Шағын кәсіпорынның жоспарлау қызметін жетілдіру

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 21:58, курсовая работа

Краткое описание

Көпшілік салада жетістіктерге жету үшін кәсіпкер, кәсіпорынның даму стратегиясын жоспарлаудан бастайды және ол туралы шет елдердің басылымдарында төмендегідей кеңестер береді:
Қандай да болмасын зат өндірудің бір түрімен, немесе қызмет көрсетудін ерекше түрі бар монополияңыздың болуына талпыныңыз.
Сіздің бизнесіңіздің түрінің болашағы болу керек, сізге қарама-қарсы бәсекелестер (конкурент) бола тұрса да, тұрақты қажеттілікке жауап бере алатын болуы керек;
Өзіңіздің өнімдеріңізге (продукция) жаңадан сауда рыногтарын ұйымдастыра білуіңіз шарт.
Кез келген кәсіпорынның стратегиялық жоспары болуы керек;

Оглавление

Кіріспе.................................................................................................................3

1. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның қызметін жоспарлау мен болжаудын қажеттілі...................................................................................6
1.1 Кәсіпорынның қызметін жоспарлау мен болжаудың мәні, әдістемелік негіздері және қаржы көрсеткіштері....................................................................6
1.2 Кәсіпорын стратегиянын қалыптастырудың негіздері..................................19
1.3 Жоспарлауды ұйымдастыру және оның қызметтері мен міндеттері........26

2. «РВ ДАЧИН» ЖШС-ның жоспарлау қызметін зерттеу мен экономикалық жағдайын талдау........................................................................31
2.1 Нарықтық жағдайдың және «РВ ДАЧИН» ЖШС-нің жалпы сипаттамасы...............................................................................................................31
2.2 «РВ ДАЧИН» ЖШС-нің экономикалық жағдайын талдау............................33
2.3 «РВ ДАЧИН» ЖШС-нің табыстылығын талдау.............................................42

3. Шағын кәсіпорынның жоспарлау қызметін жетілдіру..............................48
3.1 Жоспарлау әдістерінің кәсіпорындарға әсер етуінің ерекшеліктері.............................................................................................................48
3.2 Өндірістің рентабельділігі және оны арттыруды жоспарлау.........................53
3.3 Кәсіпорынның экономикалық жағдайын жақсартуға ұсыныстар..................58

Қорытынды.........................................................................................................60
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................................................62

Файлы: 1 файл

Кәсіпорын қызметін жоспарлау және болжамды іске асыру.docx

— 320.64 Кб (Скачать)

Жоспар - іс-қимылдарды немесе шараларды жүзеге асырырудың тәртібін, мерзімін, дәйектілігін анықтайтын тапсырмалардың біртұтас мақсатына жетуге бағытталған өзара байланысты жүйе.

Жоспарлау - жоспарлаудың өзін әзірлеуді, оның орындалуын ұйымдастыруды және атқарылуын бақылауды  қамтитын процесс.

Шаруашылық  жүргізудің нарықтық жүйесінде сонымен бірге индикативтік, яғни ұсынбалы (нұсқамалы) жоспарлау пайдаланылады; ол ақпараттық - үйлестіруші рөлді атқарады және қаржы қызметінің субъектіліріне экономикалық зерттеушіліер арқылы жанама түрде ықпал етеді. Индикативтік жоспарлау нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеуде және экономиканың стратегиялық ұзақ мерзімді бағыттарын анықтауда маңызды орын алады, мұның процесінде экономиканы ойдағыдай дамытудың бүкіл шегі анықталады.

Қазақстанда индикативтік жоспарлау 1993 жылдан бері енгізіледі. Оны жасау барысында  Батыс Еуропа және Шығыс Азия елдерінің  тәжірибелері негізінде алынып келеді. 1996 жылдан бері ағымдағы индикативтік (жылдық) жоспарлау негізінде мемлекеттік  бюджетті құру жұмыстары қалыптасты.

Индикативтік  жоспарлаудың ажырағымсыз бөлігі индикативтік қаржылық жоспарлау юолып табылады, бұл жоспарлаудың басты мақсаты - болжанған дамуды қамтамасыз ету үшін қаржы ресурстарының шамаланған ауқымын және олардың бағытын атқару.

Индикативтік  қаржы жоспарларының мемлекеттік  секторлары үшін кепілдемелік сипаты болады. Соңғыға экономикалық тетіктерді-реттелетін бағаны, субсидияларды, кредиттерді, салық  мөлшерлері мен жеңілдіктерін, жеделдетілген  амортизацияны және басқалары пайдалану  арқылы жетеді. Аса маңызды индикаторларға мыналар жатады: валюта бағасы, инфляцияның  болжанған деңгейі, Ұлттык банктің қайта қаржыландыру мөлшерлемелері, амартизациялық аударымдарының нормалары [4]. 

Әлеуметтік-экономикалық болжау жүйесінде жоспарлау белсенді роль атқарады. Қаржы жоспарларын  әзірлеу кезінде өндірістік тапсырмаларың  қауыртығының дәрежесі тексеріледі, өнім өндіру мен оның сапасын жақсарту бойынша өндірістік қуаттарды неғұрлым толық пайдалану есебінен, шығындарды төмендету және өнімсіз шығыстарды қысқарту резервтері есебінен қаржы ресурстарын көбейтудің мүмкіндіктері анықталады. Өндіріске қолда материалдық ресурстарды тартуды, айналым қаражаттарының айналымдығын тездетуді, құрылыстың сметалық құнын төмендету, басқару аппаратын ұстау шығындарын қысқаруды және т.б. ескере отырып, сондай-ақ ақшаға деген қажеттілікті азайтудың жолдары қарастырылады. Сөйтіп, қаржылық жоспарлау, бір жағынан - қаржыны басқарудың құралы, басқа жағынан - қоғамдық өндірістің процесіне ықпал жасаудың белсенді құралы болып табылады.

Жоспарлаудың әдістемелігі аса маңызды мына қағидаларға негізделген: орталықтандырылған көзқарастардың үйлесуі. Бұл қаржы жоспарларын жасағанда екі негіздің (бастаудың) - орталықтандырылған қаржылық жоспарлаудың жергілікті (төменгі) бастаманы барынша дамытумен ұштасуын білдіреді. Орталықтандырылған қаржылық жоспарлау мемлекетке біріңғай қаржы саясатын жургізуге мемлекет ауқымында қаржы ресурстарын бөлуді және қайта бөлуді нысыналы басқаруға мүмкіндік береді. Қаржылық жоспарлаудағы децентрализм өндірістік бірліктер мен биліктің жергілікті орындарының нақтылы жоспарлау жасап, оларды орындаудағы, өндірісті өркендеудің және оның нәтижелігі артырудың резервтерін іздестірудегі шығармашылық белсенділігін дамытуға жәрдемдеседі.

Биіліктің жергілікті органдары бюджеттерінің  аумағына орналасқан шаруашылық жүргізүші  субъектілер қызметінің нәтижесіне тәуелділігін белгілейтін ұзақ мерзімді нормативтердің негізінде аймақтардың қаржыларын басқарудың экономикалық әдістеріне көшу үлкен маңызға ие болып келеді. Сонымен бір мезгілде жалпы мемлекеттік қаржыларды жүйелі түрде нығайту, мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін тұрақтылығын, қоғамдық өндіріс дамуының әлеуметтік бағдарлануын күшейтудегі, тиімділікті жоғарлатудағы оның ролін арттыру қажет.

Бірлік  қағидасы қаржылық жоспарлаудың экономикалық және әлеуметтік жоспарлаумен тығыз  өзара байланысты. Қаржы жоспарларының  негізінде экономикалық және әлеуметтік даму жоспарлары мен болжамдарының көрсеткіштері жатыр. Сонымен бірге қаржылық жоспарлаудың барысында объектінің дамуының белгіленген параметірлері дәлелденіп, анықталады. Экономикалық және әлеуметтік жоспардың жеке элементтері мен бөлімдерінің баланстық байланыстары тексеріледі. Қаржылық жоспарлаудың бірлігі сонымен бірге қаржы жоспарларының барлық түрлерімен тығыз өзара байланысты білдіреді. Жоғары ұйымдардың қаржы жоспарларының көрсеткіштері оған қарасты субъектілердің жоспарлы жобаларын қамтиды. Мемлекеттік деңгейде жасалынатын қаржы жоспарлары (мемлекттік бюджет) басқарудың жергілікті органдарының кәсіпорындары мен ұйымдарының қаржылық жоспарларының көрсеткіштерін тірек етеді.

Жоспарлаудың  үздіксіз қағидасы перспективалық және жылдық (ағымдағы) қаржы жоспарларының  тығыз үйлесуін қажет. Бұған перспективалық жоспарлаудың іс-қимылының мезгілін ұзартумен және жылдық жоспарлауда олардың міндеттерін нақтылаумен қолжетеді. Қаржыны жоспарлаудың бұл қағидасы ағымда жүргізіледі. Мұның өзі қаражаттарды толык тиімді дәрежесін анықтауға, ішкі шаруашылық резервтерді табуға мүмкіндік береді.

Екінші  кезеңде әлеуметтік және экономикалық даму жоспарлары мен бағдарламаларының  көрсеткіштері негізінде кірістері  мен шығыстардың негізгі топтары бойынша жоспарланатын жылға арналған кірістер мен шығыстардың нақты түрлерінің есеп-қисаптары жасалады.

Үшінші  кезеңде сметадағы тапсырмалар  және кірістердің баптары үйлестіріліп, теңестіріледі. Егер қарастырылған  шаралар мен жоспарлы тапсырмалар  ақша ресурстарымен сәйкес келмеген жағдайда табыстар мен қорланымдарды көбейтудің көздері іздестіріледі, оларды аса тиімді пайдаланудың жолдары анықталады, ал кейбір жағдайда шығындардың жеке түрлерін тікелей қысқарту қарастырылады.

Қаржылық  жоспарлаудың негізгі құжаты болып келетін қаржы жоспары шаруашылық жүргізуші субъектілердің, салалардың, аймақтардың және экономикалық және әлеуметтік даму жоспарлары мен болжамдарының көрсеткіштері жатыр. Сонымен бірге қаржылық жоспарлаудың барысында объектінің дамуының белгіленген параметірлері дәлелденіп, анықталады. Экономикалық және әлеуметтік жоспардың жеке элементтері мен бөлімдерінің баланстық байланыстары тексеріледі. Қаржылық жоспарлаудың бірлігі сонымен бірге қаржы жоспарларының барлық түрлерімен тығыз өзара байланысын білдіреді. Жоғары ұйымдардың қаржы жоспарларының көрсеткіштері оған карасты субъектілердің жоспарлы жобаларын қамтиды. Мемлекеттік деңгейде жасалынатын қаржы жоспарлары (мемлекттік бюджет) басқарудың жергілікті органдарының кәсіпорындары мен ұйымдарының қаржылық жоспарларының көрсеткіштерін тірек етеді [5].

Жоспарлаудың  үздіксіз қағидасы перспективалық және жылдық (ағымдағы) қаржы жоспарларының  тығыз үйлесуін қажет бұған перспективалық жоспарлаудың іс-қимылының мезгілін ұзартумен және жылдық жоспарлауда олардың міндеттерін нақтылаумен қолжетеді. Қаржыны жоспарлаудың бұл қағидасы ағымда жүргізіледі. Мұның өзі қаражаттарды толык тиімді дәрежесін анықтауға, ішкі шаруашылық резервтерді табуға мүмкіндік береді.

Екінші  кезеңде әлеуметтік және экономикалық даму жоспарлары мен бағдарламаларының  көрсеткіштері негізінде кірістері  мен шығыстардың негізгі топтары  бойынша жоспарланатын жылға  арналған кірістер мен шығыстардың  нақты түрлерінің есеп-қисаптары жасалады.

Үшінші  кезеңде сметадағы тапсырмалар  және кірістердің баптары үйлестіріліп, теңестіріледі. Егер қарастырылған  шаралар мен жоспарлы тапсырмалар  ақша ресурстарымен сәйкес келмеген жағдайда табыстар мен қорланымдарды  көбейтудің көздері іздестіріледі, оларды аса тиімді пайдаланудың жолдары  анықталады, ал кейбір жағдайда шығындардың  жеке түрлерін тікелей қысқарту қарастырылады.

Қаржылық  жоспарлаудың негізгі құжаты болып келетін қаржы жоспары шаруашылық жүргізуші субъектілердің, салалардың, аймақтардың және жалпы мемлекеттің ақшалай табыстары (кірістері) мен қорланымдарды құрудың және пацдаланудың жоспары болып табылады. Қаржы жоспары ұлттық шаруашылықтың ресурстарымен қамтамасыз етуін көрсетеді.

Басқарудың  барлық деңгейлерінде жасалынатын  саны көп қаржы жоспарларын бір  жүйеге келтіру үшін оларды көптеген белгілер бойынша сыныптаған орынды. Экономикалық әдебиеттерде олар негізгі  екі топқа бөлінеді: орталықтандырылған (жалпы мемлекеттік) және ортал ықтандырылмаған.

Орталықтандырылмаған  қаржы жоспарлары жалпы мемлекеттік  қаржы ресурстарының қозғаласын негіздейді. Мемлекеттің қаржы жүйесін  жүзеге асыратын қайта бөлу процестерін  белгілейді.

Нысаны  бойынша олар әрқашан құрама жоспарлар болып табылады, бірақ бұл оның жалғыз ғана белгісі емес. Сондай-ақ министірліктердің, ведомстволардың каржы жоспарларының құрамалық сипаты болады, бірақ олар қаржы жоспарларының да құрамалық сипаты болады, бірақ олар қаржы ресурстарының қозғалысын тек нақтылы саланың, ведомстваның шегінде ғана жобалайтындықтан олар орталықтандырылмаған жоспарлаға жатады. Орталықтандырылмаған қаржы жрспарлары ең алдымен өзінің мазмұнымен, ресурстардың объектісімен бірге сферасымен, жоспарлау әдістемесімен және арналымымен ерекшеленеді.

Орталықтандырылмаған қаржы жоспарларының мынадай елеулі белгілері болады:

Объектісі - микро деңгейде қалыптасып, бөлінітін  жалпы мемлекеттік ресурстар;

Қамтуы - мемлекеттің қаржы қызметінің сферасы, титісінше оның ұдайы өндіріс процесіне қатысушыларымен өзара қаржы қатынастары және сонымен бірге пайда болатын жалпы құндық ара қатынастар;

Негізгі мақсаты - жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді  қанағаттандырудағы мемлекеттің қаржылық мүмкіндіктерін анықтауға негізделетін нақтылы кезеңге арналған оның қаржы  жоспарын негіздеу.

Орталықтандырылған  қаржы жоспарының нысандары, мазмұны көбнесе тиісті мемлекеттің қаржы жүйесінің құрылысына, қаржы жүйесінің жеке буындарына, сондай-ақ нақтылы кезеңге қаржы көмегімен жүзеге асырылатын қайта бөлу процестерінің ерекшеліктеріне байланысты болады. Орталықтандырылған қаржы жоспарлары экономикалық және әлеуметтік процестерді мемлекттік реттеуде маңызды роль атқарады. Қазіргі кезде құрама қаржы жоспары жалпы мемлекеттік, салық аумақтық жоспарларды қамтиды. Мыналар жалпы мемлекеттік болып табылады: мемлекттің құрама қаржы балансы, мемлекттік бюджет, республикалық бюджет. Құрама қаржы балансы деп орта мерзімді (бес жылдық) кезеңге арналған дамудың жалпы мемлекеттік болжамының қаржылық бағдарламасын айтады.Оны жасаумен Қаржы Министірлігінің Ұлттық Банктің белсенді қатысуымен экономика және Бюджеттік жоспарлау Министірлігі айналысады Аймақтарда баланстың есеп-қисаптарын аймақтық органдар жүргізілуі тиіс [5].

Баланстың кіріс бөлігі мыналарды қамтиды: таза табыс, тұтынуға салынатын салықтар (ҚҚС, акциздер, кеден баждары), амортизациялық аударымдар, сыртқы сауда операцияларынан түсетін түсімдер, салықтар мен алымдар, қысқа мерзімді несиелендірудің ресурстары, ұзақ мерзімді несиелендірудің көздері.

Шығыстар  бөлігінің аса маңызды көрсеткіштері: экономиканы дамытуға жұмсалатын шығыстар (құрделі жұмсалымдарды қаржыландыру, айналым қаражаттарының өсіміне жұмсалатын шығындар, мемлекеттік субвециялар), сыртқы экономикалық операциялар жөніндегі шығыстар, әлеуметтік-мәдени шараларға жұмсалынатын шығыстар, басқару мен қорғаныс шығыстары, қысқа мерзімді несие салымдарының және ұзақ мерзімді несиелер алуға арналған қаражаттардың өсімі.

Құрама  қаржы балансы, сонымен ұлттық шаруашылық қаржы ресурстарын сипаттайтын қаржы көсеткіштерінің жүйесі болып табылады. Құрама қаржы балансында қамтылатын көрсеткіштердің құрамы елдің әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының материалдық және қаржылық үйлесімдерінің теңгерімділігін қамтамасыз етудің тетігі болып табылады. Бес жылдық мерзімді (жылдарға бөле отырып) жасаған кезде бұл баланс қаржы және ақша-несие қатынастарын дамытудың ауқымы мен сипатын алдын ала айқындайды. Құрама қаржы балансы ірілендірілген көрсеткіштері бойынша министірліктер мен ведомстволарға нақты бекітуінсіз жасалынады. Мәселен, онда қарастырылған таза табыстың сомасы субъектілердің мекен-жайлары бойынша бөлінбейді. Шығыстарда да осындай.

Дүние жүзінің  барлық елдерінде таралған маңызды  орталықтандырылған қаржы жоспары - мемлекеттік бюджет болып табылады. Оны жасаудың керектігі мемлекеттің  ақша ресурстарының көздері мен  ауқымын анықтаудың және жалпы мемлекеттік  қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін оларды ұтымды бөлудің қажеттілігінен туындайды [4].

Бюджетбаланс  нысанында жасалады. Онда ағымдағы кезеңге арналған елдің, оның аумақтарының экономикалық және әлеуметтік бағдарламасына сәйкес бүкіл түсім көздерінің толық жиналуына бюджет қаражаттарының ұғымды бөлінуіне және бюджеттің тапшылықсыз теңдестіруіне баса назар аударылады.  

Аса маңызды  оперативті қаржы жоспарының мемлекеттің  құрама қаржы балансынан бірқатар елеулі айырмашылықтары бар. Онда мемлекеттің  барлық кірістері емес, тек орталықтандырылған бөлігі қамтылып көрсетіледі. Бюджетте түсетін төлемдердің нақты аттары мен олардың төлеушілірі, арналым  және оларды алушылар көрсетіледі. Мемлекеттік  сақтандырудың құрама каржы жоспары  бұл ұйымның барлық ақша түсімдері мен стихиялық апаттарды ескертуімен және оның зардаптарын жоюмен байланысты ұйғарылған шығындарды анықтайды. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудың бюджеті әлеуметтік сақтандыру қаражаттарының жасау мен бөлуді жоспарлайды. Ол кәсіподақ ұйымдарының барлық кеңестерінің бюджеттерін, халықтың әлеуметтік қажеттерін, қаражаттарын біріктірді.

Информация о работе Шағын кәсіпорынның жоспарлау қызметін жетілдіру