Шағын кәсіпорынның жоспарлау қызметін жетілдіру

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 21:58, курсовая работа

Краткое описание

Көпшілік салада жетістіктерге жету үшін кәсіпкер, кәсіпорынның даму стратегиясын жоспарлаудан бастайды және ол туралы шет елдердің басылымдарында төмендегідей кеңестер береді:
Қандай да болмасын зат өндірудің бір түрімен, немесе қызмет көрсетудін ерекше түрі бар монополияңыздың болуына талпыныңыз.
Сіздің бизнесіңіздің түрінің болашағы болу керек, сізге қарама-қарсы бәсекелестер (конкурент) бола тұрса да, тұрақты қажеттілікке жауап бере алатын болуы керек;
Өзіңіздің өнімдеріңізге (продукция) жаңадан сауда рыногтарын ұйымдастыра білуіңіз шарт.
Кез келген кәсіпорынның стратегиялық жоспары болуы керек;

Оглавление

Кіріспе.................................................................................................................3

1. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның қызметін жоспарлау мен болжаудын қажеттілі...................................................................................6
1.1 Кәсіпорынның қызметін жоспарлау мен болжаудың мәні, әдістемелік негіздері және қаржы көрсеткіштері....................................................................6
1.2 Кәсіпорын стратегиянын қалыптастырудың негіздері..................................19
1.3 Жоспарлауды ұйымдастыру және оның қызметтері мен міндеттері........26

2. «РВ ДАЧИН» ЖШС-ның жоспарлау қызметін зерттеу мен экономикалық жағдайын талдау........................................................................31
2.1 Нарықтық жағдайдың және «РВ ДАЧИН» ЖШС-нің жалпы сипаттамасы...............................................................................................................31
2.2 «РВ ДАЧИН» ЖШС-нің экономикалық жағдайын талдау............................33
2.3 «РВ ДАЧИН» ЖШС-нің табыстылығын талдау.............................................42

3. Шағын кәсіпорынның жоспарлау қызметін жетілдіру..............................48
3.1 Жоспарлау әдістерінің кәсіпорындарға әсер етуінің ерекшеліктері.............................................................................................................48
3.2 Өндірістің рентабельділігі және оны арттыруды жоспарлау.........................53
3.3 Кәсіпорынның экономикалық жағдайын жақсартуға ұсыныстар..................58

Қорытынды.........................................................................................................60
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................................................62

Файлы: 1 файл

Кәсіпорын қызметін жоспарлау және болжамды іске асыру.docx

— 320.64 Кб (Скачать)

Отандық нарықтағы сату өсімі мемлекеттік  жобаларды жүзеге асыру арқылы, сонымен  қатар, шағын және орта бизнес  кәсіпорындарының іскерлік белсенділіктерінің артуына  байланысты байқалады. 2000 жылдан бастап мемлекет экономикасының өсуімен қатар  қазақстандық АТ нарығы да өте тез  қарқынмен дамыды. Осы өсімнің  негізгі екі жүргізушілері, яғни бір жағынан Қазақстандағы АТ нарығының қанағаттанбауы, екінші жақтан ел экономикасының тез дамуы, нарыққа  көп уақыт бойы жағымды әсер етіп отырады.

Қазақстанда телекоммуникациялық жеткізулер –  компьютерлік техника және олардың  құрастырушылар – нарығына қарама-қайшы  АТ нарығының бөлігі қойылады. Дегенмен, осы нарықты тауармен толықтыру  процессі             аса түсінікті және анық емес өзінің ережелері бойынша өмір сүруде. Бұл  жерде өте күшті және қатаң  бәсекелестікпен шарттастырылған  сапалық жақсаруларды байқауға болады. «Yellow Pages of Kazakhstan» мәліметтері бойынша, Қазақстандық нарықта  бүгінгі таңда компьютерлік техниканы және олардың құрастырушыларын жеткізуші фирмалардың саны 300 шамасында.

Қазақстандағы АТ нарығының жалпы тенденциясы  мен ерекшеліктері персоналды компьютерлер және перифериялық құрылғалар нарығының  мысалында жақсы көрінеді. IDC мәліметтері бойынша,  2011 жылы Қазақстандағы ПК нарығы 113000 бірлікке жетті және 2010 жылмен салыстырғанда 11,6%-ға өсті. Бұл көрсеткіштер бір жағынан өсімнің сенімді көлемі емес. Дегенмен, бұл көрсеткіштер ПК нарығының да, Қазақстанның АТ нарығының да бір негізгі ерекшелігін — оның ірі жобаларға байланыстығын сипаттайды.

Белгілі бір жылдың нәтижесі осы жылы жаңа техникамен қамтамасыз ету,  ақпараттық желілерді және жүйелі интеграцияны құрастыру  бойынша ірі компаниялар  мен мемлекеттік ведомствалардың  бағдарламалары жүзеге асырылуына байланысты. Еліміздегі ақпараттық технологиялар  нарығы дер кезінде жүргізілген  либералды экономикалық реформаларға байланысты тұрақты өсім сипатына ие болды.

Экономика өзінің одан арғы дамуына әрдайымғы  АТ қамтамасыз етуді талап етеді, осыдан АТ тауарларға сұраныстың үнемі  өсімі туындайды. Бұл процесстің директивті емес, табиғи сипатта болуының маңыздылығы жоғары: АТ тауарлар мен  қызметтерге деген сұраныстың қалыпты  өсімі экономиканың салыстырмалы еркін  дамуымен қамтамасыз етіледі, қазақстандық экспорт тауарларына әлемдік  нарықтардың жағымды коньюктурасы оны тек жылдамдатады. Эксперт  мамандардың пайымдауынша 2030 жылға  таман Қазақстан экономикасына  бағытталған тура инвестициялар  көлемі 25 млрд. АҚШ долларын құрайды, оның 25% республиканың  телекоммуникациялық  саласын  дамытуға  жіберіледі [10].

Қазақстандағы АТ нарығы өсімі тұрақтылығы АТ нарығының  басқа  екі түрінің – принтерлер мен копирлердің – мысалында  жақсы көрініс табады.  2009 жылы қазақстандық компаниялар мен әкімшіліктерде  ұйымдастыру техникасын жаңарту бойынша аса ірі бағдарламалар болған емес, дегенмен принтерлер сатылымы 26,4% өскен болатын.   Сонымен қатар, 2010 жылдың өзінде принтерлер нарығы тез қарқынмен өскен болатын (34%). 2011 жылы елге 90000 аса принтерлер жеткізілген.  Осы жылғы бұл өсім ірі жобалардың болмауына қарамастан 48,4% құраған. IDC болжамды мәліметтері елде алдынғы жылы 150 мыңнан аса персоналды компьютер сатылғанын көрсетеді. Бұл көрші Ресей деңгейінен әлі де алыста, осы елдің нарығы өткен жылы 3млн.878 мың персоналды компьютерлерді (1000 тұрғынға 27 дана) құрған болатын. Біз осы салада Германия және Ұлыбританиядан алыста орналасқанбыз. IDC-дің болжамды мәліметтері бойынша осы елдерде сәйкесінше 1000 тұрғынға 94 және 126 ПК құрады. Көріп тұрғанымыздай Қазақстанның одан арғы даму резерві өте үлкен [11].

«РВ ДАЧИН» ЖШС компьютерлік құрал-жабдықтары нарығының белсенді қатысушысы болып келеді. Негізгі қызмет түрі болып компьютерлік құрал-жабдықтардың дистрибуциясы мен оларды бөлшек сауда және көтерме саудада сату табылады.  Кәсіпорын 1997 жылы құрылған.

Серіктестік жеке кәсіпорын болып табылады және өзін-өзі толық ақтау негізінде  өз қызметін жүзеге асыруда. «РВ ДАЧИН» ЖШС-гі нарықты компьютерлік құрал-жабдықтар өнімдерімен қамтамасыз ету және халыққа қызмет көрсету мақсатымен ұйымдастырылған.

«РВ ДАЧИН» ЖШС-гінің өнімдерінінің негізгі тұтынушылары болып келесілер табылады: қала және жақын аймақтар тұрғындары, Ақтөбе қалаларының сауда орталықтары, жеке кәсіпкерліктер«РВ ДАЧИН» ЖШС-гінің негізгі бәсекелестері болып аймақтың ірі компьтерлік орталықтары, сонымен қатар басқа аудандардың аналогтық кәсіпкерліктері де табылады.

«РВ ДАЧИН» ЖШС-нің төрағасы болып Улдарбекова Гүлназира Мухатаевна келеді. Білімі жоғары, мамандығы бойынша              ұйымдастырушы-экономист. Жұмыс істеу стажы 27 жылды құрайды. «РВ ДАЧИН» ЖШС-нің қызметкерлер персоналының саны 46 адам [9].

«РВ ДАЧИН» ЖШС-нің қызметкерлері жұмысқа тіркеу келісімшарттары негізінде жұмыс істейді. Кәсіпорын басқа да көптеген кәсіпорындар секілді өз қызметін локальді нарықта қарапайым реселлер ретінде бастаған                  болатын. Кәсіпорынның тұрақтануы мен нық басуында, компьютерлік          техника мен құрастырушылардың өндірушілерінен бастап соңғы             тұтынушыға дейінгі ұзын тізбектің бастауында тұрған, бизнесті дамыту департаменті маңызды рөл атқарды. Бастапқыда кәсіпкерлік қызметі бөлшек сауда тұтынушылары секторына бағытталған.  Уақыт және жағдайлардың өзгерістеріне байланысты 2009 жылы тендерлік сатып алулар бойынша жұмысты және компьютерлік, перифериялық техникамен қамтамасыз                  етуді координациялайтын тендерлік бөлім ұйымдастырылды. Кәсіпорын                 өз коиенттеріне компьютерлік құрастырушылар және аксессуарлардың            күрделі ассортиментін ұсынады. Бұнда HP және Canon принтерлері мен сканерлерін, 10 астам роутбуктер атауларын кездестіруге болады.              Ноутбуктер мен персоналды комьютерлер алты өндірушілерден ұсынылады: HP, Compaq, Sony, Toshiba, AsusTek, Fujitsu-Siemens.

 

 

2.2 «РВ  ДАЧИН» ЖШС-нің экономикалық жағдайын  талдау

Кәсіпорынның негізгі қаржы-шаруашылық іс-әрекетін сипаттайтын статистикалық мәліметтерді талдау кәсіпорынның ағымдағы жағдайын талдау арқылы болашақтағы болжамды кезеңдегі экономикалық қауіпсіздікті анықтау, экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағдарламаарының бюджетін құрастыру және жалпы стратегиялық талдау мен жоспарлау үшін қажет. Экономикалық болжамы жағымсыз болған жағдайда талдау мен болжамның нәтижелерін кәсіпорынның бюджетін жоспарлауда ескеру қажет және кәсіпорынның кризистік жағдайдан шығуының немесе осындай жағдайдың алдын-алудың сәйкес шаралар кешенін құрастыру қажет.

Критериалды функцияны құрастыру үшін экономикалық бағалаудың индикаторларын таңдау қажет. Экономикалық қауіпсіздік кәсіпорынның экономикалық қызметіне тығыз байланысты болғандықтан, ал экономикалық қызметті сипаттайтын басты құжат болып  кәсіпорынның бухгалтерлік есептілігі табылатындақтан экономикалық қауіпсіздік  критерийлерін таңдау кәсіпорынның қызметінің мәні болып келетін сәйкес индикаторларды (мысалы – қызметкерлерге еңбекақы шығындары) алынуы тиіс.

Бухгалтерлік  есептілікті талдау – міндетті құбылыс  болып табылады. Оның көмегімен кәсіпорынның өткен және ағымдағы жағдайы мен  қызмет етуінің нәтижелері бағаланады. Сәйкесінше, кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің және кәсіпорынның экономикалық қауіпсізідігінің нақты болжамды бағалануы  тек осындай талдауға негізделіп қана жүзеге асырылуы мүмкін.

Кәсіпорынның  мүліктік жағдайын талдау. Баланс активтерінін құрамы мен құрылымының динамикасын талдау – кәсіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінін абсолютті және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.

Қаржылық  есептің маңызды элементі болып  саналатын активтерді, талдау барысында, осы активтердің нақты қолда  бары, құрамы, құрылымы және оларда болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің  жалпы құрылымын және оның жеке топтарын талдау, олардың рационалды таратылуын талқылауға мүмкіндік береді [12].                                                                                                          

 

Кесте-3

«РВ ДАЧИН» ЖШС-і балансының активтер бөлігінің құрамы мен құрылуы

 

Активтер

 

Сомасы, мың теңге

2008 жыл

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ АКТИВТЕР

197749

216634

234540

246785

Оның ішінде:

  • Негізгі құралдар

146361

168022

185635

210260

  • Аяқталмаған өндіріс

25260

26240

28345

17280

  • Ұзақ мерзімді қаржылық салымдар

25613

21877

20000

18590

  • Алдағы кезең шығындары

515

495

560

655

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ АКТИВТЕР

132291

132992

131053

113436

Оның ішінде:

  • Тауарлы-материалдық қорлар

59610

59240

58780

53600

  • Дебиторлық борыш

59346

59970

58458

47725

  • Қысқа мерзімді қаржылық салымдар

783

842

856

720

  • Ақша қаражаттары

6237

6590

6469

5576

  • Басқа да қысқа мерзімді активтер

6315

6350

6490

5815

БАРЛЫҒЫ

330040

349626

365593

360221

Ескерту - «РВ ДАЧИН» ЖШС бухгалтерлік балансы


 

Кесте 4

«РВ ДАЧИН» ЖШС-і балансының пассив бөлігінің құрамы мен құрылуы

    

Активтер

Сомасы, мың теңге

2008 жыл

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

МЕНШІК КАПИТАЛ

259303

280726

298275

299410

Оның ішінде:

  • Жарғылық капитал

 

12580

 

12580

 

13395

 

13395

  • Қосымша капитал

195640

209280

220468

223375

  • Резервтік капитал

4273

4472

3932

3225

  • Бөлінбеген табыс

46810

54394

60480

59415

МІНДЕТТЕМЕЛЕР

70737

68900

67318

60811

Оның ішінде:

  • Ұзақ мерзімді міндеттемелер

 

-

 

-

 

-

 

-

  • Қысқа мерзімді міндеттемелер

522

519

493

456

  • Қысқа мерзімді несиелер

5176

5102

4325

3175

  • Кредиттік борыш

45237

44602

43325

41835

  • Алдыңғы кезең кірістері

3822

3603

3610

3570

  • Басқа да несиелік борыштар

15980

15074

15565

11775

БАРЛЫҒЫ

330040

349626

365593

360221

Ескерту - «РВ ДАЧИН» ЖШС-нің бухгалтерлік балансы


 

Қаржылық  қауіпсіздікті анықтауда бухгалтерлік баланс валютасындағы ағымдағы активтер үлесін анықтау маңызды: ағымдағы активтер құнының кәсіпорынның барлық мүлкінің құнына қатынасымен анықталатын  кәсіпорын активтерінің іске тартылу  (мобильді) коэффициентінің өсуі [13]. Ол қарызды өтеуге арналған қаражат үлесін сипаттайды. Коэффициент мағынасы артқан сайын кәсіпорынның үздіксіз жұмысты қамту және кредиторлармен есеп айырысу мүмкіндігі де арта түседі. Қаржы тұрғысынан алғанда оның өсуі актив құрылымындағы жағымды өзгеріс болып табылады - яғни мүлік әлдеқайда мобильді (іске тартылған) болады, бұл оның айналымдылығының жылдамдығын және оны пайдалану тиімділігінің өскендігін көрсетеді. Баланстағы ағымдағы актвитер үлесі 2008 жылы 0,314, 2009 жылы 0,358, 2010 жылы 0,38 және 2011 жылы 0,4 деңгейінде болды (есептелуі                                        А ҚОСЫМШАСЫНДА көрсетілген). Кәсіпорын активтерін таратудың тиімділігін сипаттайтын келесі көрсеткіш - мобильді және иммобильді қаражаттар қатынасының коэффициенті. Ол  келесідей анықталады:

 

                  (1)

 

Бұл қатынастың қолайлы және қауіпті көлемі, кәсіпорынның салалық ерекшіліктеріне байланысты. Өндірістік кәсіпорындарда берілген көрсеткіштің дең-гейі 0,5-тен төмен болмауы  тиіс.                                                                                         

Талданып  отырған кәсіпорында бұл көрсеткіш  деңгейі 2008 жылдан 2011 жылдарда сәйкесінше 0,67, 0,613, 0,56 және 0,5 көлеміндегі мәндерін құрады.

Көріп отырғанымыздай 2011 жылы бұл көрсеткіш өзінің ең шекті мәніне жеткен.

Кәсіпорын ең төменгі қаржылық тұрақтылыққа, кәсіпорын міндеттемелері кепілдендірілген түрде ағымдағы активтермен өтелген  жағдайда қол жеткізеді және келесі шарттың орындалуы осы тұрақтылықтың  белгісі болып табылады:

 

  .

 

Есептеулер  нәтижесі жоғарыда аталған шарттардың орындалатынын дәлелдейді. (Есептеулер Ә ҚОСЫМШАСЫНДА берілген)

Кәсіпорынның  төлем қабілеттілігін талдау. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі оның қаржылық тұрақтылығының маңыз-ды белгілерінің бірі және сондықтан онымен тығыз байланысты болады. Сол себепті нарық экономикасы жағдайында оған көп көңіл бөлінеді. Кәсіпорынның төлем қабілеттігін талдау баланс өтімділігін талдаудан басталады.

Баланс  өтімділігін талдау мәселесін қарастырар алдында, жалпы активтердің, баланстың  және кәсіпорынның “өтімділігін”  анықтап алу керек.

Өтімділік кәсіпорынның сөзсіз төлем қабілеттілігін білдіреді және активтер мен міндеттемелердің арасындағы жалпы сомасы бойьшша  да, келіп түсу уақы-ты бойынша да әрдайым теңдікті көрсетеді. Кәсіпорынның өтімділігі шын мәнінде баланс өтімділігін  көрсетеді. Сондықтан кәсіпорынның төлем қабілеттілігін бағалау үшін бухгалтерлік баланстың көрсеткіштерін тереңінен зерттеу керек.

Информация о работе Шағын кәсіпорынның жоспарлау қызметін жетілдіру