Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2011 в 23:09, курсовая работа
Бүгiнгi әлемде экономикалық және шаруашылық қатынастар күннен-күнге даму барысында халықаралық валюта қатынастарының өркендеуi өндiріс күштердiң қарқынды өсуiмен, дүниежүзiлiк нарықтың қалыптасуы мен, халықаралық еңбек бөлiнiсiнiң тереңдеуiмен, шаруашылық байла ныста рының интернационалдануы және жаһанданумен сипатталады. Валюталық қатынастар халықаралық экономикалық қатынас тардың дамуына жалпы түрде өзiнiң оң әсерiн тигiзедi. Халықаралық валюталық жүйе дүниежүзiлiк шарушылықтың шеңберiндегi сатып алу және сату айналымын тудыратын әдiстер, құрал жабдықтар және мемлекетаралық ұйымдардың жиынтығынан тұрады. Оның пайда болу және одан әрi даму экономикасы халықаралық ақша кеңiстiгiндегi адекватты шарттарды талап ететiн ұлта ралық капитал үрдiсiнiң объективтi дамуын бейнелейдi.
Кіріспе..................................................................................................................... 3 1. Валюталық жүйенің мән – мағынасы, реттеу құралдары ................................. 1.1. Валюталық жүйенің мәні, негізгі элементтері
валюталық бағам түрлері ...................................................................
1.2. Валюталық бағамның экономикаға әсері ...................................................
2. Қазақстан Республикасының валюта нарығына талдау жасау
2.1. Валюта нарығының серпінділігін талдау .................................................
2.2. .........................................................................
2.3. ..................................................................................
3. Валюталық жүйенің қайшылықтары, оларды шешу жолдары
3.1.Валюталық жүйенің жалпы сипаттамасы.
3.2. Қазіргі кездегі валюталық жүйенің қайшылықтары
3.3. Валюталық жүйе қайшылықтарын шешу жолдары
Қорытынды ......................................................................................................
Қосымшалар .....................................................................................................
Банкаралық валюта нарығының операцияларында ұлттық валюталарды АҚШ долларына қарап бағалау басымырақ, бұл доллардың халықаралық төлем және резервтiк құрал ретiндегi ролiмен түсiндiрiлдi. Банктер сауда-өнеркәсiп клиенттерiне валюта бағамын белгiлегенде әдетте кросс- курстi негiз етiп алады. Кросс-курс- ол екi валюта бағамдарының үшiншi валютаға (әдетте АҚШ долларына) қатысты арақатысы. Мысалы, егер Швейцария банкi швейцарлық франкiнiң ГФР маркасына қатысты бағамын анықтағысы келсе, онда оны марка мен франк бағамдарын долларға салыстырумен шығарып алады. Мысалы;
1,6790 ГФР маркасы =1АҚШ долларға.
1,4940 швейц. Франкiсi = 1АҚШ долларға, онда
1ГФР маркасы = 1,4940:1,6790 = 0,8898 швейц. франкiсi.
Банктер сатушы және сатып алушы бағамдарын белгiлейдi. Сатушы бағамы-ол банктiң валютаны белгiленген бағаммен сатуға дайындығы, ал сатып алушы бағамы банктiк валютаны сол бағамен сатып алуға дайын болуы. Тiкелей котировка бойынша сатып алушы бағамынан сатушы бағамы әрдайым жоғары. Олардың арасындағы айырма банктiң пайдасын құрайды.
Сондай-ақ, ресми, банкаралық, биржалық валюта котировкалары болады. Ресми валюталық котировканы орталық банк жүргiзедi. Ол есеп жүргiзу мақсатында, кедендiк төлемдерде, төлем балансын құрастырғанда қолданылады. Өнеркәсiбi дамыған елдерде валюталық операциялардың негiзгi бөлiгi биржадан тыс банкаралық валюта нарығында өтетiндiктен, бұл елдердiң iшкi нарықтағы қолданатын негiзгi бағамы банкаралық баға. Банкаралық котировканы iрi коммерциялық банктер белгiлейдi.
Валюта нарығына басқа қатысушылар банкаралық бағамға бейiм деледi. Ол банк клиенттерi үшiн баға белгiлеу негiзi ретiнде қолданылады. Биржа лық бағам анықтама сипатында болады. Биржалық баға белгілеу валютаны сатып алу-сату үшiн биржаға түскен арыздарды жүелi түрде салыстыру негi зiнде құрастырылады.
Жалпы валюта бағамының өзгеруi ел экономикасына екi жақты әсер етедi. Ұлттық валюта бағамының төмендеуi, әдетте экспортшыға тиiмдi, себебi ол қымбаттаған шетел валютасымен (мысалы доллармен) түскен түсiмдi арзандаған ұлттық валютаға (егер 1 долларға теңгенiң бағамы 1теңгеден 150-ге дейiн төмендесе, онда 1 долларға келетiн үстеме 5 теңгеге тең) айырбастаған кезде экспорттық сыйақы алады. Демек, экспорттаушылар бағасы орташа әлемдiк бағадан төмен тауарларды алып кетудi кеңейту жолымен өзiне түсетiн пайданы ұлғайту үшiн ұмтылады.
Бұл тұста импортшылар ұтылады, себебi валютаны келiсiм-шарт бағасымен сатып алу қымбатқа түседi (жоғарыдағы мысалда доллар 130 теңге емес 150 теңге тұрады). Ұлттық валютаның бағамы төмендегенде онымен көтерiлген iс- жүзiндегi қарыз төмендейдi, бiрақ сатып алуы қымбатқа түсетiн шетел валютасымен көрсетiлетiн сыртқы қарыз өседi.
Шетел ақша өлшамдерiмен салыстырғандағы ұлттық валютаның бағамының өсуi, негiзiнде, халықаралық экономикалық қатынастарға керi әсерiн тигiзедi. Валюта бағамының ауытқу салдары елдiң валюта-экономикалық және экспорттық әлеуетіне, оның әлемдiк шаруашылықтағы орнына байланысты болады.
2.1.
Валюта нарығының
серпінділігін талдау
Валюта нарығының серпінділігі – валюта көрсеткіштерінің өзгеру деңгейі мен осы үрдістің экономикаға әсері. Валюта көрсеткіштері өзгертілуін валюта нарығының тұтынушыларына көрсетудің негізі – айырбас бағамы.
Макроэкономикалық факторлар 2011 жылы теңгенің нығаюына арналған алғышарттардың жасалатынын растайды. Бірқатар түбегейлі факторлар, оның ішінде мұнай бағаларының өсуі, республиканың ауқымды халықаралық резервтері, номиналдық ақшалай кірістері өсуінің жыл сайынғы қарқыны қолма-қол шетел валютасы нарығына әсер етеді. Шетел валютасына сұраныс тың шамалы өсу қарқыны болған кезде сақталатынын атап өткен жөн. Осыған байланысты, жинақ ақшаның құрылымы (қоржыны) туралы ойлау қажет. Долларды сатып алу және оларды ұзақ уақытқа жинақтау аса дұрыс емес, себебі қазір долларға басқа валюталардың бәсекелес болу ықтималдылығы бар. Мысалы, Қытай юані ақша жинақтау валютасы болуы әбден мүмкін. Қазіргі уақытта юаньнің нығаюы байқалып отыр және оның резервтік валюталар санатына өтуі мүмкін. Қытай юанінің тұрақтылығы Азияның Қытай юанін АҚШ долларымен қатар еркін айырбасталатын валюта ретінде қолдану ықтималдылығын талқылауды бастаған елдерінде осы валютаға сенімділік туғызды. Өткен үш жылдан астам уақыттағы юань ревальвациясы Америка долларына қатысты 20% асты. Нәтижесінде юаньді интернационалдандыру барысы ҚХР-дың мемлекеттік стратегиясының бір бөлігі болып табылады және біртіндеп іске асыруға және юаньді сыртқы сауда саласында және сыртқы сауда операцияларында есеп айырысу валютасы ретінде қолдану аумағын кеңейтуге жатады. Нарықты басқару шеберлігі тек трендтерді көру ғана емес, сонымен қатар оларды ескере отырып, тұрақтылықты сақтауда.
Валюталық нарықтар уақтылы есеп айырусыларды жүзеге асыруды, валюталық қаражаттарды бiршама тиiмдi пайдалануын, валюталық операция ларға қатысушылардаң валюталық бағамдар айырмасы түрiнде пайда алуын, валюталық тәуекелдердi сақтандыруды, валюталық бағамдарды реттеудi, валюталық саясатты жүргiзудi қамтамасыз ете отырып, iшкi және халықа ралық төлем айналымына қызмет етедi.
Халықаралық есеп айырысудың өзiндiк ерекшелiгi барлық елдер үшiн жалпыға бiрдей қабылданған төлем құралының болмауында. Сондықтан да сыртқы сауда, көрсетiлген қызметтер, несиелер, инвестициялар, мемлекетара лық төлемдер бойынша есеп айырысудың қажеттi шарты сатып алу-сату нысанында бiр валютаны екiншi бiрiне айырбастау болып табылады.
Валюталық нарықтарда шетел валютасына деген сұраныс пен ұсыныс ең алдымен сатылған тауарлар және көрсетiлген қызметтер үшiн валюталық түсiм алған экспортерлардан; сатып алған тауарлары мен көлiк және кеме компанияларынан алынған қызметтерi үшiн төлемдерi төлеуде импорт терден; сондай-ақ көрсеткен қызметтерi үшiн фрахты, сақтандыру сыйақысы, брокерлiк және банктiк комиссия түрiнде валюталар алатын сақтандыру қағамдары мен банктерден; дивидент төлеуге, займды, несиенi және оған есептелген пайызды және т.б. қайтаруға мiндеттемесi бар заңды және жеке тұлғаладан туындайды.
Сонымен, валюталық нарықтарда валюталық операцияларды жүргiзуге халықаралық сауда мен оған байланысты көрсетiлген қызметтер және халықаралық капиталдар мен несиелер қозғалысы негiз болып табылады.
Валюталық
нарықтар-сұраныс пен ұсыныс негiзiнде
ондағы айналатын валюталарға сауда-
Валюталық операциялардың көлемiне, сипатына және пайдаланылатын валюталар тобына қарай қазiргi валюталық нарықтар халықаралық, аймақтық және ұлттық (жергiлiктi) болып бөлiнедi.
Ұлттық
валюталық нарықтар деп, ережеге
сәйкес, халықаралық операцияларды
жүргiзуге маманданбаған, өз клиенттерiне
(олардың қатарында
2011 жылғы қыркүйекте ішкі валюта нарығындағы ахуал шетел валютасы сұранысының оның ұсынысынан асуы жағдайында қалыптасты. Осы ай ішінде теңгенің АҚШ долларына бағамы 1 доллар үшін 146,46-147,87 теңге диапазонында өзгерді.
2011 жылғы қыркүйекте теңге 1,0% әлсіреді және теңгенің биржалық бағамы айдың аяғында 1 доллар үшін 147,99 теңгені құрады.
2011 жылғы қыркүйекте қыркүйекте Қазақстан қор биржасындағы биржалық операциялар көлемі қосымша сауда-саттықтағы мәмілелерді ескере отырып, 2011 жылғы тамызбен салыстырғанда 4,3% азайып, 7,0 млрд. АҚШ долл. болды. Биржадан тыс валюта нарығында операциялар көлемі 35,2% төмендеп, 3,3 млрд. АҚШ долл. құрады.
Тұтастай алғанда ішкі валюта нарығындағы операциялар көлемі 18,5% төмендеді және 10,1 млрд. АҚШ долларын құрады. 2011 жылғы қыркүйекте Ұлттық Банк ішкі валюта нарығында басым түрде шетел валютасын нетто-сатушы болды.
Сол
немесе басқа елдiң iшкi валютаға байланысты
операцияларды рет тейтін заңнаманың
ырықтандырылуына байланысты ресми
валюталық нарық “қара
Институционалдық
көзқараспен қарағанда,
Қалған банктер мен брокерлiк фирмалар өздерiнiң валюталық операцияларының iрi комерциялық банктердiң жетекшiлiк етуiмен, ережеге сәйкес олардың қарамағында жүзеге асырады. Валюталық нарықтардағы валюталық мәлiмелердiң 95 пайызға дейiнi банктермен брокерлiк фирмалар дың үлесiне келедi. Мұндай сызба, валюталық нарықты банк аралық нарық тәрiздi сипаттауға мүмкiндiк бередi.
Валюталық операцияларды жүргiзуге құқылы банктер өкiлеттi немесе девиздiк банктер деп аталады.
Девиздiк
банктердiң валюталық
Әдетте, валюталық операциялар банктер арасында тiкелей жүргiзiледi (телекс немесе телефон бойынша), бiрақ кейбiр елдерде (Скандинавия елiнде) Орталық банк өкiлдерiнiң валюталық нарыққа қатысушыларымен кездесетiн валюталық биржалар сақталған. Мұндай жағдай Қазақстан Республикасында да әрекет етедi, яғни Қазақстан қор биржасында аптасына 2 рет валютамен сауда жүргiзедi.
Нарықты қатысушы барлық мүшелерiн екi негiзгi топқа бөлуге болады. Бiрiншi топқа пассивтi қатысушылар, яғни оларда валюталық операциялар жүргiзу қажеттiлiгi әр кездерде туындайды да, баға белгiленiмiн бiлу үшiн олар басқа банктерге өтiнiш жасайды (маркет-юзерлер). Активтi қатысушылар өздерiне баға белгiленiмiн бiлуге өтiнiш жасайтын банктер үшiн бағаны белгiлейдi (маркер-мэйкерлер). Осы қатысушылар арасында iлiмнiң барлық жерлерiне таралған бөлiмше тораптары және үлкен диллерлер штаты бар. 20-ға жүық банктер ерекше бөлiнедi. Бұл банктер 100 млн. АҚШ долларындағы iрi сомаға мәмiле жасай отырып, валюталық нарыққа маңызды ықпал етедi.
Қазақстан Республикасы валюта нарығының ерекшелiгi халықаралық рынокқа шығу мәселесi тұрды, Қызықстанның халаыққаралық рынокқа шығуына кедергi болып тұрған кедергiлердiң негiзгiсi тенге конвертацияла нуы мәселесi. Шын мәнiсiнде қазақстандық теңге, бiр қатар валюталық шектеулер бар болғанымен, жартылай конвертацияланатын валюта болып табылабы. Тек осы бiр себептен ғана Қазақстандық әлемдiк валюта нарығы ның толық құқылы қатысушысы бола алмайды.
Қазақстан валюта рыногi әлi құрылған жоқ, ол әлi қалыптасу сатысында. Қазақстандық рынок мөлшерiнiң кiшiлiгiне байланысты кез-келген үлкен қаржы институты (оның iшiнде шетелдiк те) өзiне пайдалы екенiн көрсе, кiшкене ғана сiлкiнiс тудыруға мүмкiншiлiгi бар. Комерциялық банктермен сыртқы қарыздарды өтеу кезеңiнде нарықтан маңызды валюталық қаражаттың алынуы iске асады. Бүл теңге бағамында шағымсыз көрiнiсiн табады. Валюталық заңдар толық емес және қайшылыққа толы. Отандық валюталық рыноктiң ерекшелiгi, Оның пайда болу кезiнде Үкiмет теңгенiң iшкi конвортациялануын енгiзу жолына тұрды. Валютаны еркiн сату-атып алу жылдам отандық экономиканың долларлануына алып келдi. Оның деңгейi төмендемейдi, керiсiнше өсуде.