Валютная система

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2011 в 23:09, курсовая работа

Краткое описание

Бүгiнгi әлемде экономикалық және шаруашылық қатынастар күннен-күнге даму барысында халықаралық валюта қатынастарының өркендеуi өндiріс күштердiң қарқынды өсуiмен, дүниежүзiлiк нарықтың қалыптасуы мен, халықаралық еңбек бөлiнiсiнiң тереңдеуiмен, шаруашылық байла ныста рының интернационалдануы және жаһанданумен сипатталады. Валюталық қатынастар халықаралық экономикалық қатынас тардың дамуына жалпы түрде өзiнiң оң әсерiн тигiзедi. Халықаралық валюталық жүйе дүниежүзiлiк шарушылықтың шеңберiндегi сатып алу және сату айналымын тудыратын әдiстер, құрал жабдықтар және мемлекетаралық ұйымдардың жиынтығынан тұрады. Оның пайда болу және одан әрi даму экономикасы халықаралық ақша кеңiстiгiндегi адекватты шарттарды талап ететiн ұлта ралық капитал үрдiсiнiң объективтi дамуын бейнелейдi.

Оглавление

Кіріспе..................................................................................................................... 3 1. Валюталық жүйенің мән – мағынасы, реттеу құралдары ................................. 1.1. Валюталық жүйенің мәні, негізгі элементтері
валюталық бағам түрлері ...................................................................
1.2. Валюталық бағамның экономикаға әсері ...................................................
2. Қазақстан Республикасының валюта нарығына талдау жасау
2.1. Валюта нарығының серпінділігін талдау .................................................
2.2. .........................................................................
2.3. ..................................................................................
3. Валюталық жүйенің қайшылықтары, оларды шешу жолдары
3.1.Валюталық жүйенің жалпы сипаттамасы.
3.2. Қазіргі кездегі валюталық жүйенің қайшылықтары
3.3. Валюталық жүйе қайшылықтарын шешу жолдары
Қорытынды ......................................................................................................
Қосымшалар .....................................................................................................

Файлы: 1 файл

Курсовая Валютная система.doc

— 207.00 Кб (Скачать)

    2011 жылы наурызда еліміздің халықаралық   қоры, шетелдік валютадағы Ұлттық қор активтерімен қоса 3,9% -ға артып, $69 млрд  құраған (жыл басынан бергі өсімі  -  17,1%). Ақша массасы құрылымындағы депозиттер үлесі айналымдағы қолма – қол ақша көлемінің шамалы  төмендеуінен депозиттердің шамалы артуы әсерінен  2011 жылдың ақпанында өзгеріссіз бұрынғы деңгейде қалды 87,3%.

    Қазақстандық  теңгенiң әлзiздiгi келесiлермен шартталған, үкiметтiң қатаң ақша саясаты әсерiнен  экономика ақша суррогаттарына толып кеттi, вокселдермен, қазыналық мiндеттмелермен және басқа да псевдоақша түрлерiмен толып кеттi. Жалпы көлемi қазiргi уақытта теңгенiң ақша массасымен салыстырарлықтай. Қазақстан Ұлттық банкi теңгенiң долларға қатынасындағы бағамы өзгеруiнiң шектерiн белгiлеуiн тиiс. Былайша айтқанда “валюталық коридор”. Бұл елде теңгенiң долларға қатынасындағы бағамын қуаттап тұратын механизм құрылған деген мағына бередi. Белгiлi уақыт аралығында Ұлттық банк оны жетiлдiрiп тұрады.

    Iшкi нарықта қатты валютаның барлық түрiмен дерлiк операциялар iске асады. Бiрақта операциялардың басым көпшiлiгi АҚШ долларымен жасалады, басқа валюталардың үлесi аз. Валютаның iшкi конвертациялануы бiрқатар валюталық шектеулермен сай келедi. Мысалы, жеке тұлғалардың валюта сатып алуына салық, валютаны шетелге шығаруды шектеу және т.б.

    Қазақстанның  халықаралық валюта нарығына толықтай қатысуы, ең одиозный валюталық шектеулердi жою мен теңгенiң сыртқы конвертация  ла нуын енгiзудi болжайды. Теңгенiң  толық конвертациялануына өту Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң халықаралық валюта-қаржы және несие қатынас тары саласындағы стратегиялық мiндетi болып табылады. Бұған жетудiң маңызды сатысы-ТМД елдерiнiң валюта одағының құрылуы.

    Қазақстанның  Халықаралық Валюта Қорына кіруі, оның жақын және алыс шет елдермен макроэкономикалық қатынастарының айтарлықтай өзгергенiн бiлдiредi. Бiрiншiден, жақын шет елдермен қатынаста валюта одағын қалыптастыру мақсаты жеңiлдей түседi. Бұл салада Қазақстан, Ресей, Белоруссия және Қырғызстан ұлттық валюталарының толық конвертацияла нуы негiзiнде валюталық одақ құру әбден мүмкiн. Ағымдағы операциялар бойынша валюталық шектеулердiң сақталуымен бөлек топталу шектерiнде валюталардың толық конвертациялануының енгiзiлуi Халықара лық валюта қорының ережесіне қарсы келмейдi және валюталық саясатты тең құқықтан айыру жайлы жағдайға түседi.

    Екiншiден, қазақстандық фирмалардың халықаралық  келiсiмдер бойынша төлемдер мен  есеп айырысуларды iске асырудың мүмкiндiктерi кеңейе түседi. Оларда экспорттық пайданы  теңгеге сатудың керегi болмайды, яғни, импорттық жеткiзулерге шетел валютасын сатып алумен байланысты ешқандай қиындық тумайды.

    Үшiншiден, халықаралық есеп айырысу құралы, қаражаты есебiнде теңгенi қолданудың жаңа мүмкiндiктерi көрсетiледi. Бұл шарттармен шетелдiк фирмалар-резидент еместер өздерiнiң қазақстандық әрiптестерiмен есеп айырысуда теңгенi еркiн қолдана алады. Сонымен қатар олар Қазақстан ның iшкi валюта нарығында кез-келген тұрақты валютаны теңгеге сатып алу құқығына ие болды.

    Төртiншiден, Қазақстанның Халықаралық валюта қорына мүше болуы инвестиция құйылымының кеңею жағынан өте маңызды. Валюталық шектеулердiң жойылуы, шетелдiк инвесторлардың капитал салудан түскен пайдасын сыртқа шығару құқығын заң жүзiнде мойындау болып табылады.

    Берiлген жоспарлардың iске асуы, қазақстандық теңгенiң халықаралық мәртебесін көтерiлгенiн бiлдiретiн болады, оның толық конвертацияла нуына жетуiнiң маңызды жылжуы, ал елдiң валюта нарығы өзiнiң көрсеткiште рiмен халықаралық стандартқа жақындай түседi. Бiрақ та валютаның толық конвертациялануы заң актiлерiмен жасалмайды. Ол-ел экономикасының табиғи дамуының нәтижесi. Егер елдiң экономикалық жағдайын ескерсек қазақстандық теңгенiң конвертациялануы жайлы мәселенiң жақын арада есептей алмаймыз. Тәжiрибе көрсеткендей дамыған елдердiң өзiнде өз валюталарының шектелгеннен толық конвертациялануына өтуiне бiрнеше онжылдықтар кеткен.

    Қазақстандық  теңгенiң конвертациялануының қазiргi деңгейi, елдiң әлемдiк валюта рыногiндегi операцияларға толық құқықты  қатысуын қамтамасыз ете алмайды. Халықаралық қаржы-валюта және несиелiк қатынастар саласында стратегиялық мақсат теңгенiң iшкi конвертациялануы емес, сонымен қатар сыртқы конвертациялануы. Бұл жолдағы  маңызды саты, ТМД елдерiнiң валюта одағының құрылуы.

    1995 жылықыркүйек айында Қазақстан  Республикасында, Алматыда ашылған “Telerade D.J. Int’l LTD” дилинг-центр компаниясы арқылы халықаралық валюта нарағына шығу мүмкiндiгi пайда болды.

    “Нарты уақыт” (“спот”операциясы) тәртібінде келiсiм жасайтын жай және заңды тұлғалар компанияның клиенттерi бола алады. АҚШ долларына (әлемдiк резервтiк валюта есебiнде) қатысты бағамы белгiленген төрт валюта бойынша; ағылшын стерлинг фунты (STG), жапондық йена (JPY), швейцариялық франк (SFR) және евро (EUR).

    Барлық  операциялар үшiн есеп айырысу  валютасы АҚШ доллары болып табылады.

    Шын мәнiсiнде барлық келiсiмдер спутниктiк  телефон байланысы арқылы басқарылатын шетелдiк принципал-компания арқылы халықаралық банкаралық валюта рыногiнде  жүзеге асады.

    Валюталық нарық бойынша ақпаратпен қамтамасыз ететiндер: банкаралық валюталық бағамдар, комментарилер, репортаждар мен ағымдағы жаңалықтарға маманданған “Don Jones Telerade” концернi, ағымдағы валюта бағамынан басқа техникалық және компьютерлiк анализ жасайтын құрал-сайман жиынтығын ұсынатын “Trade Station”.

    Халықаралық банкаралық қаржылық операциялар нарығында сауда кейбiр белгiленген валюта көлемдерi-лоттармен жүзеге асады. Чикагоның Сауда Биржасының (СМЕ) бөлiгi болып келетiн Халықаралық валюта нарығымен белгiленген әрқайсысының мөлшерi бар. Лоттар сәйкесiнше:

          
        • STA              125000                EUR                    125000

              SFR               250000                JPI                       25000 000

              STGIJRY      125000                CTGIEUR           125000 

          Көптеген  елдер сыртқы дүние мен халықаралық  экономикалық қатынас тарын дамыта отырып, әр түрлi елдерде инфляцияның әр түрлi дәрежесiмен кезiгедi. Бұл жағдайда, егер тұрақты валюталар бағамының режимi қолданылса, онда орталық банктер өздерiнiң ұлттық валюталарының ресми бағамын қайта қарау қажеттiлiгiн сезiнедi. Өйткенi, шынайы нақты бағамдар ресми бағамнан ауытқиды. Валюта бағамының құнсыздануы нақты түрде ұлғаятыны белгiлi. Ал, жылдам қарқынмен инфляцияға ұшырайтын валюталар күрт төмендейдi. Осындай жағдайда валюталық бағамға қатысты операцияларға түзету жүргiзу немесе девольвациямен револьвация қажеттiлiгi туындайды. Девальвация-бұл ұлттық валюта бағамын ресми түрде төмендету операциясы. Ал, ұлттық валюта бiрлiгiнiң бағамын шетел валютасына немесе есеп айырысу бiрлiгiне қатысты көтеру-ревальвация деп аталады.

          Әлемнiң өзгермелi валюталық тәртіптерге енгізілу салдарынан реваль вация сипатында өзгерiстер болды, ұлттық шеңберде жүргiзiлетiн бұп үрдіс аймақтық сипаттық шараға айналды. 
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       

      2.2. Валюта нарығында қолма-қол шетел валютасына сұранысты айқынтайтын факторлар. 
       

           Қазақстан Республикасының валюта нарығында доллар сатылатын басқа валюталардың ішінде басымдыққа ие. 2010 жылы қолма-қол шетел валютасын таза сатудың ай сайынғы өсімі 30-150 млн. долларды құрады, оның ішіндегі доллардың үлесі – 80%. Республикада қолма-қол валютаға сұранысың әр кезде де сақталып келгеді. Әр жылдың бірінші тоқсанынан бастап айырбастау пункттерінің жыл аяғында ең жоғары көрсеткішке қол жеткізе отырып, шетел валюталарын таза сатуы тоқсан сайын өсіп отырады. Бұл ең алдымен жыл аяғына қарай тауарлар импортының өсуіне, шетелге сапарлар санының ұлғаюына, сондай-ақ жеке тұлғалардың бір бөлігін жинақ мақсатында шетел валютасын сатып алуға жіберілетін қосымша кіріс алуымен тікелей байланысты.

         2010 жылы қолма-қол валютаны таза сату динамикасы айырбастау пункттерінің жыл сайынғы жалпы сату картинасына сәйкес келеді және тұтастай алғанда алдыңғы кезеңдерден айырмашылығы жоқ. 2010 жылы мұнайдың әлемдік бағасы өсті, бұл валюта ағынына себепші болды, соның салдарынан теңгенің нығаюына да алғышарттар жасалды. Резервтік валюта ретінде доллардың позициясының жойылуына қатысты жарыссөздер күшейді және осындай жағдайларда қазан – қараша айлары үшін дәстүрлі болып табылатын транзакциялық сұраныстың орны 2010 жылы бұған дейін, дүрбе леңді сатып алу кезеңінде жинақталған жинақ ақша есебінен жабылғанын жоқ қа шығаруға болмайды.

          Қолма-қол валютаға деген сұранысқа ықпал етудің бірнеше негізгі факторлары бар. Біріншіден, халықтың кіріс деңгейінің өсуі. Екінші объективтік фактор – Кеден одағының жұмыс істеуінің басталуы және оған байланысты кедендік заңнаманың автомобильдердің импорты және «сұр» импорт үшін жеңілдік режімін жоюға қатысты өзгерістер. Сондай-ақ халықтың елден тыс сапарларға шығуы саны өсуінің ықпалы елеулі болды. Тағы бір жағдай –жылжымайтын мүлік нарығындағы қозғалыстың жандануы. ТМД-ның кейбір елдерінде 2010 жылғы қыркүйек-желтоқсанда қолма-қол долларды сатудың өсуін, сондай-ақ 2010 жылғы қарашаға жақын негізгі валютаның көпшілігіне қарағанда доллардың нығая түсті.

          Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің деректері бойынша халықтың жан басына шаққандағы орташа номиналды ақшалай кірісі                    2010 жылғы қарашада 2009 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 13%-ға ұлғайып, 38 689 теңге болды, нақты ақшалай кірістер (яғни инфляцияны ескере отырып) 4,6%-ға өсті.Талдау 2005-2008 жылдары ақшалай кірістердің өсуі кредиттер мен заемдар, оның ішінде ипотекалық кредиттер және автокредиттер түріндегі валютаны сатып алуға арналған қосымша ресурстарға байланысты қолма-қол шетел валютасын нетто-сатудың анағұрлым жылдам өсуімен өзара байланысты. Аймақтық бөлуде кірістердің елеулі деңгейі Астана және Алматы қалаларына, ал ең төмен кірістер Оңтүстік Қазақстан облысына тиесілі. Ресеймен шектес аймақтар және басқа аймақтар орта республикалық деңгейде тұр. 2003 жылдан бастап барлық аймақтар бойынша айырбастау пункттерінің долларды нетто-сатуы бойынша деректермен расталған кірістердің ұлғаюы байқалды. Аймақ бойынша 2010 жылғы желтоқсанда анағұрлым таза сатулар Алматыда (554 млн. доллар), ОҚО (105 млн. доллар), Астанада (104 млн. доллар) байқалды. Алматы және Астанада транзакциялық сұраныспен қатар, біздің ойымызша алыпсатарлық сұраныс бар. Ресеймен шекаралас аумақтың үлесі валютаны сатудың жалпы сомасында – 23%. Шекаралас аумақтарда ақшалай кірістер жоғары емес, бірақ қолма-қол шетел валютасына деген жоғары сұраныс транзакциялық мұқтаждықпен түсіндіріледі. ОҚО-да халық кірісінің төмен деңгейіне қарамастан, жоғары нетто-сатулар бұл аймақтың халқының жоғары санымен, сонымен қатар көрші Қырғызстан мен Өзбекстаннан резидент еместер тарапынан сұраныстың болуымен түсіндірілетіндігін атап өткен жөн. Халықтың кіріс деңгейінің өсуі сатып алу қабілеттілігіне, тұтыну көлемінің өсуіне, жинақ ақшаға әсер етеді. Импортталатын тауарларды жеткізушілердің тарапынан үнемі сұраныстың болуы сондай-ақ шетел валютасының, басым түрде АҚШ долларының қатар айналыста болуымен қолдау табады. Таза сату мен халық кірісінің динамикасын салыстыру халық арасында бос қаражаттың белгілі бір бөлігін шоғырландыруға қабілетті «жіктің» пайда болғандығына негіз болып отыр. Бұл тек қолма-қол шетел валютасын сапалы жинақтауда ғана емес, сондай-ақ валюта бағамдарының ауытқуларынан пайда алу мақсатында болғандығы көрініп отыр. 
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       

      3. Валюталық жүйенің  қайшылықтары,  оларды  шешу жолдары

      3.1. Валюталық жүйенің  жалпы сипаттамасы. 

          Валюта  жүйесі дегеніміз валюта қатынастарының ұйымдастыру нысаны, яғни ол - халықаралық  несие-қаржы институттарымен халықаралық  шарт және мемелекеттік құқық нормасы кешендерін біріктіретін жүйе. Бұл ереже-шарттардың негізгі міндеті - халықаралық сауда-саттық процестерін жеңілдету, саудаға қатысушы фирмалардың іс-әрекеттерінің тиімділігін қамтамасыз ету. Жалпы валюта жүйесі халықаралық экономикалық және сауда қатынастарын ұзақ мерзімге жоспарлауға мүмкіндік туғызуы қажет. Басқа жағынан, оның мақсаты - кейбір мемлекет пен үкіметтер жағынан болып тұратын әр түрлі валюталық шектеуді және тамыр-таныстық (протекционизм) әрекеттерді түп-тамырымен құртуға мүмкіндік жасау.

          Валюта  жүйесі әлемдік шаруашылық байланыстарда  маңызы ерекше.                    Ол өндірістің даму қарқынына, халықаралық  айырбастың көлеміне, баға саясаты  мен жалақыға эсер етеді. Дүниежүзілік валюта жүйесі елдер арасындағы ақша-есептесу қатынастарын, сондай-ақ қатысушы елдердің әрқайсысының ішкі ақша айналымын қамтиды. "Дүние-жүзілік валюта жүйесі" деген ұғымға кіретін ішкі және сыртқы жүйелер органикалық өзара байланысты, себебі екеуін біріктіретін түйін әлемдік ақша белгілері. Алғашқыда әлемдік ақшаның бірден-бір түрі болып алтын, кейін құйма формасындағы алтын есептелді. Алтын монетаны халықаралық есептесуде қолдану үшін алдымен құйма жасау, содан соң басқа елдің монетасын соғу қажет болды. Біртіндеп айналыс шығындарын азайту мақсатында халықаралық есеп айырысуда ұлттық алтын монета және несие айналым құралдары қолданыла бастады. Валюта қатынастары - әлемдік шаруашы лықта валюта айналымынан қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы, олар ұлттық шаруашылықтардың нәтижесінің (тауарының, қызметінің) өзара айырбаста луына қызмет етеді. Валюта жүйесі - экономикалық көзқарас тұрғысынан - шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи қалыптасатын валюта экономикалық қатынастар жиынтығы; ал ұйымдық-заңдылық тұрғысынан - ол белгілі бір қоғамдық-экономикалык формация шегін де мемлекеттік-құқықтық түрде ұйымдасқан валюта-экономикалық қатынастар.

          Тарихи  үш түрлі: ұлттық, дүниежүзілік және мемлекетаралық немесе аймақтық валюта жүйесі қалыптасқан. Алғашқыда елдің ақша жүйесінің құрамдас бір бөлігі ретінде ұлттық валюта жүйесі пайда болды. 
      Ұлттық валюта жүйесі деген қоғамдық ұдайы өндірісті қалыптастыруға және халықаралық төлем айналымын қамтамасыз етуге қажетті валюта ресурстарын пайдаланатын экономикалық қатынастардың жиынтығы. Ұлттық валюта жүйесі ұлттық валютаға негізделіп құрылады. Ұлттық валюта - елдің ақша бірлігі. Ол қолма-қол формада (банкнота, монета) және қолма-қол емес формада (банктік шоттардағы ақша қалдығы) болады. Валюталық шектеудің болуы немесе болмауы. Мысалы, Ресейде ел экономикасының тұрақсыздығына байланысты шектеу, лимит белгілеу, белгілі бір валюталық құндылықтармен жүргізілетін операцияларға тиым салу енгізілген; 50-жылдардың аяқ кезінен бастап дамыған мемлекеттер бірте-бірте валюталық шектеуді алып тастаған. 1996 жылы Ресей ХВҚ Жарғысының VIII бабына қосылып, саудалық және саудалық емес операцияларға валюталық шектеулерді жойды. Төрт қосындыдан тұратын (елдің ресми алтын және валюта резервтері, СДР есепшоттары, еуро (1995 жылдан ЭКЮ-дың орнына), ХВҚ резервтік позициясы (бағыты) және елдің сыртқы қарызын өтеу мүмкіншілігін білдіретін мемлекеттің халықаралық валюта өтімділігін реттеу. Дүниежүзілік валюта жүйесі деген халықаралық валюта қатынаста рының ұйымдастыру формасы, яғни ол - халықаралық несие-қаржы институт тарымен халықаралық шарт және мемелекеттік құқық нормасы кешендерін біріктіретін жүйе. Бұл ереже-шарттардың негізгі міндеті - халықаралық сауда-саттық процестерін жеңілдету, саудаға қатысушы фирмалардың іс-әрекеттерінің тиімділігін қамтамасыз ету. Жалпы валюта жүйесі халықаралық экономикалық және сауда қатынастарын ұзақ мерзімге жоспарлауға мүмкіндік туғызуы қажет. Басқа жағынан, оның мақсаты - кейбір мемлекет пен үкіметтер жағынан болып тұратын әр түрлі валюталық шектеуді және тамыр-таныстық (протекционизм) әрекеттерді түп-тамырымен құртуға мүмкіндік жасады қарастырады.
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       

          
        1. Валюталық жүйенің қайшылықтары, олардың пайда  болуына әсер ететін факторлар.
       

          АҚШ- ның ірі инвестициялық банктерінің банкротқа ұшырауымен басталған әлемдік экономика лық дағдарыс дамыған елдермен қатар дамушы мемлекеттерге де өз әсерін тигізгені сөзсіз. бұл үрдіс әлемдік валютаға айналған американ долларына да кері ықпал еткен еді. бұған қоса, бүгінде ақш экономикасы алдағы уақытта тағы да тоқырауға ұшырауы мүмкін деген болжамды ақпарат құралдарынан жиі естуге болады... қытай мен ақш арасындағы валюталық соғыстар, адамзат баласына азық-түліктің жетіспеу шілігі, энергетикалық мәселелер сияқты проблемалар жаһандық экономиканың қиын тұстарын көбейтпесе азайтып отырған жоқ. қазіргі жаһандану дәуірінде бұл қиындықтар қазақстанға да қатысты. 

          Валюталық жүйеде орын алатын қайшылықтар келесідей:

      • әлемдік валюта айналымының барлық мемлекеттер бірдей мойындаған құқықтық негізі жоқ.
      • әлемдік валюта эмитенттері қызметінің үдерістері демократиялы емес.
      • әлемдік валюта рыногы бәсекелесшіл емес. Бұл оның өркениетті емес екендігін білдіреді. Оның субъектілері бөтеннің ойын тәртібін сақтауға мәжбүр. Шағын топтар орнатқан ол тәртіп көпшіліктің мүдделеріне нұқсан келтіреді.
      • әлемдік валютаның эмитенттері оны пайдаланушылардың алдында, бүтіндей алғанда әлемдік қауымдастықтың алдында ешқандай бір жауапкершілік арқаламайды. Соның әсерінен әлемдік валютаның эмиссиялары мен генерациялау жүйесі әлемдік қауымдастықтың бақылауында болмай отыр.
      • бұл жағдай өз кезегінде қазіргі әлемдік валюта жүйесінің қызметі адам зат дамуының мақсаттарымен сәйкеспейтіндігін көрсетеді. Ол өте ескір ген және уақыттың сынақтарына сайма-сай емес.

          Ел  белгiлi бiр экономикалық оқыс жағдайларға  тап болғанда, оған қарсы тұруға қабiлетсiз болады. Оның бiрден бiр себебi экспорттық нарықтарды жоғарылатуы және тұрақты бағамды демейтiн валюталық резервтердiң жеткiлiксiздiгi. Бұндай құбылыс iшкi бағалардың күрт төмендеуiн туында тады. Ал бұл төмендеу өз ретiнде өндiрiстiң тоқырауы мен жұмыссыздар тобының күн санап өсуiнiң алғы шарты болып келедi. Осыдан тұрақты баға режимiн белгiлеу кезiнде валюта санын нақтылауға қатысты проблема туындайды. Белгiлi бiр елде валюта белгiлi бағамын белгiлеу төмендегiдей сипатталады:

          А.Барлық қаржылық нарықтардағы компаниялардың түсiнуi үшiн бұл саясат өте қолайлы;

          Ә. Бағамдарды үкiметтiк реттеу мүмкiндiгi елеулi қысқарады;

          Б. Саудадағы айырбас бағамының  теуiлдiлiгi қысқарады, өйткенi валюта бiрлiгi бағамын белгiлеу iрi сауда секiктесi үшiн ыңғаылы болады;

          В. Валюта бiрлiгi бағамының өзгерiсi айналымдағы  барлық валюталарға қатысты iшкi валюта бағамының өзгеруiне әсер етедi. Бұл  саясатпен салыстырғанда,валюталар  кәрзенкесiн белгiлеуге байланысты тұрақты бағам саясаты төмендегi параметрлермен сипаталады:

          А. Шетелдiк инвесторлар бұл саясатты ауыр қабылдайды, өйткенi олардың пiкiрiнше, валюталар кәрзенкесiнiң кеңiнен  танымал болмауына байланысты билеушi органдар валютарларды реттейдi. Мұндай жағдайларда шетелдiк серiктестер  девальвацаның мүмкiндiгiн айқындайды;

          Б. Бұл саясат бiр ғана валюта құнының  көтерiлу тәуекелдiлiгiн жояды.

          Тиiсiнше, ол елдiң барлық сауда серiктестерiмен  болатын келiсiмдердi реттеу iсiнде  өте қолайлы. Бiрақ валюта құнының  жоғарылауы экспорттың азаюына, импорттың  өсуiне әкелiп соғады, соның салдарынан елдiң төлем балансы нашарлайды. 
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       

      3.2. Валюталық жүйе  қайшылықтарын шешу  жолдары 

              Қолданыстағы әлемдік валюталық-қаржылық жүйе парадигматикасы қазіргі замандық геоқаржылық және ақпараттық технологиялардан өте артта қалған. Ол қазіргі замандық әлемдік тәртіпке толыққанды қызмет көрсетуді қамтамасыз ете алмайды. Осыған байланысты әлемдік валюталық-қаржылық жүйеге бұл қайшылықтарды тереңдеп аша алмайтын косметикалық жөндеулер жүргізу бізді ешбір алға басуға әкеле алмайтындығын аңғару қиын емес.

                Бәлкім, экономиканың қазіргі барлық қайшылықтарын, белсенділік пен жауапкершіліктің жоқтығын “рыноктың көрінбейтін қолына” аудара салу өте қолайлы да болып көрінер. Бірақ әлем қазір біздің болашағымыз үшін жауапкершілікті біздің өзіміз қолымызға алуымызды қажет ететін шекке дейін жетті. Егер біз осы таяудағы уақыттың ішінде базалық экономикалық парадигмаларға түбегейлі жаңартуларды жүргізбейтін болсақ, онда әлемнің аман қалу мүмкіндігі мейлінше азая түседі. Қазіргі уақытта Қазақстан  валю талық нарық қайшылықтарын жоюға, оларды реттеуге бағытталған валюта лық нарықты түбегейлі жаңарту жоспарын ұсынады. Әлемдік валюта лық-қаржылық жүйенің терең қайшылығы бізге оның архитектурасын реформа лау жолын да анық көрсетіп отыр. Ол жол үлкен сегіздік (G8) пен үлкен жиырма лық (G20) форумдарының да, елдердің өңірлік деңгейде интеграциялық бірлестіктерінің де күн тәртібін қарапайым және түсінікті тұрғыда ұсынады.

            Бұл жол мынандай үш мәселені біріктіреді:

            Бірінші. Жаңа парадигмаларды іздеу. Әлемдік экономиканың базалық парадиг матикасын жаңа ғасырдың нақтылығы мен сынақтарына сәйкес келтіру. 
       Екінші. Әлемдік геоқаржылық технологияларды жаңалау жолын ХХІ ғасыр басындағы деңгейге жеткізу. Әлемдік валюталық қаржылық жүйені оны барлық негізгі пайдаланушылардың мүдделері, мақсаттары мен құндылықтарына бағындырып қалыптастыру.

            Үшінші. Валюталық-қаржылық құралдарды жаһандық дағдарыстан шығудың магистральдық  жолы ретінде әлемді, адамды және адамзатты  түбегейлі жаңалау міндеттерін шешуге қайта құрылымдау. Бұл - Қазақстанның әлемдік қоғамдас тыққа ұсынысының мәні болып табылады. Әлемдік валюта-қаржы жүйесінің туа бітті ақаулары арқылы бізге жат және біз үшін табиғи емес қайшылықтар біздің елдеріміздің экономикасын күйретпеуі үшін әлемдік қоғамдастық табан ды шаралар қабылдауы қажет.

            Жаңа  үйлесімді жүйенің даму негізі - жаңа әлемдік валютаны енгізу. Бұл  үшін, ең алдымен, әлемнің көпшілік елдері қол қоятын және БҰҰ мақұлдаған Әлемдік валюта туралы жалпыға ортақ  заң шығару қажеттігін, ал бұл рынокта әлемдік валюта эмитенттерінің кез келген жекелеген топтарына артықшылық беруге қатаң тыйым салынуы тиіс. Мұндай жүйе адамзат тарихында алғаш рет әбден заңды және жария әлемдік валютаны құру үшін негіз бола алар еді.

             Бұл үшін бірінші кезекте бұрынғы ақаулы әлемдік валютадан салмақ жүгін алу немесе қайта бөлу және бұл салмақты өңірлік және континенталдық валюталық-есеп айырысу бірліктері жүйесіне көшіру керек. Бұл біртұтас әлемдік валюта енгізу үшін өтпелі кезең болады. Өңірлік ұлтүстілік мемлекетаралық есеп айырысу бірліктерін әзірлеу және құру үдерісі әлемде жүріп жатқанына бірнеше жыл болды. Еуро алғашқы қарлығаш еді.

            Қазақстан өзінің өңірлік және континенталдық әріптестерімен бірге жаһандық ізденіс арнасында – өңірлік интеграциялық бірлестіктерді құру жолында екеніне тоқталған Елбасы бүгінгі күні өңірлік еуразиялық бірлестіктер арасында Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастық барынша перспективалы екенін атап өтті. Қазіргі кезде ЕурАзЭҚ және сол секілді ШЫҰ елдерінде генетикалық ақаулы әлемдік валютаның біздің елдеріміздің экономикасына түсіретін дағдарыстық салмағын барынша азайту үшін барлық негіздер бар.

            Сонымен қатар, валюталық нарықтағы қайшылықтарды  шешу үшін іс жүзінде валюта-қаржылық интеграциялық бірлестік құру керек. Оның өз ішінде біртұ тас мемлекетаралық ұлтүстілік қолма-қол ақшасыз тұрақты есеп айырысу - төлем бірлігі енгізілуі мүмкін. Оның бағамы әлемдік валюта ауыт қуларына тәуелді болмауы тиіс. Жаңа валюта жүйесі қалыптасқан валюта лық жүйелерді бұзбас тан, тұрақты ұзақ мерзімді және инфрақұрылымдық инвестиция лауды жүргізуге мүмкіндік береді.  
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       

          

    • Қорытынды
    •  

            Валюталық нарықтағы валюталарға деген сұраныс және ұсыныс, сондай-ақ олардың бағымдық шекті қатынастары қалыптасады. Нарықтық реттеу күн заңына бағынады. Мұндай заңдардың, валюталық айрбасының қатысты баламалылығын, тауарлар, көрсетілетін қызметтер, капиталдар, несиелер қозғалысына байланысты әлемдік шаруашылықтың қажеттілігіне валюталардың халықаралық ағымының сәйкес келуін қамтамасыз етеді.  
      Баға механизмі және нарықтағы валюталық бағам динамикасының белгілері арқылы экономикалық агенттер валюталарды саның белгілері арқылы экономикалық агенттер валюталарды сатып алушылардың сұранысы мен оларды ұсыну мүмкіндіктері туралы біле алады. Сонымен бірге, нарық валюталық операциялардың жағдайы туралы ақпараттар көздері болып табылады. Бірақ та мемлекет ертеден бері валюталық қатынастарға араласып келген, бастапқысында ол жарнама түрде кейіннен оның әлемдік шаруашылықтағы маңыздылығын ескере отырып, тікелей араласа бастады.  
      Нарықтық және мемлекеттік валюталық реттеу бірін- бірі толықтырады. Біріншісі, бәсекеге негізделген, яғыни дамуды ынталандыра түссе, ал екіншісі, валюталық қатынастарды нарықтық ретеудегі теріс салдарларды жоюға бағытталған. Екі реттгіш арасындағы шекара нақты жағдайлардағы тиімділік және шектеуге байланысты анықталады. Сондықтан да олардың арасындағы шекті қатынас жиі ауысып отырады. Дағдарыс, соғыс және тағы басқа қиын жағдайларда қатаң мемлекеттік валюталық реттеудің маңыздылығы артады. Сондай-ақ валюталық- эконмикалық жағдайдың жақсаруы барысында валюталық операциялар ырықтандырылып, бұл аумақта нарықтық бәсеке орын алады. Бірақ та мемлекет бұл жағдайда да валюталық қатынастарды қалыпқа келтіру және қадағалау мақсатында валюталық бақылау жасайды. Нарықтық экономикасын реттеу жүйесінде валюталық саясат маңызды орын алады.

          Валюталық қатынастар - әлемдік экономиканың қажетті элементі, қоғамдық қатынастардың  бүтін жиынтығы, олар арқылы әр түрлі  елдер арасында барлық есеп айырысу, кредиттік, ақшалай келісімдер жасалады. Тауар өнімі, халықаралық сауда, капиталдардың қозғалысы мен қызмет ету барысы олардың шынтуайтты негізі болып табылады. Халықаралық валюталық қатынастар ұлттық шаруашылықтардың жұмысының нәтижелері бойынша өзара алыс-берістер жасауды қамтамасыз етеді. Бұл іспеттес қатынастар, негізінен, валютаның әлемдік шаруашылықта өз ролін атқарғанда қалыптасады. Және де әрбір мемлекетте заңды өтеу құралы болып, оның ұлттық валютасы саналады. Алайда, әлемдік шаруашылықта әдетте конвертирленген шетел валюталары пайдаланылады. Мұның өзі осы әлемдік шаруашылықта барлық елдер үшін жалпы мойындалған валютаның жоқтығымен түсіндіріледі. Яғни, халықаралық қатынастарға кызмет ететін ақшаларды валюта деп атайды. Валюталық қатынастардың қалпына ең бірінші ұлттық және әлемдік экономиканың дамуының дәрежесі әсер етеді. Сыртқы экономикалық әрекеттерді жүзеге асырушы мемлекеттердің үкіметтері, трансұлттық корпорациялар, жекелеген кәсіпорындар мен ұйымдар валюталық қатынастардың субъектілері бола алады. Валюталық қатынастарды арнайы халықаралық органдар жасап келісіледі, егжей-тегжейлі дайындалады да, сыртқы экономикалық қызметпен айналысушы елдер үшін міндетті саналатын сипатқа ие болады.

          Валюталардың  баға белгiленiмi айырбас үшiн ұсынылған  екi ақша бiрлiгiнiң шектi қатынасын анықтауға мүмкiндiк жасайды. Валюталық баға белгiлеу түрi валютаның жағдайына, оның бағамының деңгейiне әсер  етпейдi, өйткенi валюта бағанының  мәнi қалады,ал оның формасы өзгередi.

              Шетел валютасы халықаралық төлем айналымында ең бастысы банктiк және несиелiк айналыс құралдары-телеграфтық және пошталық аударымдар, гектер,тратталартүрiнде болады.Әр түрлi елдердiң валюталарының салыстырылуы олардың өндiрiс және айырбас процесiнде қалыптасатын объективтi құндық қатынастарына  негiзделедi.

              Валюталық нарықтарды валюталық операцияларды жүргiзудiң негiзiнде халықаралық сауда, сонымен байланысты көрсетiлген қызметтер мен капитал дар мен несиелердiң халықаралық қозғалысы жатады. Валюталық нарықтар валютаға деген сұраныс пен ұсыныс негiзiнде валюталарды сатып алу-сату операциялары жүргiзiлетiн ресми орталықтарды бiлдiредi. Валюталық операция лардың көлемiне байланысты валюталық нарықтар халықаралық, аймақтық және ұлттық болып бөлiнедi.

          Егер  валюталық нарықта шетел валютасының ұсынысы көп болса, онда орталық банктер оны сатып алады да қайта салады. Ал, шетел валютасының ұсынысы төмендеген жағдайда, орталық банк шетел валютасына деген сұраныс пен ұсынысты теңестiредi және шетел валютасы бағамының өзгеруiн шектейдi. Валюталық саясаттың бұл формасы бiр елдiң орталық банксi немесе бiрнеше мемлекеттердiң банктерiмен жүргiзiледi. Мысал ретiнде, Европалық валюталық жүйенi алуға болады. Европалық жүйенiң орталық банктерi валюталық интервенция көмегiмен өз валюталарының бағамын тұрақты шектер көлемiнде ұстап отырады. Валюталық интервенцияны жүзеге асыру кезiнде валютаны таңдап алу қажет. Ол халықаралық валюталық жүйедегi берiлген валютаның орнына интервенция мақсатына және қалыптасқан институционалдық ортаға байланысты болады. Осылайша орталық банктердiң көбiсi банкаралық нарықтардағы немесе диллер, брокер арқылы валюталық интервенция ретiнде анықтайды. Бұл кезде ақпарат жасыран болып, операциялардың құпиялылығын ескеруi тиiс. Валюталық интервенцияны қолданудың белгiлi шектеулерi бар. Яғни ол ресми валюталық резервтердi туындатады. Тиiсiнше валюталық резервтердiң көмегiнiң жеткiлiксiздiгi жағдайында көптеген мемлекеттер валюталық шектеулердi қолдану iсiне ден қояды. 
       
       
       
       
       

                                    Қосымша №1

          

    • Валюта  бағамы түрлерiнiң  топтамасы
    •  
                      Критерийлер                                                   Валюталық бағам
        1. Бекiту тәсiлi
          Қалқымалы

          Бекiтiлген

          Аралас

      1. Есеп  айырысу тәсiлi
          Тең құқықтық (паритетный)     
      1. Келiсiмдер түрi
          Жедел келiсiмдiк

          Спот-келiсiмдiк

          Своп-келiсiмдiк

      1. Белгiлеу(нұсқау) тәсiлi
          Ресми

          Бейресми

      1. Валютаның сатып алу қабiлетiнiң паритетке қанынасы
          Жоғарылатылған

          Төмендетiлген

          Паритеттi

      1. Келiсiм қатысушыларына қатынасы
          Сатып алу бағамы

          Сату  бағамы

          Орта  бағам

      1. Инфляцияны ескеру, есептеу бойынша
          Нақты

          Номиналды

      1. Сату әдiсi бойынша
          Қолма-қол  сату бағамы

          Қолма-қол  емес сату бағамы

          Валюта  айырбастаудың көтерме         

          бағамы

          

    1. Банкноттық

      
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Қосымша 2 
 

Нышан Валютаның коды Валютаның атауы Жаргон
$ USD   АҚШ доллары   Green back, Buck
  DEM   Неміс маркасы  
_ EUR   Еуро  
¥ JPY (YEN)   Жапон иенасы  
£ GBP (STG)   Ағылшындық стерлинг футы   Cable
  CHF (SFR)   Швейцар франкы   Swiss, Swissy
  FRF   Француз франкы   Paris
  SEK   Шведтік крона   Stokie
A$ AUD   Австралиялық доллар   Aussie
C$ CAD   Канадалық доллар  
  NZD   Жаңазеландиялық доллар    Kiwi
  XAU   Алтын (Спот)  
  XAG   Күміс (Спот)  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Қосымша 3 

Teletrade D.J. International Consulting Ltd. компаниясы  өз клиенттеріне келесі негізгі валюталар бойынша ақпаратты ұсынады:  

       

    Қосымша 4

FOREX нарығындағы  сауданың  халықаралық уақыты.

    
  • Алматы, Қазақстан, Жергiлiктi уақыт
  •  

        

  • Қысқы уақыт                 Ашылуы                       Жабылуы
  •     

  • Токио                                 06:00                              13:00
  •     Гонконг және Сингапур   07:00                              15:00
        Франкфурт                        14:00                               21:00
        Лондон                               15:00                              22:00
        Нью-Йорк                          19:00                              02:00

        Жазғы уақыт                Ашылуы                       Жабылуы

        Токио                                 07:00                              14:00
        Гонконг және Сингапур   08:00                              16:00
        Франкфурт                         15:00                              22:00
        Лондон                               15:00                               22:00
        Нью-Йорк                           19:00                              02:00
     
     
     
     
     

         Пайдаланған әдебиеттер: 

           1.Әлжанова  Н.Ш. Инвестициялық жобалау. –  Алматы: Заң әдебиеті, 2007.- 160 б.

    Информация о работе Валютная система