Валютная система

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2011 в 23:09, курсовая работа

Краткое описание

Бүгiнгi әлемде экономикалық және шаруашылық қатынастар күннен-күнге даму барысында халықаралық валюта қатынастарының өркендеуi өндiріс күштердiң қарқынды өсуiмен, дүниежүзiлiк нарықтың қалыптасуы мен, халықаралық еңбек бөлiнiсiнiң тереңдеуiмен, шаруашылық байла ныста рының интернационалдануы және жаһанданумен сипатталады. Валюталық қатынастар халықаралық экономикалық қатынас тардың дамуына жалпы түрде өзiнiң оң әсерiн тигiзедi. Халықаралық валюталық жүйе дүниежүзiлiк шарушылықтың шеңберiндегi сатып алу және сату айналымын тудыратын әдiстер, құрал жабдықтар және мемлекетаралық ұйымдардың жиынтығынан тұрады. Оның пайда болу және одан әрi даму экономикасы халықаралық ақша кеңiстiгiндегi адекватты шарттарды талап ететiн ұлта ралық капитал үрдiсiнiң объективтi дамуын бейнелейдi.

Оглавление

Кіріспе..................................................................................................................... 3 1. Валюталық жүйенің мән – мағынасы, реттеу құралдары ................................. 1.1. Валюталық жүйенің мәні, негізгі элементтері
валюталық бағам түрлері ...................................................................
1.2. Валюталық бағамның экономикаға әсері ...................................................
2. Қазақстан Республикасының валюта нарығына талдау жасау
2.1. Валюта нарығының серпінділігін талдау .................................................
2.2. .........................................................................
2.3. ..................................................................................
3. Валюталық жүйенің қайшылықтары, оларды шешу жолдары
3.1.Валюталық жүйенің жалпы сипаттамасы.
3.2. Қазіргі кездегі валюталық жүйенің қайшылықтары
3.3. Валюталық жүйе қайшылықтарын шешу жолдары
Қорытынды ......................................................................................................
Қосымшалар .....................................................................................................

Файлы: 1 файл

Курсовая Валютная система.doc

— 207.00 Кб (Скачать)
 
     Жоспар: 

Кіріспе 

         Бүгiнгi әлемде экономикалық және шаруашылық қатынастар күннен-күнге даму барысында халықаралық валюта қатынастарының өркендеуi өндiріс күштердiң қарқынды өсуiмен, дүниежүзiлiк нарықтың қалыптасуы мен, халықаралық еңбек бөлiнiсiнiң тереңдеуiмен, шаруашылық байла ныста рының интернационалдануы және жаһанданумен сипатталады. Валюталық қатынастар халықаралық экономикалық қатынас тардың дамуына жалпы түрде өзiнiң оң әсерiн тигiзедi. Халықаралық валюталық жүйе дүниежүзiлiк шарушылықтың шеңберiндегi сатып алу және сату айналымын тудыратын әдiстер, құрал жабдықтар және мемлекетаралық ұйымдардың жиынтығынан тұрады. Оның пайда болу және одан әрi даму экономикасы халықаралық ақша кеңiстiгiндегi адекватты шарттарды талап ететiн ұлта ралық капитал үрдiсiнiң объективтi дамуын бейнелейдi.

    Валюталық саясат- бұл елдің ағымдық және стратегиялық мақсаттарына сәйкес халықаралық  валюталық және басқа экономикалық қатынастар аумағында жүзеге асырылатын шаралар жиынтығы. Валюталық саясат экономикалық саясаттың ең басты мақсаттары: тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге, жұмыссздық пен инфляцияның өсуін тоқтатуға, төлем баланысындағы тепе-теіңдікті ұстап отыруға бағытталады. Валюталық саясаттың басты бағыттары мен форма лары елдердің валюталық-экономикалық жағдайына, әлемдік шаруашылық тың эволюцияларына, әлемдік аренадағы күштердің орналасуына байла нысты анықталады. Заңды түрде валюталық саясат валюталық заңдылықтар, яғни елдегі және одан тысқыры жерлердегі валюталық бағалылармен байланысты операциялардың жасалу тәртібін реттейтін құқықтың нормалар жиынтығымен, сондай-ақ екі жақты көп жақты валюталық проблемалар бойынша мемлекеттер арасында жасалатын келісімшарттарға сүйенеді.

    Валюталық саясатты іске асырудың басты бір  құралы валюталық реттеу болып табылады. Тікелей валюталық реттеу-заңды актілер және атқарушы өкіметтің әрекет ету жолымен іске асса, ал жанама валюталық реттеу- нарықтық экономикалық агенттерінің мінез-құлқынаэкономикалық, валюта лық және несиелік әдістерді пайдалану арқылы әсер етеді. Мемлекетаралық валюталық реттеу ұйымы-Халықаралық Валюталық қор (ХВҚ) болып табылады.

      Валюталық саясат өзінің мақсаттарына және формаларына байланысты екіге бөлінеді:

    • құрылымдық валюталық саясат:
    • ағымдық валюталық саясат.

        Құрымдылық валюталық саясат-дүниежүзілік валюталық жүйедегі құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыруға бағытталатын ұзақ мерзімді шара лар жиынтығы.

     Ол  валюталық саясат реформа формасында іске асырылады. Құрылым дық валюталық  саясат ағымдық саясатқа әсер етеді. Ағымдық валюталық саясат-валюталық бағамды, валюталық операцияларды, валюталық нарық пен алтын нарығының қызметтерін күнделікті оперативті түрде реттеуге бағытталған қысқа мерзімді шаралар.

            Валюталық жүйенiң негiзгi құраушы элементтерi: ақшалай тауар және халықаралық өтiмдiлiк,  валюталық бағам, валюталық нарықтар,  халықаралық валюта, қаржылық ұйымдар және мемлекетаралық валюталық келiсiм шарттар.

      Валюталық  жүйе - ұлттық  заңнамамен немесе  мемлекетаралық  келiсiм шарттарымен  бекiтiлетiн  валюталық  қатынастарды  ұйымдастыру  және  реттеу нысаны.

     Курстық жұмыстың өзектiлiгi елiмiздiң әлемдiк нарықта алдынғы қатарлы елдер санатына қосылуы үшiн iшкi экономикалық өсумен қатар, халықаралық экономикалық қатынастарымыз дамып, соның iшiнде өзектi саласы халықаралық валюталық қатынастардың дамуы елiмiз үшiн маңызды. Өйткенi бiздiң экономикамызда теңгемiз еркiн айналысқа шыққандықтан, әлемдегi валюта өзгерiстерi бiзге де зор әсер етедi.

     Сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын  «Валюталық жүйе: мән-мағынасы, қайшылықтары мен оларды шешу жолдары» деп алдым. 
        Курстық жұмысымды жазудағы негiзгi мақсатым мен мiндет терi:  валюталық жүйенiң түсiнiгiн анықтап, оның пайда болуы ның себептерiн талдау және оның мәнін ашу;  халықаралық валюталық жүйенiң негiзгi элементтерiн анықтау және талдау; валюталық жүйенің негізгі элементтеріне тоқталу және оларды талдау;  Қазақстан Республикасын дағы валюталық жүйенiң қалыптасуы мен қазiргi жағдайы қарастырылды.

     Курстық жұмысымда валюталық бағам жүйесін  тек теориялық бағытта қарастырып қоймай, сондай – ақ оладың тәжірибелік жақтарын да қамтып жаздым.

     Курстық жұмыстың құрылымы негізінен екі бөлімнен және кіріспе, қорытындыдан тұрады.

     Бірінші бөлімде, валюталық бағам түсінігі және бағам жүйесінің тарихи тұрғыдан дамуы, валюталық бағам, оның экономикаға әсері туралы айтылады. Сонымен қатар онда валюталық нарықтар  түрлері қарастырылған.

     Екінші  бөлімде, Қазақстан Республикасындағы валюталық бағам қызметтін ұйымдастыру және реттеу механизімі, Қазақстан Республикасын дағы валюталық саясат, валюталық реттеу, валюталық бағам режимін реттеу туралы айтылады.   
 
1. Валюталық жүйе 

1.1 Валюталық жүйенiң  негізгі элементтері,  валюталық бағам  түрлері 

    Валюталық жүйенiң басты элементi - валюталық бағам. Валюталық бағамның қалыптасуына ықпал ететiн факторлар қатары анықталған. Шетел валюталарының бағамдарының әр түрлi түрлерi мен баға белгiленiмдерi берiлген.

    Валюталық бағам - нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі, бiр елдiң ақша бiрлiгiмен шетелдiк ақша бiрлiгiмен немесе халықаралық валюталық бiрлiкпен берiлген бағасы

    Валюталық бағам-басқа елдiң ақша бiрлiгiне қатысты  сол елдiң ақша бiрлiгiнiң қатысты  сол елдiң ақша бiрлiгiнiң бағасы. Валюталық бағамның құндық негiзгi валютаның  сатып алу қабiлетi болып табылады. Бұл  экономикалық категория тауар өндiрiсiмен және тауар өндiрушiлерiмен дүниежүзiлiк нарықтағы өндiрiстiк қатынастарды бiлдiредi. Құн тауар өндiрiсiнiң экономикалық шарттарының жалпылама мазмұны болғандықтан, әртүрлi елдердiң ұлттық ақша бiрлiктiң салыстыруы өндiрiс және айырбас процесi қосылуынан тұратын құндық қатынасқа енгiзiлген. Тауарлардың және қызметтердi өндiрушiлер мен сатып алушылар валюталық баған көмегiмен ұлттық бағаларды басқа елдердiң бағаларымен салыстыру нәтижесiнде белгiлi бiр елде қандай да бiр өндiрiстi дамытудың немесе күрделi қаржы жұмсаудың тиiмдiлiк дәрежесi анықталады.

    Валюталық бағамға әсер ететiн факторлар: кез  келген баға сияқты валюталық баған  да құнның негiзiнен валютаның сұранысы мен ұсынысына байланысты ауытқып  отырады. Сұраныс пен ұсыныстың ара-қатынасы әр түрлi факторларға тәуелдi:

    • инфляция қарқыны
    • төлем байланысының жағдайы

    Валюталардың  бағам белгiленiмi айырбас үшiн  ұсынылған екi ақша бiрлiгiнiң шектi қатынасын анықтауға мүмкiндiк  береді. Валюталық баға белгiлеу  түрi валютаның жағдайына, оның бағамының деңгейiне әсер  етпейдi, өйткенi валюта бағамының  мәнi қалады, ал оның формасы өзгередi.

     Нарықтық  экономикада банктер монополистерге айналады және барлық қаржылық капитал  арқылы нақты басқарады. Олар тек  делдалдық қызметтен шығып, ұдайы өндірістің барлық фазасының аясына ғана кіреді.

    Валюталық жүйенің келесі негізгі құрамдас бөлігі  - валюталық нарықтар.

    Валюталық нарықтар уақтылы есеп айырусыларды жүзеге асыруды, валюталық қаражаттарды бiршама тиiмдi пайдалануын, валюталық операцияларға қатысушылардаң валюталық бағамдар айырмасы түрiнде пайда алуын, валюталық тәуекелдердi сақтандыруды, валюталық бағамдарды реттеудi, валюталық саясатты жүргiзудi қамтамасыз ете отырып, iшкi және халықаралық төлем айналымына қызмет етедi.

    Халықаралық есеп айырысудың өзiндiк ерекшелiгi барлық елдер үшiн жалпыға бiрдей қабылданған төлем құралының болмауында. Сондықтан да сыртқы сауда, көрсетiлген қызметтер, несиелер, инвестициялар, мемлекетаралық төлемдер бойынша есеп айырысудың қажеттi шарты сатып алу-сату формасында бiр валютаны екiншi бiрiне айырбастау болып табылады.

    Валюталық нарықтарда шетел валютасына деген  сұраныс пен ұсыныс ең алдымен  сатылған тауарлар және көрсетiлген қызметтер  үшiн валюталвқ түсiм алған  экспортерлардан; сатып алған тауарлары мен көлiк және кеме компанияларынан алынған қызметтерi үшiн төлемдерi төлеуде импорттерден; сондай-ақ көрсеткен қызметтерi үшiн фрахты, сақтандыру сыйақысы, брокерлiк және банктiк комиссия түрiнде валюталар алатын сақтандыру қағамдары мен банктерден; дивидент төлеуге, несие алуды және оған есептелген пайызды және т.б. қайтаруға мiндеттемесi бар заңды және жеке тұлғаладан туындайды.

    Халықаралық валюталық нарықтар iрi дүниежүзiлiк  қаржы орталықтарында орналасқан. Оның iшiнде, Хондайдағы, Нью-Йорктегi, Франкфуртна-Майнедегi, Париждегi, Цюрихтегi, Токиодағы, Сингапурдағы, Гонконгтағы iрi валюталық нарықтарды халықаралық төлем айналымында кеңiнен пайдаланылатын валюталар ұлттық валюталық нарықтарда белгiлi бiр еркiн алмастырылады, мысалы: Сингапур –доллары, Сауд-риалы, Кувейт –динары т.б. орналасқан банктер өз клиенттерiне валюталық қызметiн түсiндiредi.

    Валюталық нарықтағы операцияларға банктер  функциональдық көзқараспен қарасақ, валюталық нарықхалықаралық есеп айрысу, валюталық интервенциялау, пайда табуды қамтамасыз ететiн валюталық операциялардың жиынтығын бiлдiредi.

    Институционалдық  жағынан қарасақ, валюталық нарықҮкiметтiң, банктердiң, инвестициялық компаниялардың биржалардың брокерлiк конторалардың және шетелдiк банктердiң жиынтығы.

    Ұйымдастырылу – техникалық жағынан алсақ, валюталық нарық – банктердi халықаралық есеп айырысу барысында өзара байланыстыратын басқа да коммуникациялық жүйелер жиынтығын бiлдiредi.

    Валюталық жүйенің келесі құрамдас бөлігі валюталық  бағанның динамикасына әсер етеді, ол – төлем балансы.

    Валюталық нарық - бұл шетел валюталары мен шетел валютасын дағы бағалы қағаздарды сату және сатып алу операциялары жүзеге асырылатын арнайы орталықболып табылады.

    Валюталық операциялардың көлемi, сипатына және пайдаланатын санына қарай байланысты валюталық нарықтар үшке бөлiнедi.

    халықаралық;

    аумақтық;

    ұлттық (жергiлiктi)

    Халықаралық валюталық нарықтар iрi дүниежүзiлiк  қаржы орталықтарында орналасқан. Оның iшiнде, Хондайдағы, Нью-Йорктегi, Франкфуртна-Майнедегi, Париждегi, Цюрихтегi, Токиодағы, Сингапурдағы, Гонконгтағы iрi валюталық нарықтарды халықаралық төлем айналымында кеңiнен пайдаланылатын валюталар ұлттық валюталық нарықтарда белгiлi бiр еркiн алмастырылады, мысалы: Сингапур –доллары, Сауд-риалы, Кувейт –динары т.б. орналасқан банктер өз клиенттерiне валюталық қызметiн түсiндiредi.

Информация о работе Валютная система