуынан жақсы байқалады. Жеке адам – тарихи-әлеуметтік жағдайдың жемісі. Ол әлеуметтік ортада (белгілі қоғамда, коллективте) ғана қалыптасады. К. Маркстің айтуынша, жеке адам – «барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы». 
Адамның көптеген психологиялық ерекшеліктері, оның өмір сүретін ортасына қоғамдық қатынастардың тікелей әсер етуінен қалыптасып отырады. 
Жеке адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. өйткені оның психикасы тек айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады. Жеке адам санасының дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамнан әлеуметтен тыс адам өмірінің болуы мүмкін емес. 
Жеке адам психологиясының неге бағытталғандығын көрсететін негізгі компоненттердің бірі – адамның дүниетанымы мен сенімі. Дүниетаным – адамның табиғат, қоғамдық өмір туралы білімдерінің жүйесі. Ал сенім-адамның өзіне деген, өзінің күшіне деген сенімі. Адам өз күшіне толық сене білу керек. Осының барлығы психологияның адам өміріндегі рөлі. Психологияның маңызы.


Информация о работе Жан қуаттарының