Валютная система

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2011 в 23:09, курсовая работа

Краткое описание

Бүгiнгi әлемде экономикалық және шаруашылық қатынастар күннен-күнге даму барысында халықаралық валюта қатынастарының өркендеуi өндiріс күштердiң қарқынды өсуiмен, дүниежүзiлiк нарықтың қалыптасуы мен, халықаралық еңбек бөлiнiсiнiң тереңдеуiмен, шаруашылық байла ныста рының интернационалдануы және жаһанданумен сипатталады. Валюталық қатынастар халықаралық экономикалық қатынас тардың дамуына жалпы түрде өзiнiң оң әсерiн тигiзедi. Халықаралық валюталық жүйе дүниежүзiлiк шарушылықтың шеңберiндегi сатып алу және сату айналымын тудыратын әдiстер, құрал жабдықтар және мемлекетаралық ұйымдардың жиынтығынан тұрады. Оның пайда болу және одан әрi даму экономикасы халықаралық ақша кеңiстiгiндегi адекватты шарттарды талап ететiн ұлта ралық капитал үрдiсiнiң объективтi дамуын бейнелейдi.

Оглавление

Кіріспе..................................................................................................................... 3 1. Валюталық жүйенің мән – мағынасы, реттеу құралдары ................................. 1.1. Валюталық жүйенің мәні, негізгі элементтері
валюталық бағам түрлері ...................................................................
1.2. Валюталық бағамның экономикаға әсері ...................................................
2. Қазақстан Республикасының валюта нарығына талдау жасау
2.1. Валюта нарығының серпінділігін талдау .................................................
2.2. .........................................................................
2.3. ..................................................................................
3. Валюталық жүйенің қайшылықтары, оларды шешу жолдары
3.1.Валюталық жүйенің жалпы сипаттамасы.
3.2. Қазіргі кездегі валюталық жүйенің қайшылықтары
3.3. Валюталық жүйе қайшылықтарын шешу жолдары
Қорытынды ......................................................................................................
Қосымшалар .....................................................................................................

Файлы: 1 файл

Курсовая Валютная система.doc

— 207.00 Кб (Скачать)

    Валюталық нарықтағы операцияларға банктер  функциональдық көзқа распен қарасақ, валюталық нарықхалықаралық есеп айрысу, валюталық интервенциялау, пайда табуды қамтамасыз ететiн валюталық операциялардың жиынтығын бiлдiредi.

    Институционалдық  жағынан қарасақ, валюталық нарықҮкiметтiң, банктердiң, инвестициялық компаниялардың биржалардың брокерлiк конторалардың және шетелдiк банктердiң жиынтығы.

    Ұйымдастырылу – техникалық жағынан алсақ, валюталық  нарық – банктердi халықаралық есеп айырысу барысында өзара байланыстыратын басқа да коммуникациялық жүйелер жиынтығын бiлдiредi.

    Валюталық нарықты белгiлерiне қарай келесiдей  түрде жiктеледi:

  1. Орналасу аумағына қарай:
    • халық аралық;
    • iшкi;
    • аумақтық;
  1. Валюталық шектеуге қатысты:
    • еркiн нарық;
    • еркiн емес.

    Валюталық шектеу қойылған валюталық нарықты  –еркiн емес нарық деп, ал валюталық  шектеу қойылмаған жағдайда оларды еркiн  валюталық нарық деп атауға болады.

  1. Валюталық бағамның  қолданылу түрiне қарай:
    • бiр ғана режимдi;
    • қос режимдi.

    Бiр  ғана режимдi валюталық нарық –  бұл еркiн валюталық бағамға  негiзделген, яғни валюталардың өзгермелi бағамы биржадағы саудада белгiленедi. Қазақстан Республикасында теңгенiң  арнайы валюталық бағамы фиксинг көмегiмен белгiленедi. Фиксинг (француз сөзiнде fixer, латында Fixus- белгiлi бiр жағжайда бекiту) – Қазақстанның қор биржасында жүзеге асырылатын және АҚШ долларының теңгеге қатысты бағамын анықтауды бiлдiредi. Фиксинг бағамы- Қазақстан Ұлттық Банкiнiң бiртұтыс бағамы болып табылады. Валюталық фиксинг аптасына екi рет болады. Фиксинг арқылы Рейтер (Reuter) агентiгiнiң кросс- бағамын есептеуде төмендегiдей формула пайдаланылады:

                                               Шетел валютасының долларға қатысты бағамы

    

  • Кросс –бағам (теңге) =
  •                                           Теңгенiң долларға қатысты бағамы

    • Төлем балансы - елдiң дүниежүзiлiк байланысының құндық көрiнiсi. Активтi төлем балансы ұлттық валюта бағанының өсуiне мүмкiндiк бередi, өйткенi ұлттық валютаға шетелдiк борышкерлер жанынан жанынан сұраныс көбейедi. Пассивтi төлем балансы ұлттық валюта бағанының төмен деуiн туғызады. Себебi борышкерлер өздерiнiң сыртқы мiндетте мелерiн өтеу үшiн ұлттық валютаны шетелдiк валютаға сатады (импорт көп болады).

        Төлем балансының тұрақсыздығы сәйкес валютаға сұраныс пен ұсы ныстың секiрмелi өзгеруiне әкелiп соғады. Қазiргi уақытта төлем балансына капиталдың халықаралық қозғалысының әсерi өсiп  отырғандықтан, оның әсерi валюталық бағанға да өседi.

      • әртүрлi елдердегi проценттiк ставка айырмашылығы. Бұл

    факторлардың  валюталық бағанға әсерi екi негiзгi себеппен түсiндiрiледi:

      • пайыздық мөлшерлеремені өзгеруi капиталдың халықаралық

    қозғалысына әсер етедi. Процентiк ставканың жоғарылауы шетелдiк капиталдың ағуын ынталандырады. Ал  оның төмендеуi капиталдың сыртқа ағылуына дем бередi.

      • пайыздық мөлшерлемелер валюталық нарық және қарыз капиталы

    нарығының операцияларына әсер етедi.

      • валюталық нарық және  алып сатарлық валюталық операциялар

    қызметi. Егер қандай да бiр валюта бағамы төмендей бастаса, онда фирмалар және банктер  осы валютаны алдын-ала тұрақты валютаға айырбастайды. Ал бұл әрекет әлсiреген валюталық тұғырды нашарлатады. Валюталық нарыққа экономикадағы және саясаттағы өзгерiстер курсының ара-қатынас  тұрақсыздығы тез әсерiн тигiзедi.

      • белгiлi бiр валютаның евронарықта және халықаралық есеп

    айырысуларда  қолдану дәрежесi. Мысалы, евробондар операцияларының 60-70%-н АҚШ доллары  арқылы жүзеге асырылады. Бл осы валютаға сұраныс пен ұсынысты масштабын  анықтайды.

        Валюттық  бағамды  нарықтық  және  мемлекет тiк реттеу ара-қатынасы оның серпінділігіне әсер етедi.  Валюттық  нарықта валютаға  сұраныс пен ұсыныс механизмi  арқылы  валюттық бағамның қалыптасуы әдетте  курстың ара-қатынасының тез өзгеруiмен қабаттаса жүредi.

          Нарықта нақты валюталық бағам қалыптасады. Ол экономикалық жағдайының, ақша  айналысының, қаржының, несиенiң  және белгiлi бiр валютаға сенiм дәрежесiнiң көрсеткiшi. Валюттық бағамды мемлекеттiк  реттеу валюта-экономикалық саясат мiндеттерiне сүйене отырып, оны жоғарылатуға және төмендеуге бағытталған. Осы мақсатпен валюталық саясат жүргiзiледi.

          Осылайша валюталық бағамның қалыптасуы ұлттық және дүниежүзiлiк экономиканың және саясаттық өзара байланысына негiзделген күрделi көп факторлы үрдіс. Валюта бағамы дегенiмiз екi валюта арасындағы айырбастық ара-қатынас, мысалы, 1 долларға 100 лена немесе 1 доллар үшiн 155 теңге.

          Ғылыми тұрғыдан қарағанда 5 түрлi валюталық бағам жүйелерi бар: еркiн (таза) қалқу; бекiтiлген бағамдар; мақсатты аймақтар; гибридтi (аралас) валюталық бағам жүйесi.

          Еркiн қалқу жүйесiндегi валюта бағамы нарықтық ұсыныс пен сұраныстың әсерiнен қалыптасады. Бұл жерде валюталық форекстiк нарық нағыз нарық моделiне жақындатылған: қатысушылардың көлемi сұраныс жағында да үлкен жүйедегi кез-келген ақпарат лезде жеткiзiледi және нарықтың барлық қатысушыларына қол жетерлiк, орталық банктердiң бұрламаушы ролi әлсiз және тұрақты емес.

          Басқарылатын қалқу жүйесiнде валюта бағамына сұраныс пен ұсыныстан басқа, орталық банктер де үлкен әсерiн тигiзедi, сондай-ақ, әр түрлi уақытша (мерзiмдiк) нарықтық бұрмалаулар.

          Бекiтiлген бағамдар жүйесiне Бреттон-Вудтiк валюта жүйесi (1944-1971ж.ж) мысал бола  алады. Онда барлық валюталардың бағамы долларға ауытқу шегi +/-1%-пен бекiтiленген, ал доллар бағамы алтынға мықты байланысты болды:алтынның 1 троялық унциясына=35 доллар.

          Мақсатты аймақтар жүйесi бекiтiлген валюттық курстар идеясын дамытады. Одан басқа бұл түрге  Европа валюта жүйесiнiң қатысушы елдерiн валюта бағамдарының жұмыс iстеу режимiн жатқызуға болады.

        Гибридтi валюталық бағамдар жүйесiмне қазiргi валюталық жуйе мысал болады. Онда валюта бағамының еркiн қалқуын iске асыратын, тұрақтылық аумағы бар елдер.

        Валюталық бағамдардың әр түрлi белгiлер боынша жiктеуге болады.

        Валюта  нарығында қолданылатын айтарлықтай  маңызды ұғымдардың бiрi нақты және номиналды валюта бағамы ұғымы болып табылады.

        Нақты валюта бағамына сай келетiн валютада алынған екi елдiң товар бағаларының  қатынасы ретiнде анықтауға болады.

                 Er - нақты валюталық бағам

                 Ph - iшкi нарықтағы бағалар

                 Pf - шетелдiк нарықтағы бағалар

                 En - номиналды валюталық бағам.

        Мұндағы шетел валютасына сұраныс  (D) мөлшерi елдiң тауармен қызмет импортына  қажеттiлiгiмен, ол елдiң туристiк  шығындары, шет мемлекекеттерге  шыққандармен, резиденттердiң шетелде  инвистициялық жобаларын iске асырғысы келетiндiгiне байланысты шетел қаржылық активтерiне және шетел валютасына сұраныспен анықталады.

        Шетел валютасының бағамы жоғарылаған  сайын, оған сұраныс азаяды, шетел  валютасының бағамы төмендеген сайын, оған сұраныс көбее түседi. Осы  жағдайлармен қаралып жатқан графикте, сұраныс қисығының иiлуi анықталады. Шетел валюта ұсынысының мөлшерi осы мемлекеттiң валютасына шетел мемлекетiнiң резиденттерiнiң сұранысы осы мемлекеттегi қызметтерге шетел туристерiнiң сұранысы, шетел инвесторларының активтерге сұранысы, осы мемлекеттiң ұлттық валютасында көрсетiлген, резидент еместердiң осы мемлекетте инвестициялық жобаларын iске асыру мақсатымен ұлттық валютаға сұранысымен анықталады. Сонымен, қаншалықты отандық валютаға қатынасында шетел валютасының бағамы жоғары болса, соншалықты аз ұлттық нарық субьектiлерi оны шетел валютасына ауыстыруға дайын және керiсiнше қаншалықты ұлттық валюта бағамы шетел валютасына қатынасында төмен болса, соншалықта көп ұлттық  нарық субьектiлерi шетел валютасын сатып алуға дайын. Осы тусiнiктермен ұлттық валюта ұсынысы қисығының иiлуi түсiндiрiледi.

        Валюта  айырбас курсының іргелі тепе-теңдiгiн  өзгертуге iкелетiн бiр қатар факторлар  бар. Олар құрылымдық (ұзақ мерзiмдi кезеңде  әрекет етушi) және коньюнтуралық (валюта бағамының қысқа мерзiмдi ауытқуын тудыратын) болып бөлiнедi.

    1.2. Валюта  бағамының   экономикаға   әсерi 

              Халықаралық  экономикалық  операцияларды  жүргiзу  үшiн  ұлттық валютаны  халықаралық төлем өлшемiне айырбастау қажет. Айырбастау үрдісі белгiлi бiр арақатынаспен жүргiзiледi.  Әр түрлi  мемлекеттердiң  ақша  өлшемдерiнiң  арақатынасы, яғни   басқа елдiң  (немесе халықаралық ақша өлшемiнде) ақша өлшемiмен көрсетiлген бiр елдiң ақша өлшемiнiң бағасы валюта бағалы деп аталады.

          Валюта бағамы халықаралық валюталық,  есеп айырысу, несие  қаржылық операцияларды  жүргiзу  үшiн қажет.  Мысалы, экспорттаушы шетел валютасымен түскен түсiмдi ұлттық валютаға  айырбастайды ,  себебi басқа елдiң валютасы бұл мемлекеттiң  жерiнде  күнбе-күнгi  жағдайда ақша қаражаты ретiнде айналысқа түсетiн құқы  жоқ.  Ал  импорттаушы шетелден  сатып алған тауарларға төлеу үшiн  шетел валютасы н  сатып алады.

          Валюта бағамы қайта есептеу  коэффициентi  емес,  ол  шетел валютасымен немесе  халықаралық валюталық өлшемдермен (СДД,ЭКЮ) көрсетiлген осы мемлекеттiң  ақша өлшемiнiң  ”бағасы”. Валюта бағамы валюта нарығындағы сұраныспен  ұсыныс  механизмi  арқылы  күнбе – күнгi  айналым процеснде валюталарды салыстыру барысында қалыптасады.  Валюта   бағанын қалыптастырудың негiзi  не?  Тауарлардың бағасы  оның  құны негiзiнде  құралатыны сияқты,  ақша өлшемiнiң  бағасы  оның  сатып  алу мүмкiндiгiнiң  негiзiнде  қалыптасады.

           Валюта  бағамының  қалыптасуы -  көп факторлы үрдіс. Валютаға  сұраныс пен ұсынысқа әсер  ететiн факторларға мыналар

      • инфляция қарқыны;
      • процент мөлшерiнiң деңгейi;
      • бағалы қағаздардың табыстылық деңгейi;
      • төлем  балансының  жағдайы.

        Бұл факторлар  елдiң  экономикалық жағдайын бiлдiретiн  факторлар. Мысалы ,егер  басқа факторлар  керi  әсер етпесе, басқа елдермен  салыстыр ғанда елдегi инфляцияның  қарқыны  жоғары болған сайын, оның  сатып  алу мүмкiндiктерiн төмендетiп және валюта бағанының құлдырау тенденциясын тудырады.

           Мемлекеттiң активтiк төмен балансында  оның валютасына шетел борышқорлығының сұранысы артады, сол кезде оның  бағаны көтерiлуi мүмкiн.

              Егер басқа мемлекеттерге қарағанда елде  процент мөлшерi жоғары болса, онда ол шетел капиталының құйылуына, валютаға сұраныстың  көтерiлуiне,  оның бағанының жоғарылауына әсер етуi мүмкiн. Мысалы,             80-жылдардың алғашқы жартысында АҚШ жоғары проценттiк мөлшер саясаты Батыс Европа мен Жапониядан 500 млрд.  доллардан астам мөл шерде ивистицияның  құйылуына жағдай жасады. Қорытындысында доллар дың әсерiнен бағамы көтерiлдi, ал осы факторлардың әсерiнен инвестор- ел дердiң валютасының бағамы төмендедi. 

           Сонымен қатар валюта  бағамына түрлi саяси, саудагерлiк, психологиялық  факторлар да  әсер етуi мүмкiн.

             Әрбiр мемлекет валюта бағамын реттеу әдiстерiнiң әр түрiн қолданады. Оләдiстердiң негiзгiлерi   мыналар:

    • валюталық инвистиция (орталық банктiң ұлттық валютаға шетел

    валютасын сатып  алып-сатуы);

    • орталық банктiң ашық нарықтағы операциялары(бағалы қағаздарды

    сатып алып-сатуы);

    • орталық банктiң проценттiк мөлшер деңгейiн және мiндеттi резервтер

    нормасын  өзгертуi.

             Валюта бағамын белгiлеу, яғнивалюталарды айырбастау пропорциясын анықтауды валюталық баға белгілеу (баға белгiлеу)деп атайды. Валюта нарығында валюта бағасын белгiлеудiң екi әдiсi бар: тiкелей  және жанама. Тiкелей баға белгілеу деп шетел валютасының бағамын ұлттық валютамен көрсетудi айтады. Бұл әдiс көптеген мемлекеттерде қолданылады. Ал жана ма баға белгілеу деген ұлттық валютаның бағамын шетел валютасының белгiлi бiр санының көрсетуi. Жанама баға белгілеу әдiсiн Ұлыбритания, ал 1987 жылдан бастап бiрен-саран АҚШ  қолдануда.

    Информация о работе Валютная система