Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Марта 2012 в 12:15, реферат
Қазақстанның партиялық жүйесі қазіргі кезде өтпелі кезеңді бастан кешіріп отыр және бұл жаңа әлеуметтік топтардың, ең бастысы, бизнес-элитаның белсенділігінің нәтижесі екендігін білеміз. Басқаша айтқанда, кейбір «қысым көрсетуші» топтардың, мысалы «Ақ жол» ҚДП-ның жартылай өзгеруі айдан анық көрініп тұр. Саяси сала сапалылығы жағынан өзгеріп келеді деуге болады, және оған себеп тек жаңа ойыншылардың пайда болуы ғана емес,
1.ҚР-дағы саяси партиялардың қазіргі жағдайы
2.ҚР-дағы саяси партиялар жүйесі
3.ҚР-ның саяси партиялар туралы заңы
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Жоспар:
1.ҚР-дағы саяси партиялардың қазіргі жағдайы
2.ҚР-дағы саяси партиялар жүйесі
3.ҚР-ның саяси партиялар туралы заңы
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1.ҚР-дағы саяси партиялардың
қазіргі жағдайы.
Қазақстанның партиялық жүйесі қазіргі
кезде өтпелі кезеңді бастан кешіріп отыр
және бұл жаңа әлеуметтік топтардың, ең
бастысы, бизнес-элитаның белсенділігінің
нәтижесі екендігін білеміз. Басқаша айтқанда,
кейбір «қысым көрсетуші» топтардың, мысалы
«Ақ жол» ҚДП-ның жартылай өзгеруі айдан
анық көрініп тұр. Саяси сала сапалылығы
жағынан өзгеріп келеді деуге болады,
және оған себеп тек жаңа ойыншылардың
пайда болуы ғана емес, сонымен қатар ескі
қатысушылардың да өзгеруі. Және бұл кәдімгі
даму кезеңі, мұнда асығыс болмауы тиіс,
алайда тежелудің де қажеті жоқ, өйткені
бұл жалпы саяси жүйе үшін қауіпті. Тәуелсіз
Қазақстанның партиялық жүйесі ондаған
жылдар бойы қалыптасып келеді. Өткен
ғасырдың 90-жылдарында республика шеңберінде
көппартиялы саяси жүйе тәжірибе жүзінде
қолданымда болған жоқ, өткен кеңес дәуірінің
саясаты мен азаматтық қоғамның дамымағандығы
әсер етті. Қазақстан Республикасының
партиялық жүйесінде сапалық даму үрдісі
90-жылдардың екінші жартысында байқалды,
бұл кезде кейбір әлеуметтік топтар өз
мүдделерін жариялау және қорғау қажеттілігін
сезініп партия атты саяси ұйымдарға бірлесе
бастады. Партиялық құрылыстың алғашқы
қадамдары дәл Алматы қаласында жүзеге
асырылды, саяси өмірдің орталығы да дәл
осында. Тіпті, Елорданы ауыстырғаннан
соң да партиялық қызметтің белсенді орталығы
мен саяси белсенді тұрғындардың басым
бөлігі осы қалада қалды.
2. ҚР-дағы саяси партиялар
жүйесі
«НҰР ОТАН» Халықтық-Демократиялық
партиясы
Төрағасы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Төрағаның бірінші орынбасары – Бахытжан
Тұрсынұлы Жұмағұлов. «Отан» республикалық
саяси партиясы 1999 жылдың қаңтарында құрылып,
сол жылғы 12 ақпанда Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігінде тіркеуден өтті.
Партия мүшелерінің саны 607 557 адамды құрайды.
«Нұр Отан» партиясының бөлімшелері Қазақстанның
барлық облыстарында, Астана және Алматы
қалаларында бар. Партия қоғамды одан
әрі демократияландыруға бағытталған
экономикалық және саяси реформаларды
жүзеге асыруға; азаматтардың өмір сүру
деңгейін көтеруге; әлеуметтік әділеттік
орнатуға және елімізде тұрақтылықты
сақтауға; ұлтаралық және конфессияаралық
келісімді нығайтуға; Қазақстан Республикасының
жан-жақты және үйлесімді дамуы үшін азаматтардың
отансүйгіштігі мен жауапкершілігін тәрбиелеуге
белсенді ықпал етуді басты мақсаттары
етіп жариялады. Мәжілісте «Нұр Отан»
парламенттік көпшілікке ие. 2007 жылы өткен
Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша
«Нұр Отан» 88,41% дауыс иеленіп, Парламенттің
төменгі палатасына партиядан 98 депутат
сайланды.Партияның басты мақсаты Елбасы
Нұрсұлтан Назарбаевтың қайта өңдеу өнеркәсібін,
жоғары технологиялық ғылыми өндірістерді
дамыған деңгейге жеткізуге, әлеуметтік
мәселелерді (зейнетақы көлемін ұлғайту,
ең төменгі жалақы көлемін ұлғайту, мемлекеттік
қызметкерлердің жалақысын арттыру) шешуге
бағытталған реформалық саясатын ресми
түрде қолдау болып табылады
Қазақстан коммунистік партиясы
Партияның бірінші хатшысы – Серікболсын
Әбділдәұлы Әбділдин. Партия 1998 жылғы
27 тамызда тіркелген, 2003 жылғы 20 наурызда
қайта тіркеуден өтті. ҚКП-ның мүшелерінің
саны 54 246 адамды құрайды. Партияның бөлімшелері
республиканың барлық облыстарында бар.
Партия республикада ғылыми социализм
қағидаларына негізделген еркіндік және
әлеуметтік әділетті қоғам құруға жағдай
жасауды; коммун... истік қоғамдық құрылысты
қалыптастыруды өзінің негізгі мақсаты
етіп санайды. 2004 жылы өткен Мәжіліс сайлауына
Қазақстанның коммунистік партиясы партиялық
тізім бойынша 3,44% дауыс жинаған «Коммунистердің
халықтық оппозициялық одағы және ҚДТ»
сайлау блогының құрамында қатысты. Партия
2007 жылғы Мәжіліс сайлауына қатысқан жоқ.
Қазақстан коммунистік Халықтық
партиясы
Бірінші хатшысы – Владимир Борисович
Косарев. 2004 жылғы 21 маусымда мемлекеттік
тіркеуден өтті. Тіркеуден өту кезеңінде
партия сапы 90 мың адам құрады. Партияның
саяси платформасына сәйкес, ҚКХП-ның
қызметі қоғамдық дамудың жаңа жағдайына
бейімделген маркстік-лениндік идеологияға
негізделген. 2004 жылғы Мәжіліс сайлауының
қорытындылары бойынша партия 1,98% дауыс
алды. Үшінші шақырылымдағы Мәжілісте
партияның депутаттары болған жоқ. 2007
жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары
бойынша ҚКХП 1,29% дауыс жинады.
Қазақстанның «Ауыл» социал-демократиялық
партиясы
Партия төрағасы – Ғани Әлімұлы Қалиев.
Партия 2002 жылғы 1 наурызда тіркелген.
2003 жылғы 2 сәуірде партия қайта тіркеуден
өтті. Тіркеуден өту кезеңінде партия
мүшелерінің саны 61 043 адамды құрады. Қазақстанның
барлық облыстарында партияның құрылымдық
бөлімшелері бар. Партия мақсаттары: мемлекеттік
реттеуді және агросекторды қолдауды
күшейту; ауыл еңбеккерлерінің мүдделерін
қорғау; қоғамды одан әрі демократияландыруға
бағытталған экономикалық және саяси
реформаларды жүзеге асыруға белсенді
ықпал ету; экономиканың барлық салаларында
нарықтық қатынастардың негізді формаларын
жүзеге асыру. Партия 2004 жылғы парламенттік
сайлауға қатысты, алайда үшінші шақырылымдағы
Мәжілісте бірде-бір депутаттық мандатты
иелене алмады. 2007 жылғы Мәжіліс сайлауының
қорытындылары бойынша «Ауыл» партиясы
1,51% дауыс жинады.
Қазақстанның патроиоттар
партиясы
Партия төрағасы – Ғани Есенкелдіұлы
Қасымов. Партия 2000 жылғы 4 тамызда тіркелген,
2003 жылғы 21 наурызда қайта тіркеуден өтті.
Партияның мәліметтері бойынша оның құрамында
172 мың мүшесі бар. Партия келесі мақсаттарды
ұстанады: Қазақстан халқының ұлттық қайта
өркендеуін қалыптастыру және жүзеге
асыру; нарықтық экономикасы бар құқықтық
демократиялық мемлекет, азаматтық қоғам
қалыптастыру; қоғамның әлеуметтік белсенді
бөлігін мемлекеттік және қоғамдық істерді
басқаруға қатыстыру; елдің орнықты дамуын
қамтамасыз ету; адамның жоғары деңгейде
өмір сүру сапасын қалыптастыру және азаматтардың
денсаулығына басым көңіл бөлу. 2004 жылғы
Мәжіліс сайлауында партия 0,55% дауыс жинап,
Парламентке өте алмады. 2007 жылғы Мәжіліс
сайлауының қорытындылары бойынша партия
0,78% дауысқа ие болды. Партия жетекшісі
Ғ.Е.Қасымов 2007 жылы Президент Жарлығымен
Парламент Сенатының депутаты болып тағайындалды.
Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» демократиялық
партиясы
Партия төрағасы - Әлихан Мұхамедұлы
Бәйменов. Партия 2002 жылғы 3 сәуірде тіркелген.
Партия мүшелерінің құрамы 175 862 адамды
құрайды. партияның мақсаттары: тәуелсіз,
гүлденген, демократиялық және еркін Қазақстан.
Іргелі құндылықтары: демократия, тәуелсіздік,
еркіндік, әділеттік. 2004 жылғы Мәжіліс
сайлауында партия 12,04% дауыс жинады. Партия
үшінші шақырылымдағы Мәжілісте бір депутаттық
мандатты иеленді. 2007 жылғы Мәжіліс сайлауының
қорытындылары бойынша «Ақ жол» партиясы
3,09% дауыс жинады.
«Руханият» партиясы
Партия төрайымы – Алтыншаш Қайыржанқызы
Жағанова. Партия 2003 жылғы 6 қазанда тіркелген.
Партия мүшелерінің саны 72 мың адамды
құрайды. Партия бөлімшелері облыс орталықтарында,
Астана және Алматы қалаларында ба...р.
Партияның негізгі міндеттері: экономиканы
көтеру, әлеуметтік мәселелерді шешу,
биік адамгершілікті және рухани бай қоғамды
дамыту. 2004 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары
бойынша партия 0,44% дауыс жинап, үшінші
шақырылымдағы Мәжілісте депутаттары
болған жоқ. 2007 жылғы Мәжіліс сайлауының
қорытындылары бойынша «Руханият» партиясы
0,37% дауыс жинады.
«Әділет» демократиялық партиясы
Партия төрағасы – Мақсұт Сұлтанұлы
Нәрікбаев. 2004 жылғы 14 маусымда тіркелген.
Партия мүшелерінің саны 70 мың адамды
құрайды. Партия аумақтық принцип бойынша
құрылып, республиканың барлық облыстары
мен Астана және Алматы қалаларында өз
бөлімшелерін иеленген. Қазақстанда құқықтық
демократиялық әлеуметтік мемлекет құруды,
тиімді, озық және дамыған экономикалық
жүйе құруды, азаматтық қоғам қалыптастыруды
партия өзінің басты міндеттері санайды.
Партия 2004 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары
бойынша партиялық тізім бойынша сайлауда
0,76% дауыс жинады. Үшінші шақырылымдағы
Мәжілісте бір мандатты округ бойынша
сайланған бір депутаты болды. 2007 жылғы
8 шілдеде өткен «Әділет» демократиялық
партиясының 5-ші съезінде Қазақстанның
«АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясына қосылу
жөнінде шешім қабылданды.
Қазақстанның «Нағыз АҚ ЖОЛ»
демократиялық партиясы
Партияның тең төрағалары: Болат Мұқышұлы
Әбілов, Ораз Әлиұлы Жандосов, Төлеген
Тілекұлы Жүкеев. Партия «АҚ ЖОЛ» ҚДП-ның
бөлінуінің нәтижесінде 2005 жылдың 29 сәуірінде
құрылған. 2006 жылғы 17 наурызда тіркелді.
Партия мүшелерінің саны 87 012 адамды құрайды.
Партия барлық облыстарда, Астана және
Алматы қалаларында өзінің бөлімшелерін
ашқан. Партияның мақсаттары – демократиялық,
зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет
және ашық қоғам құру. 2007 жылғы 23 маусымдағы
«Нағыз Ақ жол»ҚДП-ның 3-ші съезінде Жалпыұлттық
социал-демократиялық партиясына (ЖСДП)
қосылу туралы шешім қабылданды.
Жалпы ұлттық социал-демократиялық
партиясы (ЖСДП)
0 қыркүйекте құрылған. 2007 жылғы 25 қаңтарда
тіркелді. Партия мүшелерінің саны – 140
мың адам. Партия барлық облыстарда, Астана
және Алматы қалаларында өзінің бөлімшелерін
ашқан. Жалпыұлттық социал-демократиялық
партиясы өз алдына демократиялық, құқықтық
әлеуметтік мемлекет қалыптастыру, инновациялық
экономика құру, жаңа гуманитарлық саясатты
жүзеге асыру міндеттерін қояды. 2007 жылғы
Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы
Асар» партиясы.
Партия көшбасшысы: «Хабар Агенттігі»
ЖАҚ басшылар кеңесінің төрайымы, ҚР Парламент
Мәжілісінің депутаты – Дариға Назарбаева.
Негізгі мақсаты – дамыған азаматтық
қоғамдық институттары бар экономикасы
мықты, демократиялық, құқықтық, әлеуметтік
мемлекет құру. Партияның саясаты Елбасының
жүргізген реформаларын қолдауды негізге
ала отырып жүзеге асырылады. Партия «Қазақстан-2030»
Стратегиясының шынайы екендігін мойындайды
және аталмыш бағдарламаны қолдайтынын
жариялайды. Саяси ортада «Асар» өзін
орталықшыл мәтіндегі партия деп біледі,
және егер өз мүдделеріне қажет болса,
партия басшылықпен, басқа да партиялармен,
қоғамдық бірлестіктермен іскерлік қарым-қатынас
орнатуға дайын.
Қазақстанның аграрлық партиясы.
Аталмыш партия жерге деген жеке меншікті
енгізу, ауыл инфрақұрылымының жақсаруын,
аграрлық сектордың салық салуына қатысты
өзгерістер енгізу мәселелерін қолдайды,
агроөндірістік кешен қызметкерлерінің
мүдделерін қорғайды. Партия жетекшілерінің
айтуына қарағанда, партия саяси тұрақтылықты
қолдайтын және көтерілістік өзгерістергі
қарсы көз... қарасты ұстанатын консервативтік
саяси күш сипатын иеленуі тиіс. Партия
жетекшісі – Мәжіліс депутаты, ҚР Парламентінің
аграрлық мәселелер бойынша Комитетінің
мүшесі, Р.Мадинов
Қазақстанның азаматтық партиясы.
Еліміздің бірқатар ірі металлургиялық
және тау-кен кәсіпорындарының еңбек ұжымдарының
ұсынысымен құрылған. Бұл партияның негізгі
мақсаттары - өндірісті дамыту, әрбір қазақстандық
жанұяның әл-ауқатын жақсарту, Қазақстанның
мемлекеттігін нығайту. Басқа да қазіргі
таңдағы елдегі жүргізілген саясатты
қолдауға негізделген партиялар сияқты
ҚАП өз көшбасшысы деп Н.Ә. Назарбаевты
таниды. Бұл партияның 1-хатшысы – А.Перуашев.
3. ҚР-ның саяси партиялар туралы заңы
Қазақстан Республикасының Заңы. 2002 жылғы
15 шілде N 344-ІІОсы Заң саяси партияларды
құрудың құқықтық негiздерiн, олардың құқықтары
мен мiндеттерiн, қызметiнiң кепiлдiктерiн
белгiлейдi, саяси партиялардың мемлекеттiк
органдармен және басқа ұйымдармен қатынастарын
реттейдi.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Саяси партия ұғымы
1. Азаматтардың, әртүрлi әлеуметтiк топтардың
мүдделерiн мемлекеттiк билiктiң өкiлдi
және атқарушы, жергiлiктi өзiн-өзi басқару
органдарында бiлдiру және оларды қалыптастыру
iсiне қатысу мақсатында олардың саяси
еркiн бiлдiретiн Қазақстан Республикасы
азаматтарының ерiктi бiрлестiгi саяси партия
деп танылады.
2. Саяси партияның халық атынан билiк жүргiзуге
құқығы жоқ.
2-бап. Қазақстан Республикасының саяси
партиялар туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының саяси партиялар
туралы заңдары Қазақстан Республикасының
Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан
және Қазақстан Республикасының өзге
де нормативтiк құқықтық актерлерiнен
тұрады.
2. Саяси партиялар заң алдында бiрдей.
3-бап. Саяси партияларға бiрiгу құқығы
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының
саяси партияларға бiрлесу бостандығына
құқығы бар.
2. Қазақстан Республикасының азаматы
тек бiр саяси партияға мүше бола алады.
3. Саяси партияға мүше болу Қазақстан
Республикасы азаматының құқықтары мен
бостандықтарын шектеуге негiз бола алмайды.
4. Әркiм өзiнiң қандай партияға жататынын
көрсетуге немесе көрсетпеуге құқылы.
4-бап. Мемлекет және саяси партиялар
1. Мемлекет саяси партиялардың құқықтары
мен заңды мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз
етедi.
2. Мемлекеттiң саяси партиялардың iстерiне
және саяси партиялардың мемлекет iстерiне
заңсыз араласуына жол берiлмейдi. Саяси
партияларға мемлекеттiк органдардың
функцияларын жүктеуге де жол берiлмейдi.
3. Азаматтардан кез келген нысанда, оның
iшiнде ресми құжаттарда да, қандай партияға
жататынын көрсетудi талап етуге тыйым
салынады.
4. Парламент депутаттарының, мемлекеттiк
қызметшiлердiң саяси партиялардағы ақы
төленетiн қызметтерде болуына құқығы
жоқ.
5. Мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдық
мiндеттерiн атқару кезiнде
Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын
басшылыққа алады және саяси партиялар
мен олардың органдарының шешiмдерiмен
байланысты болмайды.
6. Саяси партиялардың тұрақты жұмыс iстейтiн
органдарында қызмет атқаратын адамдарға
Қазақстан Республикасының еңбек, әлеуметтiк
қорғау және әлеуметтiк сақтандыру туралы
заңдары қолданылады.
2-тарау. САЯСИ ПАРТИЯНЫ ҚҰРУ, ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ
ЖӘНЕ ТАРАТУ
6-бап. Саяси партияны құру
1. Саяси партия саны бiр мың адамнан кем
емес, саяси партияның құрылтай съезiн
(конференциясын) шақыратын және облыстардың,
республикалық маңызы бар қала мен астананың
үштен екiсiнiң атынан өкiлдiк ететiн Қазақстан
Республикасы азаматтары тобының бастамасы
бойынша
құрылады.
2. Азаматтардың саяси партия құру... жөнiндегi
бастамашы тобының тiзiмдерi тiркеушi органға
ол белгiлеген нысан бойынша табыс етiледi.
3. Құрылтай съезiн (конференциясын) әзiрлеу
және өткiзу үшiн құрамында кемiнде он адам
бар ұйымдастыру комитетi құрылуы мүмкін.
4. Құрылтай съезiнде (конференциясында)
саяси партияны құру, оның атауы, жарғысы,
бағдарламасы туралы шешiмдер қабылданады
және оның басшы органдары құрылады.
5. Саяси партия жарғылық қызметiн мемлекеттiк
тiркеуден өткеннен кейiн жүзеге асырады.
7-бап. Саяси партияның атауы мен рәмiзi
1. Саяси партияның атауында "саяси партия"
немесе "партия" деген сөздер болуға
тиiс, оларды саяси партиялардың атауында
ғана пайдалануға жол берiледi.
Саяси партияның толық және қысқартылған
атауы мен оның рәмiзi мемлекеттiк органдардың,
Қазақстан Республикасында тiркелген
саяси партиялардың атаулары мен рәмiзiнен
өзгеше болуға тиiс.
2. Саяси партияның атауында ұлттық, этникалық,
дiни, аймақтық, қауымдық және гендерлiк
белгiлердi көрсетуге, оның лидерлерiнiң,
тарихи тұлғалардың есiмдерi мен фамилияларын
пайдалануға жол берiлмейдi.
3. Саяси партияның өз рәмiзi ретiнде Қазақстан
Республикасының және басқа мемлекеттердiң
мемлекеттiк нышандарын пайдалануға құқығы
жоқ.
4. Саяси партия рәмiз ретiнде эмблемаларды,
туларды, гимндердi, вымпелдердi, значоктарды
пайдалануға құқылы.
5. Саяси партияның рәмiзi Конституцияға
қарсы және заңға қарсы мақсаттарды насихаттауға
қызмет етпеуге тиiс.
6. Саяси партия рәмiзiнiң сипаттамасы мен
эскиздерi жарғыда болуға тиiс.
8-бап. Саяси партияға мүше болу
1. Қазақстан Республикасының жасы он сегiзге
толған азаматы саяси партияның мүшесi
бола алады.
2. Саяси партияға шетелдiктердiң, азаматтығы
жоқ адамдардың мүше болуына, сондай-ақ
ұжымдық мүшелiкке жол берiлмейдi.
3. Әскери қызметшiлер, ұлттық қауiпсiздiк
органдарының, құқық қорғау органдарының
қызметкерлерi және судьялар саяси партияда
болмауға,қандай да болсын саяси партияға
қолдау көрсетпеуге тиiс.
4. Саяси партияға мүшелiк ерiктi, жеке және
тiркелетiн тәртiпте болады.
5. Саяси партияға қабылдау жазбаша өтiнiш
негiзiнде жүзеге асырылады.
6. Саяси партияға мүше болу кәсiби, әлеуметтiк,
нәсiлдiк, рулық, ұлттық немесе дiни белгiлер
бойынша, сондай-ақ жынысына және мүлiктiк
жағдайына байланысты шектелмеуге тиiс.
7. Саяси партияның мүшелерi саяси партияның
басшы органдарына
сайлауға және сайлануға, саяси партия
мен оның басшы органдарының қызметi туралы
ақпарат алуға құқылы.
8. Қайтыс болу, партиядан шығу, партиядан
шығарылу, басқа партияға кiру саяси партияға
мүше болуды тоқтатуға негiз болып
3-тарау. САЯСИ ПАРТИЯНЫҢ ҚЫЗМЕТI
15-бап. Саяси партияның құқықтары мен мiндеттерi
1. Саяси партия жарғысы мен бағдарламасында
анықталған мақсаттар мен мiндеттердi
жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының
заңдарында белгiленген тәртiппен:
1) өзiнiң қызметi туралы ақпарат таратуға
және өз мақсаттары мен мiндеттерiн насихаттауға;
2) ерiктi негiзде қауымдастықтарға (одақтарға),
сайлау блоктарына бiрiгуге;
3) Қазақстан Республикасының Президенттiгiне,
Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң
және мәслихаттарының депутаттығына кандидаттар
ұсынуға; мәслихаттардағы өз өкiлдерi арқылы
Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының
депутаттығына кандидатуралар жөнiнде
ұсыныс жасауға;
4) өздерiнiң бұқаралық ақпарат құралдарын
құруға;
5) жиналыстар, митингiлер мен демонстрациялар,
шерулер мен пикеттер өткiзуге;
6) осы Заңда және Қазақстан Республикасының
өзге де заң актерлерiнде көзделген өзге
де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
2. Саяси партия... 1) Қазақстан Республикасының
Конституциясы мен заңдарының талаптарын
сақтауға;
2) әрбiр азаматтың өз құқықтары мен мүдделерiне
қатысты құжаттармен, шешiмдермен және
ақпарат көздерiмен танысу мүмкiндiгін
қамтамасыз етуге;
3) заңды тұлғалардың бiрыңғай мемлекеттiк
тiркелiмiне енгiзiлетiн мәлiметтер көлемiнде
тұрақты жұмыс iстейтiн органы орналасқан
жердiң өзгергенi туралы және өз басшылары
туралы деректердi тiркеушi органға хабарлауға;
4) салық органдарына Қазақстан Республикасының
заңдарында белгiленген мерзiмдер мен
көлемде өзiнiң қаржылық қызметi туралы
есеп табыс етуге мiндеттi. табылады.4,54%
дауыс жинады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Ғаламтор желісі./www.google.kz/ сайты
Қазақстан Республикасының саяси партиясы (ағылш. political party of the Republic of Kazakhstan) Азаматтардың, әр түрлі әлеуметтік топтардын мүдделерін мемлекеттік биліктің өкілді және атқарушы, жергілікті өзін-өзі басқару орғандарында білдіру және оларды қалыптастыру ісіне қатысу мақсатында олардың саяси еркін білдіретін Қазақстан Республикасы азаматтарының ерікті бірлестігі.Саяси партиянын халық атынан билік жүргізуге құқығы жоқ.Қазақстан Республикасының аумағында басқа мемлекеттердің саяси партияларының қызметіне жол берілмейді.Мақсаттары немесе іс-әрекеттері Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, тұтастығын бұзуға, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектіктоптык және рулық араздықты тұтатуға бағытталған саяси партияларды құру мен олардын қызметіне тыйым салынады.Әскерилендірілген саяси партияларды құруға және олардың қызметіне тыйым салынады.[1]Саяси партиялар азаматтардың саяси өмірге қатысуының негізгі себепші әлеуметтендіру құралы болып есептеледі. Қоғамда ұйымдар, соның ішінде саяси ұйымдардың мүшелерінің саны мен сапасының көрсеткіші жоғары болған сайын, олардың саясатқа қатысу деңгейі де жоғары болып есептеледі. Бірақ, барлық уақытта солай болады деуге болмайды.Қоғамның саяси жүйесіне кіретін саяси партиялар мен ықпалды топтардың іс-әрекеті мен әдістерінің арасында айырмашылық та жоқ емес. Мысалы, партиялар мемлекеттік аппаратты бағындырып, оларды басқаруға ұмтылады. Ал ықпалды топтар мемлекеттік аппараттардың шешім қабылдау ісіне ықпал жасаумен шектеледі. Бұлар кейде саяси партиялардың құрамына да кіреді. Партиялар азаматтардың саяси ерік-жігерін қалыптастыруға және оны білдіруіне жәрдемдеседі (Қазақстан Республикасының Конституциясы, 56-бап). Бірақ ол шексіз емес, олардың және басқа да қоғамдық бірлестіктердің мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметіне араласуына жол берілмейді (54-бап). Сол сияқты мемлекет өз аумағында басқа мемлекеттердің саяси партиялары қызметіне жол берілмейді.Көп партиялылық – плюрализмнің бірден-бір тетігі емес, оның заманы өткен дейтін зерттеушілер де бар екенін айтпай кетуге болмайды. Олай деушілердің ойынша көп партиялылықты шұғыл енгізу жағдайында ішкі саяси ахуал қатты шиеленіседі, белгілі дәрежеде демократиялық дағды қалыптасып үлгермеген қоғамда бірден шексіз еркіндік беруге де болмайды. Егер басқа партиялар болмайтын болса, онда басқарушы партияның ішінде кең түрде саяси еркіндік қамтамасыз етілуге тиіс. Бұл сияқты платформа идеясының жүзеге асып жатқанын жапондық либералдық-демократиялық партияның, үнді ұлттық конгресінің іс-әрекетінен көруге болады. Бір ғана саяси партия жағдайында ол проблемаларды талқылауға құқықты бірден-бір ұйым болмауға тиіс. Партияның деңгейінде дамымаған болса да, саяси майданда бәсекеге түсе алатын басқа саяси ұйымдар да болуға тиіс. Бұдан басқа да АҚШ-тағы сияқты екі партиялылықтың тиімді екенін жақтайтын пікірлер де бар. Азаматтардың саяси еркіндігі көп ретте осы жағдайлармен байланысты.Қазақстанда саяси партияларды жоғарыдан құру тәжірибесі кеңінен тараған. Бұл жағдайдың барлық деңгейде қалыптасып отырғандығын Отан партиясының кезектен тыс ІV съезінде сөйлеген сөзінде Президент Н.Ә.Назарбаев «… Басшы партия органдары қаншалықты жасыруға тырысса да, аймақтық бөлімшелердің қалыптасуының өзі «жоғарыдан» дейтін классикалық схема бойынша жүреді. Сосын жергілікті жетекшілер, жұмсартып айтқанда, нұсқау бойынша сайланады» [1], – деп ашық айтуы бекер емес. Қазақстанда азаматтардың партиялар мен қоғамдық ұйымдар арқылы саясатқа қатысу еркіндігі де біркелкі бірдей деуге болмайды. Мысалы, азаматтар үшін «Нұр Отанның» беделі жоғары. Ал «Әділет», «Азат», «Ақ жол», «Ауыл», «Руханият», «Патриоттар», 2 компартия; Қоғамдық қозғалыс ұйымдарының мүшелері: «Тәуелсіздікті қорғау» (М. Шаханов), «Рух пен тіл» (Н. Мамай), «Ұлт тағдыры» (Д. Көшім) және т.б; жастар ұйымдары (бірнеше ондаған) «Қаһар», «Айбын» және т.б. имидждері туралы олай деу қиын. Сайлаушылар жаңа идеологиялық модельге, жаңа партиялық құрылысқа үйрене қойған жоқ. Сонымен бірге, саяси партиялар бағдарламаларының ұқсастығы да бұған кедергі келтіруде. Социологиялық зерттеулеріміздің нәтижесі де мұны дәлелдеп отыр. «Сіз өзіңізге танымал саяси партиялар бағдарламасымен таныссыз ба?» – деген сұраққа «ия» деп жауап бергендер 30-40 пайыздың төңірегінде.Саясатқа еркін араласудың алғы шарттарының тағы бірі – саяси, құқықтық факторлар. Міне солар демократиялық тәртіпті қоғамда демократиялық саяси мәдениет басымдығын, билік құрылымдарын құқықтық тұрғыдан қамтамасыз етуі саяси басқарушылық шешімдерді қабылдап, жүзеге асыру қажет. Саяси салада да қарама-қайшылықтар аз емес. Мысалы, демократиялық даму жолындағы саяси-ұйымдастырушылық шаралар (сайлау жүйесінің өзгеруі т.б.) мен қоғамда басым болып отырған саяси мәдениет деңгейінің төмендегі арасыдағы қарама-қайшылық және т.б.Саяси салғырттықтың көбісі халықтың әлеуметтік жағдайларындағы қиыншылықтарға байланысты екені анықталып отыр. Әдетте, саяси партиялардың ықпалында болатындар бірінші кезекте мемлекеттік қызметкерлер, олардан кейін бюджет саласындағы қызметкерлер. Бүгінгі күні қазақстандық саяси партиялардың құрамы көбінесе дәл осы екі топ өкілдерінен тұратыны белгілі, бірақ олар ерікті негізде ме әлде міндеттеу, қысымшылық негізде ме? – деген тағы бір үлкен мәселе бар. Ал жұмыссыздар, үй шаруасындағы әйелдер, студенттер арасындағы саяси партиялар қызметіне деген қызығушылық өте төмен тіптен жоқтың қасы. Саясатқа тартылатындарды аймақтық белгілері мен әр түрлі ұлт өкілдері ретінде қарастыратын болсақ, Солтүстік, Шығыс, Орталық аймақтарда өкілдерінің 36,5%-ы партия бағдарламаларымен таныстығы әртүрлі болып келеді. Солтүстік және Шығыс аймақ өкілдері Оңтүстік және Батыс аймақ өкілдерімен салыстырғанда саяси партия бағдарламаларымен көбірек таныс. Ал партиялар мүшелерінің ұлттық белгілері де сондай екені белгілі болып отыр.Саяси партиялар мен қозғалыстар өз іс әрекеттерінде жалпы ұлттық, мемлекеттік мүдделерді ескеруі негізінде ғана түрлі этникалық топтардың жарасымын нығайтуға тиісті үлес қоса алады. Осы ретте көп партиялық жүйе туралы екі түрлі пікір барын нәрсе деуге де, тек қана жағымсыз, жаман болмайтын сияқты. Әрине, партиялық жүйе түптеп келгенде қоғамның тепе-теңдік жағдайына жетуге жәрдемдеседі, яғни азаматтардың өз пікірлері мен талпыныстарын білдіруге, олардың саяси өмірге араласуына, сөйтіп саяси, әлеуметтік-экономикалық ахуалмен сиысып жұмыс істеуіне, өмір сүруіне жәрдемдеседі. Сонымен қатар көп партиялық өтпелі кезеңде, әсіресе дағдарыстар етек алған жағдайда, қоғамның әлеуметтік және этникалық топтары арасында алауыздыққа, қоғам мүшелерінің партиягершілдік жолға түсіп, өзара араздасуына итермелеуі ықтимал. Мысалы, Қазақстанда «Алаш» қозғалысы «Қазақстан қазақтар үшін» деген ұран тастаса, Ресейде Либерал-демократиялық партия өз лидерлері В.В.Жириновскийдің басшылығымен бұрынғы империялық саясатқа қайта оралуға шақырғаны мәлім. Ал, мұның өзі мемлекет пен мемлекет арасында, ұлттар арасында сенімсіздік пиғылдардың тууына апаруы да мүмкін. Осының бәрін саяси жүйе басшылығында отырған элита ескереді. Сөйтіп қандай бір партия немесе саяси қозғалыс болмасын қоғамның саяси жүйесінен өз бағасын, өз орнын алады. Ол ең алдымен электоратқа байланысты. Сайлаушылар қай партияны, қай қозғалысты жақтап дауыс беруіне қарай олардың қоғамда алатын орны анықталады [3].Елімізде азаматтардың саясатқа қатысу еркіндіктерін кеңейту және жетілдіру мақсатында мына ұсыныстарды атап кеткен орынды: Партиялардың сайлауға қатысу және сайлану мүмкіншілігін арттыру. Яғни, олардың тіркелу, ұсыну тұрғысындағы талаптарын жеңілдету; Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметінің еркіндік сипатын күшейту, азаматтарға психологиялық әсер етуде үгіт насихатты барлық партиялардан тең дәрежеде жүргізуін қамтамасыз ету; Парламентте көппартиялылықты қамтамасыз ету мақсатында партиялар үшін сайлау кедергісін қысқарту ( 7% -дан 5%-ға дейін).Қазақстан азаматтарының саяси қатысуының еркіндігі келесі факторларға байланысты: біріншіден, демократиялық саяси қатысу мен әлеуметтік топтардың саяси шешімдерді қалыптастыру мен қабылдау үрдісіне ықпал етудегі тәжірибесінің аздығы. Екіншіден, еліміздегі модернизациялау үрдісі мен оның қоғамға ықпалына байланысты. Ол саяси мінез-құлық еркіндігін таңдауға әсер етуде.Азаматтардың саяси өмірге еркінірек қатысудың тағы бір жолы халықтық бақылау органдарына мүше болу арқылы жүзеге асырылады. Халықтық бақылау ұйымдары тұтас жүйе ретінде мемлекеттік ұйымдардан және қоғамдық ұйымдар мен топтардан құрылады.Азаматтардың саяси құқықтары мен міндеттерінің заң жүзінде бекітілуі маңызды. Азаматтардың саяси құқықтарымен қатар азаматтық және әлеуметтік құқықтары да қамтылуы қажет. Азаматтық, немесе жеке құқық – бұл адамға жаратылысынан берілетін құқықтар, оның дербестігін және ерекшелігін көрсетеді. Олардың қатарына өмір сүру құқы, жеке тұлға бостандығы мен тәуелсіздігін жатқызамыз.
Саяси құқық азаматтардың мемлекет пен қоғам істерін басқаруға қатысу мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді. Сөз, баспасөз, ұждан еркіндігі, ақпарат алу құқы, өз пікірлестерімен біріге алу құқы, мемлекеттің өкілетті органдарына сайлау мен сайлану еркіндігі т.б. жатады.Қазіргі кезде нарықтық саясат пен қатынастардың мемлекет ұсынған моделінің болашағы туралы пікір-таластары жүруде. Егер бұрын саяси жүйеде тар шеңбердегі партиялық саясат үстемдік етсе, қазір қоғам дамуынан одан да шектелген номенклатуралық, этнократиялық және криминалды топтар ықпал етуге тырысуда. Содан да болар, С.Хангельдин «Саяси тәуелсіздік бар ма бізде? Ол да күмәнді. Біз өзіміздің әр қадамымызды теріскейдегі көршіміздің ыңғайына қарай реттейміз. Бұл бұлжымас дағдыға айналды» [5], – дейді. Оның бұл пікірі, біздіңше, тым ұшқары. Дегенмен, біздіңше, саяси күштердің қайта топтасу кезеңінде превентивті түрде бақыланатын саясат керек. Ол үшін: 1. Қоғамның саяси жүйесіне, сондай-ақ азаматтардың еркіндігіне түрлі саяси, әлеуметтік, экономикалық және технологиялық күштердің залалды ықпал да болмай тұрмайды. Егер елдің саяси жүйесі тарапынан оны болдырмаудың алдын алу жоспары болмаса, яғни бұл іс өз бетімен жіберілсе, онда ол түбінде бір айтарлықтай әлеуметтік бүліншіліктерге әкелмей тұрып, факторларды зерттеп, тиісінше оң ықпал жасау, превентивті саясат жүргізу саяси жүйенің ерекше міндеттерінің бірі болып табылады.2. Саяси жүйе қоғамның тепе-теңдік, тұрақтылық, орнықтылық белгілерінің нашарлау көріністерін дер кезінде байқап, оларды қалпына келтіруге және нығайтуға бағытталған шаралар белгілеуі тиіс. Ол үшін саяси әлеуметтік және этникалық топтар, жалпы халық бұқарасы арасында өзіне тірек болатын негіздерді (экономикалық, саяси және әлеуметтік) кеңейтіп, нығайтып отырады.2006 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің бұйрығымен «2006-2011 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы азаматтық қоғамды дамыту» тұжырымдамасы бекітілді. Экономикалық, әлеуметтік және саяси сферадағы түбірлі реформалардың арқасында қоғамдық бірлестіктер құрылып, олар түрлі әлеуметтік топтардың құқықтары мен еркіндіктерін қорғауға бағытталып әрекет ете бастады.Зерттеулер қорытындысы бойынша саясатқа қатысатын азаматтарды, партия және қоғамдық қозғалыс мүшелерін үш топқа бөлуге болады: Саясатпен еркін және белсенді араласатындар. Олар әр деңгейде өздерінің қолдарынан келгенше іс-әрекет жасап отырады (25%); Саясатты түсінуге ынталы. Бірақ әлі еркін іс-әрекетке бара қоймағандар (57%); Саясатта не болып жатқанын түсіну мүмкін емес дейтіндер, саясатқа араласудан өзін аулақ ұстайтындар (18%).Бұдан көріп отырғанымыздай, Қазақстан азаматтарының басым көпшілігінің саяси еркіндігі жоғары (82%). Селқос қарайтындары – 18%.Зерттеулер көрсеткеніндей, қоғамдағы ақын, жазушы, жалпы зиялы қауым атаулы әлеуметтік топтағылардың саяси белсенділігі жоғары деуге келмейді. Қазақстан азаматтарының жалпыұлттық деңгейден гөрі жергілікті деңгейде саясатқа қатысуының жоғары екендігін көреміз. Бірақ жергілікті деңгейдегі өзін-өзі басқару институттарының жоқтығы, азаматтарды жалпыұлттық деңгейде қатысуда енжарлық көрсетуге алып келеді. Мамандардың зерттеуінше, азаматтық қоғам институттарының жеткілікті бекітілмеуі; мемлекеттік ұйымдардың ҮЕҰ-мен бірлесіп жұмыс жасауға тырыспауы; ҮЕҰ-ның әлсіздігі; азаматтық қоғам құру тәжірибесінің жоқтығы; патернализм – осының бәрі азаматтар еркіндігі мен белсенділігінің төмендігіне әсер етеді.Пайдаланылған әдебиеттер:1. Назарбаев Н.Ә. ҚР Сайлау Заңы туралы. Алматы: Жеті жарғы, 2004. 8, 97-бб.2. http // www. electіons.ru. 3. Сәрсенбаев Т. Қоғамның саяси жүйесі. / Cаясаттануға кіріспе (бірінші бөлім). Алматы, 1994 жыл.4. Хангелдин С. Біз айтсақ, жанашырлықпен айтамыз. // Түркістан №50 (544) 16 желтоқсан, 2004 ж. 4 б (8 б).САЯСИ ПАРТИЯЛАР ТУРАЛЫ САЯСИ АНЫҚТАМА…Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен 2008 жылы ашылған Мемлекет тарихы институты тәуелсіз еліміздің тарихын зерттеу мен саяси үдерістерді зерделеу бағытында жемісті жұмыстар атқарып келеді. Мұны жуырда өткен институт ғалымдары дайындаған бір топ кітаптардың тұсаукесеріне қатысқанымызда көзіміз жетті.
Тәуелсіздік шежіресі айдарымен шыққан “Қазіргі кезеңдегі Қазақстанның саяси партиялары” атты (авт. – Б.Г.Аяған, Г.Р.Нұрымбетова) анықтамалық жинақты осындай ғылыми ізденістердің туындысы деуге әбден болады. Бұл соңғы он жылда осы тақырыпта жарық көргендердің ішіндегі мазмұны мен көлемі жөнінен ең мәндісі. Сондай-ақ, анықтаманың қазақ және орыс тілдерінде дайындалғанын да атай кеткен артық емес.Еңбек логикалық тұрғыдан бір-бірімен тығыз байланыстағы екі бөлімнен тұрады. Ал қосымшаларда саяси партиялардың бағдарламалары мен жарғылары, партия жетекшілерінің қысқаша өмірбаяндары, күнделікті жиі қолданылатын терминдерге түсініктеме жинақталып, глоссарий формасында берілген.Авторлар сонау кезінде қазақ қоғамының әлеуметтік-саяси ойының биік деңгейін танытқан маңызды құжат – Алаш партиясы мен оның бағдарламасы туралы мәліметті де назардан тыс қалдырмаған. Себебі, бұл бағдарлама саяси-әлеуметтік қатынастар саласында қазақ қоғамының таптық тұрғыдан жіктелуінен гөрі, жалпы ұлттық тұтастықта болуын, қазақ елінің сан ғасырлық өркендеу тәжірибесін, салт-дәстүрін заман сұранысына бейімдеуді жақтады. Басты мәселе – қазақ елінің өзін-өзі билеуіне, соның негізінде қоғамның ішкі мәселелерін өзі шешуге қол жеткізу еді. Бұл мағынада өткен саяси рухтың бүгінгімен тығыз байланысын байқау қиын емес.Анықтаманың “Қазіргі кезеңдегі Қазақстанның саяси партиялары” атты бірінші бөлімнің басында келтірілген Елбасымыздың саяси партиялардың рөлі туралы әр жылғы тұжырымдарынан қоғамымыздағы демократиялық үдерістерді тереңдете түсудің маңызды факторы ретінде партиялық жүйенің қалыптасуына тұрақты назар аударып келе жатқанын айқын аңғаруға болады. “Біздің міндет – бұқараның қолдауына ие болған, беделі биік, қуатты әрі жауапкершілігі жоғары партиялардың ірге тартуына жәрдемдесу. Мұның өзі еліміздің стратегиялық мұраттарына сай келеді”, деген сөз бұған толық дәлел бола алады.Осы бөлімдегі партиялардың мақсаттары мен міндеттерін талдаулар әрбір партияның шыққан биігі мен қызмет мазмұнын, олардың саяси сипаты мен ел мүддесін ойлау мүмкіндіктерін айқын аңғартады. Мұндай салыстырмалы сараптамалар саяси партиялардың өзіндік жауапкершілігін көтере түсуге де игі әсер ететінін атай кеткен жөн.Қазіргі қазақстандық көппартиялық жүйенің қалыптасу кезеңдері туралы зерттеушілердің пікірлерін жан-жақты сараптай отырып, авторлар партиялық жүйенің дамуын кезеңдерге бөлгенде азаматтардың саяси қатысу құрылымы ретінде партиялардың қалыптасуына оң ықпал еткен белгілі заңнамаларды, оларға енгізілген қағидатты өзгерістерді басшылыққа алғанды дұрыс санайды. Осындай қағидаға сүйене отырып, олар партиялардың қалыптасуының жаңа кезеңдерін ұсынған.“Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар қызметінің құқықтық негіздері” аталатын екінші бөлімде Қазақстан Республикасының Конституциясы, “Саяси партиялар туралы” 2002 жылғы Заңы (2009 жылғы түзетулері және толықтыруларымен қоса) және саяси партияға қатысты басқа да заңнамалардан тиісті үзінділер берілген.Қазақстанның саяси жүйесінде саяси партиялардың алатын орны ерекше екені белгілі. Алайда бүгінгі саяси тәжірибе көрсетіп отырғандай, көппартиялықтың жүйе ретінде қалыптасу үдерісі оп-оңай өтіп жатқан жоқ. Мұны қазіргі қоғамның жалпы саяси деңгейімен, құқықтық кеңістіктегі әлі жетіле қоймаған заңнамалармен түсіндіруге болды. Кешегі кеңестік кезеңнің де салқыны жоқ емес. Өйткені, тоталитарлық қапастан демократия сарайына апарар тура жол жоқ.Егер көппартиялық жүйені саяси партиялардың құқықтық негіздегі өркениетті қарым-қатынастың жиынтығы дейтін болсақ, айтар мәселелер жоқ емес. Көппартиялық құрылымда тұтастықпен қатар, әрбір партияға тән тәуелсіздік те, еркіндік те, құқықтық теңдік те болуы тиіс. Өкінішке қарай, әзір партиялар бір-бірімен бәсекеге түсе алатындай әлеуетті бола алмай отыр.Саяси партиялардың көбісінің қарапайым халық өмірінен, ұлттық мұраттардан алшақтығы, олардың әлеуметтік негіздерінің әлсіздігі, қоғамдағы саяси рөлдерінің бәсеңдігі, еліміздегі саяси-экономикалық мәнді оқиғаларға батыл араласа алмауы, саяси өрелері мен сауаттарының төмендігі, т.т. айқын байқалмай қалмайды. Олар негізінен сайлау кезінде бой көтеріп, қалған кезде ресми жиналыстарға қатысумен шектеліп отыр. Бұл халық арасында олар туралы оң көзқарасты қалыптастыра қоймас.Елбасымыздың тұрақты саяси-партиялық жүйе құруды маңызды міндеттердің бірі ретінде санауы жайдан-жай емес. Бұл саяси партиялардың мемлекеттік органдардағы өз өкілдері арқылы еліміздің саяси, әлеуметтік және экономикалық бағытын айқындауға қатысып, кадрлармен жүргізілетін саяси жұмыстың мазмұнына, халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайына саяси баға бере алатындай саяси күшке айналуын қажет етеді. Бұл бағытта саяси партиялардың шығар биіктері де, алар асулары да аз емес.
Осындай саяси партиялардың алдында үлкен міндеттер тұрған кезде әңгіме етіп отырған анықтаманың шыққанын аса пайдалы болды дегеннен басқа сөз айту қиын. Әрине, мүмкіндік болса, саяси партиялардың бағыт-бағдарлары талданып жатса, құба-құп болар еді. Бұл саяси партияларды жаңа ізденістерге ұмтылдырар еді. Біздіңше, бұл – алдағы күннің міндеті.
Қорыта айтқанда, Тарих институтының бұл ұжымдық кітабы алдымен мемлекеттік және партия органдары қызметкерлерінің, сондай-ақ жоғары оқу орындарында “Саяси партиялар және партиялық жүйе”, “Саясаттану” және “Әлеуметтану” курстарынан білім беретін оқытушылардың, студенттер мен магистранттардың үлкен қызығушылығын тудырары сөзсіз. Сондай-ақ, саяси партия мәселелерімен айналысатын зерттеушілер үшін де бұл – таптырмас еңбек.
Әбдіжәлел БӘКІР, саяси ғылымдар докторы.