Шағын кәсіпорынның жоспарлау қызметін жетілдіру

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 21:58, курсовая работа

Краткое описание

Көпшілік салада жетістіктерге жету үшін кәсіпкер, кәсіпорынның даму стратегиясын жоспарлаудан бастайды және ол туралы шет елдердің басылымдарында төмендегідей кеңестер береді:
Қандай да болмасын зат өндірудің бір түрімен, немесе қызмет көрсетудін ерекше түрі бар монополияңыздың болуына талпыныңыз.
Сіздің бизнесіңіздің түрінің болашағы болу керек, сізге қарама-қарсы бәсекелестер (конкурент) бола тұрса да, тұрақты қажеттілікке жауап бере алатын болуы керек;
Өзіңіздің өнімдеріңізге (продукция) жаңадан сауда рыногтарын ұйымдастыра білуіңіз шарт.
Кез келген кәсіпорынның стратегиялық жоспары болуы керек;

Оглавление

Кіріспе.................................................................................................................3

1. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның қызметін жоспарлау мен болжаудын қажеттілі...................................................................................6
1.1 Кәсіпорынның қызметін жоспарлау мен болжаудың мәні, әдістемелік негіздері және қаржы көрсеткіштері....................................................................6
1.2 Кәсіпорын стратегиянын қалыптастырудың негіздері..................................19
1.3 Жоспарлауды ұйымдастыру және оның қызметтері мен міндеттері........26

2. «РВ ДАЧИН» ЖШС-ның жоспарлау қызметін зерттеу мен экономикалық жағдайын талдау........................................................................31
2.1 Нарықтық жағдайдың және «РВ ДАЧИН» ЖШС-нің жалпы сипаттамасы...............................................................................................................31
2.2 «РВ ДАЧИН» ЖШС-нің экономикалық жағдайын талдау............................33
2.3 «РВ ДАЧИН» ЖШС-нің табыстылығын талдау.............................................42

3. Шағын кәсіпорынның жоспарлау қызметін жетілдіру..............................48
3.1 Жоспарлау әдістерінің кәсіпорындарға әсер етуінің ерекшеліктері.............................................................................................................48
3.2 Өндірістің рентабельділігі және оны арттыруды жоспарлау.........................53
3.3 Кәсіпорынның экономикалық жағдайын жақсартуға ұсыныстар..................58

Қорытынды.........................................................................................................60
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................................................62

Файлы: 1 файл

Кәсіпорын қызметін жоспарлау және болжамды іске асыру.docx

— 320.64 Кб (Скачать)

Баланс  өтімділігін талдаудың мәні –  активтегі өтімділік дәрежесі бойынша  топталған қаражаттарды пассивтегі міндеттемелермен салыстыруда. Актив  пен пассив баптары белгілі бір  тәртіппен топталады.

Өтімділік дәрежесіне, яғни ақша қаражаттарына  айналу жылдамдығына байланысты кәсіпорын  активтері келесідей топтарға бөлінеді:

А1. Ең өтімді активтер. Әлемдік тәжірибеде бұларға кәсіпорынның ақша қаражаттарының барлық баптары мен құнды қағаздары жатады.

А2. Тез өткізілетін активтер. Бұларға қысқа мерзімді дебиторлық борыш басқа да активтерді жатқызады.

А3. Баяу өткізілетін активтер. Бұларға тауарлы-материалдық қорлар жатады.

А4. Қиын өткізілетін активтер. Бұлардың құрамында ұзақ мерзімді активтер жатқызылады.

Баланс  пассивтері оларды қайтару, төлеу уақытының  мерзіміне байланысты топтастырылады:

П1. Неғұрлым тезірек төленуге тиісті міндеттемелер. Бұларға уақытында төленбеген кредиторлық борыш, қарыздар, басқа да қысқа мерзімді міндеттемелер, жұмыскерлермен олардың алған қарыздары бойынша есеп айырысу көлемінен асқан мөлшерде жұмыскерлерге берілген қарыздар жатады.

П2. Қысқа мерзімді міндеттемелер – қысқа мерзімді несиелер мен заемдар және жұмыскерлерге арналған қарыздар.

П3. Ұзақ мерзімді міндеттемелер – ұзақ мерзімді несиелер мен заемдар.

П4. Тұрақты міндеттемелер. Бұған меншікті капитал жатқызылады.

Баланс  өтімділігін анықтау үшін актив  пен пассив бойынша келтірілген  топтар жиындарын салыстыру керек. Баланс толық өтімді деп келесідей  қатынастарда саналады:

 

 

Басқа сөзбен айтқанда, егер активтің сол алғашқы  үш теңсіздігінің әрбір тобы кәсіпорынның сәйкес міндеттемелер тобын жапса немесе оған тең болса баланс өтімді болады, кері жағдайда баланс  өтімді емес. Жоғарыда келтірілген жүйедегі алғашқы үш теңсіздіктің орындалуы төртінші теңсіздікті орындау қажеттілігін туғызады, сондықтан актив пен пассив бойынша алғашқы үш топтың жиындарын салыстыру маңызды орын алады. Төртінші теңсіздікті “баланстау” сипатын алады, сонымен қатар терең экономикалық мәні бар: оның орындалуын қаржылық тұрақтылықтың ең төменгі шарттарының сақталғандығын, кәсіпорынның меншікті айналым қаражатының барын дәлелдейді.  Баланстың топтастырылған баптарын кесте түрінде көрсету орынды болады. Топтастырылу Б ҚОСЫМШАСЫНДА берілген.

Жалпы баланс өтімділігі мына формуламен анықталады:

 

 

 

Біздің  кәсіпорын үшін оның мәні:

 

 

 

 

 

 

Бұл көрсеткіштің қолайлы мәні 0,9 төмен болмауы тиіс.

Алайда  бұл көрсеткіш кәсіпорынның қысқа  мерзімді міндеттемелерін өтеу жөніндегі  мүмкіндіктерін көрсете алмайды. Сондықтан, осы көрсеткішпен қатар, кәсіпорынның төлем қабілеттігін бағалау үшін, өтімді қаражаттардың жиынымен ажыратылатын, өтімділік көрсеткіштерінің бүтіндей жүйесі қолданылады.

Кәсіпорын жоғары немесе төмен дәрежеде өтімді болуы мүмкін, себебі ағымдағы активтердің  құрамына әртекті төлем қаражаттары  кіреді, бұлардың ішінде қысқа мерзімді міндеттемелерді жабуға арналған оңай өткізілетін де, қиын өткізілетін  де қаражаттар болады. Қарастырылған  жүйедегі маңыздылары болып үш көрсеткіш  саналады: абсолюттік өтімділік коэффициенті, жабудың аралық коэффициенті және жабудың  жалпы коэффициенті.

Өтімділік коэффициенті ақша қаражаттары мен тез өткізілетін бағалы қағаздардың мерзімді және қысқа мерзімді міндеттемелерге қатынасы ретінде есептеледі.

Ол баланс жасалған мерзімінде немесе жақын мезгілде ағымдағы қарыздардың қандай бөлігі өтелетінін көрсетеді.

Осы көрсеткіштің  дұрыс шектеуі келесі түрде болады:

 

    (2)

 

Ка.ө  ≤ 0,2-0,3

Бұл –  ағымдағы міндеттемелердің қандай бөлігі жедел өтелуі керек екендігін  көрсететін төлем қабілеттілігінің қатаң белгісі [15].

Біздің  кәсіпорын үшін оның мәні келесідей  болды.

 

Кесте 5

Ағымдағы  өтімділік коэффициенті

Көрсеткіш атауы

Жылдардағы мәндері

2008 жыл

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

Абсолюютті өтімділік коэффициенті

0,09

0,11

0,1

0,1

Ескерту – «РВ ДАЧИН» ЖШС-нің мәліметтерімен құрастырылған


 

Аралық  жабу коэффициентін есептеу үшін ақша қаражатының құрамына алдыңғы көрсеткіштің алымына дебиторлық борыш және басқа да активтер қосылады. Аралық өтеу коэффициентінің қалыпты төменгі шегін бағалау былайша өрнектеледі:

Кар.ө  1

Біздің  кәсіпорын үшін оның мәні:

 

 

 

 

 

 

 

Жалпы жабу коэффициенті барлық ағымдағы активтердің жедел                 және қысқа мерзімді міндеттемелердің көлеміне қатынасын көрсетеді. Ол ағымдағы активтер мен міндеттемелердің қандай есесін өтейтінін белгілеуге мүмкіндік береді жіне дебиторлармен өз уақытында есеп айырысу және дайын өнімді тиімді өткізу жағдайларында ғана емес, сонымен бірге материалды айналым құралдарының басқа элементтері қажет болған кезде сату жағдайында бағаланатын кәсіпорынның төлемдік мүмкіндіктерін көрсетеді [15].

Берілген  көрсеткіш үшін мына шектеу қалыпты  мән болып табылады:

Кағ.ө  ≤ 2,5

Біздің  кәсіпорын үшін оның мәндері 2008 жылы – 2,42, 2009 жылы – 2,47, 2010 жылы – 2,53 және 2011 жылы 2,31 болды.

Берілген  шектеу кәсіпорынның өтімді құралдарға тиімді қажеттілік деңгейі ағымдағы міндеттемелерден  2 есе асуы қажет  екендігін көрсетеді.   

Жоғарыда  есептелген көрсеткіштер өздерінің  белгіленген шектерінен шықпағандақтан кәсіпорын төлемқабілетті болып  табылады.

Кәсіпорынның  қаржылық тұрақтылығын талдау. Талдау жүргізушінің келесі әрекеті баланс активінің құрылу көздерін талдау болады.

Бұл кезде  кәсіпорын мүлкінің келіп түсуі, оны сатып алу және оны құрылуы  да, кәсіпорынның өзінің де, қарызға  алынған капиталдың да есебінен жүргізілуі мүмкін екендігін есте сақтау керек. Ал меншікті капитал мен қарызға  алынған капиталдың арасындағы қатынас  оның қаржылық тұрақтылығын көрсетеді.                                                                                                                        

Тәуелсіздік коэффициентін меншікті капиталды  барлық авансталған капиталға бөлумен  анықтайды:

 

    (3)

 

Бұл коэффициенттің өсуі кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі жоғары екендігін көрсетсе, алдағы уақытта қаржылық қиындықтардың  азаятындығын көрсетеді.                                                                                                                            

Дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде  бұл көрсеткіш мәні 0,7-ден жоғары болуы тиіс.                                                                               

Талданып  отырған жағдайда бұл көрсеткіштердің  мәндері келесідей болады.

 

 

 

 

 

Көріп отырғанымыздай, зерттеліп отырған кәсіпорында  тәуелсіздік кофэффициентінің көрсеткіштері  жыл сайын белгілі бір шамаларға  өсіп отырған.

Бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайының (тұрақтылығының) аз да болса жақсарғанын көрсетеді. Бұны тәуелсіздік коэффициентіне кері көрсеткіш болып табылатын қатыстырылған  капиталдың  барлық авансталынған  капиталдағы үлес салмағы да дәлелдейді. Оны тәуелділік коэффициенті деуге де болады. Ол мына формулармен анықталады:

 

Кт = Қк / АК  немесе Кт = 1 – Ктс                 (4)

 

Мұндағы: Кт -   тәуелділік коэффициенті;                                                                           

Қк -   қатыстырылған капитал;                                                                                              

Ак -  авансталған капитал (баланс валютасы, жиыны);                                                    

Ктс- тәуелсіздік  коэффициенті. 

                                                                                         

Бұл коэффициент  авансталған капиталдың жалпы сомасындағы қарыздың үлесін сипаттайды [16].                                                                                                                         

Бұл үлес жоғары болған сайын, кәсіпорынның сыртқы каржыландыру көзде-рінен тәуелділігі  жоғарылайды. Біздің кәсіпорынымызда  оның деңгейі 2008 жылы 0,21 (1 – 0,79), 2009 жылы 0,2 (1 – 0,8), 2010 жылы 0,18 (1 – 0,82) және 2011 жылы 0,169 (1 – 0,831) құрады.

Келесі, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын  меншікті капиталдың қатыстырылған  капиталға қатынасын көрсететін қаржыландыру коэффициенті болып табылады:

 

          (5)

 

Бұл коэффициент  жоғары болған сайын, соғұрлым банктер  мен инвесторлар   қаржыландыруға соғұрлым сенімді кіріседі.                                                                 

Біздің  кәсіпорынымызда бұл көрсеткіш  келесі берілгендермен сипатталады:          

   

 

 

 

 

 

Қаржыландыру  коэффициентінің өсу тенденциясы  байқалады.

Батыс фирмаларында қаржыландыру коэффициентінің кері көрсеткіші кеңінен қолданылады, қатыстырылған  капиталдың меншіктік капиталға  қатынасымен анықталатын қарыз  және меншікті қаражаттар қатынасының  коэффициенті:

 

          (6)

 

Бұл коэффициент  кәсіпорын активтеріне салынған меншікті қаражаттың әрбір теңгесіне  қанша қарыз қаражатын тартқанын  көрсетеді. Біздің кәсіпорынымызда  бұл көрсеткіш келесі берілгендермен сипатталады:          

 

 

 

 

 

 

Бұның мәні кәсіпорынның 2008 жылғы жағдайында активтерге салынған меншіктік қаражаттардың әрбір теңгесіне қарыз қаражатының 29 тиынын тартқанын дәлелдейді. Талдау кезеңінде қарыз қаражаттарының меншіктік салымдардағы үлесі азайғанын, яғни 29 тиыннан 20 тиынға дейін кемігенін көріп отырмыз.                    

Әдебиеттерде  бұл көрсеткіш үшін қалыпты шектеу: Ккм<1. Егер оның мәні  1-ден асып кетсе, онда кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі мен тұрақтылығы қауіпті нүктеге (жағдайға) жетеді [15].                                      

Кәсіпорынның  тәуелсіздік (дербестік) дәрежесін  сипаттайтын ең бір маңызды көрсеткіштердің  бірі қаржылық тұрақтылық коэффициенті болып табылады немесе оны басқаша  инвестицияларды жабу коэффициенті деп атайды. Ол меншікті және ұзақ мерзімді қарыз капиталының жалпы (авансталған) капиталдағы үлесін сипаттайды және мына формуламен анықталады:

 

   (7)

Біздің  кәсіпорынымызда бұл көрсеткіштің мәні ұзақ мерзімді


Информация о работе Шағын кәсіпорынның жоспарлау қызметін жетілдіру