Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 20:26, реферат
Біз жалпы ішкі өнімді екі есе ұлғайтып, бірлесіп тағы да бір Қазақстан орнататындай межеге жақындадық.
Біз ойдағыдай жұмыс істеп жатқан нарық экономикасын құрдық Біздің өміріміз жақсара бастады.
• Біз тарихымызда тұңғыш рет Шығыс Азия мемлекеттерінің тәжірибесін және өзіміздің көпұлтты әрі көп дінді қоғамымыздың ерекшелігін ескеріп, Батыс демократиясының қағидаттарына сай келетін тәуелсіз мемлекетімізді орнаттық.
3.3 Аграрлық мәселелер
Биыл үш жылдық аграрлық азық-түлік бағдарламасын
іске асыру аяқталады. Біз еліміздегі
аграрлық бизнесті мемлекеттік реттеу
мен қолдау жүйесін негізінен қалыптастырдық.
Үстіміздегі жылы ғана ауыл шаруашылығы
өндірісін дамытуға республикалық бюджеттен
57,9 млрд. теңгеден аса қаржы бөлінеді.
Бұл рекордтық сома.
«Агроөнеркәсіп кешені мен ауылдық аумақтарды
дамытуды мемлекеттік реттеу туралы»
Заң қабылдау қажет.
Алдағы уақытта Бүкіл дүниежүзілік сауда
ұйымына кіруіміз, біз бұл мәселені талай
мәрте талқылаған болатынбыз, отандық
ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге
қабілеттілігіне айрықша талаптар қоятын
болады. Ендігі жерде ауыл шаруашылығы
шикізатын өндіру мен өңдеу саласында
кластерлік бастамашылықты іске асыру
арқылы аграрлық өндірісті индустрияландыруға
айрықша назар аудару қажет деп санаймын.
Жеке меншік сектордың назарын нақ осыған
аудару керек, сондай-ақ кредиттерді де,
атап айтқанда, агроиндустриалдық саясат
арнасында, осында тарту керек.
3.4. Қаржылық
сектор мәселелері
Қаржы секторын одан әрі дамыту үшін қазір
құнды қағаздар нарығын дамыту мен 2005
– 2007 жылдары жинақтау зейнетақы жүйесін
дамыту бағдарламалары қабылданды. Енді
тек жұмыс істеу керек.
Банктердің қызметі ашықтықтың айтулы
өнегесі болуға тиіс. Ең алдымен, мұның
меншік құрылымы мен аффилирленген тұлғалар
туралы мәліметтерге қатысы бар. Банк
қабылдайтын шешімдерге елеулі ықпалы
бар барлық тұлғалар уәкілетті органның
келісімін ала отырып, өздерінің мәртебесін
нақтылай түсулері керек. Банктердің инвестициялық
қызметіне қойылатын талаптарды топтасу
негізінде ретке келтіру қажет. Аффилирленген
тұлғалармен жасалатын мәмілелер банктерді
тәуекелге барғызбауы шарт. Қаржылық қадағалау
агенттігінің бұл жұмысты батыл жүргізуі
міндет.
3.5. ХХІ ғасыр
деңгейінде білім беру мен
кәсіптік даярлау
ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің
тығырыққа тірелері анық. Біздің болашақтың
жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды
өндірістері үшін қадрлар қорын жасақтауымыз
қажет. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз
әрі алысты барлап, кең ауқымда ойлай білетін
осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық
экономика құра алмаймыз.
Демек барлық деңгейдегі техникалық және
кәсіптік білім беруді дамытуға бағытталған
тиісті шаралар қолдануымыз шарт.
Қазақстан жоғары оқу орындарының міндеті
- әлемдік стандарттар деңгейінде білім
беру. Ал жетекші оқу орындарының дипломдары
күллі әлемде танылуға тиіс. Олар мұны
істеуге міндетті.
Біздің әрбір қазақстандықтың жоғары
білім алуына нақтылы кепілдік беруіміз
керек.
Студенттердің оқуын бюджеттен қаржыландырудың
бірыңғай жүйесін құру мақсатында Үкіметке
білім беру кредиттерінің есебінен білім
беруге арналған кредиттердің мөлшерін
50 пайызға арттыруды тапсырамын.
Сонымен бір мезгілде осы аталған кредиттердің
қайтарылуына мемлекеттің кепілдігін
беруді қамтамасыз ете отырып, екінші
деңгейдегі банктер арқылы студенттерге
кредит бөлудің осы заманғы жүйесін жасау
керек.
Үкіметтің каникул кездерінде студенттерге
тұрғын үйлер тұрғызатын құрылыс отрядтарында
жұмыс беру, елімізді көгалдандырудың
«Жасыл ел» бағдарламасын өрістетіп, бұл
игілікті іске студенттерді қатыстыру
мәселесін нақтылы қарауы міндет.
Енді оқытушылар жайында. Олардың проблемалары
да бізге жақсы мәлім, бұл проблемалар
шешіліп те жатыр, алайда бәрін бір сәтте
шешіп тастау да мүмкін емес. Білім министрлігі
Жоғары оқу орындарының ассоциациясымен
бірлесіп, профессор-оқытушылар құрамына
қолдау көрсету жүйесін ойластырғаны
жөн. Айталық, қазірдің өзінде кез келген
шетелде тәжірибеден өтуге баруды қарастыратын
әрі бір жыл бойы ғылыми зерттеулер жүргізуге
берілетін гранттың мәртебесіне ие «Үздік
оқытушы» мемлекеттік стипендиясын тағайындауға
болар еді.
Менің тапсырмам бойынша биылғы жылы Қазақ
Ұлттық университеті мен Еуразия Ұлттық
университетіне 20 шетелдік оқытушы кеңесшілер
тарту үшін 2 млн. доллар бөлінді. Ендеше
Батысқа танымал өзіміздің үздік мамандарымызды
дәл осылайша неге марапаттамасқа!
Өзіміз зәру болып жүрген, әрі кадрларды
сырттан шақыруға мәжбүр етіп отырған
техникалық мамандықтарды бірінші кезекте
дамыту керек деп санаймын.
Бәрі де мектеп қабырғасынан басталады.
Сондықтан біздің 2008 жылдан бастап, 12 жылдық
жалпы орта білім беруге көшіп, педагогтардың
кәсіптік деңгейін , оқулықтар мен білім
беру бағдарламаларының сапасын арттыруымыз
керек.
Біз мұғалім мамандығының беделі мен абыройын
қайтаруға міндеттіміз.
3.6. Ана, бала,
аға ұрпақ
Біздің стратегиямыздың маңызды мәселесі
– қоғамның ең бір әлсіз қорғалған мүшелерінің
- балалардың, олардың аналарының және
аға ұрпақтың өмірін лайықты қамтамасыз
ету. Мемлекет бұл мәселелерді шешу үшін
қаражат аямайтын болады. Біз балалар
мен жүкті әйелдерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз
ету жөнінде нақтылы шаралар қабылдадық,
енді оларды іске асыратын боламыз.
2003 жылдан бастап, перзенттің дүниеге
келуіне байланысты біржолғы жәрдемақы
төленіп келеді.
Биылғы жылдан бастап, біз әлеуметтік
қамсыздандырудың идеологиясы барынша
қарапайым үш деңгейлік жүйесін қалыптастыруға
бағытталған әлеуметтік реформаларды
тереңдетудің үш жылдық бағдарламасын
іске асыруды қолға аламыз. Біріншіден,
бұл мемлекет кепілдік беретін негізгі
әлеуметтік төлемдер. Екіншіден, бұл міндетті
әлеуметтік сақтандыру. Ақыр аяғында,
бұл кейіннен әлеуметтік төлемдерге айналатын
азаматтардың ерікті жинақтаулары. Міне,
осындай үш бастау азаматтарымыздың қарттық
кезеңін лайығымен қамсыздандыруға тиісті
жағдай туғызады.
3.7 Тұрғын үй
мәселелері
Ендігі бір өзекті міндет – тұрғын үй
проблемасын жеделдете шешу. Баспанаң
болмайынша, түтін түтетіп, бала өсіру
қиын.
Үкімет және барлық деңгейдегі әкімдер
жауапкершілікті өздеріне алып, неге қабілетті
екендіктерін қазақстандықтарға көрсетсін.
Тұрғын үй құрылысы – біздің экономикамызды
алға сүйреуші қуатты күш .
3.8 Рухани даму
мен конфессиялар аралық
«Мәдени мұра» бағдарламасын іске асыруды
жалғастыра беру, сөйтіп өткенді пайымдау
арқылы қазіргі заман мәдениетін жан-жақты
дамыту қажет.
Біз осы саланы мемлекеттік қолдаудың
толымды бағдарламасын қалыптастыруымыз
керек.
Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің
басты факторларының бірі – еліміздің
мемлекеттік тілін, барлық қазақтардың
ана тілін одан әрі дамытуға күш-жігер
жұмсауымыз керек.
Қазақ топырағы арқылы барлық әлемдік
діндер өткен, сондықтан да жатырқаушылық
немесе діни фанатизм сезімі бізге жат.
Осынау рухани дәстүр, Жаратушының қандай
жолмен болса да түскен сөзіне жүрегіміздің
ашықтығы – Қазақстандағы конфессиялар
аралық татулықтың аса маңызды тұғырларының
бірі. Біз өзіміздің жатсынбас тұрпатымызбен,
этностар аралық, конфессиялар аралық
татулығымызбен және өзара үндесуімізбен
күллі әлемге танымалмыз. Еліміздің өсіп
келе жатқан бітімгершілік әлеуеті алдағы
уақытта да мұқият сақталып, дамытыла
береді.
3.9. Жоғарыда
айтылған сөздердің бүгінгі
1. Биылғы жылдан бастап, біз іс жүзінде
әрбір отбасының мүддесіне игі ықпалын
тигізетін 2005 – 2007 жылдарға арналған әлеуметтік
реформаларды одан әрі тереңдету бағдарламасын
іске асыра бастадық.
2. Үстіміздегі жылдан бастап, біз жекелеген
сырқаттар бойынша бес жасқа дейінгі балаларды
дәрі-дәрмекпен , ал жүкті әйелдерді –
құрамында темір мен иоды бар препараттармен
амбулаториялық деңгейде тегін қамтамасыз
ететін боламыз.
3. 2006 жылдан бастап, диспансерлік есепте
тұратын және амбулаториялық деңгейде
жеңілдік шарттары қолданылатын балалар
мен жасөспірімдерді дәрі-дәрмекпен тегін
қамтамасыз етуге көшуіміз керек.
4. 2006 жылдан бастап, аз қамтылған отбасыларына
18 жасқа дейінгі балаларына ай сайынғы
жәрдемақылар төленуге, 4 және одан көп
бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары
бар көп балалы аналарға, «Алтын алқа»,
«Күміс алқа» немесе І және ІІ дәрежелі
«Ана даңқы» белгілерімен марапатталған
аналарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың
мөлшері 4000 теңгеге дейін көбейтілуге
тиіс.
5. Біз нәрестенің тууына байланысты бір
жолғы жәрдемақыларды қазір де төлеп келеміз.
Енді соларға қосымша бұрын жоспарланғандай
2007 жылдан емес, 2006 жылғы 1 шілдеден бастап,
бір жасқа дейінгі сәбиді күту жөнінде
мемлекеттік жәрдемақылар енгізу қажет
деп санаймын.
6. Биылғы 1 шілдеден бастап, біз барлық
зейнеткерлерге, еңбек өтіліне, жалақысы
мен тағайындалған зейнетақысының мөлшеріне
қарамастан, 3000 теңге мөлшерінде қосымша
негізгі зейнетақылық төлем жасайтын
боламыз. Осылайша ең төменгі зейнетақының
мөлшері негізгі зейнетақылық төлеммен
бірге 9200 теңгені құрайтын, ал зейнетақының
орташа мөлшері 12 мың теңгеден асатын
болады.
7. Биылғы 1 шілдеден бастап, біз жоғары
оқу орындары студенттері, сондай-ақ орта
кәсіптік білім беру ұйымдары оқушылары
стипендияларының мөлшерін 2 еседен астам
өсіретін боламыз.
8. Біз ең лайықты деген жастардың шетелдерде
білім алуларына жәрдем жасаймыз. Жыл
сайын үш мың үздік студентке «Болашақ»
бағдарламасының шеңберінде әлемнің ілгері
жоғары оқу орындарында білім алулары
үшін республикалық бюджеттен қаражат
бөлінетін болады.
9. Бізде инженерлер мен технологтар бола
алатын және болуды қалайтын дарынды жастар
көп. Білім беру гранттары мен кредиттері
– мемлекеттің оларға көрсететін нақты
көмегі осындай. Жеке меншік секторын
мен осы іске белсене қатысуға шақырамын.
10. Коммерциялық банктердің студенттерге
таяудағы 5 жылда бөлетін кредиттеріне
мемлекеттік кепілдік беру жүйесін іске
асыру үшін қосымша 2 млрд. теңге, оның
ішінде биылдың өзінде 600 млн. теңге бөлу
қажет.
11. 2006 жылдан бастап, мүгедектердің барлық
топтарына және жасына байланысты жәрдемақы
алушыларға, сондай-ақ мемлекеттік арнаулы
жәрдемақы алушыларға мемлекеттік әлеуметтік
жәрдемақыларды қосымша 1000 теңгеге арттыру
қажет деп санаймын. Биылдан бастап, бұл
жәрдемақылардың елеулі арттырылғаны
мәлім.
12. 2006 жылдан бастап, асыраушысынан айрылған
247 мың отбасына 300-ден 1000 теңгеге дейінгі
сомада қосымша қолдау жасау қажет.
13. Биылғы 1 шілдеден бастап, бюджет саласының
қызметкерлері – мұғалімдердің, дәрігерлердің,
мәдениет пен әлеуметтік қамсыздандыру
қызметкерлерінің жалақысын орта есеппен
32 пайыз көтеру қажет деп санаймын. Ал
2007 жылдан бастап орта есеппен 30 пайыз
көтеру қажет.
14. Негізінен алғанда жалақы мемлекеттік
қана емес, жеке меншік секторда да өсуге
тиіс. Осыған орай биылғы 1 шілдеден бастап,
ең төменгі жалақы мөлшерін 9200 теңгеге
дейін өсіру қажет.
15. Мемлекеттік қызметшілердің, сондай-ақ
бюджет саласының басқа да қызметкерлерінің
жалақысын биылғы 1 шілдеден ота есеппен
32 пайызға, ал 2007 жылдан бастап, тағы да
30 пайызға көтеру, сөйтіп біріндеп оның
мөлшерін жеке меншік секторына жақындата
беру керек деп санаймын.
16. Ағымдағы жылы тұрғын үй құрылысы бағдарламасының
шеңберінде бюджеттен бөлінген қаражаттың
есебінен ғана халықтың әлеуметтік қорғалатын
топтары үшін 1600 пәтер салу және ипотекалық
бағдарлама бойынша халықтың қолы жететін
арзан 11 700 пәтер салу қажет.
17. Тұтас алғанда қаржыландырудың барлық
көздері арқылы үш жыл ішінде біздің 12
млн шаршы метр тұрғын үй немесе 195 мың
пәтер салуымыз керек. Бұл тұрғын үй құрылысы
екі есе өседі деген сөз.
Осы айтылғандардың бәрін де біз іске
асырамыз, өйткені экономикамыздың жағдайы
осындай мүмкіндіктер беріп отыр.
Экономикамызды жолға қойғаннан кейін,
азаматтарымыздың жағдайын жақсартатын
күннің туатыны жайында мен әрдайым айтып
келген едім. Мен өзімнің уәдемді орындап
келемін.
Экономикалық және әлеуметтік жедел жаңару
бағыты Қазақстанның экономикалық және
әлеуметтік дамудағы өзінің көшбасшылығын
одан әрі сақтап, сол арқылы капиталды,
инвестициялар, технологиялар мен білімді,
білікті кадрларды тарту орталығына айналуына
мүмкіндік туғызуға тиіс.
Кәсіпкерлер біздің оларға қалыпты жағдай
туғызып, артықшылықтар беретінімізді,
бізде бизнестің қауіпсіз әрі келешегі
мол екенін білгендері жөн. Ғалымдар мен
жоғары білікті мамандар өз еңбектеріне
бізде тиісінше сый-сияпат көрсетілетініне
сенімді болу керек. Өнер адамдары өз қызметі
лайықты бағаланатындықтарын сезінуі
тиіс. Біз бұл үшін бәрін де жасаймыз.
Бұл біздің жетістіктеріміздің бағасы
болмақ.
4. Қазақстанды демократияландырудың
жаңа кезеңі
Құрметті
қазақстандықтар!
Осы жылдары біз еліміздің «әуелі экономика
содан кейін саясат» деген айқын қағидатын
ескере отырып, демократияландыру бағытында
алға жылжыдық. Бұл өзін өзі ақтады. Байсалдылықтан
жамандық көргеніміз жоқ. М. Тэтчердің
«... мен мүмкіндігі әрі тәжірибесі жоқ
кез келген елде, мейлі ол азиялық немесе
азиялық емес ел болсын ешбір проблемаларға
ұшыраспай бір деммен демократияны енгізу
мүмкін дегенге сенбеймін» деген сөздерін
еске түсірген орынды.
Басқа елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай,
демократия дегеніміз қоғамның барлық
топтары үйренуге тиіс- барынша ұзақ процесс.
Көптеген елдердің ғасырлар бойы қалыптасқан
либералдық дәстүрлері бар, алайда олар
шырқау биігіне әлі де жете қойған жоқ.
Біз бәрін жоқтан бастаған едік қой және
демократияның өзі – адамның ой-санасы
мен мінез-құлық мәдениеті екенін ұмытпағанымыз
жөн.
Осы пікірлер құрметтеуге лайық деп санаймын.
Біздің шығыс даналығы, сабырлылығы мен
сақтығы дәстүрлеріне адал болғанымыз
абзал.
4.1. Саяси реформалардың
жалпыұлттық бағдарламасы
Біздің ортақ жетістіктеріміз саяси жүйені
одан әрі жаңарту және демократияны дамыту
жөніндегі жүйелі және көп бағытты жұмысқа
көшуімізге мүмкіндік беріліп отыр.
Мен бүгін бастамалар дестесін – Саяси
реформалардың жалпыұлттық бағдарламасын
ұсынып отырмын.
Бұл бағдарлама мемлекеттік, саяси және
қоғамдық институттарды реформалауға
бірыңғай әрі біртұтас тұрғыдан келуді
көздейді. Мұндай қадамның мәні- Қазақстанды
батыс демократиясының дәстүрлері мен
қағидаттарына және Оңтүстік Шығыс Азияның
іргелі мемлекеттерінің тәжірибесіне,
біздің көпұлтты және көпдінді халқымыздың
дәстүрлеріне сәйкес одан әрі демократияландыру.
Саяси реформалардың жалпыұлттық бағдарламасы
бүкіл қоғамның үндесуі негізінде ғана
жүзеге асырылуға тиіс екені анық.
2005 жыл тарихқа саяси реформаларды белсенді
түрде алға бастыру мен оларды бүкілхалықтық
талқылау жылы ретінде енуі керек.
Бұл жұмысқа Қазақстанның барлық азаматтары,
көрнекті тұлғалар, қоғамдық пікірдің
көшбасшылары, ел дегдарлары тартылуы
тиіс деп санаймын, мұның өзі оған барынша
ашық әрі бұқаралық сипат бере еді.
Мен батыстық демократия елдері мен серпінді
дамып келе жатқан Азия (Малайзия, Сингапур,
Оңтүстік Корея, Түркия және басқалары)
мемлекеттерінен сыртқы сарапшы мамандар,
сондай-ақ беделді саяси қайраткерлерді
ынтымақтастық үшін шақыру мүмкіндіктерін
жоққа шығара алмаймын.
Саяси реформалардың жалпыұлттық бағдарламасының
талқылануын үйлестіруді Демократияландыру
және азаматтық қоғам мәселелері жөніндегі
ұлттық комиссияға жүктеймін.
Бұл комиссия осы Жолдауда өзім баяндаған
саяси бастамалар негізінде:
-жалпыхалықтық пікірсайыстың нәтижелерін
талдау және қорытындылауға;
-пікірсайыс нәтижелері бойынша Жалпыұлттық
бағдарламаның алғашқы заңнамалық жобасын
әзірлеуге;
-Саяси реформалардың жалпыұлттық бағдарламасын
жүзеге асыру жөнінде Президентке және
Парламентке ұсыныстар әзірлеуге;
-сондай-ақ саяси реформалар пакетінің
түпкілікті қабылдау және күшіне енгізу
жөніндегі жұмысты үйлестіруге тиіс.
4.2 Қолданылып
жүрген Конституциямыздың
Ең әуелі қолданылып жүрген Конституциямыздың
әлеуетін барынша пайдалануымыз қажет.
Біздің Конституциямыздың әлемде демократиялық
қоғамның негізгі міндеттеріне сәйкес
келетіні танылып отыр. Егер атына сын
айтылып жүрсе, оның ережелерінің орындалуына
қатысты болып жүр. Бүкіл әлемде демократия
мен заңды сақтау ажырағысыз болып танылады.
Халқымыз қабылдаған ел Конституциясы
бізге не берді?
Тиімді жұмыс істеп жатқан қос палаталы
Парламент - еліміздің заң шығарушы билігі.
Конституция оған ел бюджетін бекіту мен
оның орындалуын бақылау құқығын берді.
Парламент көпшілік дауыспен Премьер-Министрдің,
Ұлттық банк төрағасының тағайындалуына
келісімін береді, Үкіметке сенімсіздік
білдіруге, оны орнынан түсіру қажеттілігін
мойындатуға құқылы, сондай-ақ кез келген
министрді қызметінен босатуды талап
ете алады.
Парламентте саяси партиялардың фракциялары
өкілдік етеді.
Парламент ел Конституциясына өзгерістер
енгізу құқығына ие.
Үкімет мүшелері Парламент палаталары
алдында тұрақты есеп беріп отырады.
Сенат Жоғары сот судьяларын сайлайды,
Бас прокурор мен ҰҚК төрағасын тағайындауға
келісімін береді.
Біздің елімізде Президент, Парламент
депутаттары мен мәслихат депутаттары
баламалы негізде еркін және жасырын дауыс
беру арқылы сайланады.
Конституциялық Кеңес, Есеп Комитеті сияқты
маңызды мемлекеттік органдар тең негізде
Президент, Мәжіліс және Сенат құрады.
Орталық сайлау комиссиясын өз кезегінде
Мемлекет басшысының ұсынысы бойынша
Мәжіліс сайлайды. Бұл тежемелік әрі тепе-теңдік
жүйесінің айқын белгісі.
Мұндай жағдайда әңгіме Конституцияда
берілген құқықтарды анық пайдалану жайында
болуға тиіс. Сондай-ақ заңдардың бұзылмауы
нақтылы сақталуы жайында болуға тиіс.
4.3 Атқарушы билік реформасы
Қолымыз жеткен жағдайды және дамудың
алдағы келешегін ескере келе,
- билікті одан әрі орталықсыздандыру;
- мемлекеттік басқару жүйесін реттеу
мен оның тиімділігін арттыруға бағытталған
атқарушы билікті реформалауды одан әрі
жүргізу қажет деп санаймын.
Біз атқарушы билік жүйесін орталықсыздандыру
бағытында белгілі қадамдар жасадық, әкімдердің
сайланбалылығын енгізуге қажетті жағдай
туғыздық. Біз биылғы тамыз айында облыстардағы,
Астана және Алматы қалаларындағы аудандар
әкімдерінің тәжірибелік сайлауларын
өткіземіз және кезең-кезеңімен ауылдық
округтер, ауыл, елдімекен әкімдерін сайлауды
қолға алып, 2007 жылы оны аяқтаймыз.
Сонымен бір мезгілде Үкіметтің Қазақстан
Республикасындағы жергілікті өзін-өзі
басқару жүйесін айқындайтын, мемлекеттік
басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді
шектеу процесін аяқтайтын заң жобаларын
әзірлеп, Парламенттің қарауына енгізуі
керек. Сонымен қатар Үкімет Қазақстандағы
жергілікті өзін-өзі басқарудың дамуын
қолдау жөнінде Мемлекеттік бағдарлама
әзірлеуге тиіс.
Содан кейін ғана елімізде жергілікті
өзін-өзі басқаруды түпкілікті енгізуге
болады. Атқарушы билік қызметінің ашықтығы
ережеге айналуы керек.
Қазір жергілікті атқарушы билік халықпен
кездесіп, есеп беруде. Бұл дұрыс.
Олар халықтың елімізде жүргізіліп жатқан
әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалардан
хабардар болуына, пікір алмасулар мен
ұсыныстар жасауға мүмкіндік туғызады.
Бұл – атқарушы органдардың халықтың
алдындағы жауапкершілігі мен есептілігін
арттыруға қол жеткізудің, халықты мемлекеттік
басқару процесіне кеңінен тартудың бірден-бір
жолы. Мұндай кездесулер қоғамдық-саяси
өмірдің бұлжымас ережесіне айналуы керек.
Әкімшілік реформаларды одан әрі тереңдете
беру қажет . Бұрынғы көнерген және ырыққа
көнбейтін мемлекеттік тетікті үздік
әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, азаматтарымыз
мүддесі үшін осы заманғы қоғамдық-саяси
процестерді серпінді басқаруға қабілетті
тетікке айналдыру ісін аяқтауымыз керек.
Алқалы орган ретінде Үкіметтің өзінің
жұмысының тиімділігін және әрбір Үкімет
мүшесі-министрдің дербес жауапкершілігін
арттыру қажет.
Үкімет жеке өзі үшін және барлық атқарушы
билік тармақтары үшін жауап береді. Оның
еліміз Конституциясы өзіне берген құқықтар
мен өкілеттіктерді толығымен пайдалануы
керек.
Жергілікті органдарға өкілеттіліктің
бір бөлігін беру арқылы биліктің орталық
деңгейінің қолындағы басы артық мемлекеттік
функциялардың санын қысқарту қажет.
Осы заманғы басқарушылардан тұратын
пәрменді әрі ең бастысы құрамы жағынан
«аз да болса саз» болсын дегендей, оңтайлы
мемлекеттік аппарат жасақталуға тиіс.
Мемлекеттік органдар тарапынан азаматтар
мен ұйымдарға көрсетілетін қызметтердің
сапасын жақсарту мен мерзімін қысқарту
үшін «Электронды Үкімет» қалыптастыруды
жеделдету қажет.
Мемлекеттік қызметті жетілдіру жөніндегі
шаралар кешенін іске асыру – атқарушы
билікті реформалаудың кілті болмақ.
Бұл үшін:
- мемлекеттің әкімшілік қызметтер көрсетуін
жетілдіру;
- басқарудың бюрократтануын төмендету;
- мемлекеттік аппараттың кәсіби деңгейін
оңтайландыру қажет.
Оған негіз бар. Қазақстанда қазірдің
өзінде «Мемлекеттік қызмет туралы» заң
қабылданған. Мемлекеттік қызметке қабылдау
конкурстық негізде компьютерлік тестілеу
арқылы жүзеге асырылады. Жылына мың жарымнан
астам адам білім алатын Мемлекеттік қызмет
академиясы құрылған.
Үкімет өзінің күш-жігерін жалпы реттеушілік
функциялар мен ереже туындатушылық жұмыстарға
шоғырландыруы керек.
Оның құрылымы мемлекеттік саясат басымдықтарына
сәйкес түзілуге тиіс болса, министрліктер
– мемлекеттік қызметтің түрлеріне қарай
нақты функционалдық бөлініс негізінде
жасақталуға тиіс.
Үкіметке мемлекеттік органдар қызметінің
тиімділігі мен сапасын бағалаудың бірыңғай
жүйесін әзірлеуді тапсырамын. Әрбір мемлекеттік
ведомствоның тұтастай және жекелей алғандағы
шенеуніктің қызметін бағалаудың стандарты
атқарылған жұмысының тиімділігі болуға
тиіс.
- Тұрғындарға қызмет көрсетудің сапасын
жақсартуға, «Жалғыз терезе» қағидаты
бойынша тұрғындарға қызмет көрсету орталықтарын
құру, мемлекеттік қызметшілер үшін (ИСО)
сапа менеджменті жүйесін енгізу; сыйақыны
қазіргідей жалақыға қосылып кететін
үстемақыға айналдырмай, таңдаулыларға
ғана беру; мемлекеттік қызметтің тәртібі
мен этикасын сақтауды қамтамасыз ету
керек.
4.4 Биліктің заңшығарушы
тармағының саяси беделін
Жоғарыда айтқанымдай, саяси жаңару процесі,
ең әуелі, биліктің заңшығарушы тармағының
саяси беделін күшейтуді талап етеді.
Мұны қолданылып жүрген Конституцияның
шеңберінде атқарған жөн және солай істеу
қажет. Конституцияның әлеуеті әлі де
толық пайдаланылып жүрген жоқ.
Орталық сайлау комиссиясын, Конституциялық
кеңесті және Есеп комитетін құрудағы
Парламенттің қос палатасының рөлін арттырудың
қажеттігін де талқылау керек.
Парламенттік көпшілік негізінде Үкімет
құрамын жасақтаудың тетіктері мен әлеуметтік-экономикалық
сала министрлерінің кандидатураларын
тиісті комитеттерде талқылау мәселелері
де егжей-тегжейлі пысықтауды қажетсінеді.
Мұндай мәселелерді шешу халық өкілдерінің
атқарушы билік органдарына деген ықпалы
мен бақылауын жаңа деңгейге көтереді.
Сондай-ақ мәслихаттардың бақылау өкілеттіктерін
кеңейтуді де қарастыру қажет. Бұл мемлекеттік
билік жүйесін орталықсыздандыру, жергілікті
өзін-өзі басқару жүйесінің рөлін арттыру
жолындағы маңызды қадам болады.
4.5 Сот жүйесі
мен азаматтарды құқықтық
Біз демократиялық қоғамдастықтағы жалпыға
ортақ стандарттарға сәйкес келетін кең
ауқымды сот жүйесі реформасының қарсаңында
тұрмыз. Сот жүйесін жетілдіру жөніндегі
ұсыныстар әзірлеу үшін және қоғамның
қажеттіліктеріне сай келетін тиімді
сот төрелегін жүргізу үшін Комиссия құрылып
отыр.
Біздің алдағы уақытта мынадай мәселелермен:
- сот өндірісін оңайлату, оның объективтілігін,
сондай-ақ сот актілерінің тұрақтылығы
мен уақтылы орындалуын қамтамасыз ету;
- сот жүргізу шеңберінде және сот шешімдерін
атқару кезеңінде азаматтар құқығына
берілетін кепілдіктерді күшейту;
-сот корпусының тәуелсіздігін қамтамасыз
ету заң шеңберіндегі әділетті шешімнің
кепіліне айналуға тиіс; судьялардың біліктілігін
арттыру – мұның өзі Қазақстанның сот
жүйесін 21 ғасырдағы шаруашылық, инвестициялық
және сауда проблемаларына сәйкес келтіруге
мүмкіндік береді;
- қылмыстық сот жүргізу мен сот шешімдері
шеңберінде адвокаттардың рөлін арттыруды
қамтамасыз ету;
- қылмыстық сот жүргізу тәжірибесіне
алқа билер соты институтын енгізу қажет.
Осы мақсатта 2005 жылы «Алқа билер туралы»
заң қабылданып, «Сот жүйесі мен судьялар
мәртебесі туралы» Конституциялық заңға
және алқа билер сотын енгізу мәселелері
жөнінде басқа да заңнамалық актілерге
өзгертулер мен толықтырулар енгізуге
тиіс;
- сот рәсімдерінің ашықтығы мен анықтығын
барынша қамтамасыз ету мәселелерімен
шұғылдануымыз қажет.
Соттардың тәуелсіздігі және әділеттілігі
жөніндегі мәселеге арнайы назар аударғым
келеді. Біз соттардың жалақысын көтердік,
сөйтіп олар бүгінде табысы ең жоғары
мемлекеттік қызметшілерге айналды. Біз
судьялардың зейнетақымен қамтамасыз
етілуін қоса есептегенде, оларға берілетін
барлық әлеуметтік кепілдіктер пакеті
жайында да ойланғанымыз жөн. Судьяларды
лайығымен материалдық және әлеуметтік
қамтамасыз етуді қажырлы да адал еңбектерінің
өтеуі деп қана емес, жемқорлықтан сақтандыратын
өтімді шараның бірі ретінде қарастырған
жөн. Судьялар арасындағы парақорлықты
адамгершілік тұрғыдан алғанда абыройсыздық
деп бағалап қоймай, мұны экономикалық
жағынан да тиімсіз етуіміз керек. Судья
өз қызмет орнын қадірлеуге тиіс және
заңды немесе кәсіби этиканы бұзған жағдайда
өзінің мемлекеттік қызметте болу құқығынан
ғана емес, барлық әлеуметтік кепілдіктерден
де айырылатынын білуі керек.
Мұның бәрі де қосымша бюджеттік шығындар
жасауға мәжбүр етеді, бірақ ол өзін ақтайды.
«Арзан сот төрелігі тым қымбатқа түседі»
дейтін ежелгі мәтел осыдан шықса керек.
Информация о работе Казакстан экономикалык, элеуметтiк жэне саяси жедел жанару жолында