Жарнаманың қоғамдағы рөлі, мақсаты мен міндеттері

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2012 в 17:34, реферат

Краткое описание

Жарнама мен тұтынушының мінез – құлқының арасындағы арақатынасты түсіну үшін біріншіден, адам мінез – құлқының көп жақтылығы, оған әсер ететін факторларды, екіншіден, маркетингпен айналысатындар мінез – құлық тенденцияларына қарай қалай топтастырады, әсер ететін факторлерден қалай капитал жинайды деген сұраныстарды нақтылау керек[4, 26б].

Файлы: 1 файл

курстық жұмыс.doc

— 173.50 Кб (Скачать)

Кейбір адамдарды өздерінің  сүйіп көріп отырған телебағдарламаларының  ортасын ауық - ауық үзіп немесе радиодан бір сағатта 100 қайталайтын жарнамалар түршіктіреді. Алайда, бұл жерде  бізге жарнамалар ұнамаса да, біз сол «жарнаманың күші» нәтижесінде басым көпшілік жағдайда жарнамаланған заттарды сатып аламыз.

Жарнамаға аса ауқымды көлемде  еңбек сіңіру оған тиімді әсер ететін аса бір маңызды фактор ретінде  психологиялық адекватты тұтастай аудиторияның қатынасын зерттеу мәселесі өткір де, өзекті болып тұрады.

Әсерлі, тиімді, жарнама - әрқашан ұқыпты жоспарлаудың нәтижесі. Сәтті жарнамалық пікірлер, есте қалдыратын жарнамалық компаниялар кез келген жерде  туындайды: оларды қызмет пен тауарлардың  сатылуына түрткі беретін көптеген факторлардың есебі негізінде құру қажет.

«Жарнама – жаппай коммуникацияның  орталығы болып табылады. Ол теледидарда, радиода ең жақсы уақытты алса, ал басылым беттеріндегі орынның  тиімдісін алады. Жарнамаға өте  үлкен қаражат кетеді және оны құруға ең жақсы ақылдар қолданылады». Қазіргі этаптағы жарнаманың рөлі, адам эволюциясы кезеңіндегі қарым – қатынас құралы ретінде тілдің пайда болуының рөлімен тең.

Елімізде жарнамалық технологиялардың дамуы барысында, өзіміздің мамандарымыз, өзіміздің ноу-хау пайда болды. Жарнамалық қызметтерді ұсынушы компания мамандары жарнаманың сұранысты ұстап тұратын экономикалық құрал ғана емес, тұтынушыларды, құндылықтарды қалыптастыруға әсер ететін идеологиялық құрал екенін де түсіне бастады. Басқа сөзбен айтқанда, жарнамашылар тапсырыскерге ұсынылатын өнімнің нәтижесі үшін үлкен жауапкершілікті алып жүретін болды.

Жалпы алғанда жарнама  ол ақпараттар емес, әуелде солай көрінгенімен ол адамдарды психологиялық бағдарламалау. Бұл жағдай өте қауіпті, ерте ме, кеш пе ол бізді экономикалық ғана емес, өнеге сферасында да басқарады, нәтижесінде тауардың бар екенін біліп қана қоймай, оны сатып алуымыз керек. Жарнаманы зерттеу арқылы, қоғам күйін де анықтауға болады. Жарнама іс-әрекеті – қоғамдық сананың бір формасы. Тұтынушының психологиясын білу жарнама маманына нақты өз аудиториясын дұрыс табу, психологиялық әсер ету факторларында бағдарлануға мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Жарнаманың қоғамдағы рөлі, мақсаты мен міндеттері